Рубрика: Зерттеу

  • Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс: сотта марқұмның анасы жауап берді

    Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс: сотта марқұмның анасы жауап берді

    Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық істің қаралуы жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста марқұмның анасы  Салтанат Жұманова жауап берді, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform- ға сілтеме жасап.

    Анасының айтуынша, Айзат күйеуі Айбардың ашушаң әрі агрессивті мінезіне жиі шағымданған.
    «Одан көп адам қорқатын, қарсы келмейтін», — деді ол.

    Салтанат Жұманованың айтуынша, ерлі-зайыптылардың телефондары синхрондалған. Айзаттың телефоны ауладағы әжетханаға түсіп кеткеннен кейін ол біраз уақыт байланыс құралын пайдалана алмаған. Кейін басқа телефон алған.
    «Қызғанышқа себеп болған жоқ, ол жерде тіпті байланыс ұстамайды», — деді ол.

    Оның сөзінше, Айзат пен Айбар үйленбей тұрып бес жыл дос болып, кейін үш жыл отбасы ретінде бірге тұрған. Бірақ Айбардың Айзатқа қол көтеруі некеге дейін-ақ басталған.

    Сондай-ақ ол қызының түнгі сағат 3 шамасында көз жұмғанын, бірақ бұл туралы туыстарына тек 08:45-те хабарланғанын айтты.
    «Табалдырықта Айбардың анасы “Айзат ұшып кетті” деді», — деді ол.

    Марқұмның анасы Айзаттың сабырлы, тұйық мінезді болғанын, үлкенге құрмет көрсетіп, күйеуінің ата-анасына салем салып жүргенін атап өтті.

    Салтанат Жұманованың айтуынша, қызының денесі толықтай көгерген және жарақат іздерімен жабылған. Сондай-ақ ол Айзаттың ауруханаға жеткізілген сәттегі видеодағы сырт келбеті мен дене жағдайының сәйкес келмегенін айтты:
    «Шашы су, арасында шөп пен кір болды, ал киімі таза. Киімі денесінің жағдайына сәйкес болмады», — деді ол.

    Сот процесі жалғасады.

  • Айзат Жұманова ісі бойынша сот онлайн көрсетілмейд

    Айзат Жұманова ісі бойынша сот онлайн көрсетілмейд

    Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр. Бастапқы тыңдалымда судья процесс бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ашық өтетінін хабарлаған, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Алайда бүгінгі негізгі отырыста жәбірленуші тараптың адвокаты Аида Қуандыковaның сотты онлайн форматта көрсету туралы өтініші қанағаттандырылмады. Соттың айтуынша, процесс ашықтығы журналистердің залға еркін кіріп, материалдарға қол жеткізуі арқылы қамтамасыз етіледі, ал бейнетрансляция жүргізудің қажеттілігі жоқ.

    Іс материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал қайғылы оқиғадан екі апта бұрын күшейген. 21-нен 22 қазанға қараған түнi Ақсу ауданының Баласаз ауылында Айзат Жұманова алған соққы салдарынан көз жұмған.

    Сот ашық форматта өтіп жатыр, тыңдалымдар жалғасуда.

  • Алматыда жеке сот орындаушысы 370 млн теңгені заңсыз иемденгені үшін сотталды

    Алматыда жеке сот орындаушысы 370 млн теңгені заңсыз иемденгені үшін сотталды

    Алматыда жеке сот орындаушысы өндіріп берушілерге тиесілі ақшаны иемденіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп танылды. Бұл деректер қалалық прокуратура жүргізген тексеріс барысында анықталған, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Прокуратураның мәліметінше, сот орындаушысы қызметтік өкілеттігін пайдаланып, өндіріп берушілерге арналған 370 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген. Сондай-ақ ол Range Rover маркалы автокөлікті заңсыз иемденіп, 19 млн теңгеден астам залал келтірген.

    Алмалы аудандық соты айыпталушыны сегіз жылға бас бостандығынан айыруға, қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Сонымен бірге оның сот орындаушысы ретінде қызмет атқаруына тыйым салынды.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Ақпарат Алматы қаласы прокуратурасының ресми деректеріне сүйеніп әзірленді.

  • Оралда тыйым салынған заттарды алып өтпек болғандар ұсталды

    Оралда тыйым салынған заттарды алып өтпек болғандар ұсталды

    Оралда Ұлттық ұлан мен ҚАЖ қызметкерлері бір мекемеге тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті., деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Оқиға 3 желтоқсанда, шамамен 17:10-да болған. Өндірістік цехқа брус әкелген автокөлікті тексеру тобы тоқтатқан. Тексеру барысында «Детектив» атты қызметтік іздестіру иті брустардың бірін белгіледі. Осыдан кейін мамандар тереңдетілген тексеріс жүргізу туралы шешім қабылдаған.

    Радиотехникалық құрылғыны пайдалана отырып жүргізілген тексеріс кезінде брустың ішінен жасырылған заттар табылды. Тергеу-жедел тобы 17 мобильді телефон, 32 қорап темекі, алты USB-шнур, бейне және аудио жазу функциясы бар қалам, сегіз SIM-карта және екі пауэрбанк тәркіледі. Пауэрбанктердің ішінен алдын ала каннабис деп анықталған өсімдік тектес зат салынған жеті ZIP-пакет табылған.

    Ұлттық ұланның мәліметінше, операцияның сәтті өтуіне тексеру бөлімі бастығы ефрейтор Азамат Тілеу мен кинолог маманы ефрейтор Аманай Бақтығали кәсіпқой әрекеттерімен үлес қосты. Қазір тексеріс жүргізіліп, тыйым салынған заттарды жеткізуге қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.

    Тапқырлық танытқан әскери қызметшілер Ішкі істер министрінің орынбасары. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының құқығымен марапатталатын болады.

  • Жамбыл облысында жасөспірімдерді азаптаған іс бойынша үкім шығарылды

    Жамбыл облысында жасөспірімдерді азаптаған іс бойынша үкім шығарылды

    Жамбыл облысында кәмелетке толмаған өгей балаларына қатыгездік жасады деп айыпталған Узакбай Турбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды. Тергеу деректеріне сүйенсек, жасөспірімдер жүйелі түрде ұрып-соғуға және негізгі қажеттіліктерден шектелуге ұшыраған. Бұл фактілер медициналық құжаттармен және қоғамда резонанс тудырған бейнежазбалармен расталды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-сілтеме жасап.

    Турбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамай, оқиғаның қолдан жасалғанын және балалардың отбасыға оралғысы келетінін айтты. Алайда айыптау тарабының мәліметінше, жасөспірімдер оқу орнына барудың орнына үй шаруасына және мал бағуға жегілуі болған. Сотта олардың жасына сай дамымағаны, әлсіз, арық және қараусыз қалғаны атап өтілді.

    Сондай-ақ балаларды «қарауын қиындатпау үшін» тақырлап қырғаны айтылды. Тергеу мұның дәстүрге қатысы жоқ екенін, керісінше, «Білім туралы» және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заңдардың талаптарына қайшы келетінін түсіндірді.

    Қорғау тарабы отбасының «әдеттегідей өмір сүргенін» және ешқандай заң бұзылмағанын алға тартты. Олар Турбаевты әкелік рөлді атқарған адам ретінде сипаттап, туған әкесінің тек алиментпен шектелгенін айтты. Сонымен қатар оның діндарлығын оң сипат ретінде келтірді, бірақ айыптау бұл жайтты жоққа шығарып, оның діни тәжірибелері Қазақстанда қабылданған нормаларға сәйкес келмейтінін жеткізді.

    Мемлекеттік айыптаушы төрт жыл сегіз ай бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот материалдарды және тараптардың уәждерін қарастырып, Турбаевты кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Қорғау жағы үкіммен келіспей, апелляция беретінін мәлімдеді.

  • 110 млн теңгелік жымқыру: Авиажөндеу зауытының бұрынғы басшысы сотқа беріледі

    110 млн теңгелік жымқыру: Авиажөндеу зауытының бұрынғы басшысы сотқа беріледі

    Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Авиажөндеу зауыты №406 ГА» АҚ-ның бұрынғы басшысына қатысты қомақты қаржыны жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу деректеріне сәйкес, ол әуе кемелерін жөндеуге арналған тауарлық-материалдық қорларды заңсыз есептен шығару тетігін жүйелі түрде қолданған, деп хабарлайды Sona.kz afm_rk-ға сілтеме жасап.

    Күдікті қызметтік өкілеттігін пайдаланып, МИ-2 тікұшақтарына, АН-2 әуе кемелеріне және авиациялық қозғалтқыштарға арналған қосалқы бөлшектер мен агрегаттарды жалған сатып алу схемасын құрған. Бұл сатып алулар оның бақылауындағы компаниялар арқылы жүргізілгенімен, бөлшектер іс жүзінде зауытқа түспеген.

    Зауыттың ішкі құжаттарында бөлшектер қоймадан берілген және күрделі жөндеу кезінде авиациялық техникаға орнатылған деп көрсетілген. Алайда тексеріс барысында бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны, бөлшектердің еш жерде қолданылмағаны белгілі болды.

    Осыдан кейін бөлшектердің «жұмсалғанын» формалды түрде растайтын есептен шығару актілері бекітіліп отырған. Тергеу мұндай әрекеттердің белгілі бір жүйемен орындалып келгенін және мемлекетке айтарлықтай залал келтірілгенін анықтады.

    Шығын көлемі 110 млн теңгені құрады. Бұл сома бюджет қаражаты есебінен техниканы жөндеу үшін бөлінген қаражаттың мақсатсыз жұмсалғанын айғақтайды.

    Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі екі пәтер мен бір жер учаскесіне тыйым салынды. Бұл мүлік болашақта келтірілген залалды өтеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

    Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге мәліметтері жарияланбайды.

  • Маңғыстауда үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту ісі бойынша тергеу аяқталды

    Маңғыстауда үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту ісі бойынша тергеу аяқталды

    Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті «Өзен машина жасау зауыты» ЖШС басшылығына қатысты азаматтардың қаражатын үлестік құрылыс ретінде заңсыз тарту фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Sona.kz afm_rk-ға сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, компания басшылығы екі жыл бойы Жаңаөзен қаласында орналасқан «Astana Rich Village» тұрғын үй кешенінің құрылысын рұқсат құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз жүргізген.

    Ақша тарту мақсатында әртүрлі интернет-пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны туралы жарнама жарияланған.

    Нәтижесінде 23 азаматпен жалған алдын ала сатып алу-сату шарттары жасалған.
    Заңсыз тартылған қаражат көлемі 303 млн теңгеден асты.

    Түскен ақша күдіктілер тарапынан құрылыс материалдарын сатып алғандай етіп қолма-қол шығарылып, шын мәнінде жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.
    Тұрғын үй құрылысы аяқталмаған.

    Залалды өтеу мақсатында сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне  тұрғын үй, пәтер, екі автокөлік және үш жер учаскесіне тыйым салынды.
    Күдіктілердің бірі қамауға алынды, бірі кепілде.

    Басқа ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

  • Астанада қаржы саласының қызметкері есірткі таратып жүрген күдікті ретінде ұсталды

    Астанада қаржы саласының қызметкері есірткі таратып жүрген күдікті ретінде ұсталды

    Астанада жалға алған автокөлігімен есірткі тасымалдап, қала аумағында жасырын қойып жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Тексеру барысында күдіктінің негізгі қызметі қаржы саласына қатысты екені анықталды. Ол елордадағы кәсіпорындардың бірінде қаржыгер болып жұмыс істеген. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол қосымша табыс табу үшін демалыс күндері интернет-дүкенге есірткі жеткізуші ретінде қызмет атқарған.

    Полицияның хабарлауынша, автокөлікті тінту кезінде изолентаға оралған 14 түйіншек табылды. Сонымен қатар күдікті қаланың түрлі бөліктеріне тағы 10 түйіншек қойып кеткені белгілі болды.

    Сараптама алынған заттың альфа-PVP синтетикалық есірткісі екенін көрсетті. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты тергеу жалғасып жатыр. Полицейлер есірткі жасырып кету әрекеттері интернет арқылы «оңай табыс» ретінде ұсынылғанымен, мұндай әрекет ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

  • Зере Есентайдің өліміне қатысты іс: клиника директоры мүмкін өтемақы туралы айтылғанын мәлімдеді

    Зере Есентайдің өліміне қатысты іс: клиника директоры мүмкін өтемақы туралы айтылғанын мәлімдеді

    Астанада 3,5 жастағы Зере Есентайдың өліміне байланысты сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысында Dent Park Ortho стоматологиясының директоры Надежда Хон клиника басшылығы қайғылы оқиғадан кейін отбасыға екі рет барып, көңіл айтқанын, кейін байланыс болмағанын хабарлады. Оның айтуынша, барулар оқиға болған күні және жерлеуден кейін жүзеге асқан, деп хабарлайды Sona.kz TimesNews.kz-ке сілтеме жасап.

    Хонның сөзінше, күзде жәбірленушілердің адвокаты Руслан Айтжанов мүмкін болатын көмектің мөлшерін атаған. Ол 25 млн теңге көлемінде көмек туралы ұсыныс болғанын айтты. Директор клиника сот шешімін күтетінін, өтемақы мәселесі заң аясында қаралатынын жеткізді.

    Адвокат Руслан Айтжанов журналистерге берген түсініктемесінде бұл фактіні растады. Ол көрсеткендей, өтемақыны талқылау примирениеге қол жеткізуге бағытталған қадамдардың бірі болған. Қазіргі уақытта мұндай нұсқа қарастырылмайды: жәбірленуші тарап барлық мән-жайды зерттегеннен кейін примирение идеясынан толық бас тартқан.

    Айтжановтың айтуынша, моральдық шығын қылмыстық іс аясында талап етілмейді. Ол бұл талаптың жеке азаматтық тәртіпте қойылатынын мәлімдеді.

    Іс ҚК-нің 317-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде. Кәсіби міндеттерді тиісінше орындамау, абайсызда науқастың өліміне әкеп соқтыру. Анестезиологқа төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

  • Астанада ерекше балалардың ата-аналарын қорлаған блогер қыз полициямен ұсталды

    Астанада ерекше балалардың ата-аналарын қорлаған блогер қыз полициямен ұсталды

    Роликте ол ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын қорлап, олардың дүниеге келуін «күнә», «рухани заңдар» және «табиғаттың жазасы» деп атаған. Видео қоғамда үлкен наразылық тудырды, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan- ға сілтеме жасап.

    Астана Полиция департаментінің мәліметінше, интернетте таралған видеожазбаға байланысты әкімшілік іс қозғалды. Ролик авторы ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

    «Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша іс материалдары жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі»,-деп хабарлады ведомство.

    Әлеуметтік желіге жүктелген видео қолданушылар арасында жедел тарап, халықтың қатты ашуын тудырды. Блогер қыз өз сөзінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың дүниеге келуін «блудпен», «рухани заңдармен» және «табиғаттың жазасымен» байланыстырған. Мұндай қорлайтын пікірлер қоғам мен құқық қорғаушылар тарапынан сынға алынды.

    Полиция өкілдері интернеттегі кемсіту мен қорлау әрекеттерінің заңмен реттелетінін және қоғамдық тәртіп нормаларын бұзатынын ескертті.