Метка: Қонаев

  • Қонаевта медициналық кампустың құрылысы басталады

    Қонаевта медициналық кампустың құрылысы басталады

    Бұл туралы қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі мәлімдеді.

    Инвесторлық жобаны жүзеге асыруға «Жаңа Іле» аумағынан 100 га жер бөлінген. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Құрылыс биыл басталады деп жоспарлануда.

    Медициналық кампус тек ЖОО емес, 60 мың студентке арналған қалашық болмақ.

    Қала әкімімен кездесу барысында жобаның толық таныстырылымы жасалды.

    Кампус салуға 2 млрд.доллар инвестиция тартылып, 5 жыл ішінде толық жүзеге асады деп күтілуде. Нысан аумағында жатақхана, 1000 орындық аурухана, клиника, оқу корпусы салынады. Нәтижесінде 3800-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.

    Жоба жетекшілерінің пікірінше, университет өңірдің дамуына серпін беретін негізгі орталықтардың біріне айналуы мүмкін.

  • Аяз Қонаев: Қапшағай су қоймасына қыстыгүні шомылатындар саны көбеюде

    Аяз Қонаев: Қапшағай су қоймасына қыстыгүні шомылатындар саны көбеюде

    Бала шағынан спортқа әуес азамат бүгінде панкратионмен айналысады, жекпе-жекке қатысады. Аптасына 3 рет күштік жаттығулар жасайды. Сонымен қатар түрлі марафондарға қатысып, тауларға шығады. Ең биік бағындырған шыңы – «Пик Советов» (4317 м).

    Ал суық суға шомылуды 96 күн бұрын бастаған. Сабыржанның айтуынша, мұздай суға түсу – адам бойына сергектік сыйлап, бойын шымырлатып, иммунитет жоғарылауына көмектеседі.

    «Ең бастысы – тәртіп пен режимді қатаң ұстану», – дейді спортшы.

    Қазір оның бастамасына 10 шақты адам қосылған. Соның бірі – Геннадий. Ол суық суға түсудің арқасында стресске төзімділігі артып, бойында күш-жігер пайда болғанын айтады.

    Бұл топқа @club_morzhei_qonaev кез келген әуесқой қосыла алады. Байланыс нөмірі: +7 708 702 8252

  • Биыл Қонаевта төрт әкімшілік ғимараттың құрылысы басталады

    Биыл Қонаевта төрт әкімшілік ғимараттың құрылысы басталады

    Шаһар басшысының сөзінше, биыл Департаменттер үйі, Оқушылар сарайы, Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимараттарының құрылысы басталады. Тапсырыс беруші – Алматы облыстық құрылыс басқармасы. Барлық нысандар Бас жоспарға сәйкес, Алматы-Өскемен күре жолының бойында салынады. Ал спорт кешенін салу үшін «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдерімен келіссөздер жүргізіледі.

    Сонымен қатар ол бірнеше жылдан бері түйіні тарқатылмай келе жатқан кәріз-тазарту жүйесінің де құрылысы биыл басталуы мүмкін екенін айтты. Бұл ауқымды жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге аспақ. Мұнда тапсырыс беруші – Алматы облысының салалық басқармасы.
    «Құрметті депутаттар, менің ойымша, тек ауызбіршілік арқасында ортақ жұмыстың нәтижесін көреміз. Биылға жоспарларымыз өте көп. Біз өздеріңізден қолдау күтеміз. Алғысымды білдіремін», — деді шаһар басшысы сөзін қорытындылап.

    Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Қызылордада өткен Құрылтай кезінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында театр салынатынын айтты.

  • Президент сынына ұшырадық, жағажайларды абаттандыру кезең-кезңімен жүзеге асады – Қонаев әкімі

    Президент сынына ұшырадық, жағажайларды абаттандыру кезең-кезңімен жүзеге асады – Қонаев әкімі

    Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Онда Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Мақсат Жазиевтің есебі тыңдалып, бірқатар мәселелер талқыланып, қала әкімі Асхат Бердіханов депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

    Жергілікті мәслихат депутаты Алмагүл Қамбарова жағажайларды абаттандыру, Шеңгелдідегі сорғы станцияларында шомылу түйткілін көтерді.

    «Сорғы станцияларында шомылуға болмайды. Ол үшін арнайы орындар белгіленген. Сол аумақтарда қауіпсіздікке біз жауап бере алмаймыз. Барлығы жеке меншік қолында. Станцияларды жағажай ретінде қарастыра алмаймыз», — деді шаһар басшысы.

    Асхат Бердіханов жағажайлардағы қауіпсіздік, демалысқа қолайлы жағдай жасау туралы Президенттің айтқан сынын еске алды.

