Метка: АҚШ

  • АҚШ-та 51 млн адам мерзімінен бұрын дауыс берді

    АҚШ-та 51 млн адам мерзімінен бұрын дауыс берді

    АҚШ-тағы алда болатын президент сайлауына қазірдің өзінде 51 млн-нан астам сайлаушы дауыс беріп үлгерді. Сайлау күніне бір апта уақыт қалды, деп хабарлайды The Hill.

    Флорида университетінің мерзімінен бұрын дауыс беру жүйесі ақпаратына сәйкес, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша пошта арқылы дауыс беру үшін 24 млн-нан астам бюллетень қайтарылды және 27 млн-ға жуық адам жеке келіп мерзімінен бұрын дауыс берді.

    Жарияланған мәліметтерге сәйкес, бұл сайлаушылардың 39,5 пайызы тіркелген демократтар, ал 36,1 пайызы – республикашылдар. Бұл ретте барлық сайлаушылардың 41 пайызы – 65 жастан асқандар.

    Басылым атап өткендей, Трамп пен республикашылдар бұған дейін мерзімінен бұрын дауыс беруге күмәнмен қарады.

    2020 жылғы сайлауда барлығы 100 мыңға жуық сайлаушы жеке өзі немесе пошта арқылы мерзімінен бұрын дауыс берді.

  • Республика күніне орай Қазақстанның туы Нью-Йорк төрінде көкке көтерілді

    Республика күніне орай Қазақстанның туы Нью-Йорк төрінде көкке көтерілді

    Ту көтеру рәсіміне Нью-Йорк мэриясы, қаладағы қазақ диаспорасы, бірқатар шет мемлекеттердің дипломаттары, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі мен Бас консулдығы қатысты. Алаңға АҚШ-тағы Димаштың жанкүйерлері де келген. Қала мэрі Эрик Адамс жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты атап өтті.

    «Ту халқымыз үшін әрқашан да бірлік пен ерліктің символы болып қала береді. Біз АҚШ-тағы әріптестерімізбен бірге осындай шара өткізіп, ұйымдастырғанымызға қуаныштымыз», – деді ҚР Нью-Йорк қаласындағы бас консулы Рауан Тілеулин.

    Ал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тағы жанкүйері Тная Янг біздің елімізді қонақжай халық ретінде таниды.

    «Мен Димаштың концерті үшін Қазақстанға барған едім. Үлкен мега-концерт болды. Барша жанкүйерлерге ұнады. Қазақстан сондай қонақжай ел. Барша қазақстандықтарды және Димашты мерекемен құттықтаймын!», – деді ол.

  • АҚШ Украинаға тағы 425 млн доллар көмек береді

    АҚШ Украинаға тағы 425 млн доллар көмек береді

    Азаттықтың жазуына қарағанда, «Америка дауысы» сайтының мәліметінше, Пентагон қорынан берілетін қосымша көмек пакетіне NASAMS зенит зымыран жүйесі оқ-дәрілері, әуе қорғанысына арналған RIM-7 ракеталары, Stinger зенит зымырандары, HIMARS зымыран жүйесіне керек оқ-дәрілер, кассеталық оқ-дәрілер, танкіні жоятын Javelin қаруы және тағы басқалар кіреді.

    Блинкен Украинаны АҚШ пен оның аясындағы халықаралық коалиция қолдайды деп бұған дейін бірнеше рет айтқан президент Джо Байденнің сөзіне сілтеді деп жазды «Америка дауысы» сайты.

    АҚШ 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап Украинаға құны 61 млрд доллардан асатын әскери көмек және Ресейдің Украинаға 2014 жылғы шабуылынан бергі кезеңде 64 млрд долларға жуық әскери көмек көрсеткен.

  • «Милтон» дауылы: қазақстандық студенттер эвакуациялануы мүмкін

    «Милтон» дауылы: қазақстандық студенттер эвакуациялануы мүмкін

    «Милтон» дауылына байланысты Флоридадағы қазақстандық студенттер эвакуациялануы мүмкін

    Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдерінің айтуынша, стипендиаттардың барлығы дүлей дауыл туралы хабардар. Жағдай ушығып кетсе, жедел әрекет ету үшін студенттермен тұрақты байланыс бар.

    Қазір штаттағы мемлекеттік ЖОО-да Қазақстаннан 31 стипендиат білім алуда. Ал BBC мәліметінше, АҚШ-тың Флорида штатына жақындап қалған дауылға байланысты аймақта 5 млн-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

  • АҚШ-тың Флорида штатында 100 жылда болмаған «Милтон» дауылы соқты

    АҚШ-тың Флорида штатында 100 жылда болмаған «Милтон» дауылы соқты

    АҚШ-тың Флорида штатына өңірде соңғы 100 жылда болмаған ең сұрапыл «Милтон» дауылы соққы берді.
    Күші 5-ші санатта болған дауыл штатқа жеткенде 2-категорияға дейін бәсеңдеген. Қазір желдің жылдамдығы сағатына шамамен 200 шақырымға жетті. Миллионнан астам тұрғын электр жарығынсыз қалған. Билік ұйымдастырған уақытша паналарға 70 мыңдай адам көшірілді. Аймақта күшТі желмен қоса нөсер жауын жауды. 19 мәрте құйын көтерілген. Бұған қоса, қалыңдығы 4 метрге дейін жететін толқын көтерілуі, әрі су тасқыны жүруі мүмкін екені ескертілді.

