Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Оқиғалар

Қазақстанда такси бағасы күрт қымбаттады

Яндекс Go жұмысындағы ақаудан кейін жолаушылар inDrive қызметіне жаппай жүгіне бастаған

Жандос Жантаев
13 Қазан, 2026
Оқиғалар
A A
Қазақстанда такси бағасы күрт қымбаттады
WhatsappTelegram

Қазақстанда Яндекс Go сервисіндегі ақаудан кейін inDrive арқылы жасалатын кейбір такси сапарларының бағасы үш есеге жуық қымбаттаған. Осы жағдайға байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі компанияға ресми ескерту жолдады.

11 қазанда Яндекс Go қызметі уақытша қолжетімсіз болған кезде жолаушылар басқа такси сервистерін, соның ішінде inDrive платформасын жаппай пайдалана бастаған.

Сұраныстың күрт өсуі мен бос жүргізушілердің жетіспеуі кейбір бағыттардағы жолақының қымбаттауына әсер еткен.

БАҚ мәліметінше, жекелеген жағдайларда такси бағасы үш есеге жуық өскен.

inDrive компаниясы бағаны тұрақтандыру үшін бірқатар шара қабылдағанын мәлімдеді.

Атап айтқанда, сервис комиссияны ең төменгі деңгейге түсіріп, жүргізушілер мен жолаушылардың бастапқы ұсынылған жолақыны өзгертуіне шектеу енгізген.

Бұл жағдайға Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі назар аударды.

Ведомство inDrive компаниясына ресми ескерту жолдап, бәсекелестікті қорғау заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.

Агенттік сұраныс артқан кезеңде жолақының негізсіз көтерілуі тұтынушылардың мүдделеріне кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен бірге бұл ескерту алдын алу сипатында берілген. Оның өзі компанияның монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны дәлелденді дегенді білдірмейді.

Бұған дейін Яндекс Go ауқымды техникалық ақауға тап болған еді. Компания сервистердің жұмысы біртіндеп қалпына келіп жатқанын хабарлағанымен, кейбір қызметтерде, соның ішінде төлем жүйесінде, мәселелер сақталған.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларҚазақстантакси
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Ақтөбеде 35 жастағы әйел танысымен жанжалдан кейін пышақ жарақатынан қаза тапты

Ақтөбеде 35 жастағы әйел танысымен жанжалдан кейін пышақ жарақатынан қаза тапты

Жандос Жантаев
13 Қазан, 2026

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 10 қазан күні кешке Сәтбаев көшесінде болған. Алдын ала ақпарат...

Яндекс сервистеріндегі ақау деректер орталықтарының зақымдануымен байланысты

Яндекс сервистеріндегі ақау деректер орталықтарының зақымдануымен байланысты

Жандос Жантаев
12 Қазан, 2026

Қазақстанда «Яндекс» сервистерінің жұмысы алдағы екі-үш күнде толық қалпына келуі мүмкін. Бұл туралы жасанды интеллект және цифрлық...

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін қаза тапқандардың отбасыларына қаржы аударылды

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін қаза тапқандардың отбасыларына қаржы аударылды

Жандос Жантаев
9 Қазан, 2026

Каспийдегі оқу-жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына төлемдер аяқталды Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің...

Flydubai ұшағында апаттың алдын алған жолаушыларға мемлекеттік марапат берілді

Flydubai ұшағында апаттың алдын алған жолаушыларға мемлекеттік марапат берілді

Жандос Жантаев
9 Қазан, 2026

Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai ұшағында шабуылға ұшыраған капитан Смит Маччхардың жағдайы тұрақты. Ол ауыр жараланғанына қарамастан,...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz