Рубрика: Спорт

  • Елдос Сметов Лондонға оқуға кетті

    Елдос Сметов Лондонға оқуға кетті

    Спортшы өзінің Instagram парақшасында әйелімен бірге ұшақ ішінде түскен суретімен бөлісті.  Жақындары мен достары оған ақ жол тіледі.

    Бұған дейін спортшы ағылшын тілін үйренгісі келетінін айтқан болатын. Тіл білмеуі оған халықаралық жарыстарда үлкен кедергі жасаған.

    Айта кетейік, Елдос тіл үйрену арқылы Халықаралық дзюдо федерациясына ағылшын тілінде сұхбат беруді жоспарлап жүр.

  • Шавкат пен Белал мамыр айында кездеседі

    Шавкат пен Белал мамыр айында кездеседі

    Бұл Белал Мұхаммедтің жартылай орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегі болмақ, ал Шавкаттың шаршы алаңдағы 20-шы кездесуі. Қазіргі уақытта UFC 315 турнирінің қай жерде өтетіні туралы ресми ақпарат жоқ. Әдетте, UFC оқиғаның өтетін орнын бірнеше ай бұрын хабарлайды.

    Жанкүйерлер, пікір алаңында Шавкатқа сақ болу керектігін, Белалды Хабибтің дайындап жатқанын айтып ойларын жазуда.

    Еске сала кетейік, Шавкат пен Белал 2024 жылы 7 желтоқсанда Лас-Вегаста жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ Мұхаммед аяғына микроб жұқтырғандықтан келісім тоқтаған болатын.

  • Төрехан Сабырхан Азияның ең үздік боксшысы атанды

    Төрехан Сабырхан Азияның ең үздік боксшысы атанды

    Әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанған Төрехан Сабырхан Азияның да үздік боксшысы деп танылды.

    Ол жақында ғана ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарған болатын.

    2024 жылдың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан жастар арасындағы үздік боксшы атағын жеңіп алды. Одан бөлек, Қазақстан 3 аталымда жеңімпаз деп танылды:

    • Үздік ұлттық федерация – Қазақстан бокс федерациясы
    • Ерлер арасындағы үздік боксшы – Сағындық Тоғамбай
    • U22 ерлер арасындағы үздік боксшы – Темірлан Мұқатаев

    Айта кетейік, Төрехан Сабырхан бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны.

  • Елдос Сметов жылдың үздігі атанды

    Елдос Сметов жылдың үздігі атанды

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жылдың үздік спортшылары мен жаттықтырушыларын, жалпы, спорттың дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

    Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Үздік-2024» деп аталатын бұл жобаның бас демеушісі – «Самұрық Қазына» ұлттық әл ауқат қоры.

    «Жыл қорытындысы бойынша Елдос Сметов пен Давид Дегтярев – «Жылдың үздік спортшысы»; Ғалымжан Жылгелдиев, Юрий Колесников – «Жылдың үздік жаттықтырушысы»; Ғизат Түсіпаев – «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы»; Ерлан Тасболатов – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері»; Илья Мизерных – «Жас және жасөспірімдер құрамындағы спортшы»; Сергей Сергеев – «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы»; Надежда Ким – «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман»; Ақмарал Науатбек – «Спортта үздік серпін» номинацияларында жеңімпаз атанды», — деп хабарлайды министрлік.

  • Черчесов орнынан кетпейді – ҚФФ мәлімдеме жасады

    Черчесов орнынан кетпейді – ҚФФ мәлімдеме жасады

    Федерация мәліметінше, Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.

    «Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді. Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады», – делінген федерация хабарламасында.

    Айта кетейік, осыған дейін Станислав Черчесовтің жұмысынан кетуі мүмкін екендігі айтылған еді.

  • Теміртас Жүсіпов бокстан сегіз дүркін Қазақстан чемпионы атанды

    Теміртас Жүсіпов бокстан сегіз дүркін Қазақстан чемпионы атанды

    Ақмола облысының өкілі ел біріншілігі финалында Нұрзат Оңғаровты (Жамбыл облысы) жеңді. Осылайша дүркін ел чемпионы болды.

    Теміртас Жүсіпов 1988 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін әлем (2021), екі дүркін Азия чемпионы (2013, 2019) атағын жеңіп алған.

    Ел біріншілігі Қарағанды қаласында өтіп жатыр. Бүгін финалдық жекпе-жектер белгіленген.

    Айта кетсек, ел біріншілігінде Назым Қызайбай (48 келі) бүгін финалда қызылордалық Ақбота Болатпен қолғап түйістіруі керек еді.

    Алайда қызылордалық спортышының алған жарақатына байланысты жекпе-жек өтпейтін болды. Сондықтан Назым Қызайбай 2024 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.

    Айта кетсек, ел біріншілігінің финалында 92 келіден жоғары салмақта ағайынды Нұрлан Сапарбай мен Даниял Сапарбай кездесу керек еді. Дегенмен жекпе-жек өткізілген жоқ. Қарсыласының жекпе-жекке шықпауына байланысты Нұрлан Сапарбай 2024 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.

  • Қазақстандық жасөспірім Еуропада жылдың үздік теннисшісі атанды

    Қазақстандық жасөспірім Еуропада жылдың үздік теннисшісі атанды

    Қазақстандық, 14 жастағы Аңсар Ниетқалиев Еуропа теннис қауымдастығы (Tennis Europe Tour) тарапынан «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» атанды.

    Биыл жоғары нәтижелерге қол жеткізген А.Ниетқалиев TE рейтингісінде жылды 41-орынмен аяқтады.

    Осы маусымда қазақстандық теннисші жекелей сында Soul Cup ((Istanbul, Türkiye, екінші санат), Ankara Cup (Ankara, Türkiye) және Ergan Cup (Erzincan, Türkiye, екеуі де үшінші санат) турнирлерінде жеңімпаз атанды. Оған қоса жұптық сында екі рет Soul Cup (Istanbul) жарысында титулды жеңіп алды. Сондай-ақ жекелей сында тағы екі ТЕ додасында финалға дейін жетті. 

    Астана теннис мектебінің түлегі Аңсар Ниетқалиевтің жеке бапкері – Мұхамадамин Ерматов.

    Айта кетейік, бұдан бұрын осы аталым бойынша 2021 жылы Зара Дәркен, 2022 жылы Заңғар Нұрланұлы, 2023 жылы Ева Корышева мен Даниэль Тазабеков марапатталған болатын.

  • Жәнібек Әлімханұлы өзіне қарсылас ретінде әлем чемпионын таңдады

    Жәнібек Әлімханұлы өзіне қарсылас ретінде әлем чемпионын таңдады

    Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жекпе-жек өткізу туралы идеясын айтты, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

    «Лара туралы не ойлайсыздар? Ол менімен жұдырықтаса ма, әлде қашып кетеді ме?», – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі X парақшасында жанкүйерлеріне.

    Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін биыл 4 қазанда Австралияның Сидней қаласында өткізген болатын. Тоғызыншы раундта ол Жаңа Зеландиядан келген қарсыласы Андрей Михайловичті (21-1, 13 KO) нокаутпен жеңген еді.

  • Әйгілі боксшы Рой Джонс Астанаға келді

    Әйгілі боксшы Рой Джонс Астанаға келді

    Боксшымен бірге түскен суретті Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.

    20 желтоқсанда Астанада ресейлік Fight Nights промоушенінің қолдауымен кәсіби бокс кеші өтеді. Басты іс-шарада рингке қатарынан алты жеңіс сериясында келе жатқан 31 жастағы қазақстандық Дәулет Дәукенов (14-2, 6 KO) шығады. Ол 34 жастағы эквадорлық Марлон Агуаспен (15-2, 9 КО) рейтингтік жекпе-жекте өнер көрсетеді.

    Boxrec рейтингінде Дәулет екінші жеңіл салмақ дәрежесінде 324-ші орында, ал Марлон жартылай орта салмақта 164-ші орында. Эквадорлық боксшы – Оңтүстік Американың жартылай орта дивизионының экс-чемпионы.

     

  • «Астана» футбол клубы «Челсиден» жеңіліп қалды

    «Астана» футбол клубы «Челсиден» жеңіліп қалды

    УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында «Астана» футбол клубы Алматының Орталық стадионында лондондық «Челсиді» қабылдады. Ойын нәтижесінде қазақстандық клуб жеңіліп қалды.

    Қонақ команда үлкен артықшылыққа ие болып, ойынның алғашқы минуттарында-ақ есеп ашты. Марк Гиу 14 және 19 минутта дубль жасады, содан кейін Ренату Вейга есепті еслесе, оған «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов 45-минутта бір голмен жауап қайырды.

    Ойынның екінші жартысында ағылшындар тағы бірнеше шабуыл жасады, бірақ есеп өзгеріссіз қалды. «Астана» (Астана, Қазақстан) – «Челси» (Лондон, Англия) 1: 3

    Гиу 14 (0: 1),

    Гиу 19 (0: 2),

    Вейга 39 (0: 3),

    Томасов 45 (1:3)