    «Милтон аса қауіпті. Жолда кездескеннің бәрін қиратып, өмірге қауіп төндіріп тұр. Ол күшеюі мүмкін. Дауыл соққы берген аймақ тұрғындарын жергілікті әкімшілік өкілдеріне құлақ асып, қауіпсіздік нұсқауларын орындауға шақырамын», — АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ДЖО БАЙДЕН.

  • АҚШ-та 1 млн астам адам шұғыл қауіпсіз жерге көшеді

    АҚШ-та 1 млн астам адам шұғыл қауіпсіз жерге көшеді

    АҚШ-тың оңтүстік-шығысына тағы бір жойқын дауыл жақындап келеді. Қуаты бесінші деңгейге көтерілген «Милтон» атты құйын ертең халық тығыз орналасқан Флорида шығанағы жағалауына жетеді деп болжанып отыр. Жергілікті билік 1 миллионнан астам адамға шұғыл қауіпсіз жерге көшуді бұйырды. Салдарынан жолдарда ондаған шақырым көлік кептелісі пайда болды. Мамандар қозғалысты жеңілдету үшін жол жиектерімен жүруге рұқсат бергенімен қозғалыс әлі де баяу. Жанармайдың жетпеуі де эвакуацияға кедергі келтіріп жатыр. Көп бекетте жанармай таусылған. Дауылдың алдында әуежайлар жұмысын тоқтатты. Мектептер мен әлеуметтік нысандар да уақытша жабылды. Қазір жылдамдығы сағатына 260 шақырымға жеткен дауылдың қуаты жағалауға жеткенде бірашама бәсеңдеуі ықтимал. Дегенмен соның өзі аймақтың инфрақұрылымына үлкен зиян тигізуі мүмкін.

  • 189 адам «Хелен» дауылынан қаза тапты

    189 адам «Хелен» дауылынан қаза тапты

    АҚШ президенті Джо Байден мен вице-президент Камала Харрис «Хелен» дауылынан зардап шеккен аймақтарға аттанды. Соңғы мәліметке қарағанда, жауындатып соққан сұрапыл желден қаза тапқандар саны 189-ға жеткен. Сонымен қатар, бес штатта 1 миллиондай үй мен кәсіпорын жарықсыз отыр. Бұған қоса, Оңтүстік және Солтүстік Каролина, Джорджия, Флорида, Теннесси штаттарында сан мың үй қирап, көпірлер мен жолдар, құбырлап бұзылып, жүздеген мың тұрғын ауыз сусыз қалды. Қазір апат жайлаған аудандарда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.
    «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, кейінгі күндері Атлант мұхитында «Кирк», «Лесли» атты дауылдар күшейіп келеді. Дегенмен, олардан төнген қауіп жөнінде әзірге ескерту жасалмай отыр.

  • АҚШ-та дауыл кезінде 600-дей адам жоғалып кетті

    АҚШ-та дауыл кезінде 600-дей адам жоғалып кетті

    Ал қаза тапқандар саны 116-ға жетіп отыр. Құрбандардың көбі – Солтүстік және Оңтүстік Каролина тұрғындары. Осы аптада бұл аймаққа президент Джо Байден сапар шегіп, жағдаймен танысуға уәде берді.

    Сонымен қатар, жауындатып соққан дауылдан кейбір елді мекендер тұтастай қираған. Және де талай жол зақымданып, көпірлер құлап, көшелер өзенге айналды.

    Ал жарықсыз қалғандар саны 2 миллионға жетіп отыр. Айта кетсек, алапат дауылдан Флорида, Теннесси, Джорджия штаттары да айтарлықтай зардап шекті.

  • АҚШ-тағы «Хелен» дауылы: 600 жуық адам жоғалып кетті

    АҚШ-тағы «Хелен» дауылы: 600 жуық адам жоғалып кетті

    АҚШ-тың оңтүстік-шығысында «Хелен» дауылы кезінде 600-дей адам жоғалып кеткен. Ал қаза тапқандар саны 116-ға жетіп отыр. Құрбандардың көбі — Солтүстік және Оңтүстік Каролина тұрғындары. Осы аптада бұл аймаққа президент Джо Байден сапар шегіп, жағдаймен танысуға уәде берді.
    Сонымен қатар, жауындатып соққан дауылдан кейбір елді мекендер тұтастай қираған. Және де талай жол зақымданып, көпірлер құлап, көшелер өзенге айналды. Ал жарықсыз қалғандар саны 2 миллионға жетіп отыр. Айта кетсек, алапат дауылдан Флорида, Теннесси, Джорджия штаттары да айтарлықтай зардап шекті.

  • АҚШ-та дауыл жылдамдығы 225 шақырымға жеткен

    АҚШ-та дауыл жылдамдығы 225 шақырымға жеткен

    АҚШ-тың Флорида штатында «Элен» дауылы соқты. Ол бұл аймаққа сағатына 225 шақырым жылдамдықпен жеткен. Соңғы мәліметке қарағанда, бір адам қаза тапты. Америкалықтың үстіне жол бойындағы белгі құлап кеткен. Жауындатып жеткен дауылдан кейбір елді мекендер мен қалаларды су басты. Жергілікті билік халықты қауіпті аудандардан көшуге шақырып отыр. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, Флоридада бір миллиондай, Джорджияда 50 мыңдай үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды. Осы штаттмермен бірге Алабама, Каролина, Вирджина штаттарында да төтенше жағдай жарияланған.