Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Оқиғалар

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

Анасы ұлының өліміне байланысты үш аурухананы сотқа беріп, моральдық өтемақы өндіріп алды

Жандос Жантаев
6 Қараша, 2025
Оқиғалар
A A
Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

фото: popsci.com

WhatsappTelegram

Қарағандыда 16 жастағы жасөспірімге дер кезінде тиісті медициналық көмек көрсетілмей, қайтыс болды. Анасы ұлының өліміне себеп болған үш медициналық мекемені сотқа беріп, 5 миллион теңге өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың дерегінше, 2023 жылдың наурыз айында бозбала он күн бойы сақталған жоғары температура мен әлсіздікке байланысты балалар ауруханасына түскен. Алайда дәрігерлер науқастың ауыр жағдайына қарамастан, оны тек күндізгі стационарға орналастырумен шектелген.

Қан талдауы жасалмастан антибиотик тағайындалған, ал медициналық жазбаларды толтыруда да көптеген заңбұзушылықтар анықталды. Кейін оның жағдайы күрт нашарлап, қатерлі ісікке күдік туындаған соң басқа ауруханаға жатқызылды.

Алайда Денсаулық сақтау басқармасы мен аурухана басшылығы науқасты республикалық орталыққа ауыстыру немесе қашықтан консультация алу мүмкіндігін дер кезінде ұйымдастырмаған.

Жалпы практика дәрігері де қан талдауы нәтижелерін дұрыс бағаламай, онкогематологиялық тексеруге жолдама бермеген. Ақырында бозбала алғашқы жүгінуден бір ай өткен соң жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Тексеру нәтижесінде медициналық көмек көрсету кезінде өрескел бұзушылықтар расталды. Бірінші сатыдағы сот анасының талабын толық қанағаттандырып, үш аурухананы 5 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

Апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларжасөспірімқайтыс болдыҚарағанды
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Пять автомобилей загорелись на парковке в Астане

Астанада автотұрақта бес көлік өртенді

Жандос Жантаев
6 Қазан, 2026

Астанада тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бірден бес жеңіл автокөлік өртенді. FBRK Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап...

Алматы тауларында жоғалған шетелдік азамат үшінші күн іздестіріліп жатыр

Алматы тауларында жоғалған шетелдік азамат үшінші күн іздестіріліп жатыр

Жандос Жантаев
2 Қазан, 2026

Алматы тауларында Талғар асуы маңында жоғалып кеткен 1953 жылы туған шетелдік азаматты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Операцияға...

Журналисты Bes.Media спасли двух молодых людей с внешней стороны 10-го этажа

Bes.Media журналистері 10-қабаттың сыртында тұрған екі жасты құтқарып қалды

Жандос Жантаев
29 Қыркүйек, 2026

Алматыда Bes.Media редакциясының қызметкерлері 10-қабат деңгейінде ғимараттың сыртында тұрған екі жасты құтқарып қалды. Полиция мәліметінше, оқиға таңертең...

Щучинскідегі жеке үйден шыққан өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты

Щучинскідегі жеке үйден шыққан өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты

Жандос Жантаев
29 Қыркүйек, 2026

Ақмола облысының Щучинск қаласында түнде жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты. Өңірлік ТЖД мәліметінше, өрт...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz