Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Шерзат Болат ісі бойынша сот ашық өтіп жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот ашық өтіп жатыр

    Бүгін Талдықорған қаласында Шерзат Болаттың ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтеді. Судья шешімімен сот толықтай ашық өтетіні хабарланды. Сонымен қатар, журналистерге тікелей эфирге шығуға және күдіктілердің бет-жүзін түсіруге тыйым салынды.

    Іс бойынша судья  Жанұзақ Ержан Серікұлы, ал прокурорлар Дана Сәрсенбай, Ержан Құрақбаев.

    Шерзат ісі бойынша сот отырысы ашық, онлайн-трансляция форматында ҚР Жоғарғы Сотының ресми YouTube арнасында өтіп жатыр.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)

  • «Шерзат өлімінен кейін орнын босатқан қызметкерлер жайдан-жай кеткен жоқ» – Қоғамдық қорғаушы

    «Шерзат өлімінен кейін орнын босатқан қызметкерлер жайдан-жай кеткен жоқ» – Қоғамдық қорғаушы

    Бүгін сағат 12:00-де Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.

    Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

    Бұл оқиғаның басынан хабар таратып, Шерзат Болат отбасының жанында болдым деген қоғамдық қорғаушы Дінмұхамед Қаматай өзі салған видеоны 1,5 млн адам қарағанын, осы іс жайлы білгенін айтты.

    «Шерзат Болат өлтірілгеннен кейін осы мәселені мен көтердім. Бұл отбасымен сол кезден бері хабардармын. Олардың әділеттілікке жетуіне қолымнан келгенін істеуге тырысып жүрмін», – деді пікірінде.

    Қоғамдық қорғаушы «Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы қаншалықты дәйекті ақпарат тарата алды?» деген сауалға:

     «Бейнежазбада бәрі анық тұр. Бәрі көрді. Соның өзі жеткілікті деп ойлаймын. Бәлкім, ол видео болмаса бұл іс қалай өтетінін білмейміз. Себебі, орнын босатқан қызметкерлер жайдан-жай кеткен жоқ. Менің ойымша, ескі Қазақстанның қалдығы кетіп, жаңа кәсіби адамдар тағайындалуы керек деп есептеймін», – деп жауап берді.  

    Ал «Сот процесі әділ өте ме?» деген сауалға ол:  «Әділ өтеді. Себебі, бұл оқиғаны бүкіл қазақ халқы қадағалап отыр. Президент айтқандай, әділетті қоғам құру үшін БАҚ өкілдері, қоғам беолсенділері және азаматтар сол үшін күресу керек», – деді қоғамдық қорғаушы Дінмұхамед Қаматай.

    Сондай-ақ, ол сот отырысының Талдықорғанда өтіп жатқанын былайша топшылады. «Үлкен резонанс туғызған сотқа көп адам келетін еді. Бірақ Қонаев қаласында өткізгені дұрыс болар еді. Себебі, Қаржаубай Нұрымовтың отбасы мүшелерімен жол жүріп келдік. Бәрі көпбалалы отбасы болған соң балаларын да қалдыру мәселесі бар. Яғни, әрі-бері жүру қиын», – деді ол.   

  • Шерзаттың соты ашық өтуі керек – Бас прокурордың орынбасары

    Шерзаттың соты ашық өтуі керек – Бас прокурордың орынбасары

    Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы ашық өтуі мүмкін. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді.

    Оның айтуынша, іс шынымен оңай болған жоқ, өте көп сараптама жасалды. Іс материалдарымен танысуға көп уақыт кетті.

    «Прокуратура толығымен ашықтықты қолдайды. Менің ақпаратым бойынша сот ашық өтуі керек. Бірақ, сіз білесіздер, соттың ашық не жабық өтетіні туралы шешімді сот қабылдайды. Ал біздің позициямыз, әрине, сотты ашық өткізу. Аз ғана уақыт қалды, күте тұрайық», – деді Қойгелдиев Сенат кулуарында.

    Айта кетері, осы іс бойынша алдын ала тыңдау 10 сәуір күні сағат 12:00-ге белгіленді.

    Естеріңізге салайық, былтыр қазан айының басында Талғарда төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапты. Көп ұзамай қара жамылған отбасының үйі жанып кеткен.Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

  • Қазақстан түрмелеріндегі 39 мың адамның 6,4 мыңы дін ұстанады

    Қазақстан түрмелеріндегі 39 мың адамның 6,4 мыңы дін ұстанады

    ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен (Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Мәдениет және ақпарат министрлігі) бірлесіп қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің арнайы контингенті арасында радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу, террористік қызметтің деструктивті діни ағымдарын жақтаушылардың терроризмді және өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді насихаттау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі шаралар қабылдап отырады.

    Бүгінгі таңда, пенитенциарлық мекемелерде 39 мыңнан астам сотталғандар мен тергеу мақсатымен қамауға алынғандар отыр. Оның ішінде дінге сенушілер – 6 383, – деп жазылған ресми мәліметте.

    Министрлік келтірген анықтама мәліметіне сенсек, түрмеде дін ұстанушылардың саны:

    2024 жылы 6 464 адам болса,
    2023 жылы 5 121
    2022 жылы 4 230 адам болған.