    «Өздеріңізге мәлім, былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл, Қапшағай су қоймасы жағалаулары жайында сын айтты. Қазір осы кемшіліктің орнын толтыру мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жағажайларды абаттандыру жүзеге асырылады. Оның ішінде «Алматы демалыс аймағы» да бар. Бұл жерге шомылу маусымында 320 мың адам демалуға келген. Мұнда 34 демалыс орны, 1 шақырымнан астам коммуналдық жағажай орналасқан. Коммуналдық жағажайды жалға алып, жыл сайын 37 кәсіпкер қызмет етеді. Биыл осы 1 шақырым аумақты абаттандыру көзделуде», — деді қала әкімі.

    Сонымен қатар ол қауіпсіз туристік маусым құру бойынша да атап өтті.
    «Қауіпсіздік бойынша айтсақ, биыл құтқарушыларды наурыз айынан бастап оқытамыз деп жоспарлап отырмыз. Кәсіпкерлердің басын қосып, түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде», — деді Асхат Бердіханов.

    Айта кетейік, бұған дейін №6 және №7 жағажайлар абаттандырылатынын жазғанбыз. Қонаевта 10 коммуналдық жағажай орналасқан.

  • 2026 жылы Қонаев қаласын қандай өзгерістер күтеді?

    2026 жылы Қонаев қаласын қандай өзгерістер күтеді?

    Биылға жоспарланған шаралар қаланың инфрақұрылымын жүйелі жаңғыртуға, қала мен ауылдық округтің теңгерімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Кешенді даму жоспары: қала инфрақұрылымын жаңғыртудың өзегі

    Негізгі басымдықтардың бірі – кешенді даму жоспарын іске асыру. 2026 жылы бұл бағытта Қонаевта бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Электр энергиясымен қамту мақсатында «Арна» қосалқы станциясының құрылысы жалғасын табады. Бұл нысан болашақта қаланың жаңа тұрғын үй массивтері мен әлеуметтік нысандарын тұрақты жарықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар көлік қозғалысын жақсарту және жол жүктемесін азайту үшін М.Әуезов көшесін жаңғырту көзделіп отыр. Жоба аясында жол екі жолақтыдан төрт жолақтыға дейін кеңейтіледі.

    Ауылдық елдімекендердің инженерлік инфрақұрылымына да айрықша назар аударылуда. Кербұлақ және Сарыбұлақ ауылдарында ауыз су жүйелері жаңғыртылып, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту деңгейі артады. Ал Шеңгелді ауылында көшелер жарықтандырылып, жолдар орташа жөндеуден өтеді. Бұл шаралар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

    Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 30-дан астам жоба, сондай-ақ жол-көлік инфрақұрылымын жақсартуға арналған 5 жоба мемлекеттік сараптамадан өткізуге ұсынылады. Бұл – алдағы жылдары қаланың даму әлеуетін арттыратын маңызды қадам.

    Құрылыс саласы: қауіпсіздік пен қолайлы қала құру

    Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында 10-шағынауданда учаскелік полиция пунктінің әкімшілік ғимараты салынады.

    Сондай-ақ туристік және қоғамдық әлеуеті жоғары «Көшпенділер қалашығын» қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Жоба туристік әлеуетті арттырады деп күтілуде.

    «Восточный» шағынауданындағы үш көшеге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін де ЖСҚ дайындалады.

    Инженерлік желілер мен абаттандыру

    Қала аумағында инженерлік коммуникацияларды жаңарту және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасады. Атап айтқанда, №6 және №7 жағажайларды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар мен қала қонақтарына қолайлы демалыс аймағы қалыптастырылады.

    Сумен қамту бойынша алты су ұңғымасын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Сонымен қатар Қонаев қаласында жасыл желектерді автоматтандырылған суару жүйесін енгізу үшін де құжат дайындалады. Аталған шара көгалдандыру жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

    Жарықтандырылмаған көшелерге жарық бағаналары мен шамдар орнатылып, тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттері жөнделеді. Қала аумағында жасыл желектерді биологиялық өңдеу, маса мен кеміргіштерге қарсы санитарлық жұмыстар жүргізіледі.

    «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың ұсыныстары негізінде ортақ пайдаланылатын аумақтарды абаттандыру жалғасады. Сонымен қатар қоғамдық орындарды тазалау, саябақтарды күтіп ұстау және көгалдандыру жұмыстары да атқарылады. Бұған қоса, қаладағы бес шағынауданды газдандыру жұмыстары аяқталмақ.

    Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту

    Қонаев қаласы мен Шеңгелді ауылдық округінің елдімекендерінде жаңа автобус аялдамалары орнатылады. Қала жолдарында ағымдағы және шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізіліп, қозғалыс қауіпсіздігі артады.

    Іле өзені арқылы «Таңбалы тас» пен «Көшпенділер қалашығын» байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлінді.

    Жолаушылар тасымалдау шығындарын субсидиялауға 372,6 млн теңге бағытталды. Ал әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен және тегін жүруін қамтамасыз ету үшін 72,3 млн теңге қарастырылған.

    Ауылдық округтер мен әлеуметтік қолдау

    Ауылдық аумақтарды дамыту да басты назарда. Шеңгелді ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Кербұлақ, Шеңгелді және Қосқұдық ауылдарында балалар ойын алаңдары салынып, елдімекендерге 66 бейнебақылау камерасы орнатылады.

    Сонымен қатар «Дипломмен ауылға» жобасы аясында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және агроөнеркәсіп саласының мамандарына қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатқа 9,5 млн теңге бөлініп, жас мамандарға 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төленеді. Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 2026 жылы 69,2 млн теңге көлемінде бюджеттік кредит қарастырылған.

    Халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы жұмыстар да алдағы жылы жүйелі түрде жалғасын табады.

    Осылайша, Қонаев қаласында 2026 жылға арналған жоспарлар тек жекелеген салаларды қамтып қана қоймай, қаланың ұзақмерзімді дамуына негіз болатын кешенді бағыттарды көздейді.

    2026 жылға айқындалған міндеттер мемлекеттік саясаттың басым бағыттарымен үндесіп, халықтың күнделікті өмірінде сезілетін нақты нәтижелерге бағытталған. Қаланың даму жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

  • Қонаевта қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың деңгейі 90%-ға жетті

    Қонаевта қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың деңгейі 90%-ға жетті

    Қонаев қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

    2025 жылы бірқатар ірі жобалар басталып, кейбірі өз мәресіне жетті. Оның ішінде «Көшпенділер» қалашығына дейін 6,8 шақырым жол салынды. Мұнда жол бойы толығымен жарықтандырылып, қалашықтың алдында автотұрақ ұйымдастырылды.
    Ал «Қарлығаш» ықшамауданында 7,4 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуде. Бұл ауданда 8,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, аялдамалар орнатылады. Сондай-ақ көше бойы жарықтандырылады. Жоба биылғы жылға өтпелі.

    Кешенді даму жоспарына сәйкес, Шеңгелді ауылдық округі бойынша 29,2 шақырым жол жөнделді:
    Кербұлақ ауылы – 8,1 км (19 көше)
    Сарыбұлақ ауылы – 9,2 км (14 көше)
    Ақөзек ауылы – 4,0 км (6 көше)
    Қосқұдық ауылы – 7,7 км (8 көше)

    Жолдарды күтіп ұстау бойынша келесідей жұмыстар атқарылды:
    • 4000 шаршы метр шұңқыр жамалды,
    • 1300 метр жерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді,
    • 520 дана жол белгісі, 14 жасанды жол дөңесі орнатылды.

    Жобалардың жүзеге асу нәтижесінде қанағаттанарлық және жақсы деңгейдегі жолдың деңгейі 90%-ға жетті.

  • Қонаевта өнеркәсіп өндірісінің көлемі 90 млрд теңгеден асты

    Қонаевта өнеркәсіп өндірісінің көлемі 90 млрд теңгеден асты

    Қонаев қаласының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты өсіммен сипатталуда. Негізгі көрсеткіштер бойынша шаһарда инвестициялық белсенділік артқан, өндіріс көлемі ұлғайған және кәсіпкерлік секторы нығая түскен.

    Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 146,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 43 млрд теңгеге артық, яғни қала экономикасына салынған қаржы көлемі айтарлықтай ұлғайды.

    Өнеркәсіп саласында да оң динамика қалыптасты. Қаладағы өндіріс орындары бір жыл ішінде 90,8 млрд теңгеге өнім өндіріп, өңдеуші сектордың әлеуеті артқанын көрсетті.

    Шағын және орта бизнес экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Қонаевта 6718 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Аталған сектордан бюджетке 39,2 млрд теңге салық түсіп, өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 439,4 млрд теңгеге жетті.

    Алдағы жылдары Қонаевта жалпы құны 2 трлн теңгеден асатын 40-тан астам ірі инвестициялық жоба іске асырылуы жоспарланып отыр. Олардың қатарында «Жаңа Іле» аумағында академиялық қалашық салу, қонақ үйлер мен демалыс аймақтарын дамыту, эко-саябақтар мен өндірістік нысандар салу жобалары бар.

