Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Автокөлікті сақтандыру құны өзгереді

    Автокөлікті сақтандыру құны өзгереді

    Елімізде автокөлікті сақтандыру құны өзгермек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылға арналған сақтандыру полистерінің коэффициенттерін бекіту туралы қаулы жобасын жариялады. Ашық талқылауға шығарылған құжатқа сай, алматылық жүргізушілер үшін көлік сақтандыру сәл арзандай түспек. Ал Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент және Астана қалаларында керісінше қымбаттай түседі. Қаулы келесі жылдан бастап күшіне енбек.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына келді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына келді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Ақорданың баспасөз қызметі президенттің жоспарлары мен алдағы кездесулері туралы айтып берді. Президент білім, мәдениет, спорт нысандары мен өндірістік кәсіпорындарды аралайды.

    Сапар бағдарламасында өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысу да бар.

     

  • Ақтөбе тұрғыны ағзасын 9 млн теңгеге сатпақ болған

    Ақтөбе тұрғыны ағзасын 9 млн теңгеге сатпақ болған

    Ақтөбе облысының прокуратурасы әлеуметтік желі арқылы ішкі ағзасын 9 млн теңгеге сатқысы келген азаматты анықтап, оны қолға түсірді.

    Дереккөзге сүйенсек, «Е» есімді азамат әлеуметтік желіге хабарландыру беріп, ағзасының бірін 9 млн теңгеге бағалаған.

    «25 қыркүйек күні прокурорлар Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірге ол адамды қолға түсірді. Қылмыстық кодекстің 116 бабы бойынша тергеу басталды», – деп хабарлайды прокуратура.

  • Солтүстік Қазақстанда тағы 141 ауыл таратылады

    Солтүстік Қазақстанда тағы 141 ауыл таратылады

    Биыл 59 ауылда 77 жобаны іске асыруға 14 млрд теңгеге жуық, оның ішінде шекарадағы 15 ауылға 27 жобаны іске асыру үшін 7 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. Жобаны іске асыру 160 мыңнан аса ауыл тұрғынын және 1,1 мыңнан аса жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. 2027 жылға дейін жыл сайын кемінде 50 ауылды модернизациялау жоспарланып отыр, – деді әкімнің орынбасары Қанат Дүзелбаев.

    Бұл ретте ол кейбір әкімшілік бірліктер ауыл санатына сәйкес келмейтінін айтты.

    Әкімшілік-аумақтық құрылымды реттейтін заңнамаға сәйкес, ауыл санатына халқының саны 50 адамнан кем емес елді мекендер кіреді. Ал облыста 50 адамнан аз тұрғыны бар 141 ауыл бар. Оның ішінде 45 ауылдың халқы – 10 адамнан аз, 7 ауылдың халқы жоқ.

    Олар сәйкесінше таратылуға жатады. Бүгінде ол ауылдарды тарату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл басқару сапасын жақсартуға және бюджет қаражатын болашағы бар елді мекендерге шоғырландыруға септігін тигізеді, – деп түсіндірді Қанат Дүзелбаев.

  • Ербаян Мұхтарды емдеу үшін Түркияға апарады

    Ербаян Мұхтарды емдеу үшін Түркияға апарады

    Бұл туралы әлеуметтік желіде сарбаздың нағашы ағасы жариялады. Оның айтуынша, Ербаянды Түркияға жеткізу үшін мемлекет арнайы борт шығарған. Түркияға арнайы борт Әзербайжан мен Армения арқылы ұшады. Әзербайжан тарапы рұқсат берген. Қазір Армениядан жауап күтіліп отыр.

    Ербаян Мұхтардың ем-домы Ыстамбұлда жалғасады.

    Жақында Ербаян Мұхтардың әкесі мен шешесі, адвокаты Инга Иманбай Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткізген еді. Сол кезде заңгер Инга Иманбай Ербаянның ісі қазір мүлде жүрмей жатқанын жеткізген.

  • Кей өңірде үсік жүреді

    Кей өңірде үсік жүреді

    Кей өңірде жаңбыр жауып, күн салқындайды. Астанада күндіз +11-13°C, түнде +2°C, жаңбыр жауады деп күтілуде. Алматыда ауа температурасы жылырақ болады, күндіз +15°C шамасында. Оңтүстік өңірлерде де жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.

    Батыс Қазақстан облысы

    Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 27 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Қызылорда облысы

    Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 27 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Қостанай облысы

    Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

    Ұлытау облысы

    Ұлытау облысында басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 27 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Алматы облысы

    Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Қарағанды облысы

    Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Маңғыстау облысы

    Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қәуіпі күтіледі. Ақтау қ.: 27 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Ақтөбе облысы

    27-29 қыркүйекте Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 27-29 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Түркістан облысы

    Түннің бірінші жартысында Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 27 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 27 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

    Атырау облысы

    Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 27 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Абай облысы

    Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Шығыс Қазақстан облысы

    Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 27 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

    Жетісу облысы

    Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. 27-30 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, областың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

  • Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасына 17 млн теңге төлейтін болды

    Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасына 17 млн теңге төлейтін болды

    Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасына 17 млн теңге төлейтін болды

    Айтбек Амангелді азаматтық істер жөніндегі сотқа талабында қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығының нашарлағанын және еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын айтқан.

    «Сот парасаттылық пен әділдік қағидаттарын негізге алып, жақын туысының қайтыс болуы сөзсіз талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талап қоюды ішінара қанағаттандырды. Жауапкерден қылмыстық іс бойынша келтірілген 6 877 672 теңге материалдық шығын мен 10 млн теңге моральдық залал өндірілді», — делінген елорда сотының шешімінде.

  • Астана әуежайының жұмыс кестесі өзгереді

    Астана әуежайының жұмыс кестесі өзгереді

    Әуежайдың баспасөз қызметі ұшу – қону жолағын жөндеу жұмыстары уақытынан бұрын аяқталғанын хабарлады.

    «2024 жылдың 1 мамырында басталып, 24 желтоқсанға дейін жоспарланған жұмыстар аяқталды. 5 қазаннан бастап ұшу-қону жолағының жұмысы штаттық режимге ауысады», – делінген баспасөз хабарламасында.

    Еске салайық, ақпан айында 2024 жылдың 1 мамыры мен 24 желтоқсаны аралығында әуежай түнгі уақытта жабық болатыны хабарланған. Түнгі уақыттағы жүзге жуық рейс күндізгі уақытқа ауыстырылған еді.

  • Геннадий Головкин тағы бір жоғары лауазымға тағайындалды

    Геннадий Головкин тағы бір жоғары лауазымға тағайындалды

    Жұмыс барысында Қазақстан ҰОК басшысы World Boxing қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты халықаралық спорттық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге көңіл бөледі. Сонымен қатар, оның комиссия басшысы ретіндегі басты міндеттерінің бірі – боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдырып, World Boxing ұйымын ХОК мойындауы үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз әріптестік орнату болмақ.

    «Жеке өзім үшін, Қазақстан үшін және барша спорт әлемі үшін боксты олимпиадалық спорт түрі ретінде сақтап қалу маңызды және бұл менің жұмысымдағы ең басты басымдық болмақ.

    Сондай-ақ, бокс олимпиадалық құндылықтарға сай, әділ әрі ашық болуы үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз әріптестік орнатуды көздеп отырмын.

    Менің кәсіби спортшы ретінде жиған тәжірибем World Boxing жұмысын бір жүйеге келтіреріне сенемін және күшімізді біріктіре отырып, бокстың дамуына жаңа серпін бере аламыз. Бірақ алда біз атқаратын жұмыс көп», – деп атап өтті Геннадий Головкин.

  • Несиеге сұраныс азая түсті

    Несиеге сұраныс азая түсті

    Елімізде несие алушылар азайған. Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша тамыз айында ел азаматтары 1 триллион 400 миллиард теңгеге үш жарым миллионнан астам несие рәсімдеген. Бұл шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 10 процентке төмен. Тіпті өткен жылдың сәуір айынан бері ең төменгі көрсеткіш.  Ал қазір жеке азаматтардың банк алдындағы берешегі 22 триллион 300 миллиард теңгеден асады. 8 миллион 900 мың азаматтың несиесі бар.