Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Шерзат Болаттың өліміне қатысты сараптама қорытындысы бір айдың ішінде шығатын болды

    Шерзат Болаттың өліміне қатысты сараптама қорытындысы бір айдың ішінде шығатын болды

    Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Талғардағы қанды оқиғаға қатысты тергеу әлі күнге дейін жүріп жатқанын мәлім етті.

    «Қазір осы қылмыстық іс қатаң бақылауда. Қазір күтіп отырмыз, әзірге бірнеше сараптама дайын емес. Бір айдың ішінде сараптама қорытындысын алғаннан кейін қосымша толық ақпарат беріледі. Қазір тергеу толық жүріп жатыр, бәрі бақылауда. Бәрімізге мәлім, жауапты қызметкерлер жазаланды», — дейді Санжар Әділов.

    Айта кетейік, Талғарда 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Көп ұзамай марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Құқық қорғау органдары бөтеннің мүлкін қасақана өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

  • Алматыда қарауыл жасағынын күдікті қашып кетті

    Алматыда қарауыл жасағынын күдікті қашып кетті

    Алматы қалалық полициясы кеше кешке қарауыл жасағы қызметінің көлігінен қашып кеткен 1996 жылғы К.Е.Аубакри есімді қашқынды іздеп жатыр.

    Алматы қаласының Полиция департаменті К.Е.Аубакридің қайда екендігі туралы білетіндердің барлығынан мына телефон нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 8-701-758-67-60; 8-778-158-54-44; 254-40-42 немесе 102.

  • Еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ күтіледі

    Еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ күтіледі

    Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстікте қар жауып, боран соқса, өзге өңірлерде көктайғақ пен тұман күтіледі.

    Түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Ақмола облысы

    Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

    Ұлытау облысы

    Түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.

    Батыс Қазақстан облысы

    Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 05 желтоқсан тұман, көктайғақ күтіледі.

    Қарағанды облысы

    Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.

    Ақтөбе облысы

    Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 05 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.

    Қызылорда облысы

    Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 05 желтоқсанда кей уақытта көктайғақ, тұман күтіледі.

    Маңғыстау облысы

    Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі.

    Қостанай облысы

    Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман.

    Жетісу облысы

    Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 06 желтоқсанда облыс бойынша қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 05 желтоқсанда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні15-20 м/с күтіледі. 06 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

    Абай облысы

    Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

    Шығыс Қазақстан облысы

    Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қ.: 05 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Алматы облысы

    Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.

    Түркістан облысы

    05-06 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ.: 05-06 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 05-06 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Ақмола облысы

    Ақмола облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

  • Қазақстандықтар eGov арқылы өзіне тағы бір шектеу қоя алады

    Қазақстандықтар eGov арқылы өзіне тағы бір шектеу қоя алады

    eGov Mobile арқылы қазақстандықтар құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан 10 жылға дейін бас тарта алады.

    Бұрын пайдаланушылар 6 айдан 12 айға дейін тыйым салу мерзімін таңдай алатын болса, енді құмар ойындар мен бәс тігуден өз бетінше бас тартудың ең жоғары мерзімі 10 жылға ұзартылған. Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында алуға болады.

    «Сервис өтінімдерді өңдеу уақытын айтарлықтай қысқартады және құмар ойындарға өздігінен тыйым салуды орнату процесін жеңілдетеді. Ол кез келген азаматқа барлық лицензияланған ойын алаңдары мен букмекерлік компаниялардың онлайн платформаларына қол жеткізуді шектеуге мүмкіндік береді. Қызмет тек 21 жастан асқан адамдарға қолжетімді екенін атап өткен жөн», — делінген хабарламада.

    Қызметті пайдалану үшін:

    • eGov Mobile мобильді қосымшасында авторизациядан өтіп, «Қызметтер» «Спорт» қойындысына өту;
    • «Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу жөніндегі сервис» тармағын таңдау;
    • шектеудің аяқталатын жылы мен айын көрсету үшін «Қызмет алу» түймесін басып;
    • өтінішке Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.

    «Өтініш бергеннен кейін пайдаланушы автоматты түрде құмар ойындарға қатысуына шектеу қойылған адамдардың тізіміне енгізіледі, өтінішті қайтарып алу мүмкін емес. Бұрын шектеу қойғандар үшін оның мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар. Қайта өтініш берген жағдайда, жүйе пайдаланушыға шектеудің ағымдағы жағдайы туралы хабарлап, оны ұзартуды ұсынады», – деді.

    Жаңартылған функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотореяны реттеу комитетімен бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

  • Жамбыл облысында 98 тұлға бас бостандығынан айырылды

    Жамбыл облысында 98 тұлға бас бостандығынан айырылды

    Жамбыл облысының прокуратурасы «Сотталғандардың өңірдегі криминализацияға әсерін төмендету» жобасын іске асыру барысында облыс бойынша ҚАЖД-нің пробация қызметімен пробациялық бақылау жүргізу кезінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

    Пробация қызметтері мен ішкі істер органдары арасында жеткіліксіз өзара әрекеттестік, сондай-ақ,  заңбұзушылардың жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы сотқа уақытылы ұсыныстарды жолдамау фактілері анықталды.

    Сот үкімдерімен белгіленген шектеулердің орындалуын талдау нәтижесінде есепте тұрған тұлғалармен қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны, бақылаудағы аумақтан шығу жағдайлары анықталды.

    Қадағалау актісі бойынша пробация қызметі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 45 ұсыныс жолданды, олардың 15-і сотпен қанағаттандырылды, қалғандары қаралу сатысында.

    Жалпы биылдың өзінде белгіленген сот шектеулерін бұзғаны үшін 98 азамат бас бостандығынан айырылды.