    Қазіргі таңда бірқатар жобалар бойынша жер учаскелері анықталып, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

    Өткен жылы қалада үш түрлі өнім шығаратын жаңа зауыт өз жұмысын бастады.

    Қазір кардиологиялық орталықтың, Алматы–Өскемен автожолы бойындағы бұрынғы ойынхана аумағында қонақ үй кешенінің, жанар-жағармай бекетінің және аквапарктың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

    Ал 2026 жылы «Новая АЗС» ЖШС – «Compass» жанар-жағармай бекетін, «Белес» ЖШС – кірпіш зауытын, «Hilton» халықаралық қонақ үйін, «Alidar» ЖШС – мектепке дейінгі білім беру нысанын салуды бастайды.

    Ауыл шаруашылығы саласында да оң үрдіс байқалады. 2025 жылы бұл саладағы өнімнің жалпы көлемі 21,7 млрд теңгеге жетті. Негізгі көрсеткіштер бойынша жылқы басы 21,4%-ға, ет өндірісі 29,8%-ға, сүт өндірісі 21,7%-ға, жұмыртқа өндіру 41,6%-ға артты.

    Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 11 769,3 гектарды құрады. Егіс құрылымында жоғары рентабельді дақылдарға басымдық берілген. Биыл суармалы егіс алқаптарын ұлғайту көзделіп отыр.

    2025 жылы Қонаевта 62 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 31,3 млрд теңгені құрады. Қазіргі таңда қала аумағында 11 жеке құрылыс компаниясы тұрғын үй кешендерін салуда.

  • Қонаевта тұрғындарды әлеуметтік қолдауға 150 млн теңгеден астам қаражат бағытталды

    Қонаевта тұрғындарды әлеуметтік қолдауға 150 млн теңгеден астам қаражат бағытталды

    2025 жылы Қонаев қаласында әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды қолдауға бағытталған ауқымды шаралар кешені жүзеге асырылды. Мыңдаған азаматты қамтыған бұл жұмыстардың жылдық қорытындысын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шығарды. Көрсетілген көмектің барлығы нақты қажеттіліктерге негізделіп, жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілді.
    Атаулы көмек пен әлеуметтік төлемдер
    Атаулы әлеуметтік көмек 101 отбасының құрамындағы 509 аз қамтылған азаматқа тағайындалып, жалпы сомасы 71,5 млн теңгені құрады. Сонымен қатар 1 жастан 6 жасқа дейінгі 180 балаға ай сайынғы кепілдендірілген әлеуметтік төлем ретінде 67,9 млн теңге берілді. Тұрғын үй көмегі 25 отбасыға көрсетіліп, оған 768,5 мың теңге бөлінді.
    Мемлекеттің ерекше қамқорлығын қажет ететін азаматтарға да жүйелі қолдау көрсетілді. Атап айтқанда:
    – 55 туберкулезбен ауыратын азаматқа – 6,9 млн теңге;
    – Ұлы Отан соғысының 1 ардагеріне – тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне өтемақы және Жеңіс күніне орай 5 млн теңге;
    – 91 ауған соғысының ардагеріне – 17,9 млн теңге;
    – Чернобыль АЭС апатынан зардап шеккен 24 адамға – 4,7 млн теңге;
    – 128 әскери қимыл ардагеріне – 25,1 млн теңге;
    – ҰОС ардагерлерінің 9 жесіріне және 117 тыл еңбеккеріне – біржолғы әлеуметтік көмек;
    – Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардың салдарын жоюға қатысып, мүгедектік алған 7 азаматқа біржолғы әлеуметтік төлем тағайындалды.
    Отбасы мен балаларды қолдау
    Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 26 баланың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналар төлемі 100 пайыз субсидияланды.
    Наурыз мейрамы, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні, Балаларды қорғау күні, Қарттар күні және Мүгедектігі бар адамдар күні аясында әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ жаңа жыл мерекесінде өткен ертеңгіліктерде 1024 балаға сыйлықтар табыс етілді.
    Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау – тұрақты басымдық
    Қонаев қаласы әкімдігі инклюзивті қоғам қалыптастыру және мүгедектігі бар азаматтарды қолдау саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы олар қажетті оңалту құралдары мен қызметтерді өз бетінше алу мүмкіндігіне ие.
    Жыл басынан бері:
    – 660 дана гигиеналық құрал;
    – 82 арба;
    – 254 протездік-ортопедиялық бұйым;
    – тифло және сурдоқұралдар берілді.
    Сонымен қатар:
    – 323 адам санаторий-курорттық еммен;
    – 46 азамат жеке көмекші қызметімен;
    – 16 адам ымдау тілі маманының қызметімен қамтылды.
    «Қолжетімді орта» және әлеуметтік инфрақұрылым
    Қалада кедергісіз орта қалыптастыру бағытында әлеуметтік маңызы бар нысандарды бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. «Қолжетімді орта» порталында тіркелген 109 нысанның 85-і толық, 5-еуі жартылай бейімделген. Бұл жұмыстар қоғамдық ұйымдардың қатысуымен және құрылыс нормаларын сақтай отырып іске асырылуда.
    Әлеуметтік қызметтер және еңбек көші-қоны
    Арнайы әлеуметтік қызметтер орталықтары арқылы:
    – 27 адам стационарлық;
    – 115 адам жартылай стационарлық;
    – 115 адам үйде қызмет көрсету түрімен қамтылды.
    Сонымен қатар мемлекеттік қызмет аясында 2399 адамға еңбек иммигранты ретінде жұмыс істеуге рұқсат берілді.

