Метка: Басты оқиғалар

  • Мемлекет басшысы қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

    Мемлекет басшысы қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

    Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.

    Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

  • Алматыда зираттарға бейнебақылау камералары орнатылмақ

    Алматыда зираттарға бейнебақылау камералары орнатылмақ

    Қаладағы зираттарға 400 бейнебақылау камерасын орнатуға 582 млн теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда.

    Алматы қалалық цифрландыру басқармасы мемлекеттік сатып алу порталына 400 камера сатып алуға және оларды жерлеу орындарына орнатуға хабарландыру жариялады.

    Құжатта сатып алынатын қызметтердің мақсаты – ақпарат алу, бақылау және тіркелген бұзушылықтар туралы төтенше жағдайлар қызметтерін жедел хабардар ету, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және Алматы қаласының зираттарында вандализм деңгейін төмендету екені айтылған.

  • Педофил ретінде айыпталған экс-депутат өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Педофил ретінде айыпталған экс-депутат өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Жетісу облысында жеті жасар баланы зорлады деп айыпталған Серікқан Жақыпов өмір бойы бас бостандығынан айырылу мүмкін. 

    Экс-депутат пен Ақсу аудандық әкімі аппаратының бұрынғы басшысы өткен жылдың жазында ұсталды. Сол кезде туысқаны жеті жасар ұлын зорлады деп, осы шенеунікке арыз жазған. Сараптама қорытындысы айыпты растады.

    Бүгін Жетісу облыстық сотында жарыссөздер өтті. Мемлекеттік айыптаушы Ерлен Жантасов Жақыповқа өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады. Үкім жақын күндері шығады.

    Айта кету керек, экс-әкімнің жұбайы оның кінәсіздігіне сенеді.

    Серікқан Жақыпов 2020 жылдың күзіне дейін Ақсу аудандық әкімі аппаратының басшысы болған. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілер этикасы жөніндегі уәкіл болып қызмет атқарды. Ал 2024 жылдың 31 наурызында аудандық мәслихат депутаты болып сайланды.

  • Семейде оқушыны аяусыз тепкінің астына алған жасөспірімдер арнайы мектепке жіберіледі

    Семейде оқушыны аяусыз тепкінің астына алған жасөспірімдер арнайы мектепке жіберіледі

    Семейде оқушыны аяусыз тепкінің астына алған жасөспірімдер арнайы мектепке жіберіледі. Бүгін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия осындай шешім қабылдады.

    Оқиғаға қатысқан барлық жасөспірімдер девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы мектепке жіберіліп, түзету курсынан өтеді. Оларға психологтар көмек көрсететін болады. Сонымен қатар, үш жасөспірімнің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылып, екі балаға қатысты қамқоршылық тоқтатылды.

    «Құқықбұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Материалдар одан әрі қарау үшін сотқа жолданды», – деп мәлімдеді полиция оқиғаға қатысты.  

    Еске сала кетсек, күні кеше бір топ жасөспірім төменгі сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан болатын. Жәбірленушіге жасалған зорлық-зомбылық бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда жасөспірімдердің баланы теуіп, басынан ұрып, тіпті үстіне секіргені анық көрінеді. Полиция аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Қазіргі уақытта зардап шеккен оқушы арнайы орталықта. Онымен психологтар мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеуде.

  • Үш облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

    Үш облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

    2025 жылғы 26 ақпан сағат 08:00 жағдай бойынша 3 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

    Ұлытау облысы:

    — «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 216-424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасы-Жезқазған қаласы).

    Қызылорда облысы:

    — «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 12-216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласы — Ұлытау облысының шекарасы)

    Жетісу облысы:

    — «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы — Достық стансасы).

    -«Сарыөзек-Көктал» автожолының 141-142 шақырым аралығында (Көнбе көпірі).

  • Атырауда 12 жігіт жабылып 17 жасар баланы өлтіріп кетті

    Атырауда 12 жігіт жабылып 17 жасар баланы өлтіріп кетті

    Атырауда 17 жастағы баланың өліміне күдікті 12 жігіттің төртеуі әскерге кетіп, біреуі тергеу изоляторынан бір жылдан соң босатылып шыққан, деп хабарлайды Orda.kz.

    НеМолчи қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің мәліметінше, оқиға осыдан бір жыл 2024 жылдың 18 қаңтарында болған. Марқұм Эльдардың анасы ұлына шабуыл жасаған жігіттердің ешқайсысы оған таныс болмағанын айтты.

    «Ұлым достарымен бірге мейрамханада жұмыс істейтін ортақ таныстарын алып кетуге келген кезде бір топ жігіт шабуыл жасаған. Тергеу бір жылдан бері жүріп жатыр. Өкінішке қарай, адвокат жалдауға ақшамыз жоқ. Кінәлілер ұлыма жасаған қастандығын басқа біреумен шатастырып алғанымен түсіндірді», – дейді Эльдардың анасы. 

    Бейнебақылаудан алған видеода Эльдар отырған көлікке бір топ ер адам жүгіріп келіп, біреуін ұрып-соғып, төртеуін пышақтаған. Олар бірден суық қару қолданған және бәріне бір уақытта соққы жасады. Ал Эльдардың аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтып, қайтыс болған. Анасының айтуынша, 17 жасар жігітке жабылып кеткен 12 адамның тек біреуі ғана бір жыл тергеу изоляторында отырған. Ал оның төртеуі әскерге кетіп қалған екен.

  • Барлық өңір бойынша Ораза кестесі жарияланды

    Барлық өңір бойынша Ораза кестесі жарияланды

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

    2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады, ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түседі. Ораза айт 30 наурызда өтсе, Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.

    Кестені мына сілтеме арқылы жүктей аласыз.

    Діни басқарма мамандары ай күнтізбесіне байланысты бұл күндер жаңа айдың көрінуіне қарай бір күнге өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

    – Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, – делінген хабарламада.

  • Былтыр елімізге 3,5 млн турист келген

    Былтыр елімізге 3,5 млн турист келген

    Тізімде одан кейін келушілер саны жағынан Маңғыстау, Бурабай, Алакөл мен Балқаш көлдері тұр. Атап айтсақ, Маңғыстау облысы мен Каспий жағалауын таңдаған туристер саны 325 мыңнан асқан.

    Ал, Бурабай туристік аймағында 275 мың адам демалған. Алакөлде 238 мың, Балқаш көліне келгендер саны 120 мыңнан сәл-ақ асады. Ең қызығы рейтингіде Катонқарағай мен киелі Түркістан сынды еліміздің ғажап орындары елеусіз қалған.

    Мәселен былтыр аталған туристік аймақтарға келгендер саны екеуін қоса алғанда 120 мыңға жетпейді.

  • Көпір астынан ер адамның сүйегі табылды

    Көпір астынан ер адамның сүйегі табылды

    25 ақпанда Өскемендегі Үлбі көпірінің астынан, Спорт сарайының маңынан ер адамның мәйіті табылды. Полиция ақпаратты растады.

    «Марқұмның кім екені анықталды. Алдын-ала дерек бойынша мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған», – деді ШҚО Полиция департаменті.

    Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

  • Сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери жазаланды

    Сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери жазаланды

    Ақтаудағы 25744 әскери бөлімде сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери қызметші лайықты жазасын алды. Мұндай пікірді Бас әскери прокурордың орынбасары Талғат Бекбергенов білдірді.

    – Жаза тәртіпке қайшы әрекетке сай келеді. Мерзімді әскери қызметшіге қатысты билігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Әскери сот мерзімді қызметтің екі сарбазына темекі тұқылын жегізіп, күш қолданған үшінші сыныпты сержантқа билігін асыра пайдаланғаны үшін 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Ауыр салдардың болмауына және сотталушының жеке қасиетін ескерсек, оған тағайындалған жаза түзелуіне жеткілікті, – деді Талғат Бекбергенов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

    Айта кетейік, бұл оқиға Ақтауда болғанымен, іс Ақтөбе әскери сотында қаралды. Сот взвод командирі Әділет Керімовті Қылмыстық кодекстің 451 бабы 1 бөлігімен айыпты деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.