Метка: Қонаев

  • Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы тағайындалды

    Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы тағайындалды

    Қонаев қаласы әкімінің өкімімен Байдуанов Алишер Ерланұлы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Ол 1993 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2012 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы Сәулет колледжін, 2015 жылы Халықаралық Білім Беру Корпорациясын «архитектура» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2015 жылы жобалаушы-маман ретінде бастаған. 2016 жылдан бері Қапшағай, кейіннен Қонаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

  • Қонаев қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

    Қонаев қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

    Қонаев қаласы әкімінің өкімімен Шахарбек Рахман Қуанышұлы қала әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

    Ол 1995 жылы қазіргі Жетісу облысы Панфилов ауданы Көктал ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2017 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша, 2022 жылы Халықаралық Тараз инновациялық институтын құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Бүгінде ол Өңірлік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

    Бұған дейін Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болған.

  • Саяжай тұрғындарымен кездесу: Бас жоспар мәселесі талқыға салынды

    Саяжай тұрғындарымен кездесу: Бас жоспар мәселесі талқыға салынды

    Негізгі баяндамадан соң тұрғындар өздерін толғандыратын бірқатар сұрақтарды қойды. Оның негізгісі саяжайларға шағынаудан статусын беру болды.

    «Бұл мәселе тек Бас жоспар бекітілгеннен кейін шешімін табады. Аталған құжатқа өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Оның оң қорытындысы шығарылса, қаланың шекарасы бекітіліп, саяжай массивтеріне шағынаудан статусы беріледі. Барлық процесс ауқымды жұмыс екенін естен шығармайық. Уақыт қажет», – деді әкім.

    Шаһар басшысының сөзіне сүйенсек, Бас жоспар бекітілгеннен кейін ауыз су тарту, жаңа жол салу жобалары дайындалады.

    Қала әкімі түйткілдің түйіні тарқамай тұрғанына қарамастан, соңғы жылдары мұнда айтарлықтай жұмыс жасалғанын да атап өтті. Мысалы:
    • Саяжайларға балалар, спорт алаңдары салынды;
    • ауыз су құбырлары мемлекет меншігіне алынып, «Қонаев Су Арнасы» мекемесінің иелігіне өтті;
    • 81,3 шақырым электр желісі ауыстырылып, жөнделді;
    • көше жарығы орнатылды;
    • кейбір аумақтарда жол жөнделді;
    • аялдамалар мен жасанды жол дөңестері қойылды;
    • бейнебақылау камералары орнатылды;
    • мемлекеттік мекеме 1200 метр ауыз су құбырын жаңартты (абоненттер жыл соңына дейін жаңа желіге қосылады);
    • барлық саяжайға газ тарту бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленуде.

    Сонымен қатар халық үй жануарларының иесіз қаңғып, көшелерде жүретінін айтып, шағымданды. Бұл сұрақ полиция басқармасының бақылауына алынды.

    Айта кетейік, Қонаев қаласының аумағында 8 саяжай кооперативі орналасқан.

  • Қонаевта «Таза аула» байқауының үшінші кезеңі қорытындыланды

    Қонаевта «Таза аула» байқауының үшінші кезеңі қорытындыланды

    Байқаудың басты мақсаты —  тұрғындарды туған жерінің тазалығына бейжай қарамауға шақырып, өз аулаларын күтіп-ұстауға ынталандыру. Бұл бастама Қонаев қаласын көркейтуге бағытталған маңызды экологиялық жобалардың бірі саналады.

    Қорытынды іс-шара барысында абаттандыру мен тазалық сақтау ісінде ерекше белсенділік танытқан бірқатар азаматтарға Алматы облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

    Марапат иелерінің қатарында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кооперативтер мен сервистік компаниялардың өкілдері бар. Олардың еңбегі қаладағы тазалық пен тәртіпті сақтауда айрықша рөл атқарады.

    Сонымен қатар «Таза аула» байқауының жеңімпаздары анықталды:

    * 3-орын – «Спутник» шағынауданындағы №4/1 көпқабатты тұрғын үй тұрғыны Алия Абишева 100 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды;
    * 2-орын – 2-шағынаудан, №35 үй тұрғыны Юлия Абдрахманова 200 000 теңге көлеміндегі сертификат иегері атанды;
    * 1-орын – 1-шағынаудан, №22 үй тұрғындары Малика Тагирова Аскаровна мен Елена Позднякова бас жүлде – 300 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.

  • Қонаев қаласының әкімі POWERCHINA компаниясының өкілдерімен кездесті

    Қонаев қаласының әкімі POWERCHINA компаниясының өкілдерімен кездесті

    Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов POWERCHINA компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл компания Қытай Халық Республикасында мемлекеттік ірі компаниялардың бірі ретінде танымал және Қазақстанда түрлі салаларда жобаларды жүзеге асыруда.

    Кездесу барысында қала басшысы Қонаев қаласының Кешенді даму жоспары туралы баяндады. Жоспар аясында 187 іс-шара іске асырылмақ, олардың көбісі инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Сондай-ақ «Жаңа Іле» алабының игерілуі және алдағы уақытта 40 жаңа инвестициялық жобаның жүзеге асуы қарастырылғаны айтылды. Әкім инвесторлардың қалаға қызығушылығы жоғары екенін атап өтті.

