Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта аялдамалар цифрландырылуда

Жандос Жантаев
16 Қазан, 2025
Жаңалықтар
A A
Қонаевта аялдамалар цифрландырылуда
WhatsappTelegram

Биыл Қонаев қаласында 16 жаңа аялдама қойылды. Қазір олар цифрландырылып жатыр.

Әкім жаңа технологиялардың енгізілу жұмысымен танысты. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиевтің сөзінше, әр аялдамада 4 бейнебақылау камералары орнатылған. Олар 30-50 метрге дейін адамның бет-әлпетін, кез келген іс-қимылды жақындатып көрсете алады.

«Вандализммен күрес үшін камераларды орнатып жатырмыз. Жақын арада оларды Жедел басқару орталығына қосамыз. Сонда мемлекет мүлкін бүлдіргендерді тез арада тауып алуға мүмкіндік туады», — деді ол.

Сонымен қатар нысанның ішінде телефонды қуаттағыштар мен автобустардың бағыттарын, қозғалысын көрсететін бағдарламасы бар монитор қойылған. Тегін Wi-Fi орнату мақсатында ірі компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

«Аялдамалар автобустар жүретін уақытта ғана ашық болады. Бұл — тазалықты, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жасалатын амал», — деді бөлім басшысы.

Алдағы уақытта шаһардағы барлық аялдамаларды бірыңғай келбетке келтіру жоспарлануда.

Шаһар басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды тездетуді тапсырды.

Ал тұрғындар аялдамаларға жарнама ілу, сындыру, тәртіп бұзу фактілері бойынша 109 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

Айта кетейік, былтыр Қонаевта 34 жаңа аялдама қойылған болатын.

Тегтер: аялдамаБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚонаевЦифрландыру
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Егіс жұмыстарына бөлінген 300 млн теңге: ҚМА «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр

Егіс жұмыстарына бөлінген 300 млн теңге: ҚМА «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр

Жандос Жантаев
21 Қыркүйек, 2026

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Кең Дала 2» бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау...

Асхат Бердіханов қала күні қарсаңында Д.А. Қонаев музейіне барды

Асхат Бердіханов қала күні қарсаңында Д.А. Қонаев музейіне барды

Жандос Жантаев
21 Қыркүйек, 2026

Алматы төріндегі бұл музейдің тарихы 2002 жылдан басталады. Ол Дінмұхамед Қонаевтың 90 жылдығына орай ашылған. 2022 жылы...

АҚШ сарапшылары Қазақстан авиациясын тікелей рейстер ашылар алдында тексереді

АҚШ сарапшылары Қазақстан авиациясын тікелей рейстер ашылар алдында тексереді

Жандос Жантаев
21 Қыркүйек, 2026

21-25 қыркүйек аралығында Қазақстанда АҚШ Федералдық авиация басқармасының - FAA сарапшылары тексеру жүргізеді. Бұл Қазақстан мен АҚШ...

Теміржол маңында жалғыз жүрген 4 жасар баланы машинист құтқарып қалды

Теміржол маңында жалғыз жүрген 4 жасар баланы машинист құтқарып қалды

Жандос Жантаев
21 Қыркүйек, 2026

Жетісу облысында жүк пойызының машинисі теміржол маңындағы далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, құрамды тоқтатты, деп...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz