Метка: Жетісу облысы

  • Жетісу өңірінде жантүршігерлік жол апаты болды

    Жетісу өңірінде жантүршігерлік жол апаты болды

    Оқиға кеше, 16 қазан күні Текеліде болған. Тоқтап тұрған көлікпен соқтығысқан шетелдік көліктің дөңгелегі астында 48 жастағы әйел қаза тапты.

    Облыстық полиция 48 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапқанын растады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Nissan Renessa және Mitsubishi Galant көліктері соқтығысқан.

    «Nissan Renessa көлігінің 44 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Mitsubishi Galant автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан көлік қозғалып, инерциямен жаяу жүргіншіні қағып өткен. Ол, өкінішке қарай, сол жерде қайтыс болды. Құқықбұзушының көлігі арнайы тұраққа жеткізілді», — деді Жетісу облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

  • Жетісуда әжетхана салуға бөлінген 75 млн теңге жымқырылды

    Жетісуда әжетхана салуға бөлінген 75 млн теңге жымқырылды

    Жетісу облысында Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

    Өңір прокуратурасының ақпаратынша, сотталғандар туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын талан-таражға салған.

    «Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті. Сарқан ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді», — деді.

    Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

  • Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

    Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

    Жетісу облысының Көксу ауданында үш адам көлік апатынан көз жұмды. Алдын-ала болжам бойынша, “Toyota Camry” маркалы жеңіл автокөлігі “Алматы – Өскемен” автожолының 239 шақырымында жолшыбай бағытта келе жатқан “Камаз” жүк автокөлігінің артқы тіркемімен соқтығысқан.
    Апат салдарынан “Toyota Camry” жеңіл автокөлігінің жүргізушісімен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық жәрдем көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілген.

    Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Өңір полициясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.

  • Жетісу облысында білім бөлімі есепшілері ақша жымқырған

    Жетісу облысында білім бөлімі есепшілері ақша жымқырған

    Жетісу облысы Кербұлақ ауданы білім бөлімі есепшілері бюджет қаражатын жымқырған.

    Прокуратура мәліметінше,  2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің 3 есепшісі онда жұмыс істемейтін адамдарға жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын заңсыз аударған. Келтірілген шығын – 34 млн теңге.

    Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы («Шартты түрде соттау») бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

  • Есірткіні шприцке тыққан ер адам ұсталды

    Есірткіні шприцке тыққан ер адам ұсталды

    Басқа біреудің мүлкін ұрлаған деген күдікпен қамауға алынған тергеудегі азаматтың ағасы есірткі затты тығып өткізуге тырысты. Алайда, тергеу изоляторы қызметкерлерінің қырағылығының арқасында есірткі заттар сусабын бөтелкесінен табылды.

    Ер адам алдын-ала 200 мл шприцке есірткіге ұқсас жасыл заттарды салып, оларды сусабынның ішіне жасырып өткізбек болды. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, химиялық сот сараптамасына жіберілді.

    «Тыйым салынған заттарды беру фактісі бейнетіркеуішке тіркелді. ҚАЖ мекемелеріне есірткі заттарын өткізу оларды сату ретінде сараланады, яғни бас бостандығынан айыруға жазаланатын қылмыстық-жазаланатын әрекеттердің бірі болып табылады»,- деп атап өтті өңірлік ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Шәріпбеков.

    Айта кетейік, оқиға Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №71 мекемесінде болған.

  • Жетісу облысында Латвиядан келген туристер құтқарылды

    Жетісу облысында Латвиядан келген туристер құтқарылды

    Жетісу облыстық ПД мәліметінше, Латвиядан келген ерлі-зайыптылар Кербұлақ ауданындағы Ақтау тауларында адасып кеткен. Ерлі-зайыптылардың Қазақстанға туристік визамен 25 қыркүйекте Алтын Емел ұлттық қорығындағы тау жотасына бару үшін келгені белгілі болды.

    «Ерлі-зайыптылар кездейсоқ негізгі топтан артта қалып, байланысын жоғалтты. Іздестіру шараларына Кербұлақ аудандық полициясы мен облыстық департамент қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД құтқарушылары, еріктілер мен орманшылар тартылды. Іздеуде тікұшақ пен дрондар пайдаланылды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Жоғалған туристер Басши ауылынан 44 шақырым жерде табылды. Ерлі-зайыптылар қауіпсіз жерге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді.

    Құтқарылған шетелдіктер оларды іздеуге қатысқандардың барлығына алғыстарын білдіріп, қазақстандық іздеушілердің жоғары кәсібилігін атап өтті.

  • Қорғаста жүк-жолаушылар әуежайы салынады

    Қорғаста жүк-жолаушылар әуежайы салынады

    «SKYHANSA» Қазақстан-Германия консорциумы жаңа жүк-жолаушылар әуежайын салады

    Германияның федералды канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға ресми сапары аясында Көлік министрлігі мен «SKYHANSA» компаниясы арасында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында жүк-жолаушылар әуежайын салу жобасын іске асыру туралы негіздемелік келісім жасалды.

    Жоба қуаты 500 адам/сағ дейін жолаушылар терминалы бар әуежай инфрақұрылымын, сыйымдылығы жылына 550 000 тоннаға дейінгі отын қоймасын, жылына 250 000 тоннаға дейін жүктерді толық өңдейтін жүк терминалын салудың, әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін авиациялық-техникалық орталық құрудың, сондай-ақ басқа да туристік және сауда-ойын-сауық қызметтерін дамытудың үш кезеңдік бағдарламасын көздейді.

    Жетісу облысының әкімдігі әуежай салу үшін жер телімін бөлді.

  • Үш жасар баланы алтыншы күн іздеп жатыр

    Үш жасар баланы алтыншы күн іздеп жатыр

    Жетісу облысының Көксу ауылында 3 жасар баланы 400-ден астам адам алтыншы күн іздеп жатыр. Бүлдіршін 6 қыркүйек күні үйінің ауласында ойнап жүріп, күндізгі ондар шамасында жоғалып кеткен. Баланы іздеу жұмыстарына полиция мен төтенше жағдай қызметкерлері, ұлттық гвардия ұландары, ауыл тұрғындары мен еріктілер жұмылдырылған. Олар ауыл ішін, маңайын, елді-мекен жанынан өтетін Мұқаншы өзенін, шұңқырлар мен тоғайлардың арасын  шолып шыққанымен  нәтиже жоқ.

     

  • Даулы пост үшін әкімдік журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертті

    Даулы пост үшін әкімдік журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертті

    Даулы пост үшін әкімдік журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертті

    Жетісу облысындағы Ақсу ауданының әкімдігі журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертіп, ескерту хат жолдапты. Бұл жөнінде журналистің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

    «Страна погрязла в бля&стве» атауымен шыққан мақалаңыз жалған екендігін ескертіп, арыздануға қатысты ешқандай сексуалдық сипаттағы қандайда бір әрекеттің болмағандығы туралы хабарлап, ресми түрде кешірім білдіруді сұраймыз. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда «Жетісу облысы Ақсу ауданының әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі сотқа жүгінетінін ескертеміз»,- деп әкімдік осындай хабарлама жіберді деп жазды Сандуғаш Дүйсенова.

    Сондай-ақ, С.Дүйсенова ескерту хаттың суретін де жариялады.

    Ал, журналистің өзі ескерту хатқа жауап ретінде желіде былай деп жауап берді.

    «10 күн өтер-өтпестен Ақсу ауданы әкімі аппаратының экс-жетекшісі, «Аманат» партиясының Ақсу аудандық филиалының басшысы 7 жастағы ұлды зорлады деген күдікпен ұсталды. Былыққа баттыңдар, масқара жағдай»,- деп жазды С.Дүйсенова.

  • «AMANAT» партиясының жетекшісі 7 жасар баланы зорлаған

    «AMANAT» партиясының жетекшісі 7 жасар баланы зорлаған

    Жетісу облысында AMANAT партиясының жетекшісінің бірі педофилге күдікті ретінде ұсталды.

    Ақсу ауданының ПБ мәліметінше, 7 жасар баланы зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазір шенеунік қамауда отыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.