Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Үйдің жанындағы дүкендер мен шаштараздар ҚҚС төлемейтін болды

    Үйдің жанындағы дүкендер мен шаштараздар ҚҚС төлемейтін болды

    Мәжілістің жалпы отырысында жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді таныстырған премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үй жанындағы дүкендер мен шаштараздар қосылған құн салығын төлемейтінін мәлімдеді.

    Оның айтуынша, енді орта және шағын бизнеске арналған арнаулы салық режимі оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі деп аталады. Кіріс лимиті – қазіргідей 600 мың айлық есептік көрсеткіш болып сақталады. Қызметкерлер саны бойынша шектеу алынып тасталады. Мөлшерлеме – 4% және оны мәслихаттар 50%-ға дейін төмендетуі мүмкін.

    «Үкімет режимді тек белгілі бір қызмет түрлеріне қолдануды ұсынды және басты шарт – тек B2C операциялары. Бұл ретте В2В операциялары арнаулы режим аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Егер жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін салық төлеуші тауарды немесе қызметті «арнаулы режимшіден» сатып алса, онда оның мұндай шығындарды шегеруге құқығы жоқ. Қызмет түрлерінің санын Үкімет реттейді. Осылайша, «үй жанындағы» дүкендер, шаштараздар және халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер осы шарттарға сәйкес келеді және қосылған құн салығын төлеуші болмайды. Оларға қорқудың қажеті жоқ», – деді Жұманғарин Мәжіліс отырысында.

  • Үкімет салықтарға қатысты өзінің ұстанымын айтты

    Үкімет салықтарға қатысты өзінің ұстанымын айтты

    Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

    Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексінің жобасының негізгі тұстарына тоқталды.

    «Біз салықтарды, төлемдер мен алымдарды қысқартамыз. 12 салықтың орнына 11 болады. 10 төлемнің 2-ін алып тастау ұсынылады: жарнаманы орналастырғаны және лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемдер. 3 төлемді біріктіру ұсынылады: су ресурстарын пайдалану үшін, орманды пайдалану үшін және жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемдер. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем болады. Бұл төлемдердегі мөлшерлемелер саны 77-ге қысқарады», – деді Премьер-министрдің орынбасары.

    Сонымен қатар Үкімет алымдардың 6 түрін қысқаруды ұсынып отыр. Олар бойынша мөлшерлемелердің 34 түрі алынып тасталмақ.

    «Сондай-ақ мемлекеттік баждың 5 түрі алынып тасталады, олар бойынша мөлшерлемелер 51-ге қысқарады.  Біз салық жеңілдіктерін оңтайландырамыз.

    Салық декларацияларының деректері бойынша сомасы 3,4 трлн теңге 453 норма жеңілдік деп танылды. Бүгінгі таңда сомасы 1,3 трлн теңгеден астам 128 салық жеңілдігін алып тастау ұсынылып отыр», – деді Серік Жұманғарин.

    Ұлттық экономика министрі бұл мәселеде ашық жаңа жүйе құрылып жатқанын баса айтты.

  • 7 мамырдағы парад: Қандай ерекшеліктер мен қызықты сәттерді көруге болады

    7 мамырдағы парад: Қандай ерекшеліктер мен қызықты сәттерді көруге болады

    Олар қазір қала сыртындағы әскери дала лагерінде дайындық үстінде. Лагерь 288 шатырдан тұрады, оның ішінде жатын орындар, далалық асханалар мен тұрмыстық бөлмелер қарастырылған. Сарбаздар күніне 6 сағат саптық дайындықтан өтуде.

    Парадқа Қарулы күштердің түрлі бөлімшелері қатысады: Ұлттық ұлан, десантшылар, арнайы мақсаттағы жасақ, сондай-ақ әскери қызметтегі әйелдер ротасы. Әйелдер автоматтың жеңіл түрімен сап түзейді. Олардың арасында үш баланың анасы, ефрейтор Светлана да бар.

    Сондай-ақ шарада БҰҰ бітімгерлік құрамындағы көгілдір каскалы сарбаздар мен Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінің формасын киген жауынгерлер де болады. Әскери техникалар мен тарихи образдар көрермендерге ерекше әсер қалдырмақ.

  • Сенат құмар ойын жарнамасына тұсау салмақ

    Сенат құмар ойын жарнамасына тұсау салмақ

    Сенаторлар талқылаған жаңа заң жобасы бойынша букмекерлер мен тотализаторлар жарнамасына тек арнайы аймақтарда ғана рұқсат беріледі. Мобильді құрылғылар арқылы жарнама таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ құмар ойындарға сотталған және шартты жаза алғандар қатыса алмайды. Заң жобасында денсаулық сақтау жүйесін де жетілдіру көзделген

  • Алматы қаласы әкімінің орынбасары заңсыз тексерістер үшін жазаланды

    Алматы қаласы әкімінің орынбасары заңсыз тексерістер үшін жазаланды

    Турксиб аудандық прокуратурасы Алматы қаласындағы аудан әкімдігі қызметкерлерінің кәсіпкерлерден құжаттарды заңсыз талап еткенін анықтады. Олар бұл әрекеттерін баға мониторингін жүргізу деп түсіндірген.

    Нәтижесінде, алты шенеунік 25 оқиға бойынша 500 МРП айыппұл салынды. Ал, әкім орынбасары өз ісіне араласқаны үшін 100 МРП айыппұл төледі. Барлық айыппұл толық өтелді.