  • Жыл қорытындысы: Қонаевта 150-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    Жыл қорытындысы: Қонаевта 150-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    2025 жылы Қонаев қаласында мәдени-рухани өмір қарқынды дамып, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған 150-ден астам мәдени іс-шара өткізілді. Жыл бойы Әз-Наурыз мерекесі, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні, Конституция күні, қаланың 55 жылдық мерейтойы, Республика күні және Жаңа жыл кең көлемде аталып өтті.

    Аталған мерекелер аясында ұйымдастырылған бірқатар ірі жобалар мен ерекше форматтағы іс-шаралар тарихта қалды. Атап айтқанда, Мемлекеттік рәміздер күні өткен флайборд-шоу, қаланың 55 жылдығына арналған мерекелік концерт пен думан, Конституция күні 55 метрлік Ту тұғыры нысанының пайдалануға берілуі, Республика күні өткен дрон-шоу, сондай-ақ жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған мерекелік концерт пен Coca-Cola керуенінің алғаш рет Қонаев қаласына келуі тұрғындар тарапынан жоғары бағаланды.

    Жаз мезгілінде әр апта сайын өткен «Aspan fest» фестивалі жастар мен өнер сүйер қауымды бір алаңға тоғыстырды.

    Мәдениет саласындағы жаңашыл бастамалар инфрақұрылымдық өзгерістермен де жалғасын тапты. Былтыр бишілер мен әншілерден құралған «Қонаев әуендері» шығармашылық ансамблі құрылып, мәдени жобаларға белсенді тартылды. Қалалық мәдениет үйінде ағымдағы жөндеу жүргізіліп, материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Ал қалалық кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, заманауи технологиялармен жабдықталып, тұрғындар игілігіне қайта берілді. Нысанның келбеті түбегейлі жаңарып, оқырмандарға қолайлы жағдай жасалды.

    Бүгінде қалада 90-ға жуық ән-би үйірмесі жұмыс істеп тұр. Оған 1000-нан астам бала қатысып, өнер мен шығармашылыққа баулынуда.

    Сондай-ақ ономастика саласында да жүйелі жұмыстар жүргізілді. Атауы жоқ бес көшеге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, елімізге және Қонаев қаласының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың есімдері берілді.

  • Қонаевта 5 жаңа автобус іске қосылды

    Қонаевта 5 жаңа автобус іске қосылды

    Қонаев қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Облыстық орталық мәртебесін алғаннан кейін ескі автобустар толығымен жаңартылып, қала мен ауылдық елді мекендерді қосатын жаңа маршруттар ашылды.

    Бұрын қалада 9 маршрутпен 28 автобус жұмыс істеді. Қазір 1 жаңа маршрут және 5 автобус қосылды. Жаңа маршрут Қонаев қаласын Ақозек және Кербулак ауылдарымен байланыстырады, қалған 4 автобус қалалық бағыттарға бағытталды. Қалада жалпы 33 автобус жұмыс істейді: 6 қалалық және 5 ауыларалық маршрут.

    Акимат қаулысымен жол жүру тарифтері бекітілген. Электрондық билет немесе мобильді қосымшамен төлеу 120 теңге, қолма-қол  200 теңге. Ауыларалық бағыттарда тариф 150-ден 500 теңгеге дейін өзгереді. Студенттерге, мектеп оқушыларына және зейнеткерлерге 50% жеңілдік қарастырылған, көпбалалы аналар, мүгедектер және ерекше қажеттіліктері бар балалар тегін жүреді.

    2025 жылы қалада 16 жаңа автобус аялдамасы іске қосылып, видеобақылау камералары және маршруттық ақпараттық экрандармен жабдықталған.