Костанайда 7 жасар қыз пневмониядан қайтыс болды. Бір ай бойы жөтелге антибиотик тағайындалып, нақты диагноз қойылмаған. Қыздың жағдайы нашарлап, инфекциялық ауруханаға жатқызылғаннан кейін ғана пневмония диагнозы анықталды, бірақ өмірін құтқару мүмкін болмады. Ата-анасы дәрігерлердің уақытылы тексеріс жүргізбегенін айтып, жауапкершілікке тартуды талап етуде. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп, сараптама тағайындалды.
Атырауда салынып жатқан үйден өрт шықты: зардап шеккендер жоқ
Атырау қаласында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттарынан өрт шықты. 112 пультіне хабар таңертең түскен....