  • Бурабай Дубайдан қымбат: Министрлік түсініктеме берді

    Бурабай Дубайдан қымбат: Министрлік түсініктеме берді

    Қазақстандықтар ішкі туризмнің қымбаттығына шағымданды. Вице-министр Ержан Еркінбаевтың айтуынша, елде бәсекелестік аз, қонақүй иелері бағаны еркін көтереді.

    Мәселені шешу үшін жаңа қонақүйлер салып, үш жұлдызды санаторийлерді көбейту қажет дейді. Бұған дейін Бурабай, Алакөл, Баянаулда баға мен қызмет сапасына қатысты сын айтылған.

  • Астанада «Жібек жолы» атауымен ойын-сауық паркі салынады

    Астанада «Жібек жолы» атауымен ойын-сауық паркі салынады

    «Бұл — шетелдік инвестор іске асырып жатқан кешен. Ішінде ойын-сауық паркімен қатар, сауда орталығы мен халықаралық деңгейдегі қонақүй де болады. Бұл — шетелдік туристерге арналған маңызды нысанға айналады», — деді Еркінбаев.

    Аталған жобаның ойын-сауық бөлігі 2027 жылы пайдалануға беріледі.

    2018 жылдан бері Астанада «Диснейленд» салу идеясы айтылып келеді. Соңғы нұсқа бойынша, болашақ саябақтың концепциясы Шанхайдағы Диснейлендке ұқсас болуы мүмкін. Жоба «Жібек жолы» атауымен ұсынылған.

    Мақсаты — балалардың ойын арқылы түрлі мәдениеттерді танып-білуіне мүмкіндік беру.

  • ІІМ: шетелдегі соғысқа қатысқандарға жаза бар

    ІІМ: шетелдегі соғысқа қатысқандарға жаза бар

    ІІМ қазақстандықтарды шетел армиясына жалданып соғысқа қатысудың ауыр зардабы болатынын ескертті. Соңғы уақытта әлеуметтік желіде ақылы әскери қызмет туралы жарнама көбейген.

    Заңсыз түрде шетелдегі соғысқа қатысқандар 5-9 жылға сотталуы мүмкін (ҚК 172-бап). Ал жалдамалыларға 7 жылдан өмір бойына дейін түрме жазасы қарастырылған (ҚК 170-бап).

    ІІМ азаматтарды заңды бұзбауға шақырды.

  • Шетелдік туристер алаяқ такси жүргізушілеріне алданбайтын болды

    Шетелдік туристер алаяқ такси жүргізушілеріне алданбайтын болды

    Туризм және спорт министрлігі TravelStan бірыңғай мобильдік қосымшасын жасау туралы бастама көтеріп отыр.

    «Бүгінгі таңда туристке қызметтерді брондауға қажетті барлық сервисті біріктіретін бірыңғай экожүйе қарастырылмаған. Сондықтан TravelStan бірыңғай мобильдік қосымшасын жасау туралы бастама көтерілді.  Оның негізгі функционалы – жасанды интеллектке негізделген көмекші. Яғни, туристерге қонақ үйді брондау, билеттерді сатып алу, гидтер мен маршруттарды табу, такси шақыруға көмектесетін және басқа да қызметтерді бір цифрлық кеңістікте біріктіретін қосымша болады. Аталған жоба Цифрлық даму министрлігімен алдын ала келісілді. Енді оны қаржыландыру мәселесін қарастырып жатырмыз», – деді министр Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында.

    Ербол Мырзабосынов әзірге жылдам шешім ретінде туристерге арналған QR код жүйесі енгізіліп жатқанын айтты.

    «Кейде туристер келген бетте такси, байланыс, валюта айырбастау сияқты қызметтерден алданып қалып жатады. Оның алдын алу үшін QR код жүйесі жасалды. Оның ішінде такси, электронды СИМ-карта, қонақ үй брондау, негізгі ақпарат пен тіркелу қызметтері жинақталды», – деді ол.

    Бұл QR кодтар еліміздің 4 қаласында, яғни Астана, Ақтау, Түркістан және Шымкент қалаларында орналастырылған.

    «Қазіргі таңда аэропорттар QR кодтарды орналастыру үшін қосымша қаражат сұрап отыр. Осыған орай тәжірибені кең тарату үшін тиісті әкімдіктер мен Көлік министрлігінің қолдауы қажет. QR кодты барлық әуежайларға, вокзалдар мен шекара өткелдеріне орналастыру керек», – деді Туризм және спорт министрі.

  • Зеленский Қазақстандағы елшісін тағайындады

    Зеленский Қазақстандағы елшісін тағайындады

    Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстандағы жаңа елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

    Украина президентінің ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес:

    Майко Виктор Анатольевичті Қазақстан Республикасындағы Украина Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі етіп тағайындау жөнінде жарлық шыққан.

    Майко Виктор Анатольевич 1960 жылдың 6 шілдесінде Украинадағы Днепропетровск қаласында дүниеге келген. Тарас Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетін тәмамдаған. Білімі бойынша – журналист.

    1999 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.

    2005 жылдан 2010 жылға дейін – Украина Республикасының Түрікменстандағы елшісі, сондай-ақ Ауғанстандағы елшілік қызметті қоса атқарған.

    2010 жылдан 2020 жылға дейін – Украина Сыртқы істер министрлігінің басшысы қызметін атқарған.

    2020 жылдан бастап Түрікменстандағы елші қызметіне қайта оралған.