Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов Талғар ауданындағы жағдайға байланысты әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарап жатқанын айтып, 4 қазанға қараған түні болған оқиғаның толық видеосын жариялау туралы шешім қабылданғанын жеткізді.
Тергеу заңға сәйкес жүргізіледі. Оқиға орнында түсірілген видеоны жариялаймыз, — деді Аленов.
«Қамажай» дүкені ішінде екі камера, сыртында бір камера қойылған.
Дүкенде болған қыздар туралы әңгіме болып жатыр. Олар бір жігітті төбелеске жібермей ұстап отыр. Қыздар ажыратуға тырысқан, — дейді мамандар.
Осылайша полиция дүкенде түсірілген толық видео қылмыстық іс материалдарына қосылғанын, ешқандай монтаж жасалмағанын айтты. Сондай-ақ видеода сыра мен темекі сатып алынған сәт, оның ақысын төлегені де көрсетілген. Полиция жанжал сыраның ақысын төлемегеннен туындаған деген болжамды жоққа шығарды.
Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды
Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sona.kz BES.media басылымына сілтеме жасап. Бұған...




