Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Қазақстандық оқушылардың жобасы әлем үздіктері қатарында

    Қазақстандық оқушылардың жобасы әлем үздіктері қатарында

    Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары NASA мен АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 байқауында топ жарды.

    25 елден 26 мыңнан аса оқушы қатысқан додада Анастасия Цой, Юлия Ким, Камила Ертісқызы мен Ілияс Дәулет ұсынған YURT жобасы бірінші орынды иеленді. Олар Юпитер орбитасындағы 30 мың адамға арналған ғарыш стансасын таныстырды.

    Екінші орынды иеленген «Икарус» жобасы Ганимед орбитасындағы 45 мың тұрғынға арналған станса идеясына негізделген. Команда құрамында 10 оқушы, жетекшісі – Әділет Сандықбаев.

    Байқау оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

  • Петропавлда Ұлттық ұлан курсанттары жаппай төбелес шығарды

    Петропавлда Ұлттық ұлан курсанттары жаппай төбелес шығарды

    Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сай, жанжалға 20-40 шақты адам қатысқан. Кейбір курсанттар жеңіл жарақат алып, медициналық көмек көрсетілген.

    Академиядағылар бұл оқиғаны растады. Төбелеске бірінші курс студенттері қатысқан. Зақым алғандарға ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

    Қазіргі таңда болған жайтқа байланысты тексеріс жүргізілуде. Академияда Қазақстанмен қатар Тәжікстаннан келген курсанттар да білім алады.

  • Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

    Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

    Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты.
    Атмосфералық фронттардың өтуінен елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз болады. Жаңбыр , найзағай, бұршақ болуы мүмкін, түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын(жаңбыр, қар) болады.
    Жауын-шашын (жаңбыр, қар) 12 сәуірде Қостанай, 13-14 сәуірде Ақмолада, 14 сәуірде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, 14 сәуірде Ұлытау облысында болады деп болжануда. Республика бойынша тұман күтіледі.
    12 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан, Атырау, 12-14 сәуір Ақтөбе, 13-14 сәуір Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градус аяз болады деп болжануда.

  • Қаланың қақ ортасында дрифт жасаған алматылық қамауға алынды

    Қаланың қақ ортасында дрифт жасаған алматылық қамауға алынды

    Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, «Лексус» көлігін басқарған ер адам Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында дрифт жасап, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген.

    Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

    «Соңғы кезде, әсіресе, жас жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері жиілеп кетті. Мұндай әрекеттер тек заңсыз ғана емес, сондай-ақ басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Мұндай деректің барлығына заң шеңберінде қатаң түрде шара қолданамыз. Заң мен тәртіп – қауіпсіз өмірдің негізі», – деді Жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

  • Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

    Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

    Елде төрт жаңа су қоймасы салынып, тағы төртеуі қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар 115 канал жөнделіп, Астана су қоймасын толтыру жобасы қолға алынады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.

    Жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Астанада жүргізіледі. Қазір қажетті құжаттар дайындалып, мемлекеттік органдармен келісу жүріп жатыр.

    Сондай-ақ Ислам даму банкі гранты аясында елдегі су көздерін зерттеу, ерте ескерту жүйесін енгізу және “Қазсушар” мекемесін техникалық жабдықтау жоспарланған.

  • Тоқаев батыс өңірлердегі жол құрылысын жеделдетуді тапсырды

    Тоқаев батыс өңірлердегі жол құрылысын жеделдетуді тапсырды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Көлік министрі Марат Қарабаевпен кездесіп, 2024 жылғы салалық нәтижелер мен алдағы жоспарларды талқылады. Министрдің айтуынша, транзит көлемі 6 пайызға өсіп, Транскаспий бағытымен 4,5 млн тонна жүк тасымалданған — бұл өткен жылмен салыстырғанда 62 пайызға көп.

    Жыл ішінде 12 мың шақырым жол жөнделіп, келесі ірі трассалар қайта жаңартылды:
    • Қарағанды – Алматы,
    • Талдықорған – Өскемен,
    • Ақтөбе – Қандыағаш,
    • Атырау – Астрахан.

    Тоқаев азаматтардың жол жүру жағдайын жақсартудың маңыздылығын атап өтіп, мынадай тапсырмалар берді:
    • «Орталық – Батыс» автожолының құрылысын жеделдету;
    • «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізін кеңейту;
    • ТМТМ бағытын дамытуға ерекше көңіл бөлу;
    • Көлік саласына инвестиция тарту жұмысын күшейту.

  • Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билет бағасы қанша?

    Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билет бағасы қанша?

    Фанаттар үшін шектеу: бір адамға тек төрт билетке дейін сатып алуға болады.
    Билет бағасына қатысты Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеме жасады.
    Оның айтуынша, ең қымбат билет бағасы – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұрады.
    Айта кетейік, америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында 1 тамызда Астана арена стадионында өнер көрсетеді.

  • «Айыптау актісімен келісеміз, бірақ бір мәселе бар, оны сотта айтамыз» – Шерзат отбасының адвокаты

    «Айыптау актісімен келісеміз, бірақ бір мәселе бар, оны сотта айтамыз» – Шерзат отбасының адвокаты

    Шерзат Полат тарапының адвокаты Мейірман Шекеев мемлекеттік айыптаушының айыптау актіне қатысты пікір білдірді.

    «Қаржаубай айыптау актін бүгін ғана естіп отыр. Қаржаубайды тергеу аяқталған кезде іс материалдарымен таныстырмады. Сондықтан оның пікірін айта алмаймыз. Адвокаттар бір нәрсемен келіспейміз. Оны сотта айтамыз. Қазір айта алмаймыз. Қалған айыптау актімен келісеміз», – деді адвокат.

