Метка: АҚШ

  • Трамп 2028 жылы сайлауға түспейтінін мәлімдеді

    Трамп 2028 жылы сайлауға түспейтінін мәлімдеді

    АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қарашада жеңілсе, 2028 жылы сайлауға түспек емес. Мұны ол жергілікті телеомпаниялардың біріне берген сұқбатында хабарлады.

    Осыған дейін Трамп сайлауда ұтылу туралы өте сирек айтатын. Өзінің митингілерінде экс-президент үнемі келешектегі жеңіс жайында мәлімдеме жасады. Алайда, кейінгі төрт күнде ол жеңілу туралы екі рет айтқан.

    Ал жексенбіде NBC телеарнасы сауалнама жүргізді. Оған қатысқан мың респонденттің 48 пайызы демократ Камала Харристі, 40 пайызы Трампты қолдайтындарын білдірген.

    Айта кетсек, Солтүстік Каролинадағы жақтаушыларымен кездесуде Трамп Харриспен теледебат өткізуге келіспейтінін тағы да ескертті.

     

    «Проблема сол — тағы бір дебат өткізу тым кеш. Дауыс беру басталып қойды. Пікірсайысты Fox телекомпаниясында ұйымдастыруға болатын еді. Бірақ Харрис келіспеді. Ол CNN  арнасының эфиріне шыққысы келеді. Жеңілетінін түсінгесін дәл сайлау алдында осындай ұсыныс жасап отыр деп ойлаймын», — АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп.

     

     

     

  • Трамп пен Харрис арасындағы пікірталастың алғашқы нәтижесі қандай?

    Трамп пен Харрис арасындағы пікірталастың алғашқы нәтижесі қандай?

    The hill жаңа сауалнамасына сәйкес, Харрис қазіргі уақытта Трамптан 3,6 пайыздық тармаққа озып тұр. Пікірталасқа дейін бұл көрсеткіш 3,2 болды.

    Еске салайық, 11 қыркүйекте Трамп пен Харрис пікірталас өткізген болатын. Ол жерде бірнеше өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, ел ішіндегі экономика, көші-қон салаларынан тыс, әлемдік деңгейде шешімін таппай тұрған Ресей мен Украина арасындағы соғыс, Израильдің Хамаспен қақтығысы сөз етілді. Жалпы алғанда, пікірталаста Трамп 42 минут 52 секунд, Харрис болса 37 минут 36 секунд сөз сөйлепті.

  • АҚШ-та 14 жастағы оқушы 2 мұғалім мен 2 оқушыны  атып өлтірді

    АҚШ-та 14 жастағы оқушы 2 мұғалім мен 2 оқушыны атып өлтірді

    АҚШ-тың Джорджия штатында қанды қырғын. Аппалачи орта мектебінің 9-шы сынып оқушысы 2 мұғалімді және 2 оқушыны атып өлтірді. Қаза тапқан оқушылардың жасы 14-те. Қаскөйдің қолынан тағы да тоғыз адам жараланып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді,— деп хабарлады жергілікті билік өкілдері. Күдікті 14 жастағы Колт Грей есімді оқушы қамауға алынды. Джорджия Тергеу Бюросының мәліметі бойынша оның бұл әрекетке не себепті барғаны белгісіз

    «Күдіктіге кісі өлтіру бойынша айып тағылып отыр. Ол ересек адам ретінде сотталады және ересек адам ретінде жауапкершілікке тартылады. Ол біздің мектептегі қауіпсіздік қызметкерімен бетпе-бет келіп, ізінше өз еркімен берілді. Оның қаруды мектеп ішіне  қалайша алып кіргені әлі де белгісіз», — деді БАРТОУ ОКРУГІНІҢ ШЕРИФІ ДЖАД СМИТ.

     

  • Камала Харрис: бұл әйел кім және АҚШ-тың саясатындағы рөлі қандай

    Камала Харрис: бұл әйел кім және АҚШ-тың саясатындағы рөлі қандай

    Бала шақ пен білім

    Камала Харрис 1964 жылдың 20 қазан күні Калифорния штатының Окленд аумағында дүниеге келген. Отбасы – иммигранттар: анасы Үндістаннан, әкесі Ямайкадан. Ол мультимәдениетті отбасыда өсті. Бұл өз кезегінде оның көзқарастары мен танымына әсер етті. Харрис Говард Университетін саясаттану және экономика мамандығы, Калифорния университетін құқық мамандығы бойынша аяқтады.

    Құқық қорғау саласындағы мансап

    Университет аяқтаған Камала Аламеда аймағының прокуратурасына жұмысқа орналасты. Бұл жердегі қызметі оған құрмет пен танымалдық сыйлады. 2003 жылы ол Сан-Францисконың прокуроры, ал 2010 жылы Калифорнияның бас прокуроры болды. Аталған қызметте ол халықтың осал тобының құқығы мен сот әділдігіне реформа енгізу үшін күресті.

    Саясаттағы мансап

    2016 жылы Камала Харрис Калифорнияның атынан сенатор болып сайланды. Ол Сенатта сот, полиция реформасы, денсаулық сақтау, иммигранттардың құқығын қорғау секілді іс-шаралармен айналысты.

    Вице-президент

    2020 жылы Джо Байден Камала Харристі вице-президентке үміткер ретінде таңдады. Мұнда ол экономиканы дамыту, коронавируспен күрес, әлеуметтік әділет мәселелерінің шешілуіне белсене кірісті.