Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Спорт

Енді легионерлерге мемлекеттен қаражат бөлінбейді

Жандос Жантаев
29 Қаңтар, 2025
Спорт
A A
Енді легионерлерге мемлекеттен қаражат бөлінбейді
WhatsappTelegram

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Заң жобасы 2024 жылдың 13 қарашасында Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды.

«Заң жобасына депутаттар бірнеше маңызды нормаларды енгізді. Мәселен, министрлік бұрын бекітіп жіберген, атының өзін ағайын білмейтін спорт түрлерін қазына қаржысынан қағу үшін нақты шешім қабылданды. Заңға жоғары жетістіктер спорты деген түсінік енді, салаға бөлінген мемлекеттің қаржысы енді соларға бағытталады. Жоғары жетістіктер спортына: олимпиада, параолимпиада, сурдоолимпиада, азия, параАзия және ұлттық спорт түрлері кіреді. Бұрын уәкілетті министрлік 180-нен астам спорт түрін тіркеп қойып оның барлығына қаржы беріп келген болса енді олардың саны 3 есеге қысқарады. Жоғары жетістіктер спортының ішінде жоғары жетістік көрсеткендері үшін басым спорт түрлері деген түсінік енгізіліп, оның басымдықтары да айқын көрсетілді», – деді депутат Нартай Сәрсенғалиев.

Бұдан бөлек Қазақстанның ақшасын асауды білгенмен алаңда үлкен жетістік жасауды білмегенлегионерлерге мемлекеттің бюджеті есебінен де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуге тыйым салатын норма қабылданды, деп атап өтті ол.

«Спортқа бөлінген қаражат әр басшының ойына келген салаға бөлінбесін деп біз заңда бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағыттарды тізіп жаздық.

Олар: 1. Жоғары жетістіктер спорты мен басым спорт түрлеріне;

2. Мемлекеттік ұйымдардың жұмыс істеуіне;

3. Бұқаралық спортқа;

4. Спорттық инфрақұрылымды дамытуға», – деді мәжілісмен.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларЛегионерНартай Сәрсенғалиевспорт
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жандос Жантаев
30 Қыркүйек, 2026

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Сметов жапониялық Хаято Кондомен кездесті. Шешуші белдесуде Жапония өкілі жеңіске жетіп,...

Қазақстанда өтетін болашақ FIA жарыстары Боракайдағы конгресте талқыланды

Қазақстанда өтетін болашақ FIA жарыстары Боракайдағы конгресте талқыланды

Жандос Жантаев
30 Қыркүйек, 2026

Боракайда СТК «Сокол» басшылығының атынан Дастан Ибрагимов FIA президенті Мохаммед Бен Сулайеммен кездесті. Тараптар Қазақстанда FIA аясында...

«Все виновные будут осуждены». Министр обороны попросил прощения у семей погибших военных

Тоқаев әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездесті

Жандос Жантаев
28 Қыркүйек, 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездесті. Мемлекет басшысы спортшыны US Open турниріндегі жеңісімен және...

Ясмина Тоқсанбаева кроссовкасына байланысты Азиада алтынынан айырылды

Ясмина Тоқсанбаева кроссовкасына байланысты Азиада алтынынан айырылды

Жандос Жантаев
28 Қыркүйек, 2026

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева 2026 жылғы Азия ойындарындағы марафондық спорттық жүрісте бірінші келгеннен кейін жарыстан шеттетілді....

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz