Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Илон Масктың анасы қазақ қызының тұсауын кесті

    Илон Масктың анасы қазақ қызының тұсауын кесті

    Әйгілі бизнесмен, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Қазақстанға келіп, тұсау кесті.

    Сонымен қатар, Илон Масктың анасы қазақтың салт-дәстүріне куәгер ретінде кішкентай бүлдіршін қыздың тұсауын кесіп, алғашқы қадамына себепкер болды. Бейнежазбаны Алматы қаласының мәслихат депутаты Қарашаш Жүзеева Instagram-дағы парақшасында жариялаған болатын.

    Ол 17 қазанда Алматыда алғаш рет өтетін Орталық Азия әйелдеріне арналған BeWoman форумына қатысып, сөз сөйлейді.  Сұхбат форматындағы 45-минуттық сессияда денсаулық, тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, баланы жалғыз тәрбиелеу, қиындықты жеңе білу жайлы баяндайды.

  • Жылыту маусымы басталмай жатып бес адам көз жұмды

    Жылыту маусымы басталмай жатып бес адам көз жұмды

    Жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында бес өрт болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденовтің айтуынша, қайғылы оқиға Ақтоғай және Шарбақты аудандарында тіркелді. Көз жұмған азаматтар төсек орнында темекі тартып, салдарынан өмірмен қоштасты.

    Сонымен қатар, үш адам улы газдан уланып қайтыс болды. Өлімнің негізгі себебі – пешті пайдалану ережелерінің сақталмауы. Біз әр азаматқа өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін түсіндіруге тырысамыз. Олқылықтар анықталған жағдайда тек ескерту жасап, кеңес бере аламыз. Заңнама бойынша тұрғын үй секторында тексеріс жүргізу және жауапқа тарту шаралары қарастырылмаған. Сондықтан тұрғындардың жеке жауапкершілігіне ғана сүйенеміз. Рейдтік және түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргіземіз, – дейді Қайрат Шаймарденов.

    Айта кетейік, жылыту маусымына дейін қауіпсіздік айлығы өткізілді. Профилактикалық шаралар нәтижесінде мамандар 16 мың жекеменшік баспана тұрғындарымен кездесу өткізіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, мыңнан астам үйде 1 943 бұзушылық анықталды.

    Айлық қорытындысы бойынша департаменттің есебіне 1 200-ден астам тұрғын үй алынды. Нысандар әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтарға тиесілі. Бұл үйлерде 3 600-ден астам азамат тұрады. Жалпы, қалалар мен аудардардағы жекеменшік үйлердің барлығын түсіндіру жұмыстарымен қамтуға тырысамыз. Дегенмен, олқылықтар қайталана береді. Мәселен, жылыту маусымы кезеңіне дейін пешті дайындау керек. Тазалап, қираған жері болған жағдайда жөндеу керек, – дейді өрт сөндірушілер.

  • Үкімет 12 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты қабылдамады

    Үкімет 12 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты қабылдамады

    Үкімет басшысы мәжіліс депутатының балаларды 12 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысын қабылдамады. Олжас Бектеновтің пікірінше, бұл жаста балалар өз әрекетінің қоғамға қауіп төндіретінін толық түсінбейді. Бұл — балаларды қорғау мен тәрбиелеуге қатысты құқықтық және гуманистік көзқарастарға қайшы келеді, деді. Премьер-министрдің жауабында әлемдік тәжірибе бойынша Германия, Жапония, Ресей, Финляндия және Ұлыбританияда қылмыстық жауапкершілік 14-15 жастан басталады, деліген. Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов кәмелет жасына толмағандар үшін қылмыстық жауапкершілікті 14-тен 12 жасқа дейін төмендетуді ұсынған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері балалар қылмысы 4,1% өскен. Жыл басынан бері 1263 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 50 фактіге көп.

  • 400 мыңға жуық азамат атаулы әлеуметтік көмек алды

    400 мыңға жуық азамат атаулы әлеуметтік көмек алды

    Елімізде 400 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 56 миллиАрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Бұл көмек түрі табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан асПайтын отбасыларға беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтінішті тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына, әкімдікке барып немесе egov порталы арқылы беруге болады. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекПен бірге жұмыс та ұсынылады. Өз ісін ашуға ниеті бар отбасыларға грант беріліп, біліктілікті арттыру курстарына да жіберіледі. Мақсат — халықты кедейлік шегінен құтқарып, табысын арттыруға жәрдемдесу. Еске салайық, былтыр атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ең көбі Түркістан облысында тіркелді. Екінші — Шымкентте, үшінші орында — Қызылорда облысы болды.
  • АҚШ Украинаға тағы 425 млн доллар көмек береді

    АҚШ Украинаға тағы 425 млн доллар көмек береді

    Азаттықтың жазуына қарағанда, «Америка дауысы» сайтының мәліметінше, Пентагон қорынан берілетін қосымша көмек пакетіне NASAMS зенит зымыран жүйесі оқ-дәрілері, әуе қорғанысына арналған RIM-7 ракеталары, Stinger зенит зымырандары, HIMARS зымыран жүйесіне керек оқ-дәрілер, кассеталық оқ-дәрілер, танкіні жоятын Javelin қаруы және тағы басқалар кіреді.

    Блинкен Украинаны АҚШ пен оның аясындағы халықаралық коалиция қолдайды деп бұған дейін бірнеше рет айтқан президент Джо Байденнің сөзіне сілтеді деп жазды «Америка дауысы» сайты.

    АҚШ 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап Украинаға құны 61 млрд доллардан асатын әскери көмек және Ресейдің Украинаға 2014 жылғы шабуылынан бергі кезеңде 64 млрд долларға жуық әскери көмек көрсеткен.

  • Жетісу өңірінде жантүршігерлік жол апаты болды

    Жетісу өңірінде жантүршігерлік жол апаты болды

    Оқиға кеше, 16 қазан күні Текеліде болған. Тоқтап тұрған көлікпен соқтығысқан шетелдік көліктің дөңгелегі астында 48 жастағы әйел қаза тапты.

    Облыстық полиция 48 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапқанын растады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Nissan Renessa және Mitsubishi Galant көліктері соқтығысқан.

    «Nissan Renessa көлігінің 44 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Mitsubishi Galant автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан көлік қозғалып, инерциямен жаяу жүргіншіні қағып өткен. Ол, өкінішке қарай, сол жерде қайтыс болды. Құқықбұзушының көлігі арнайы тұраққа жеткізілді», — деді Жетісу облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

  • Алматыда элиталы тұрғын үй жанып жатыр

    Алматыда элиталы тұрғын үй жанып жатыр

    Қала ТЖД мәліметінше, жетінші қабаттағы пәтер өртеніп жатыр, қазіргі уақытта өрт үйдің шатырына жайылды.

    Өрт ғимараттың төбесінде, сондай-ақ жетінші және сегізінші қабаттардағы пәтерлерде болған.

    Өрт сөндірушілер оқиға орнына барды, өрттің ауданы нақтылануда. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Мұнда 25 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады ведомство.

  • Қазақстанда 86 жаңа мектеп ашылды

    Қазақстанда 86 жаңа мектеп ашылды

    Оқу жылының басынан бері өңірлерде 130 мың оқушыға арналған 86 мектеп ашылды.

    Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 74,8 мың оқушыға арналған 27 мектеп, оның ішінде Астанада тоғыз мектеп ашылды.

    Жобада білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Талаптардың қатарында қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу арқылы қауіпсіздік шараларын арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру және мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету бар, – делінген министрлік хабарламасында.

    Айта кетсек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін заманауи форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

    Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 18 мектеп ашылды, тағы 41 мектеп республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар есебінен қолданысқа берілді.

  • ҰҚК Жамбыл облысында есірткі топтарын ұстады

    ҰҚК Жамбыл облысында есірткі топтарын ұстады

    Биылғы қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының жолын кесті.

    Шу және Мерке аудандарында шамамен 102 кг марихуана мен 3 келіге жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде Қазақстанның 3 азаматы құрықталып, сот санкциясымен қамауға алынды, – деп мәлімдеді ҰҚК.

    Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

  • Жетісуда әжетхана салуға бөлінген 75 млн теңге жымқырылды

    Жетісуда әжетхана салуға бөлінген 75 млн теңге жымқырылды

    Жетісу облысында Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

    Өңір прокуратурасының ақпаратынша, сотталғандар туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын талан-таражға салған.

    «Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті. Сарқан ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді», — деді.

    Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.