Метка: Басты оқиғалар

  • Бишімбаев түрмеде шахмат пен саксафонды ермек етіп отыр

    Бишімбаев түрмеде шахмат пен саксафонды ермек етіп отыр

    Алайда, бұл ақпараттың жалған екені айтылды.  Бишімбаев Степногорск қаласындағы №5 мекемеде жазасын өтеп жатыр.

    «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық қозғалысының мүшесі әрі құқық қорғаушы Бауыржан Мусин бұл мекеме бұрын «№90 мекеме» деп аталғанын айтты. Онда әрдайым ерекше қатаң тәртіп сақталып келген, бәрі қатаң режимге сәйкес жүргізіледі. Мусиннің айтуынша, ешкімге артықшылықтар берілмеген.

    «Ол өте талапшыл, мекемеде ешқашан ешкімнің телефоны табылған емес. Оның үстіне, байланыс та ұстамайды, өйткені түрме қала сыртында ЖЭО маңында орналасқан», – деп мәлімдеген құқық қорғаушы.
    Оның айтуынша, №5 мекеме типтік ғимарат әрі ескі.

    «Барлық жерде бірдей жағдай. Ұйықтайтын бөлмелер, жуыну орындары, дәретхана, киім кептіретін бөлме және гардероб бар. Сондай-ақ, тәрбиелік жұмыстар жүргізуге арналған бөлме бар. Сотталғандар тамақтанатын және азық-түліктерін сақтайтын асхана да қарастырылыпты. Әр бөлімде тоңазытқыш бар, жуыну бөлмесі, кір жуатын орын да бар, онда олар киімдерін жууға тапсырады. Сонымен қатар, сотталғандар арнайы киім киеді, аяқ киімдері қоса беріледі», – деді ол.

    Бишімбаевқа бұған дейін ата-анасы мен адвокаты Ерлан Ғазымжанов келген. Егер экс-министр алдағы уақытта ережелерді бұзбайтын болса, онда оған сәлемдемелер санын және кездесу мүмкіндігін арттыру түріндегі ынталандырулар беріледі екен. Стандартты жағдайда жылына төрт сәлемдеме жіберуге рұқсат етіледі.

    «Олардың өмірі күн сайын қайталанады. Бос уақыттарында олар өз хоббилерімен айналысуға рұқсат алады. Менің білуімше, ол музыкамен айналысады әрі шахмат ойнайды. Сондай-ақ, саксафонда да ойнайтынын білеміз. Оларда музыкалық топ құрылып, дайындық өткізуде», – деді Бауыржан Мусин.

    Қоңырауларға келер болсақ, аптасына бір рет рұқсат етілген. Әр адамға жақындарымен таксофон арқылы 15 минут сөйлесуге уақыт беріледі. Степногорск түрмесінде сотталғандар аптасына бір рет дүкенге барып, 3 АЕК-ке дейін (11 076 теңге) азық-түлік сатып ала алады.

    Қуандық Бишімбаев әлі күнге дейін жұмысқа орналаспаған. Алайда, құқық қорғаушының айтуынша, Қазақстанда тек 30-40% сотталғандар ғана табыс табады. Бұл түрменің қауіпсіздік деңгейіне және оның аумағында немесе жанында өндірістің бар-жоғына байланысты. Мысалы, егер минималды қауіпсіздік режиміндегі колония болса, жағдай жеңілдеу болады. Сотталғандар түрлі мамандықтар бойынша оқудан өтіп, біліктілік ала алады.

    «Жұмысқа орналастыру – бұл тәрбиелеу әдісі. Осылайша, күндер тез өтеді, сотталғандар жалақы алады, бұл оларға егер қарыздары болса, оны өтеуге көмектеседі. Сонымен қатар, олар туыстарына көмектесіп, ақша жібере алады. Бірақ Бишімбаевқа келетін болсақ, мұндай мәселе жоқ», – деді Бауыржан Мусин.

     

  • Екі облыста жол жабылады

    Екі облыста жол жабылады

    Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірдегі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр.

    Жамбыл облысында бүгін сағат 13:00-де республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 159-238 шақырым аралығында (Отар ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына және 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады.

    Түркістан облысында сағат 13:00-де республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көліктері үшін жол жабық.

    Жолды бүгін сағат 19:00-де ашу жоспарланған.

  • Бұрынғы спорт министрі футбол федерациясын басқаруы мүмкін

    Бұрынғы спорт министрі футбол федерациясын басқаруы мүмкін

    Бұрынғы спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан футбол федерациясының президенті болып тағайындалады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

    «Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына менің кандидатурамды ұсыну бойынша ақпаратқа түсініктеме беріп өтейін. Менің бұл қызметті атқаруға еш жоспарым жоқ.

    Сіздер сияқты мен де футбол жанашырмын. Сондықтан да бұл №1 спортта біздің ұлы жеңістеріміз әлі алда екеніне сенімдімін», – дейді Ермек Маржықпаев.

    Еске салайық, бұған дейін футбол федерациясы Әділет Бәрменқұловтың қызметінен кеткенін растаған болатын.

    8 қарашада Қазақстан футбол федерациясында өткен жиында Әділет Бәрменқұлов ҚФФ басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. Жарғыға сәйкес, жаңа президент КФФ-ның кезектен тыс конференциясында сайланады, оның күні әлі белгіленген жоқ.

  • Көкшетауда жігіт некелескен күні кісі қолынан қаза тапты

    Көкшетауда жігіт некелескен күні кісі қолынан қаза тапты

    sinegor.kz-тің мәліметінше, 12 қараша күні Красный Яр ауылының тұрғыны қаланың ойын-сауық мекемелерінің бірінде кісі қолынан қаза тапқан.

    «Бұл дерекке қатысты 99-бабы 2-бөлімі адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бахтияр Өтекин.
    Сонымен қатар, қазір төбелеске қатысқан барлық адам анықталып ұсталды. Ал 6 адамға қатысты 293-бабтың 2-бөлімі бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    Марқұмның туыстары кінәлілер жазадан құтылып кетеді деп алаңдап отыр. Олар Ақмола облысы әкімі істі өз бақылауына алуды сұруда.

  • ДСМ мектепте тамақтанудың жаңа стандарттарын ұсынды

    ДСМ мектепте тамақтанудың жаңа стандарттарын ұсынды

    ДСМ мектепте тамақтанудың жаңа стандарттарын ұсынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім министрлігінің бірлесе отырып өткізген дөңгелек үстел барысында айтылды.

    Жаңа стандарт азық-түлік сатып алудан бастап, тамақ дайындауға және осы салада жұмыс істейтін қызметкерлерді оқытуға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.

    Оқушылардың диетасын энергия мен қоректік заттарды, сондай-ақ тұзды, қантты және қаныққан майларды тұтыну нормаларына сүйене отырып, тағамдардың пайдалылығы мен тағамдық құндылығын ескере отырып қайта қарау жоспарланып отыр, – делінген министрлік хабарламасында.

    ДСМ Қазақ тамағамтану академиясымен бірлесіп, ерекше диеталық қажеттіліктерді қоса алғанда, оқушылардың тамақтануын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныс әзірледі. Бұл қант диабеті, тағамдық аллергия, лактозаға төзбеушілік және басқа да ерекшеліктері бар балаларға қатысты.

    Айта кетсек, қазір Қазақстанда тегін мектеп тамағымен 1,7 млн оқушы қамтылған.

    Тамақтану стандартының жобасын талқылау үшін Білім министрлігінің базасында бейінді тамақтану мамандары мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.

  • Ауа райы болжамы: Жаңбыр жауып, жел соғады

    Ауа райы болжамы: Жаңбыр жауып, жел соғады

    Республиканың кей өңірінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, тұман түсіп, жел екпіні күшейеді.

    Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

    Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

    Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с.

    Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі.

    Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

    Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

    Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

    Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

    Ақмола облысының түнде солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

    Абай облысының орталығында тұман күтіледі.

    Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

    Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

    Алматыда кешке қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта тұман күтіледі.

    Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысында түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

    Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

    Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман, түнде жолдарда көктайғақ күтіледі.

    Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

  • Дональд Трамп Илон Маскқа үкіметтен қызмет ұсынды

    Дональд Трамп Илон Маскқа үкіметтен қызмет ұсынды

    Дональд Трамп кәсіпкерлер Илон Маск пен Вивек Рамасвамиге үкіметте жаңа тиімділік департаментін бірлесіп басқаруды ұсынды.

    – Бұл екі керемет америкалық азамат бірге менің әкімшілігіме үкіметтік бюрократияны жоюға, артық реттеуді азайтуға, ысырапшылдықты азайтып, федералды агенттіктерді қайта құрылымдауға жол ашады. Бұл Американы құтқару қозғалысының маңызды шарты», – деді Трамп мәлімдемесінде.

