Вашингтон мен Мадрид арасындағы қарым-қатынас тарихи төменгі деңгейге түсті. АҚШ Президенті Дональд Трамп Испаниямен барлық сауда қатынастарын тоқтататынын ресми түрде жариялады. Бұған Испания билігінің Иранға соққы беру үшін Рота және Морон әскери базаларын пайдалануға тыйым салуы және АҚШ Әскери-әуе күштерінің танкерлерін елден шығарып жіберуі себеп болды.
Ақ үйде Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесу барысында Трамп Испанияны «сұмдық одақтас» деп атап, Қаржы министрі Скотт Бессентке бұл елмен «барлық істі тоқтатуды» тапсырды. Сондай-ақ, Америка лидері Испанияның әскери бюджетінің өзі талап еткен ЖІӨ-нің 5%-нан төмен екеніне наразылық білдірді.
Мадрид өз кезегінде қатаң ұстаным танытты. Премьер-министр Педро Санчес АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерін БҰҰ Жарғысын бұзатын «негізсіз әрі қауіпті интервенция» деп атады. Сауда саласындағы қоқан-лоқыға жауап ретінде Испания үкіметі жеткізу тізбегін әртараптандыруға және экономиканың зардап шеккен секторларын қорғауға ресурстары жеткілікті екенін мәлімдеді.
Еуропалық сарапшылар АҚШ-тың ЕО-ның бір еліне қарсы сауда санкцияларын енгізу әрекеті Франция мен Германияны қоса алғанда, бүкіл одақпен қақтығысқа әкелетінін айтуда. Мадрид саудадағы кез келген өзгеріс біржақты тәртіппен емес, халықаралық құқық пен ЕО және АҚШ арасындағы келісімдерге сәйкес болуы керек екенін атап өтті.
Метка: АҚШ
-

АҚШ пен Испания арасындағы сауда соғысы: Трамп Иран үшін экономикалық байланысты үзді
-

АҚШ Украинаға Қазақстандағы инвестицияларға әсер ететін әрекеттерден сақтандырды
АҚШ Новороссийск маңындағы инфрақұрылымға жасалған шабуылдардан кейін Украинаға америкалық экономикалық мүдделерді ескеру қажеттігін ескертті. Бұл туралы АҚШ-тағы Украина елшісі Ольга Стефанишина CNN арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, мемлекеттік департамент дипломатиялық демарш жолдап, АҚШ инвестицияларына зиян келтіретін әрекеттерден бас тартуды сұраған. Ескерту Каспий құбыр консорциумы жобасына да қатысты. Консорциум Қазақстан мұнайын Қара теңіз арқылы экспортқа тасымалдайды.
Стефанишина АҚШ Украинаға Ресейдің әскери нысандарына соққы беруді тоқтату талабын қоймағанын атап өтті. Алайда Вашингтон шабуылдардың салдары америкалық экономикалық мүдделерге әсер еткенін білдірді. Бұл ретте Chevron компаниясы да консорциум акционерлерінің бірі болып табылады.
CNN мәліметінше, 2025 жылдың соңында жасалған дрон соққылары Новороссийск портындағы объектілерге зиян келтіріп, мұнай экспорты көлемін азайтты. Бұл Қазақстан мұнайын тасымалдайтын құбыр жүйесінің жұмысына әсер еткен.
Украина елшісі АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың ауқымын мысалға келтіріп, Вашингтонның бұл бағыттағы мүдделері жоғары деңгейде екенін атап өтті. Оның пікірінше, Украина мұндай инвестициялық деңгейге әлі қол жеткізе алмаған.
Дипломат АҚШ-тың қолдауына алғыс білдіре отырып, әскери көмекке қатысты кейбір шектеулерді сынға алды. Оның айтуынша, ауыр қару-жарақ жеткізудегі кідірістер Ресейдің әскери әлеуетін күшейтуге мүмкіндік берген.
АҚШ пен Украина арасындағы келіссөздер жалғасуда. Вашингтон ресми түрде Госдепартамент мәлімдемесіне қатысты қосымша түсініктеме берген жоқ.
-

АҚШ Қазақстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатуы мүмкін
АҚШ Мемлекеттік департаменті тексеру рәсімдерін қайта қарау кезеңінде 75 елдің азаматтарына, оның ішінде Қазақстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатады. Бұл туралы Sona.kz Fox News телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Телеарна мәліметінше, шешім 21 қаңтардан бастап күшіне еніп, белгісіз мерзімге дейін қолданылады. Тізімге Қазақстаннан бөлек Ресей, Ауғанстан, Сомали, Иран, Ирак, Мысыр, Нигерия, Таиланд, Йемен, Бразилия және өзге де елдер енгізілген.
АҚШ билігі бұл шараны мемлекетке тәуелді болуы мүмкін тұлғалардың елге кіруін шектеу мақсатында қабылдағаны айтылған. Үміткерлерді бағалау кезінде денсаулық жағдайы, жасы, ағылшын тілін білу деңгейі, қаржылық ахуалы және ұзақ мерзімді медициналық күтімге мұқтаждық қаупі ескерілуі мүмкін.
Материалда Қазақстандағы АҚШ консулдығы 2021 жылы кадр тапшылығына байланысты виза беруді уақытша тоқтатқаны да еске салынған.
Бұған дейін АҚШ билігі иммиграциялық Diversity Visa бағдарламасын (грин-карта лотереясы) уақытша тоқтататынын хабарлаған. Бұл шешім Браун университетіндегі атыс оқиғасынан кейін қабылданған, күдікті аталған бағдарлама арқылы елге келген иммигрант болған.
-

Денсаулық сақтау министрлігіне жемқорлық айыбы тағылды: белсенді АҚШ елшілігіне хат жолдады
Қоғам белсендісі Дидар Смагулов Қазақстанда коклюшқа қарсы вакциналарды сатып алу кезінде Sanofi компаниясының мүмкін жемқорлық әрекеттері туралы ресми ақпарат алу үшін АҚШ елшілігіне сұрау жолдады, деп хабарлайдыSona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Смагулов Facebook-та бірнеше жазба жариялап, Денсаулық сақтау министрлігі вакциналарды заңсыз сатып алып, Sanofi компаниясының мүддесін лоббилегенін мәлімдеген. Ол 2018 жылғы АҚШ бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының баспасөз релизіне сілтеме жасап, онда Sanofi компаниясы мемлекеттік сатып алу жеңу үшін Қазақстандағы лауазымды тұлғаларға пара бергені айтылған.
Министр Акмарал Әлназарова вакцинаның таңдалу себебін түсіндіріп, Смагуловқа досудебтік талап хат жолдап, жалған ақпаратты жоққа шығаруды сұрады.
Смагулов талап хат әлі алынбағанын, бірақ АҚШ бағалы қағаздар және биржалар комиссиясына елшілік арқылы сұрау жібергенін айтты. Ол аталған құжаттарда Қазақстанда пара алған тұлғаларды анықтап, кейін құқық қорғау органдарына жеткізуді жоспарлап отыр.
Белсенді қазіргі вакцинаға қатысты кемшіліктерді атап өтті: дозасы көп, иммунитет қысқа мерзімде қалыптасады және инфекцияның таралуына әсер етпейді.
Оның айтуынша, мәселе екі жыл бұрын басталған: “СК-Фармация” арқылы вакциналардың бағасы 8 мыңнан 13–14 мың теңгеге дейін өскен. Антикор қызметі тексеріс жүргізіп, “СК-Фармация” басшысын алмастырғанымен, сатып алу тоқтаған жоқ. 2025 жылғы тамызда Смагулов баласына бесклеткалы Sanofi вакцинасы салынғанын атап өтті, ал ол бұрынғы дозаларды алған болатын.
Қазіргі уақытта “СК-Фармация” тергелуде: бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 2025 жылғы көктемде Денсаулық сақтау министрлігі қызылша мен коклюш бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қолайсыз екенін хабарлады: қызылша бойынша жағдайлардың 75%-ы, коклюш бойынша 87%-ы жоспарлы вакцина алмаған балаларда тіркелген.
-

АҚШ-та екі қазақстандық 35 келі кокаинмен ұсталды
АҚШ-та Техас штатында қазақстандық болуы мүмкін екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
27 қыркүйек күні Чемберс округінің шериф кеңсесі I-10 тасжолында автовозды тоқтатып, тексеру барысында ит 35 келі кокаин тапқан. Көлік жүргізушісі Нұрсұлтан Мұқтарали (Нью-Йорк) мен жолаушы Мұхит Дәнібеков (Пенсильвания) аса ірі көлемде есірткі сақтады деген айыппен тұтқындалды.
Мұхиттың ағасы Жомарт Дәнібеков олардың кінәсіз екенін айтып, қолдау сұрады.
«Ағамның үш қызы бар, жұбайы ауыр науқас. Біз адвокат пен кепілге 200 мың доллар жинап жатырмыз», — деді ол.Бұл жағдайға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ билігімен байланыс орнатты.
-

АҚШ Қытайға қарсы 100% кедендік баж енгізбек: әлемдік экономикаға әсері қандай болмақ
10 қазан күні АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін импортқа 100 пайыздық баж салығын енгізу жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Трамптың айтуынша, бұл шешім АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастарындағы «әділеттілікті қалпына келтіруге» бағытталған. Алайда сарапшылар мұндай қадам жаңа сауда соғысын туғызуы және әлемдік нарықтарға қысым жасауы мүмкін екенін ескертеді.
Мамандардың пікірінше, баж салығының өсуі Қытай тауарларының бағасын қымбаттатып, АҚШ-та инфляцияның үдеуіне және жеткізу тізбектерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Ең көп зардап шегетін салалар — технология және автокөлік өндірісі.
Сондай-ақ Қытай да жауап ретінде сирек кездесетін металдар мен электроника экспортына шектеу қоюы мүмкін, бұл өз кезегінде әлемдік өндіріс пен электроника бағасына әсер етеді.
Сарапшылардың пайымдауынша, жаңа баж толқыны әлемдік сауда жүйесі үшін үлкен сынаққа айналмақ, себебі нарықтар пандемия мен геосаяси шиеленістерден кейін әлі толық қалпына келген жоқ.
-

АҚШ-та АИТВ-ге қарсы екпе мақұлданды: тиімділігі – 100%-ға жуық
АҚШ-та АИТВ-нің алдын алуға арналған жаңа препарат – “Ленакапавир” мақұлданды. Препарат FDA тарапынан Yeztugo атауымен тіркеліп, клиникалық зерттеулерде жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Профессор Алмаз Шарманның айтуынша, жылына екі рет егілетін бұл екпе бірде-бір әйелде АИТВ жұғу дерегін тіркемеген. Препарат шілде айында ДДСҰ-ның жаһандық профилактикалық жоспарына енді.
“Бұл – өте маңызды қадам. Ұзақ әсер етеді, қолдануға ыңғайлы, стигманы жеңуге көмектеседі”, – дейді Шарман.
Екпе 120 елде қолжетімді болуы мүмкін. Ондағы бағасы жылына небәрі $25–46 болады. Алайда дамыған елдерде бұл дәрі жылына $44 000 тұруы ықтимал.
❗Айта кетейік, “Ленакапавир” – толыққанды вакцина емес, бұл – кешенді стратегияның бір бөлігі. Вируспен күресте жаппай тестілеу мен әлеуметтік қолдау маңызды болып қала береді.
-

«Қазақ циркіне сатылады»: АҚШ-тағы жазу қазақстандықтарды ашуландырды
АҚШ-тың Флорида штатындағы бір мейрамханада ерекше ескерту ілінген: «Children left unattended will be sold to the circus in China or Kazakhstan», яғни «Қараусыз қалған балалар Қытай немесе Қазақстандағы циркке сатылады», — деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Редакцияға фото жіберген оқырман бұл жазбаны орынсыз әрі қорлаушы деп бағалады:
«Неге дәл Қазақстан? Бұл жай әзіл болса да, нақты елдерді атаудың қажеті қанша?»
Бұл «әзіл» әлеуметтік желіде де үлкен наразылық тудырды.
-

АҚШ қазақстандық тауарларға 25% тариф енгізеді – Трамп хаты
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми хат жолдап, 2025 жылдың 1 тамызынан бастап АҚШ-қа жеткізілетін барлық қазақстандық тауарларға 25 пайыздық тариф енгізілетінін хабарлады. Бұл туралы бірқатар америкалық БАҚ-та жарияланған хат көшірмесіне сілтеме жасай отырып белгілі болды.
Құжатта АҚШ «Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыратыны» айтылғанымен, сауда теңгерімсіздігі мәселесі сақталып отырғаны атап өтілген. Трамптың айтуынша, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін «неғұрлым әділетті және теңгерімді сауда» қажет.
«Біз Қазақстандағы тарифтер, тарифтік емес шаралар және сауда кедергілерінен туындаған тұрақты әрі ұзақмерзімді сауда тапшылығынан арылуға тиіспіз деген қорытындыға келдік. Өкінішке қарай, біздің қарым-қатынасымыз өзара тең деңгейде болған жоқ», – делінген хатта.
Хатта көрсетілгендей, жаңа тарифтер Қазақстаннан келетін барлық тауарларға, соның ішінде үшінші елдер арқылы жеткізілетін өнімдерге де қолданылмақ. Дегенмен, Трамп Қазақстан бұл шарадан құтыла алатынын атап өтті — ол үшін қазақстандық компаниялар АҚШ аумағында өндіріс ашуы керек. Бұл жағдайда Ақ үй «жедел әрі формалды мақұлдау» беруге дайын екенін жеткізді.
«Егер сіздер өз тарифтеріңізді көтеретін болсаңыздар, сол көрсеткіш біз енгізетін 25 пайыздық тарифке үстеме ретінде қосылады», – деп ескертті АҚШ президенті.
Хатта АҚШ Қазақстанмен сауда тапшылығын ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп ретінде қабылдайтыны және екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына қарай сауда саясатын қайта қарайтыны айтылған.
Ресми Астананың бұл мәселеге қатысты жауабы әзірге жарияланған жоқ. Қолда бар ашық ақпараттарда жаңа тарифтер қандай тауар түрлеріне қолданылатыны нақты көрсетілмеген.
-

Дональд Трамп Қытай тауарларына баж салығын 125%-ға дейін арттырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға импорттық баж салығын 104%-дан 125%-ға дейін көтеретінін айтты.
Бұл ретте Трамп басқа елдерге қатысты кедендік баж салығына үш ай үзіліс жасады. Осы уақыт аралығында АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10%-дық тариф қолданылады.
«Қытайдың әлемдік нарықтарға құрметсіздік көрсетуіне байланысты Қытайдан алынатын тарифтерді 125%-ға дейін көтеремін. Бұл шара дереу арада күшіне енеді. Бәлкім, алдағы уақытта Қытай АҚШ-ты және басқа елдерді алдауға болмайтынын түсіне жатар», – деп жазды АҚШ президенті Truth Social желісінде.
Оның сөзінше, әлемнің 75-тен астам елі Вашингтоннан тарифтер бойынша келіссөздер жүргізуді сұраған. Енді бұл мемлекеттерге қатысты қосымша баж салығын енгізу мерзімі шегерілмек. Тиісті мерзім 90 күнге созылады.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт 10%-дық тариф Қытайдан басқа барлық елге қолданылатынын баса айтты.
АҚШ Сауда министрі Говард Лютниктің сөзінше, төрткүл дүние президент Трамппен бірге әлемдік саудадағы жағдайды түзеуге дайын.
«Ал Қытай басқа жол таңдады», – деп мәлімдеді Лютник.