Рубрика: Жаңалықтар

  • Әлем бойынша 200 АЭС жұмыс істеп тұр

    Әлем бойынша 200 АЭС жұмыс істеп тұр

    Атом станциясын негізінен дамыған елдер пайдаланады. Францияның тұтынып отырған электр энергиясының 69 пайызын АЭС беріп отыр.

    Бұл көрсеткіш Бельгияда 50, Швецияда 31, Швейцарияда 28, АҚШ-та 19 пайыз, деп жазады qazaqstan.tv.

    Соңғы мәліметтер бойынша, ең қуатты АЭС АҚШ-та. 94 реактор бар. Францияда 56, Қытайда 56, Ресейде 36, Жапонияда 33 реактор энергияны өндіреді.

  • НАТО-ның бас хатшысы қызметінен кетті

    НАТО-ның бас хатшысы қызметінен кетті

    Оның ұйымның Бас хатшысы ретіндегі мерзімі аяқталды. 1 қазанда оның орнына Нидерландтың бұрынғы премьер-министрі Марк Рютте келді. Бұл туралы альянстың ресми сайты мәлімдеді.

    Жазда Рютте кандидатурасын НАТО-ға мүше 32 елдің тұрақты өкілдері түгел қолдаған.

    Марктың мықты бас хатшы болуы үшін керемет алаңы бар. Ол 14 жыл премьер-министр болып жұмыс істеді, төрт түрлі коалициялық үкіметті басқарды. Сондықтан ол қалай қатынас жасауды және қалай консенсус құруды біледі. Бұл НАТО-да өте жоғары бағаланатын дағдылар. Сондықтан НАТО сенімді қолда болады, – деді Столтенберг рәсім алдында.

    2014 жылдан бастап НАТО-ның Бас хатшысы қызметін норвегиялық саясаткер Йенс Столтенберг атқарды. Жаңа Бас хатшы Марк Рютте Нидерланды премьер-министрінің қызмет ету мерзімі бойынша рекорд орнатты. 55 жастағы саясаткер, консервативті ардагер, еуропалық саяси сахнада 12 жыл ішінде оннан астам ішкі дағдарыстарды бастан өткерді.

  • Алматы облысында 170-тен астам сайт бұғатталды

    Алматы облысында 170-тен астам сайт бұғатталды

    Polisia.kz мәліметінше, Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасы шеңберінде Алматы облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы жыл басынан бері айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында түрлі сипаттағы 46 қылмыстық іске қатысы бар 74 күдікті анықталды. Жұмыс қорытындысы бойынша 117 қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.

    Операция барысында ақшаның заңсыз айналымымен айналысқан 62 тұлға ұсталды. Киберкеңістіктің тұрақты мониторингі нәтижесінде алаяқтық әрекеттер жүзеге асырылған 177 жалған интернет-сайттарды бұғаттауға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, киберқылмысқа күдікті 56 адамның шоттары жабылып, зардап шеккендерге 36 млн 462 мың теңге сомадағы қаражат қайтарылды, – деп түйіндеді Алматы облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Нұржан Кеңесханұлы.

    Криминалдық полиция басқармасы интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстардың алдын алу және ашу бойынша белсенді жұмысын жалғастырып жатыр. Облыс тұрғындары мен қонақтарына онлайн-сатып алулар мен қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде қырағылық танытуға, ал күдік туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.

  • Референдумды 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның байқаушылары бақылайды

    Референдумды 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның байқаушылары бақылайды

    6 қазанда Қазақстанда өтетін АЭС бойынша референдумды 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның байқаушылары бақылайды. Бұл туралы Орталық реферундум комссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті.

    «3 қыркүйекте қабылданған қаулы негізінде аккредитация 2024 жылғы 30 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталды. Осылайша, барлығы 177 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Олардың арасында 30 шет мемлекеттің байқаушылары және 4 халықаралық ұйымның өкілдері бар», — деді Мұхтар Ерман.

    Сыртқы істер министрлігі 5 ірі халықаралық ұйымға шақыру жолдаған.

    17 қыркүйекте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) бас кеңсесінен алдағы айларда жоспарланған сайлауларға байланысты іс-шаралардың көптігін айта отырып, 6 қазанда референдум бойынша миссия жіберу мүмкіндігі жоқ деген жауап алдық. Қазір бақылауға қатысатын халықаралық ұйымдардың қатарында ТМД, ШЫҰ, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар. Жалпы референдумға 30 шет мемлекеттің өкілдері қатысады, — деді хатшы.

    Олардың арасында 4 елдің орталық сайлау комиссиясының төрағалары (Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан) да бар.

    Сондай-ақ Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко референдумда 37 мемлекеттен 200 шетелдік журналист хабар тарататынын атап өтті.

  • Қазақстан Оңтүстік Кореяның еңбекке рұқсат беру жүйесіне енгісі келеді

    Қазақстан Оңтүстік Кореяның еңбекке рұқсат беру жүйесіне енгісі келеді

    Қазақстан Оңтүстік Кореяның еңбекке рұқсат беру жүйесі, яғни, Employment Permit System жүйесіне енгісі келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің өкілдерімен осы мәселені талқылады.

