Метка: Басты оқиғалар

  • Щучинскідегі тау бөктерінде ер адам құлап, жарақат алды

    Щучинскідегі тау бөктерінде ер адам құлап, жарақат алды

    Щучинск қаласында 33 жастағы ер адам тау бөктерінен құлап, жарақат алды. Құтқарушылар оны медициналық көмек көрсету үшін тапсырып, емханаға жеткізді.

    Мәлімет бойынша, “101” пультіне “103” қызметінен хабарлама түскен. Онда “Телевышка” бақылау алаңы маңында адам құлағаны айтылған. Құтқарушылар жарақат алған ер адамды таудан түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

  • Қазақстанда зергерлік бұйымдарды сату жаңа ережелермен жүзеге асырылады

    Қазақстанда зергерлік бұйымдарды сату жаңа ережелермен жүзеге асырылады

    Енді отандық сынама мөрі жоқ зергерлік бұйымдарды сатуға жауапкершілік күшейтілді.

    Жаңа ережелер:
    • 2025 жылдың 13 наурызынан бастап қолданысқа енгізілген
    • Бұйымның сынама мөрі және сараптама туралы құжаттары болмаған жағдайда сатушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
    • Салық төлемдері: 190 мыңнан 580 мың теңгеге дейін, кәсіпкерлік түріне қарай.

    Министрлік бұл шаралар сатушыларға зергерлік бұйымдар сапасына бақылауды күшейту мақсатында енгізілгенін хабарлады.

  • Қазақстанда есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Латвияның екі азаматы 11 жылға сотталды

    Қазақстанда есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Латвияның екі азаматы 11 жылға сотталды

    Қазақстанда есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Латвияның екі азаматы 11 жылға сотталып кетті.

    ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен екі Латвия азаматы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі 3-тармағының 1,3-тармақшалары бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

    «Бұған дейін, 2024 жылғы шілдеде, облыс прокуратурасы ҰҚК ШҚО бойынша департаментімен қадағалау органының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхананың анықталғаны туралы хабарлаған болатын.

    Еске сала кетсек, тінту барысында 125 кг мефедрон (630 мың бір реттік дозаға баламалы), 500 литр прекурсорлар және тәулігіне 30 кг синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буынды зертханалық жабдық тәркіленген.

    Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 миллиард теңгеден асады», – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

    Қылмыстық іс сотта 3 ай бойы қаралды. Сот процесі барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденіп, мемлекеттік айыптаушы соттан 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға бағдар берді.

    Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

  • Шу ауруханасындағы қайғылы оқиға: бес лауазымды тұлға жазаға тартылды

    Шу ауруханасындағы қайғылы оқиға: бес лауазымды тұлға жазаға тартылды

    Жамбыл облысы Шу ауданында босану кезінде ана мен бала көз жұмған оқиға бойынша дәрігерлер кінәлі деп танылып, жауапты тұлғалар жазаланды. Арнайы комиссия акушерлердің салғырттығын анықтаған.

    Жазаланғандар:
    • Аурухана бас дәрігері қызметінен босатылды
    • Орынбасары мен босандыру бөлімінің басшысы — жұмыстан қуылды
    • Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы екі басшыға қатаң сөгіс берілді

    25 жастағы Әдемі Ешеналиеваның қан қысымы 170-ке дейін көтерілген, ал дәрігерлер алдын ала белгілерге көңіл бөлмеген. Сәбиі іште шетінеген, әйел 12 күн комада жатып көз жұмды.

  • 7 жасар қызды жүк көлігінің қағып кету оқиғасы: автобус жүргізушісі де жауапқа тартылды

    7 жасар қызды жүк көлігінің қағып кету оқиғасы: автобус жүргізушісі де жауапқа тартылды

    ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Алматыда автобус жүргізушісі 7 жасар баланы жүргіншілер өткелінен өткізбегені үшін жауапқа тартылғанын айтты.

    «Алматыда бір-екі күннің ішінде екі жол-көлік оқиғасы болды. Оның бірі жүк көлігінің қатысуымен болды. Расын айту керек, қайтыс болған жасөспірім кәдімгі жүргінші өтетін өткелген өтіп бара жатқан. Бұл қаланың орталығында болған жағдай емес, қаланың шетінде болған. Алматыда Айнабұлақ деген шағын аудан бар. Сол ауданнан төмен жақта, қаланың шетінде. Ол жақта жүк көліктеріне өтуге құқығы бар. Жаңағы бала жаяу жүргінші өткелінен өтіп келе жатқанда бір автобус алдынан өтіп кетеді де, содан қорқып, ол артқа қарай жүргенде қасында келе жатқан жүк көлігі баланы байқамай қалып, басып кетіп отыр», – деді ІІМ өкілі.  

    Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, автобус жүргізушісі баланы жүргінші өткелінен өткізбегені үшін жауапқа тартылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    «Қылмыстық істің шеңберінде жол апатына қатысты әрбір азаматтың жауапкершілігі қаралатын болады», – деді ол.

  • Түркі әлемінің жүрегіне айналған Ақтау: «Дархан дала» этноқалашығы ашылды

    Түркі әлемінің жүрегіне айналған Ақтау: «Дархан дала» этноқалашығы ашылды

    Жеті этноауылдан тұратын қалашықта өңірдің бай мәдениеті, ұлттық дәстүрі мен түркі халықтарының ортақ мұрасы көрсетіледі.