    BBC мәліметтері бойынша, жаңа Департаменттің аббревиатурасы – DOGE-Маск насихаттайтын Dogecoin криптовалюта атауына сілтеме жасайды. Жаңа құрылым қандай формада болатыны әлі белгісіз. Трамптың мәлімдемесінде ол кең ауқымды құрылымдық реформалар жүргізу үшін Ақ үймен және бюджет басқармасымен ынтымақтасатыны айтылады. Маск пен Рамасвами бұл жұмысты 2026 жылдың шілдесіне дейін істейтіні белгілі.

    Еске сала кетейік, Илон Маск Дональд Трампты сайлау науқанында белсенді қолдады. Трамп оған сайланған жағдайда ресми лауазым беруге уәде берген.

  • Ислам даму банкі Қазақстанға 1,2 млрд доллар бөледі

    Ислам даму банкі Қазақстанға 1,2 млрд доллар бөледі

    БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі 29-конференциясы аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассерді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

    Президент «Климат өзгерісіне төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы бойынша қаржылық және техникалық келісімнің бірінші фазасына қол қойылғанын айтты.

    Жобаны іске асыру Қазақстанның 7 облысында 8 су қоймасы мен жалпы ұзындығы 3450 шақырым болатын 115 каналды, 1 қарсы реттегішті салуға және жөндеуге мүмкіндік береді. Бұл еліміздің аграрлық саласында 332 мың гектардан астам алқапты сумен үздіксіз қамтамасыз етеді.

    Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның орнықты экономикалық дамуына ұдайы қолдау көрсеткені  үшін Ислам даму банкінің басшылығына алғыс айтты.

    Келіссөздер қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті. Келісім сомасы – 1,153 млрд доллар, сондай-ақ 3,5 млн доллар көлемінде грант беріледі. Бұл – банктің 51 жылдық тарихындағы ең көлемді қаржыландыру жобасы.

    Маңызды құжаттың жай-жапсары туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндады.

    Бүгін БҰҰ-ның климатты қорғау конференциясы аясында Қазақстан үкіметі мен Ислам даму банкі арасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстандағы су рестарын дамыту жобасын іске асыру үшін ұзақ мерзімді қаржыландыру шартына қол қойылды. Оған сәйкес Ислам даму банкі Қазақстанға 1 млрд 153 млн доллар көлемінде қаржы бөледі, — деді басшы.

    Оның айтуынша, жоба іске асырудың арқасында елімізде 8 жаңа су қоймасы салынады.

    Сонымен қатар 3,5 мың канал желісі қайтадан салынады. Нәтижесінде елімізде ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылатын суармалы жердің көлемін 330 мың гектарға көбейеді. Жобаның іске асырылуы еліміздің су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңартып, қалпына келтіруге мүмкіндік береді, — деді министр.

    Ислам банкінің талабы бойынша жобаны гидротехника саласында мол тәжірибесі бар үздік компаниялар іске асыруы керек.

  • Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

    Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

    Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады. Ведомство өкілдері қалың қардың түсуіне байланысты ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлуге шақырды.

    Жол бойында шанамен сырғанау сияқты қысқы ойындар қауіпті болуы мүмкін. Балалар көп жағдайда айналасындағы қатерді байқамайды және сырғанақтан тікелей жолға қарай шығып кетуі ықтимал. Бұл олардың жарақаттануына немесе жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

    Осыған байланысты балаларға негізгі қағидаларды түсіндіру қажет:

    • тек тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүру керек;
    • жолдың жанында ойнауға болмайды;
    • жолды кесіп өту кезінде екі жаққа да қарау керек.
    • қыста балаларға көлік жүргізушісі көретіндей ашық түсті, көзге көрінетін киім кигізу маңызды.

    Балаларымыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік! Сіздің жанашырлығыңыз бен қырағылығыңыз көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алады! – деді Ақтоты Боранова.

  • Алматы облысында 100 гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

    Алматы облысында 100 гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

    Алматы облысында 99 га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті ауданы 99 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

    Бұл шешім осы учаскенің мақсатты пайдаланылмауына байланысты болды. Тексеру барысында Іле ауданы аумағында пайдаланушының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін оның мақсатына сәйкес пайдаланбайтыны және оның орнына пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатыны анықталды, – деп қосты ведомство.

    Кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салынып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Сотқа дейінгі реттеу процесінде ЖШС пайдаланылмаған жер учаскесін мемлекеттік жер қорына өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады.