«Кез келген референдумға маңызды мәселе шығарылады. Бүгінгі референдумдағы АЭС салу мәселесі де өте маңызды. Қабылданған шешімге байланысты еліміздің экономикалық даму бағыты айқындалады. Референдумға шығарылып отырған мәселеден бөлек, референдумды өткізудің өзі де маңызды. Біз ТМД және Орталық Азия елдері бойынша референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз. Мұның өзі көп нәрсені аңғартады, яғни мемлекет пен қоғам арасында жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпалы бар», – деді Ерлан Қарин дауыс берген соң БАҚ өкілдеріне берген жауабында.
Рубрика: Қазақстан жаңалықтары
-

Қазақстанда АЭС салуға қатысты дауыс беру басталды
12 миллионнан аса азамат елде АЭС салу-салмауға қатысты дауыс бере алады. Референдумдағы учаске саны – 10 327. Азаматтардың тіркелген жері бойынша сайлау учаскесі – 9 709, уақытша – 618. Оның ішінде 78 сайлау учаскесі (63 елде) шетелде болады. Сайлау комиссиялары мүшелерінің саны – 70 049 адам.
6 қазан – референдум өтетін күні дауыс беру сағат таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Дауыс берушілерге ыңғайлы болу үшін аумақтық референдум комиссиялары өзге уақытты белгілеуі мүмкін.
Ал бюллетеньде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» және дауыс берушінің жауап нұсқалары «Иә, келісімен», «Жоқ, келіспеймін» деп жазылған.
12 сағаттың ішінде дауыс саналады. Өңірлерге Орталық референдум комиссиясына дауыс беру қорытындысының жиынтық хаттамасын жинауға және жеткізуге 2 күн беріледі.
Орталық комиссия 7 күн ішінде референдумның қорытындысын анықтап, ресми хабарламаны БАҚ-та жариялауға тиіс.
-

«Бетперде киген адам» Африкаға барып, құдық қазып берген
Instagram-да өзінің игі істерімен танымал болған бетпердедегі қайырымды адам Африкадағы балаларға көмектеспек ниетте.
Бұл жолы ол өзінің күш-жігерін Африканың Сомали еліне сапар шегіп, Қазақстаннан тыс жерлерге бағыттады.
«Бетперде киген адам» Барваако лагерінде жергілікті тұрғындармен видеоға түсіп, жариялаған. Онда ол мешіт, мектеп және тұрғындарды таза сумен қамтамасыз ететін жаңа құдық салып берген. Кадрдағы балалар балалар мен ересектердің қуанғанын көруге болады.
Бетперде киген адам балалармен футбол ойнап, кітап сыйлаған. Қазақстаннан апарған шоколадты сыйға тартты.
-

Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, бір адам көз жұмды
Алматыда қоғамдық көлік Mitsubishi көлігімен соқтығысып, бір адам қайтыс болды. ПД мәліметінше, жол апаты бүгін түскі сағат 14:48-де Алматының Жетісу ауданында болды.
«Mitsubishi» маркалы көліктің жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Бөкейханов көшесінің қиылысында жеке тасымалдаушыға тиесілі № 58-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан «Mitsubishi» көлігінде отырған әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған апат бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды», – делінген ПД хабарламасында.
-

14 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Абай облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қаласында жоғары өрт қауіпі сақталады.
5-7 қазан күндері Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с. Қонаев қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 05 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 05 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Таразда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында және шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкентте кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
-

5 қазаннан бастап референдум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды
Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Ол қоғамдық пікірге сауал салу қорытындысын, референдумға байланысты өзге де зерттеулер мен дауыс беру нәтижесінің болжамын, дауыс берілетін күні БАҚ-та және онлайн платформаларда жариялауға болмайтынын ескертті.
Республика бойынша 10 мың 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру құқығына ие 12 млн 244 мың 683 адам бар. -

Ақмола облысында үйінде есірткі сақтаған шетелдік ұсталды
Ақмола облысында тұратын 57 жастағы шетелдік 4 келіден астам марихуана мен каннабис тұқымдас өсімдіктерді сақтағаны үшін ұсталды.
Күдікті “Қарасора – 2024” жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсті. Целиноград ауданындағы 57 жастағы тұрғынының үйінен канабис тұқымдас өсімдігі бар 6 қорап табылды. Тәркіленді, гараж бен қорада соған ұқсас өсімдігі бар тағы үш қап табылды. Сонымен қатар гараж бен қорада қабырға бойымен осы өсімдіктің бұталары ілулі болды. Алынған заттардың жалпы салмағы 4,5 келіден асты. Оның ішінде 2 келіден астам кептірілген марихуана және 1 келі 708 гр кептірілген қарасора бар .
Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған. Ер адамға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
-

Астана әуежайындағы автотұрақ қымбаттайды
Бұл тұрақ аймағы, жабық паркинг, әуежайдың экспресс желісі мен бірінші жолақ инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға тиісті деңгейде қызмет көрсету мақсатында, сондай-ақ 2024 жылға арналған коммуналдық тарифтердің ұлғаюына және инфляцияның өсуіне байланысты.
Әуежай «Smart Parking Technologies» ЖШС-ның тұрақ орнын жалға беру қызметі үшін тарифтік жоспары кестеде көрсетілгендей өзгергені туралы хабарлады.

-

Домофонды кірпішпен сындырған тұрғын қамауға алынды
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға таңғы уақытта болған. 26 жастағы мас ер адам үйде кілтін ұмытып кеткен. Содан кіреберіске кіре алмай, домофонды кірпішпен сындырған. Оның бұл әрекеті бейнекамераға жазылған.
Сот шешімімен бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген құқықбұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
-

Қонаевта референдум қарсаңында әуе шары көтерілді
Қонаевтың орталық алаңында жеке компания өкілдері халықты 6 қазан өтетін референдумға шақыру мақсатында әуе шарын көтерді.
Компания мамандары референдум ел ертеңін айқындайтын маңызды шара деген пікірді ұстанып отыр.
Шар кешкі сағат 20:00-ге дейін орталық алаңда болады. Қызығушылар болса, 2000-5000 тг көлемінде ақы төлеп, аспанға көтерілуіне мүмкіндік қарастырылған.
Айта кетейік, Алматы облысында 643 сайлау учаскесі бар. Дауыс беру күні облыстың 477 учаскесінде онлайн-сервистер арқылы сайлаушылардың тіркеуін тексеру мүмкіндігі ұсынылады. Уақытша тіркеу қажет азаматтар үшін арнайы 5 учаске (Қонаев қаласында – 2, Қаскелең, Талғар және Есік қалаларында бір-бірден) болады. Бұл учаскелерде азаматтар ХҚКО арқылы уақытша тіркеліп, өз дауысын бере алады.