    4–6 сәуір аралығында этноқалашықта Маңғыстау өнерпаздары мен түркітілдес елдердің әртістері қатысатын үлкен концерттік бағдарлама өтеді. Әр этноауыл Маңғыстаудың бір ауданын таныстырады.

    Басты шара — 5 сәуірде өтетін «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы»  жылының ресми ашылу салтанаты. Бұл шара елдің мәдени өміріндегі айтулы оқиға болмақ.

  • Қазақстаннан Өзбекстанға әуе бағыты ашылды

    Қазақстаннан Өзбекстанға әуе бағыты ашылды

    2025 жылғы 1 мамырдан бастап Qazaq Air қазақстандық әуекомпаниясы Астана – Түркістан – Самарқанд бағытында жаңа халықаралық рейсті іске қосады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

    Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Осылайша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тұрақты рейстердің жалпы саны аптасына 44-ке жетіп, екіжақты әуе қатынасының жаңа рекорды орнайды.

    Жаңа бағыттың ашылуы:

    Екі елдің тарихи және іскерлік орталықтары арасындағы логистиканы айтарлықтай жеңілдетеді.
    Туризмді дамытуға ықпал етеді, әсіресе Орта Азияның ең көне қалаларының бірі Самарқандқа тікелей қол жетімділік ашады.
    Түркістан облысының көліктік қолжетімділігін ішкі хаб ретінде арттырады.
    Самарқанд – Өзбекстанның ең танымал туристік қалаларының бірі және ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Ал Түркістан – Қазақстанның рухани орталығы саналады. Сондықтан бұл бағыт қажылық сапарға шыққан адамдар, туристер және іскер саяхатшылар үшін тартымды болады.

    Qazaq Air әуе компаниясы бұл рейстерді орта қашықтықтарға ұшуға ыңғайлы және үнемді De Havilland Dash 8-Q400 заманауи турбовинтті ұшақтарымен жүзеге асыратынын атап өтті.

    Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

  • Оқушылары уланған Бейнеудегі мектеп асханасы жабылды

    Оқушылары уланған Бейнеудегі мектеп асханасы жабылды

    Оқушылардың тамақтан улануына байланысты санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізуге шешім шығарылып, әкімдіктің жанынан штаб құрылды.

    Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Манаш жалпы білім беретін мектептің 12 оқушысына қатысты тамақтан болатын топтық инфекциялық ауру фактісі бойынша тексеруде.

    Балалардың улануына байланысты Бейнеу аудандық полиция басқармасына, Маңғыстау облыстық полиция департаментіне, білім басқармасына, аудандық және облыстық прокуратураға хаттар жіберілді.

    Бейнеу аудандық полиция басқармасы хабарламасының негізінде мектептің асханасы жабылды.

    Тергеу шеңберінде басқарма мамандары ҰСО Маңғыстау облысы филиалының мамандарын тарта отырып, тамақ өнімдерінің, судың, шайындылардың, дезқұралдардың сынамаларын іріктей және қызметкерлерді ішек инфекциясын тасымалдауға зерттеп-қарай отырып, нысанға шығуды жүзеге асырды, сынамалардың нәтижелері жұмыста.

    Уланған амбулаториялық емделуде, медицина қызметкерлерінің бақылауында. Қабылдау бөлмесіне түскен кезде олар құсу, жалпы әлсіздік, іштің өтуі, іштің ауыруы, жағдайының қанағаттанарлық екені туралы шағымданды. 9-12 жас аралығындағы жасөспірімдер дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген.

    Сауалнамаға қатысқан мектеп оқушыларының ата-аналары ауруды мектептің асханасындағы сапасыз тамақпен байланыстырады, онда бастауыш сыныптардың 417 оқушысы ыстық тамақпен қамтылған.

  • Сәбиді жаралаған: Павлодарда анасы ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

    Сәбиді жаралаған: Павлодарда анасы ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

    Дәрігерлер баланың бас сүйегінің бірнеше жерден сынғанын, миға қан құйылғанын анықтады. Бұған дейін де сәби қолын сындырып, ауруханаға түскен.

    Анасы жарақаттың қалай болғанын түсіндіре алмаған. Қазір ол ем қабылдап жатыр. Полицейлер екі қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

    Баланың жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта сәби Балалар үйіне тапсырылған. Ал шешесі жазылған соң, екі баласын да өз қарауында қалдыру-қалдырмау мәселесі қаралады.

  • Дубай маңында әуе шары құлап, екі турист қаза тапты

    Дубай маңында әуе шары құлап, екі турист қаза тапты

    Оқиға таңғы серуен кезінде болған. 12 адам отырған әуе шары Дубай шөлі үстінде 1,2 шақырым биіктікке көтерілген. Ұшқаннан кейін 40 минуттан соң шар бір жаққа қатты қисайып, жерге соғылып құлаған.

    Куәгерлердің айтуынша, кей жолаушылар құлау кезінде қорғаныш белдіктері үзіліп, себеттен сыртқа ұшып кеткен. Қалғандары жерге соғылғанда қатты жарақат алып, үстін шардың куполы жауып қалған.

    Жергілікті билік тергеу жүргізіп жатыр.