    Сонымен бірге Асхат Бердіханов мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жобаларға лимиттің алынғанын және күн энергиясы станциясын салу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын жеткізді. Қалада әкімшілік нысандарды салу үшін инвестиция тарту жоспарланып отырғаны да айтылды.

    Кездесу соңында орынбасар Төлеген Кенжебеков пен кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлеріне инвестжобаларды талдап, POWERCHINA компаниясының өкілдерімен тығыз қарым-қатынас о

  • Қонаев тұрғындары абаттандыру жұмыстарына оң бағасын берді

    Қонаев тұрғындары абаттандыру жұмыстарына оң бағасын берді

    Ол бұрындары шаң-тозаңнан арылмаған аула қазірде жаңа келбетке енгенін айтып, абаттандыру жұмыстарына оң бағасын берді.

    «Бұл алаң салынбай тұрғанда балаларды ойнауға үйдің артындағы аулаға жіберетінбіз. Әрдайым сақ болып, олардың қауіпсіздігіне алаңдап отыратынбыз. Биыл мұнда воркаут және балалар алаңы тұрғызылып, қуанып қалдық. Өте сапалы жасалған. Жабдықтары да заманауи. Ойнауға, кешкі уақытта демалып отыруға өте ыңғайлы», — деді ол.

    Қонаевта дәл осындай тағы да 14 аумақ абаттандырылуда. Бұл жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Тек жастар емес, аулалардың жаңартылып жатқанына қарттар да дән риза. Соның бірі – 3-шағынауданның тұрғыны Ахметжан ата.

    «Мұнда балалар доп теуіп, қарттар денешынықтырумен айналыса алады. Жасым 68-ге келсе де, спортқа жаным құмар. Енді бос уақытымызды тиімді пайдаланатын болдық. Әйелім екеумізге ұнады», — деді тұрғын.

    Айта кетейік, былтыр осы бағдарлама шеңберінде 10 аумақ абаттандырылған болатын.

  • 111 сенім телефонына 44 қоңырау түскен

    111 сенім телефонына 44 қоңырау түскен

    Жиында сөз алған Алматы облыстық балалар құқығы жөніндегі уәкіл Айгүл Есімбекова «Ата-аналар университетінің» жұмысы жөнінде түсіндірді.

    «Біз күнделікті түрлі қиындықтарға ұшырап, түрлі өмірлік жағдайларда өмір сүріп жатқан отбасылармен жұмыс істейміз. Алматы облысы бойынша жасөспірімдердің суицид жасау дерегі азайғанымен, мәселе түбегейлі шешілген жоқ. Қазіргі таңда кез келген мектепте сенім телефондары көрсетілген тақтайшалар ілінген. Оған қоса, елімізде «Ата-аналар университеті» құрылған», — деді маман.

    Уәкілдің сөзіне сүйенсек, өз-өзіне қол жұмсаған балалардың 90 пайызы ата-анасымен ұрысқаннан кейін осындай қадамға барған.

    «Ата-аналар университеті» арқылы жаға ұстатарлық ситуациялардың алдын алуға болады. Бұл университет «Жанұя отбасын қолдау орталығы» қоғамдық қорының базасында құрылды. Мұнда әр отбасы мүшесіне тегін құқықтық, психологиялық көмек беріледі. Бірнеше жылдық тәжірибесі бар гештальт-терапевттер де қызмет етуде», — деді Айгүл Есімбекова.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматы облысы бойынша әйелдер және балалардың құқығын қорғау мәселелері бойынша 111 сенім телефонына 44 қоңырау түсіп, олардың әрқайсына жекелеген қолдаулар көрсетілген. Бұдан бөлек, Қонаевтағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығының көмегіне 200 адам жүгінген.

    Ал полиция басқармасының өкілдері буллинг жайында сөз қозғады.

    «Бұрын буллингке аса мән берілмейтін. Цифрлық технологиялардың дамуына байланысты Қазақстанда кибербуллинг белең алып, білім ошақтарында буллинг көрсету проблемасы жаңа сипатқа ие болды. Оқушылардың психологиялық мінез-құлқына зиян келтірмеу мақсатында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне 127-2-бабы енгізілді. Бұл бапқа сай, Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) – ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді», — деді маман.

    Сондай-ақ басқосуда кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты азайту сұрағы да талқыланды.

  • Қонаевта құны 15 млрд теңгелік заманауи агрокешен іске қосылды

    Қонаевта құны 15 млрд теңгелік заманауи агрокешен іске қосылды

    Қонаев қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған «Қапшағай Бидай Өнімдері» атты жаңа ірі агрокешеннің ашылу салтанаты өтті. Бұл жоба Алматы облысының аграрлық саласындағы ең ауқымды инвестициялық бастамалардың бірі болып саналады.

    1 қараша күні өткен шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, қазақстандық және қытайлық бизнес өкілдері қатысты.

    Жаңа өндіріс орнының жалпы инвестиция көлемі 15 млрд теңгеден асты, ал жылдық қуаттылығы 1 миллион тоннадан астам дайын өнім шығаруға жетеді. Бұл кәсіпорын – Қаскелең қаласынан кейін облыстағы екінші ірі өңдеу нысаны.

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев кешеннің іске қосылуы өңірдің ауыл шаруашылығы өндірісін жаңа деңгейге көтеретінін айтты:

    «Алматы облысы – еліміздегі ең серпінді дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Инфрақұрылымның дамуы мен инвесторларға жасалған қолдау өңдеу саласының өркендеуіне жол ашып отыр. “Қапшағай бидай өнімдері” зауыты — өңдеу және экспорт бағытындағы инновациялық өндірістің жарқын үлгісі», — деді өңір басшысы.

    Ал ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов бұл жобаның Мемлекет басшысының тапсырмасына сай екенін атап өтті:

    «Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу — Президент қойған нақты міндет. Бұл сала ел экономикасының тиімділігін арттыруға бағытталған. “Қапшағай Бидай Өнімдері” зауыты – мемлекет пен бизнестің ортақ мақсатына жетудегі нақты нәтиже», — деді ол.

    Ашылу рәсімінің соңында қатысушылар зауыттың өндірістік қуатымен танысып, символдық түрде қызыл түймені басып, локомотив гудогын іске қосты — бұл кәсіпорынның ресми іске қосылғанын білдірді.

    Жаңа кешеннің іске қосылуы Алматы облысының агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экспорттық мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.

  • Қонаев қаласында тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп келеді

    Қонаев қаласында жергілікті тұрғындардың азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен алуына мүмкіндік беретін дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды Sona.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

    Жәрмеңке әр сенбі сайын 1-шағынаудандағы Құрылысшы көшесінде орналасқан «Алға» базарының аумағында өтеді. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сапалы және жаңа өнімдерді сатып ала алады.

    Жәрмеңке орындарының саны:
    • Қыс мезгілінде – 70–80 сауда орны
    • Жаз мезгілінде – 150-ге дейін

    Негізгі өнімдер мен бағалар:
    • ? картоп – 170–200 теңге (сортқа байланысты)
    • ? пияз – 100 теңге
    • ? сәбіз – 130–200 теңге
    • ? қырыққабат – 130–150 теңге

    Сондай-ақ, жәрмеңкеде ет, сүт, жұмыртқа, бал және жеміс-жидек өнімдері әлеуметтік бағада сатылады. Бұл өнімдер тікелей фермерлер мен өндірушілерден жеткізіледі.

    Жәрмеңкеге Қонаев қаласының, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының кәсіпкерлері қатысады. Олар өз өңірлерінде өндірілген экологиялық таза өнімдерді тұрғындарға ұсынады.

    Қала әкімдігі тұрғындарды жәрмеңкеге белсенді қатысуға шақырып, жергілікті өнімдерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай бастамалар ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға және шағын кәсіпкерлерді қолдауға мүмкіндік береді.

    «Алға» базарындағы жәрмеңке — халық пен фермер арасындағы сенімді көпір. Мұнда өнім тікелей өндірушіден тұтынушыға жеткізіледі, делдалсыз сауда жасалады. Бұл өз кезегінде бағаның өспеуіне ықпал етеді», – дейді ұйымдастырушылар.

  • Қонаев қаласында тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп келеді

    Қонаев қаласында тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп келеді

    Қонаев қаласында жергілікті тұрғындардың азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен алуына мүмкіндік беретін дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды Sona.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

    Жәрмеңке әр сенбі сайын 1-шағынаудандағы Құрылысшы көшесінде орналасқан «Алға» базарының аумағында өтеді. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сапалы және жаңа өнімдерді сатып ала алады.

    Жәрмеңке орындарының саны:
    • Қыс мезгілінде – 70–80 сауда орны
    • Жаз мезгілінде – 150-ге дейін

    Негізгі өнімдер мен бағалар:
    • ? картоп – 170–200 теңге (сортқа байланысты)
    • ? пияз – 100 теңге
    • ? сәбіз – 130–200 теңге
    • ? қырыққабат – 130–150 теңге

    Сондай-ақ, жәрмеңкеде ет, сүт, жұмыртқа, бал және жеміс-жидек өнімдері әлеуметтік бағада сатылады. Бұл өнімдер тікелей фермерлер мен өндірушілерден жеткізіледі.

    Жәрмеңкеге Қонаев қаласының, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының кәсіпкерлері қатысады. Олар өз өңірлерінде өндірілген экологиялық таза өнімдерді тұрғындарға ұсынады.

    Қала әкімдігі тұрғындарды жәрмеңкеге белсенді қатысуға шақырып, жергілікті өнімдерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай бастамалар ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға және шағын кәсіпкерлерді қолдауға мүмкіндік береді.

    «Алға» базарындағы жәрмеңке — халық пен фермер арасындағы сенімді көпір. Мұнда өнім тікелей өндірушіден тұтынушыға жеткізіледі, делдалсыз сауда жасалады. Бұл өз кезегінде бағаның өспеуіне ықпал етеді», – дейді ұйымдастырушылар.