    Сонымен қатар, Шекеев неліктен 11 күдіктінің тек 9-ы сот залында отырғанын түсіндірді.

    «Бастапқыда 13 адам болған. Оның екеуі іске қатысы болмағандықтан олар күдіктілер қатарынан шығарылды. Содан кейін екі қыздан тек куә ретінде жауап алынды», – деді адвокат.

    «Қылмыстың бәрі ауыр. Бірақ екі күдіктіге: Шынасыл Абзал мен Сәкеев Равильге айып тағылып отыр. Қалған жеті күдіктінің ісі «бұзақылық» бабымен қаралады. Мемлекеттік айыптаушының айтқаны сол. Ол іс материалдарымен үйлеседі деп ойлаймыз. Біз, жәбірленуші тарап онымен келіспейміз. Бірақ ол мемлекеттік айыптау актісі», – деді Шекеев.

  • Шерзат Полат ісі: Сотталушылар істі алқабилердің қарауына қарсы болды

    Шерзат Полат ісі: Сотталушылар істі алқабилердің қарауына қарсы болды

    Айыпталушылар сот отырысын алқабилердің қатысуымен өткізуге қарсылық білдірді. Қылмыстық іс бойынша 9 адам айыпталып отыр.

    Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық», 99-бабы 2-бөлігі 4-5-тармағы «Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру», 24-баптың 3-бөлігі «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу»;

    Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық», 99-бабы 2-бөлігі 7-9-тармағы «Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру»;

    Белқожаев Шыңғыс, Аскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Нұрбол, Ғалиахмет Дидар, Тоқтаубаев Азамат – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық»;

    Ысқақ Думан – Қылмыстық кодекстің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау».

    Сот отырысының онлайн трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-каналында  көрсетіледі.

  • Біреуі Шерзаттың басынан бәкінің, екіншісі мылтықтың сабымен ұрған – Прокурор

    Біреуі Шерзаттың басынан бәкінің, екіншісі мылтықтың сабымен ұрған – Прокурор

    2025 жылдың 10 сәуірінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстандағы ең атышулы істердің бірі – 2024 жылдың қазан айында Талғарда қайтыс болған 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

    Прокурор Ержан Құрақбаев Шерзат Полаттың ісі бойынша сотта айыптау актісін оқыған кезде оқиға қалай болғанын айтып берді.

    Прокурордың айтуынша, сағат 00.42 минутта Шынасыл атты күдікті анасы мен әжесінің көзінше Шерзаттың жүрегіне пышақ сұғып алған. Шерзат Полат асфальтқа отырып қалған. Сәкиев Ғайыпбаевқа бөтелке лақтырған. Алайда, бөтелке тимей қалған. Осыдан кейін Сәкиев Ғайыпбаевты жұдырықпен ұрған. Ал Азамат Тоқтаубаев пен Ілиясов ас пышақтарын Ғайыпбаевқа қарсы сермеген. Бірақ соңғысына пышақ тимеген. Күдіктілердің бірі Қаржаубай Нұрымовтың бетінен бөтелкемен ұрған. Оқиға орнына әжесі келген кезде оны Шынасыл итеріп құлатқан.

    Бишімбиева баласы Шерзаттың асфальтта отырғанын көріп, соған қарай бармақ болған кезде оның алдынан Шынасыл мен Ілиясов шығып, екі білегінен ұстап жібермей қойған. Содан кейін Ғайыпбаев Шерзаттың “Нұрқанат аға, маған бірдеңе сұғып алды” деген дауысын естіп, жүгіріп барып, жедел жәрдем шақыру үшін “скорый” деп айғайлай бастаған. Осыдан кейін Әскентай, Тоқтаубаев Нұрбол, Белғожаев, Ілиясов, Шынасыл Шота Руставели көшесінің бойында отырған Ғайыпбаев пен Полатқа қарай барған. Сол сәтте Бишімбиева Полатқа бірінші болып жетіп, құшақтап алған. Белғожаев Полаттың басынан аяғымен теуіп, жиналмалы бәкі пышағының сабымен Шерзаттың басынан бірнеше рет соққы жасаған. Ал Ілиясов сол жерде 16 калибрлі мылтықты жерден алып, аталған мылтықтың сабымен Полаттың басынан бір мәрте соққы жасаған. Аталған соққы анасының оң жақ қолына тиген. Мұнымен шектелмей Ілиясов өзінің әрекеттерін жалғастырып, мылтықтың сабымен Ғайыпбаевтың басынан бірнеше рет соққы жасаған. Осы уақытта Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Ілиясов, Белғожаев, Тәкиев, Шынасыл қолдарымен және аяқтарымен жерде жатқан Ғайыпбаев пен Полатты ұрып соққан. Сол уақытта Шынасыл Ғайыпбаевқа пышақпен дене жарақаттарын келтірген. Шынасыл қоңыр түсті ас пышағымен Ғайыпбаевтың жамбас тұсынан бір рет сұғып алған. Сәкиев тергеумен анықталмаған пышақпен Ғайыпбаевтың иық тұсына екі рет сұғып алған. Салдарынан Ғайыпбаев сол жерде есінен танып қалған. Шынасыл мен Сәкиев Ғайыпбаевты өлтіргендеріне көзі жеткен. Алайда Ғайыпбаев тірі қалған, – деді прокурор.

     

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)