    Бұл шаралар қайталама қылмыстардың төмендеуіне және криминогендік жағдайдың жақсаруына ықпал етті.

  • Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға айыппұл салына бастады

    Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға айыппұл салына бастады

    Бүгіннен бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған заң күшіне енді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

    Жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушіге қатысты.

    «Бұл өзгерістердің негізгі мәні – автомат түрде тіркеу жүйелерімен анықталатын түзу сызықты учаскелерде «орташа жылдамдықтан» асып кеткені үшін жауапкершілікті енгізу. «Орташа жылдамдық» жүріп өткен жолды сол жолды жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі. Айыппұл рұқсат етілген «орташа жылдамдықтан» асып кетуіне байланысты 5-тен 40 АЕК-ке дейін болады. Яғни, жолдардың әр түрлі учаскелерінде «орташа жылдамдық» әр түрлі болады, себебі формулаға сәйкес әр автокөлік автоматты түрде есептеледі. Бұл жаңалық талдауды ескере отырып енгізілді, себебі қала маңындағы трассалардағы әрбір үшінші адам жылдамдық режимінің асып кетуінің салдарынан көз жұмған. Осы өзгерістерге байланысты ІІМ жол жүрісіне қатысушылардың барлыған қағидаларды сақтауға және басқа қатысушыларды құрметтеуге шақырады. Жолдағы қауіпсіздікті арттыру — бұл ортақ міндет», – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

  • Алматыда өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап қаза тапты

    Алматыда өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап қаза тапты

    Алматыда өндірістік альпинист 12-қабаттан құлап, қаза болды. Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Төле би көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Қайтыс болған альпинист 27 жаста еді.

    Алматы Полиция департаменті еңбек қорғау ережелерінің бұзылуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    «Оқиғаның басқа да мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ведомство.

  • Франция Балқаш көлін сақтауға 1,35 млн еуро бөледі

    Франция Балқаш көлін сақтауға 1,35 млн еуро бөледі

    Сауд Арабиясында өтіп жатқан One Water Summit халықаралық саммитінде Балқаш көлін сақтау бойынша Қазақстан мен Франция арасында келісім жүргізілді. 

    Келісімге су ресурстары және ирригация министрлігі, Францияның даму агенттігі (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM) арасында қол қойылды.

    Келісім аясында су және суару министрлігіне көлдің су ресурстарын басқаруды жақсарту үшін 1,35 миллион еуро грант бөлінеді. Француз тарапы көл бассейніне ауқымды зерттеу жүргізеді, оның нәтижесі бойынша су айдынын қорғау жөніндегі шараларды қамтитын 2040 жылға дейінгі ұзақ мерзімді бас жоспар әзірленеді.

  • Спорт мектебінде 50-ге жуық адам жалған дипломмен жұмыс істеген

    Спорт мектебінде 50-ге жуық адам жалған дипломмен жұмыс істеген

    Жамбыл облысында 48 адам жалған дипломмен жұміс істеп келген.  Спорт мектептерінің бірінде директордың орынбасарынан бастап, жаттықтырушыға дейін жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Аймақтық Антикор қызметі осындай 32 адамды анықтады. Олар спорт саласына қатысты мекемелер мен мектептерде соңғы 3-4 жыл аралығында жұмыс істеген. Бұдан басқа әлеуметтік саладағы 16 қызметкердің жоғары оқу орнын бітірмегені белгілі болды.

    Осы уақыт аралығында жалған дипломы бар қызметкерлерге мемлекет тарапынан 349 млн теңге қаржы төленген. Бұл сомаға олардың жалақы, сыйақы шығындары кіріп отыр.

    Тексерушілер мамандардың диплом көшірмесін алдырып, оның нөмірлерін жоғары оқу орындарына жолдаған. Көшірмеде көрсетілген сериялық сандар мұрағатта болмағандықтан, құжаттың заңсыз екені анықталды. 32 қызметкердің 22-сі қызметінен босатылды. Осыған қатысты барлық материалды ведомство ішкі істер органдарына жолдаған.

  • Алматы дәрігерлері 6 келі жатыр миомасын алып тастады

    Алматы дәрігерлері 6 келі жатыр миомасын алып тастады

    Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жамбас аймағында аяқтың ісінуі, қоңыр дақтардың пайда болуы және дене температурасының жалпы жоғарылауы туралы шағымдары бар 48 жастағы әйел түсті. Дәрігерлер тексеру жүргізіп, илеофеморальды веноздық тромбозды анықтады. Сонымен қатар, жүргізілген зерттеу бүкіл іш қуысын алып, ішкі мүшелерді қысып тұрған жатыр миомасын көрсетті.

    Науқас бірнеше жылдар бойы гинеколог дәрігерге қаралмаған және іштің көлемінің ұлғаюына назар аудармаған. Медициналық көмекке денсаулығымның айтарлықтай нашарлауынан кейін ғана жүгінген. 

Отаны тәжірибелі гинеколог дәрігерлер Риза Керемқұлова, Ажар Амангелді және Дархан Молдабек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде жүргізді.

    «Операция барысында біз салмағы 6 келі болатын жатыр миомасын алып тастадық. Қысылып қалған ішкі ағзаларды босаттық, ілеспе жабысқақ түзілімдерді алып тастадық», — деді гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Риза Керемқұлова.

Қазіргі уақытта әйел ауруханадан шығарылды, өзін жақсы сезінеді және қалыпты өмірге оралды.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері шағымдар болмаған жағдайда да әйелдердің жылына 1-2 рет гинекологқа баруының маңыздылығын еске салады. Дәрігердің уақтылы тексеруі ауруларды уақытында анықтауға және олардың асқынуын болдырмауға мүмкіндік береді.