    «Қазақстан мигранттардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау үшін құқықтық базаны одан әрі жақсартуға бағытталған бірқатар кешенді шаралар қабылдады. Атап айтқанда, Алматы қаласында Корея Республикасында жұмыс істегісі келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік және тілдік даярлау бойынша көпсалалы орталық ашылғалы жатыр», – деді Асқарбек Ертаев.

    Оның айтуынша, Қазақстанның еңбек министрлігі елдегі ішкі істер министрлігімен бірлесіп заңсыз көші-қонның жолын кесуге бағытталған шараларды күшейтіп жатыр.

    «Келіссөздер қорытындысы бойынша Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің өкілдері Қазақстанды EPS жүйесіне қосу туралы ниетін тағы да растады, бұл Қазақстан азаматтарына жасалған еңбек шарттары шеңберінде Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді», — деп хабарлады Еңбек министрлігі.

  • АҚШ-та дауыл кезінде 600-дей адам жоғалып кетті

    АҚШ-та дауыл кезінде 600-дей адам жоғалып кетті

    Ал қаза тапқандар саны 116-ға жетіп отыр. Құрбандардың көбі – Солтүстік және Оңтүстік Каролина тұрғындары. Осы аптада бұл аймаққа президент Джо Байден сапар шегіп, жағдаймен танысуға уәде берді.

    Сонымен қатар, жауындатып соққан дауылдан кейбір елді мекендер тұтастай қираған. Және де талай жол зақымданып, көпірлер құлап, көшелер өзенге айналды.

    Ал жарықсыз қалғандар саны 2 миллионға жетіп отыр. Айта кетсек, алапат дауылдан Флорида, Теннесси, Джорджия штаттары да айтарлықтай зардап шекті.

  • Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынатын болды

    Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынатын болды

    Көлік министрлігінің ақпаратына сүйенсек, автожолдың жаңа бағыты Өскемен, Риддер қалалары және Туэкта (Ресей) елді мекені арқылы өтіп, Моңғолия шекарасына шығады.

    Жаңа маршруттың Қазақстандағы учаскесі Өскемен қаласынан Ресей шекарасына дейінгі аралықта салынып қойды. Оның жалпы ұзындығы – 189 шақырым, 62 шақырымда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

    Автожолдың көп бөлігі Ресей аумағы арқылы өтеді, егер көрші ел жол салуға келісім берсе, жаңа маршрут 837 шақырымды құрамақ.

    Ал қазір қолданыстағы «Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта автомобиль жолы – Моңғолия шекарасы» тас жолының ұзындығы 1 604 шақырымға дейін барады.

    «Жаңа автожол жол жүру уақытын едәуір қысқартып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын жақсартып қана қоймай, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуда маңызды қадам болады», – деп атап өтті Көлік министрлігі.

  • Гаитидің 5 млн-ға жуық халқы ашаршылыққа ұшырады

    Гаитидің 5 млн-ға жуық халқы ашаршылыққа ұшырады

    Гаитидің 11 миллиондай халқының 5 жарым миллионға жуығы ашаршылыққа ұшырап жатыр. Олар өздерін және отбасыларын қамтамасыз ете алмайтын жағдайға жеткен. Мұны БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы хабарлады. Оның дерегінше, 6 мыңдай тұрғын аштықтың ең ауыр түріне душар болған. Елде мұндай жағдайдың қалыптасуына Гаити астанасының 80 пайызын басып алған қылмыскерлердің азық-түлік таситын жолдарды бақылауға алуы себепші. Сонымен қатар, деңгейі 30 %-ға жеткен инфляция, қуаңшылық және 2021 жылғы алапат зілзала да ел тұрмысын қатты нашарлатып жіберген.

  • Атырау мұнай өңдеу зауыты уақытша жабылды

    Атырау мұнай өңдеу зауыты уақытша жабылды

    Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды. Кәсіпорын қазан айының аяғында қайта іске кіріседі. Жөндеу жұмыстарына 2 мыңнан аса адам мен 70 арнайы техника жұмылдырылған. Олар технологиялық құрылғылар мен құБырларды тексеріп, реакторлық жабдықтардағы катализаторларды ауыстырады. Қазір зауыттың резервуар паркінде жанар-жағармай қоры жинақталған. 30 мың тонна бензин, 15 мың тонна дизель және 500 тоннадай сұйытылған газ қоры бар.

    «Зиянды заттардың ауаға шығарылуын болдырмау үшін жабдықтарды тазалау жұмыстары жабық жүйеде жүргізіледі. Жалпы жоспарлы-алдын алу жұмыстары зауыттағы технологиялық қондырғылардың қауіпсіз қызметі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, өндірістің тиімділігін арттыру үшін қажет. Бұл жыл сайын өткізілетін шара», —  деді мұнай өңдеу зауыты бас механигінің міндетін атқарушы БОЛАТБЕК ЕСҚАЛИЕВ.

  • Астанада көшеден 20 жастағы қыздың мәйіті табылды

    Астанада көшеден 20 жастағы қыздың мәйіті табылды

    Астанадағы Бейімбет Майлин көшесінің бойында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды. Марқұмның денесін көшедегі адамдар көрген.

    Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция 20 жастағы бойжеткеннің кім екенін анықтады, – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаменті.