Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысындағы топ-10 кәсіпорын бюджетке 400 миллиард теңгеге жуық салық аударды

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын биыл тоғыз айда бюджетке 395,34 млрд теңге салық аударды

Жандос Жантаев
6 Қараша, 2026
Жаңалықтар
A A
Алматы облысындағы топ-10 кәсіпорын бюджетке 400 миллиард теңгеге жуық салық аударды
WhatsappTelegram

Олардың қатарында құрылыс материалдарын, сусындар мен азық-түлік өнімдерін өндіретін компаниялар бар. Бұл кәсіпорындарда жалпы саны 6 871 адам жұмыс істейді. Оның 90 пайызы облыс тұрғындары.

Бюджетке ең көп салық аударған кәсіпорын – Philip Morris Kazakhstan. Іле ауданында орналасқан компания биылғы тоғыз айда 163,04 млрд теңге салық төлеген. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 183,62 млрд теңге болған.

Салық төлемі бойынша екінші орында JTI Kazakhstan тұр. Өтеген батыр кентінде орналасқан зауыт биыл бюджетке 129,95 млрд теңге аударған. Былтырғы салық төлемі 167,55 млрд теңгені құрады.

Үздік үштікті сусындар өндіретін Coca-Cola Almaty Bottlers түйіндейді. Қарасай ауданындағы кәсіпорын биылғы тоғыз айда бюджетке 62,31 млрд теңге салық аударған. 2025 жылы бұл сома 60,05 млрд теңге болған.

Төртінші орында – түрлі сусын мен қаптама шығаратын «Galanz bottlers» акционерлік қоғамы. Іле ауданының Байсерке ауылында орналасқан кәсіпорын биылғы тоғыз айда бюджетке 20,12 млрд теңге салық төлеген. 2025 жылғы төлемі 10,5 млрд теңгені құрады. Компания 1998 жылдан бері алкогольсіз сусындар мен бөтелкедегі су өндіреді.

Салық төлемі бойынша бесінші орында – RG Brands Kazakhstan. Кәсіпорын қаңтар-қыркүйек аралығында бюджетке 7,48 млрд теңге салық аударған. Былтырғы көрсеткіш –  17,37 млрд теңге. Компания шырын, шай және басқа да азық-түлік өнімдерін өндіреді.

Алтыншы орында – Knauf Gypsum Kapchagai кәсіпорны түйіндейді. Алатау қаласында орналасқан зауыт гипсокартон, құрғақ құрылыс қоспалары мен әрлеу материалдарын өндіреді. Биылғы тоғыз айда кәсіпорын бюджетке 3,14 млрд теңге салық аударған. 2025 жылғы төлемі 3,87 млрд теңге болған.

Жетінші орында – «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы. Алатау қаласында орналасқан кәсіпорын тез дайындалатын кеспе, вермишель, макарон өнімдері, сорпа қоспалары мен тіскебасарлар өндіреді. Биылғы тоғыз айда компания бюджетке 3,1 млрд теңге салық төлеген. Былтырғы төлемі 3,5 млрд теңгені құрады.

Сегізінші орында – «FoodMaster» компаниясы. Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында орналасқан зауыт сүт өңдеп, сүт және қышқыл сүт өнімдерін, йогурт шығарады. Биылғы тоғыз айда кәсіпорын бюджетке 2,4 млрд теңге салық аударған. Былтырғы көрсеткіш – 2,6 млрд теңге.

Тоғызыншы орында – «Шин-Лайн» компаниясы. Іле ауданындағы кәсіпорын жылына 13 мың тоннадан астам балмұздақтың 140 түрін шығарады. Биылғы тоғыз айда бюджетке 1,9 млрд теңге салық төлеген. Өткен жылғы төлемі 2 млрд теңге болған.

Үздік ондықты «БЕНТ» фирмасы түйіндейді. Іле ауданында орналасқан кәсіпорын теміржол инфрақұрылымына қажетті темірбетон шпалдары мен рельс бекітпелерін өндіреді. Зауыт тоғыз айда бюджетке 1,9 млрд теңге салық аударған. 2025 жылғы төлемі 2 млрд теңгені құрады.

«Ірі кәсіпорындар өңір бюджетіне қомақты салық түсіріп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Сондықтан кәсіпорындардың өндірісті дамытуы және өнімдерін шетелге сатуы облыс экономикасы үшін маңызды. Мәселен, былтыр осы ТОП-10 кәсіпорын жалпы құны 1 148,504 млрд теңгенің өнімін өндіріп, бюджетке 453,06 млрд теңге салық төледі. Олардың өнімдері Қазақстан нарығымен қатар шетелге де жеткізіледі. Атап айтқанда, Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдерге экспортталады», – деді Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбол Рақымбаев.

Айта кетсек, Алматы облысы биыл мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден 1,5 трлн теңге түсіруді жоспарлап отыр. Бұл – өңір тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Былтыр облыс алғаш рет 1,1 трлн теңгеден астам түсім қамтамасыз еткен. Оның ішінде республикалық бюджетке – 490,5 млрд, жергілікті бюджетке 628,6 млрд теңге түсті.

Тегтер: 10 кәсіпорынАлматы облысыБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚазақстанСалық
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Алматыда емханада екпе салдырған 14 жастағы жасөспірімнің өлімі тергеліп жатыр

Алматыда емханада екпе салдырған 14 жастағы жасөспірімнің өлімі тергеліп жатыр

Жандос Жантаев
7 Қараша, 2026

Алматы полициясы 14 жастағы Максим Кубаревтің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғады. Анасының айтуынша, баланың жағдайы қалалық №...

Қарағанды облысында әйелін пышақтады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қарағанды облысында әйелін пышақтады деген күдікпен ер адам ұсталды

Жандос Жантаев
7 Қараша, 2026

Қарағанды облысының Абай қаласында пышақ жарақатын алған 28 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Оған шабуыл жасады деген күдікпен...

103-ке қоңырау шалсаңыз, неге емхана бригадасы келуі мүмкін?

103-ке қоңырау шалсаңыз, неге емхана бригадасы келуі мүмкін?

Жандос Жантаев
7 Қараша, 2026

Қазақстанда 2026 жылғы 13 қазаннан бастап жедел медициналық көмек көрсетудің жаңартылған қағидалары қолданылады. 103 нөміріне түскен кейбір...

Формула-1 сарапшысы «Сокол» автодромының әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге дайындығын бағалады

Формула-1 сарапшысы «Сокол» автодромының әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге дайындығын бағалады

Жандос Жантаев
5 Қараша, 2026

Формула-1 саласында 23 жылдан астам тәжірибесі бар испаниялық маман Чави Пужолар Алматы облысындағы «Сокол» спорттық-техникалық кешеніне келді....

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz