Метка: Басты оқиғалар

  • Жәнібек Әлімханұлы кезекті қарсыласымен көз арбасты

    Жәнібек Әлімханұлы кезекті қарсыласымен көз арбасты

    Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) кезекті жекпе-жегі алдында баспасөз конференциясын өткізді.

    Баспасөз конференциясы Астанадағы Rixsos қонақүйінде өтті. Оған франциялық қарсыласы Анауэль Нгамиссенгуе (14-0, 9КО) және бокс кеші андеркартында шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшылар Балауса Мұздыман, ағайынды Сабырхандар, Батыр Жүкембаев, Сұлтан Зауырбек қатысты.

    Баспасөз конференциясы барысында Жәнібек журналистер сұрағына жауап беріп, алдағы айқасында жанкүйерлер үшін есте қаларлықтай шоу көрсетуге уәде берді. Соңында Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Анауэль Нгамиссенгуемен алғаш рет бетпе-бет келіп, көз арбасты.

    Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астана қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, чемпиондық белдіктерін қорғайды.

     

  • Түркістан облысында куәгер жалған айғақ беремін деп сотталып кетті

    Түркістан облысында куәгер жалған айғақ беремін деп сотталып кетті

    Түркістан облысында куәгер сотта жалған айғақ бергені үшін сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

    Прокуратура мәліметінше, бұзақылық және адам ұрлау қылмыстары бойынша сот барысында куә сотталушының аса ауыр санаттағы қылмыстық жауаптылықтан босату мақсатында екі рет жалған жауап берген.

    Куәнің бұл іс-әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауабын өзгерту арқылы сотты жаңылыстыру болған.

    «7 тамыз 2024ж. сот аталған қылмыстарды жасаған сотталушыға 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, куәге қатысты қылмыстық іс қозғау қажеттігін қарастыру туралы жекеше қаулы шығарған.

    Cот барысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушының кінәсін толығымен дәлелдеді.

    Нәтижесінде сотта куә ретінде жауап берген азамат аса ауыр қылмыстық іс қарау барысында қасақана жалған айғақтар бергені үшін ҚР ҚК 420-б. 2-б. бойынша кінәлі ретінде танылып, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалды», – делінген хабарламада.

  • Ақтауда ер адам хиджаб киген қызды зорламақ болған

    Ақтауда ер адам хиджаб киген қызды зорламақ болған

    Күдіктіні өтіп бара жатқан тұрғындар ұстап, полицияға тапсырған.

    Оқиға кешкі уақытта, теңіз жағалауында болған. Қыздың көмек сұрап айқайлаған дауысын естіген тұрғындар дереу көмекке барып, бойжеткенді құтқарған. Ер адам оны зорламақ болған. Тұрғындар күдіктіні полицияның қолына тапсырды.

    Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаны растап, қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

    Полиция мәліметінше, ер адам серуендеп жүрген қыз балаға тиісіп, зорлық әрекеттерді жасауға тырысқан.

    «Бейнежазбадағы зорлауға оқталу әрекеті 11 наурыз күні болған. Дереу қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, тергеу изоляторына қамады. Іс жүргізу аяқталып, айыптау қорытындысымен прокуратура арқылы сотқа жіберілді», – делінген хабарламада.

  • Президент Самарқанд қаласына ресми сапармен барды

    Президент Самарқанд қаласына ресми сапармен барды

     Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқанд қаласына келді.

    Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.

  • АҚШ-тың жаңа баж салығы: Қазақстан экспортына әсері аз

    АҚШ-тың жаңа баж салығы: Қазақстан экспортына әсері аз

    Минторговляның алдын ала талдауы бойынша, Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын негізгі өнімдер – мұнай, уран, күміс, ферросплавтар – жаңа тарифтерден босатылған.

    Қосымша баж салығы тек кейбір тауарларға қатысты болады, олардың экспорты 2024 жылы 95,2 млн долларды құрады. Бұл Қазақстанның АҚШ-қа жалпы экспортының 4,8%-ын ғана қамтиды.

  • Таяу Шығыстағы дауыл: АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасауға дайындалуда

    Таяу Шығыстағы дауыл: АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасауға дайындалуда

    Израиль тарапы бұл қадамды Тегеранның ядролық бағдарламасының ілгерілеуімен және 2023 жылғы 7 қазандағы шабуылмен байланыстырады.

    АҚШ стратегиялық бомбалаушыларын Үнді мұхитындағы базасына орналастырды. Израиль болса, соңғы айларда Иран, Йемен және Сирияда дайындық соққыларын жасаған.

    Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи Тегеран кез келген арандатушылыққа “сокрушительный жауап” беретінін мәлімдеді.

  • Қуандық Бишімбаев балаларына алимент төлеуден бас тартты

    Қуандық Бишімбаев балаларына алимент төлеуден бас тартты

    Оның айтуынша, ақша тұрақты түрде түспеген, ал балалардың демалысы, психологқа қаралуы және емдеу шығындары мүлдем жабылмаған.
     
    «Былтыр балалардың демалысына да, психологтың қызметтері үшін де ешқандай ақша төленбеді. Бір жарым жыл ішінде әжептәуір ақша жиналып қалды. Біз оған бірнеше рет жүгіндік. Мен төлеген барлық соманы оның адвокаты Ғазымжанов мырзаға жібердім, бірақ олар мұны елемеді. Денсаулық туралы айтпай-ақ қояйын, дәрігерге көрінгеніміз, дәрумендер, дәрі-дәрмектерге кеткен шығын жабылмады», – дейді Назым Қаһарман. 

    Назым Каһарманның айтуынша, наурыздағы алимент төленбеген. Азды-көпті төлемдер былтыр қараша-желтоқсанда ғана түсе бастаған.

    Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы Bau мейрамханасында экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен ұсталған болатын.

    Сот үкімімен Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның туысы Байжанов аса қауіпті қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталды.

  • Қызылордада 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған тоғыз адам сотталды

    Қызылордада 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған тоғыз адам сотталды

    Бүгін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған оқушылар мен олардың сыбайластарын соттады.

    Қылмыстық іс кәмелетке толмаған қызды ірі мөлшерде пайда табу мақсатында қорқыту және көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау, сондай-ақ кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту баптарымен қаралды. Сотқа осы іс бойынша 9 адам күдікті деп танылған.

    «Олардың кінәсі оқиға орнын, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен, бейнежазбалармен, «WhatsApp» арқылы хат-хабарлармен, карточкалық шоттардың банктік үзінділерімен, сараптама нәтижелерімен, сондай-ақ жәбірленушінің жауабымен дәлелденген», – деп хабарлады Қызылорда соты.

    Прокурор үш адамды 6,8 жылға, бір адамды 4,6 жылға, тағы екі адамды 4 жылға. Тағы үш адамды 8 жылға соттауды талап еткен.

    «Сот жаза тағайындау кезінде сотталушылардың жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде төрт адамның кәмелетке толмағанын, тағы екі адамның ісіне қатты өкінгенін ескерген. Олардың жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Осылайша, сот кәмелет жасына толмаған үш бала 6,8 жылға сотталды. Тағы үш адам 4,8 жылға, тағы үш адам 7,6 жылға сотталды», – деп хабарлайды Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

  • Бейнеуде 11 оқушы астан уланып ауруханаға түскен

    Бейнеуде 11 оқушы астан уланып ауруханаға түскен

    Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының мектебінде 11 оқушы астан уланып, ауруханаға түскен. Балаларды дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберген, деп хабарлайды Lada.kz сайты.

    Оқиға 1 сәуірде болған. Дереккөзге сүйенсек, 9-12 жас аралағындағы 11 баланың жүрегі айнып, құсқан, әлсіздік сезінген.

    «Дәрігерлер балаларды тексеріп, үйлеріне қайтарған. Қазір балалардың денсаулығы жақсы, қазір амбулатория деңгейінде ем қабылдап жатыр», – деп хабарлайды дереккөз.

     

  • Миллиардтар жұмсалды, ал үйлер құлағалы тұр

    Миллиардтар жұмсалды, ал үйлер құлағалы тұр

    Алматы облысында әлеуметтік баспаналарды сатып алу кезінде күмәнді схемалар анықталды. Депутат Бекжан Жүнісовтің айтуынша, мемлекеттен бөлінген миллиардтар мақсатсыз жұмсалған. Құжат бойынша сапалы деп көрсетілген үйлер шын мәнінде тұрғысыз күйде. Сондай-ақ, сатып алу бағасы құжаттағы сомадан әлдеқайда жоғары болған. Депутат бұл мәселені көтеріп, тергеу жүргізуді талап етті.