  • Алаяқтар рәсімдеген несиелер сотқа жетпей жойылады

    Алаяқтар рәсімдеген несиелер сотқа жетпей жойылады

    Мәжіліс қаржы нарығы мен тұтынушылар құқығын қорғауға қатысты заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

    Қазір мұндай несиелер тек сот шешімімен жойылады. Енді жаңа заң бойынша:
    • Алғашқы несие алғанда клиенттің өзі келуі тиіс
    • 24 сағат ішінде несиеден бас тартуға болады
    • Белгілі азаматтар үшін қосымша келісім алу қажет

    Бұл талаптар бұзылса, банктер мен МҚҰ-лар несиені сотқа дейін жоюы тиіс. Сонымен қатар, биометриялық сәйкестендіру немесе деректерді заңсыз қолдану дәлелденсе, несие сот арқылы жойылады.

  • 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек пе? ІІМ мәлімдеме жасады

    10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек пе? ІІМ мәлімдеме жасады

    Әлеуметтік желілер мен чат-топтарда 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Осыған қатысты Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады.

    Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.

    Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:

    • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;
    • мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат.

    Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет.

    Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді.

  • 7-сынып бағдарламасына жаңа пән енгізілуі мүмкін

    7-сынып бағдарламасына жаңа пән енгізілуі мүмкін

    Қазақстанда мектеп оқушыларына 7-сыныптан бастап жаңа пән қосылуы мүмкін.

    Бұл ұсынысты бас прокурор Берік Асылов айтты. Ол қазақстандық оқушыларға 7-сыныптан бастап «Заң және тәртіп» атты жаңа пән енгізуді ұсынды.

    «Бүгінде жасөспірімдердің біразы өкінішке қарай, ауыр қылмыс жасап жатыр. Олар төбелестен бастап ауыр қылмысқа дейін барады. Алайда олардың көбі заңды бұзғанын білмейді. Олар қылмысы үшін жауапкершілікке тартылатынын түсініп жүрген жоқ. Сондықтан оқушылардың құқық жайлы сауатын арттыру үшін жаңа пән қосуды сұраймыз», – деді Берік Асылов.

    Асылов жасөспірімдер заңды білу арқылы тәртіпке үйренетінін айтты.

  • Мәжіліс жаңа салық кодексін бірінші оқылымда мақұлдады

    Мәжіліс жаңа салық кодексін бірінші оқылымда мақұлдады

    Салық кодексінің жаңа жобасына сәйкес, салық жүйесін оңтайландыру, салықтар мен алымдар санын азайту, берілетін жеңілдіктерді қысқарту жоспарланып отыр.

    ҚҚС: жаңа шек және мөлшерлеме

    Атап айтқанда, Үкімет қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша шекті табыс мөлшерін жылына 40 миллион теңге деңгейінде белгілеуді ұсынуда.
    ҚҚС мөлшерлемесі – 16% болады деп көзделген.

    Сән-салтанат салығы енгізілмек

    Бұдан бөлек, жеке тауар санаттарына жоғары мөлшердегі салық салу, яғни «люкс салығы» енгізу ұсынылуда.

    Салалық салық мөлшерлемелері

    Жекелеген салалар үшін салық мөлшерлемелері төмендегідей болады:

    • Банктер үшін – 25%
    • Құмар ойындар саласы үшін – 25%
    • Әлеуметтік бағыттағы мекемелер үшін – 10%
    • Өңдеу өнеркәсібі үшін – 10%
    • Ауыл шаруашылығы үшін – 3%

    Негізгі салық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталады.

    Арнайы салық режимдері қысқарады

    Қолданыстағы арнайы салық режимдерінің саны үшке дейін қысқартылмақ:

    1. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін
    2. Жеңілдетілген есептілік негізінде жұмыс істейтіндер үшін
    3. Шаруа және фермер қожалықтары үшін

    Жеке тұлғаларға арналған жеңілдіктер

    Азаматтар үшін де бірқатар өзгерістер ұсынылуда. Атап айтқанда:

    • Зейнетақы қорынан төленетін төлемдерге жеке табыс салығы салынбайды (ЖТС-тан босатылады)
    • Жалақыдан 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде тұрақты салықтық шегерім енгізу жоспарланып отыр. Бұл шегерім республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін АЕК-ке негізделеді.
  • Энергетикалық сусындар қымбаттайды

    Энергетикалық сусындар қымбаттайды

    Қазақстанда алкогольсіз энергетикалық сусындарға акциз салу жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

    Жаңа Салық кодексінің жобасына осындай норма енген.

    «Зиянды сусындарды тұтынуды азайту мақсатында алкогольсіз энергетикалық сусындарға акциз енгізу ұсынылады», – деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

    Айта кетері, қазір елімізде 21 жасқа толмаған қазақстандықтарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынған.

     

  • Енді жеке кәсіпкерлікті тіркеу рәсімі қиындайды

    Енді жеке кәсіпкерлікті тіркеу рәсімі қиындайды

    Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексінде ҚҚС-тің төменгі шегі бұрын ұсынылғандай 15 млн теңге емес, 40 млн теңге болатынын, осының салдарынан 160 мың кәсіпкер ҚҚС төлеуден құтылатынын айтты.

    Министрдің сөзінше, бұл шешім бизнес субъектілері бұдан әрі ұқсақтала алмайтындай жүйені қажет етеді.

    «Біз енді жеке кәсіпкерлік құрылымды құруды түрлі жолмен қатаңдатамыз. Бұған дейін салық тәртібін бұзған, жұмыс істемейтін қосымша жеке кәсіпкерлігі бар адамдарға жаңа жеке кәсіп құрылымын ашу қиын болады», – деді ол.