«Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 9 желтоқсанында бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқу форматына көшеді», — деп жазды Астана қаласының Білім басқармасынан.
Айта кетейік, бұған дейін ТЖД алматылықтарға ескерту жасады.

«Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 9 желтоқсанында бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқу форматына көшеді», — деп жазды Астана қаласының Білім басқармасынан.
Айта кетейік, бұған дейін ТЖД алматылықтарға ескерту жасады.

Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала болдам бойынша, ол өз-өзіне қол салған. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді.
«Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу кезінде денесінде қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ. Марқұм Ш.Болаттың отбасы барлық уақытта полиция қорғауында болғанын атап өтеміз. Осы уақыт ішінде марқұмның отбасына қауіп төндіру фактілері тіркелмеген. Күзет қызметкерлерінің түсініктемелері бойынша, ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлігімен кеткені анықталды», – делінген полицияның хабарламасында.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін бұйрығының жобасын дайындады. Құжат 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
«Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасындағы кәсіби мерекелер тізбесін келесідей атаулы күндермен толықтыруды көздейді:
– 28 қаңтар – қаржылық мониторингі органдарының күні;
– шілденің бірінші жексенбісі – теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;
– тамыздың бірінші жексенбісі – теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;
– қыркүйектің екінші жексенбісі – бақылау өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;
– 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;
– қазанның соңғы жексенбісі – автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні;
– 10 қараша – бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні;
– 13 желтоқсан – қылмыстық-атқару жүйесі күні.
Бұдан басқа Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні бүған дейін ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 668 қаулысымен бекітілуіне байланысты, аталған мерекелер қайталануды болдырмау мақсатында осы тізбеден алып тасталуы жоспарланып отыр.
Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық жасады.

5 желтоқсаннан бастап Алматы «Әлемдегі ең ластанған ірі қалалар» тізіміне ресми түрде қосылды. Бұл рейтингті Швейцарияның IQAir халықаралық компаниясы жүргізеді.
Сол күні Алматы топ-10 қатарына еніп, сағат 17:00–де 5-орынға көтерілді. Біздің қала Карачи, Бағдат, Шанхай және Бішкек сияқты мегаполистермен бір қатарда тұр. Бесінші орында болған сәтте Алматыдағы орташа AQI (Ауа сапасының индексі) көрсеткіші 169 болды, бұл деңгей «денсаулыққа зиянды» деп саналады.
Енді алматылықтар қаладағы ауа сапасын әлемнің басқа ірі қалаларымен салыстыра алады.
Ірі қалалардың рейтингі шамамен 120 ірі әрі танымал мегаполисті қамтиды. Қалалар Ауа сапасының индексі (AQI) бойынша бағаланады. Бұл көрсеткіш мемлекеттік органдар, зерттеу институттары, үкіметтік емес ұйымдар, компаниялар және еріктілер басқаратын мыңдаған мониторинг станциялары мен датчиктерден жиналған мәліметтер негізінде есептеледі. Рейтинг сағат сайын жаңарып отырады, бұл ауа сапасындағы өзгерістерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
Рейтингтің мақсаты — әлемдегі ірі қалалардың ауа сапасын қарапайым әрі түсінікті түрде көрсету. Бұл ормандардағы өрттер, биомассаның жануы, өндірістік белсенділік, құмды дауылдар және ауа райы жағдайларының ауаның ластануына әсерін айқындауға көмектеседі.
Рейтингті IQAir сайтынан немесе Airvisual мобильді қосымша арқылы көруге болады.

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айы аралығында Алматыда туристер саны 14,2%-ға артып, 1 729,6 мың адамға жетті. Оның ішінде шетелдік туристер саны 24%-ға өсіп, 507,6 мың адамды құрады, ал ішкі туристер саны 10,6%-ға артып, 1 222 мың адамға жетті.
– Туристік саланың белсенді дамуы инвестициялардың айтарлықтай өсуімен қатар жүрді. 2024 жылдың 10 айында инфрақұрылымды жақсартуға, жаңа объектілерді құруға және сервис сапасын арттыруға салынған инвестициялар көлемі 86,6 млрд теңге. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 29,3%-ға артық. Туризм саласынан түсетін салық түсімдері 2 есеге артып, 76,9 млрд теңгеге жетті, — деп атап өтті сала мамандары.
Халықаралық туристік көрмелерде Алматы шетелдік туроператорлармен 230 меморандумға қол қойды, бұл алдағы үш жылда 190 мыңнан астам туристің келуін қамтамасыз етеді. Күтілетін экономикалық тиімділік – 285 млн АҚШ доллары.
Негізінен Ресей, Үндістан, Қытай, Түркия, Германия, АҚШ азаматтары Алматыны көруге ниетті.

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен көліктегі полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев тағайындалды.
Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырып, департаменттің теміржол және авиациялық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.
Ақапратқа сәйкес, Айдос Рысбаевтың басшылық қызметте тәжірибесі бар. Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Шу ауданында мамандар жолда қалған жолаушыларға көмектесті.
ТЖМ мәліметінше, бүгін 112 пультіне Шу ауданы «Алматы-Ташкент» жолының 245-шақырымында жолаушылар автобусы аударылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетіп, 9 адамды жақын маңдағы дәмханаға эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Бұл туралы АҚШ-тың геологиялық қызметі мәлімдеді. Зілзала ошағы Атлант мұхитында Петролиа қаласынан батысқа қарай 63 шақырымда орналасқан. 7,3 балдық жер сілкінісі нәтижесінде Калифорнияның жағалау бөлігінде цунами болу қаупі жоғары.
Геологиялық қызметтің мәліметінше, дүмпулер жергілікті уақытпен 10:44-те Орегон шекарасынан алыс емес жағалаудағы Гумбольдт деген шағын қалада тіркелді. Оны Сан-Францисконың тұрғындары да сезді. Кеше, 5 желтоқсан күні Өскеменде 4,2 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.

Алматыда шамамен 45-50 жас аралығындағы әйелдің мәйіті табылды.
Блогер Таир Жиғанбаев өзінің instagram парақшасында Алматы-1 вокзалы аумағында пакеттегі әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлады. Бейнероликте әйелдің жасы шамамен 45-50 жас деп айтылады.
Оқиға орны жан-жақтан қоршалып, полицейлер жұмыс істеп жатыр.

ТЖМ хабарлауынша, түнде Сарыарқа ауданында Көктал көшесінде орналасқан автокөлік шиналарын жою цехында резеңке бұйымдар, жабдықтар және шатырдың ағаш құралымдарыны жанған.
Жалынға оранған ғимараттан өрт сөндірушілер бірінен соң бірі 2 газ және 2 оттегі баллондарын шығарып жарылыстардың алдын алды.
Өрт 500 шаршы метр аумаққа жайылғаны белгілі болды.
Зардап шеккендер жоқ екені хабарланды.