Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Қарағандыда 100 млн теңгелік қаржы пирамидасы анықталды

Дана Альсеитова
4 Қараша, 2025
Зерттеу
A A
Қарағандыда 100 млн теңгелік қаржы пирамидасы анықталды

фото: ҚМА

WhatsappTelegram

Қарағанды облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті «Үміт Самғау» атты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sona.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сәйкес, аталған компания өз қызметін қайырымдылық қоры ретінде көрсетіп, жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді мақсат еткенін мәлімдеген. Алайда іс жүзінде жоба қаржы пирамидасы болып шыққан.

Азаматтарға 300%-дан 800%-ға дейін пайда түсіретін түрлі «салым» түрлері ұсынылған. Шарт бойынша, салым көлемі неғұрлым жоғары болса, кіріс те соғұрлым көп болады делінген.

Тергеу барысында төлемдердің нақты экономикалық қызмет есебінен емес, жаңа қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асқаны анықталды.

Ұйымдастырушылар жүйені кеңейту үшін туыстары мен таныстарын «дроппер» ретінде тартқан. Олардың банктік есепшоттары арқылы қатысушылардың ақшасы қабылданып, әрі қарай үлестірілген.

Нәтижесінде 400-ден астам азамат зардап шегіп, жалпы келтірілген залал 100 млн теңгеден асты.

Соттың санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды.

Қазір тергеу амалдары жалғасуда.
Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды күмәнді инвестициялық жобаларға және жоғары табыс уәде ететін платформаларға сенбеуге шақырады.

«Кез келген жобада заңдылық пен лицензияның бар-жоғын тексеру маңызды. Қаржы пирамидасын ұйымдастыру – қылмыс, ал оған қатысу қаржылық шығын мен заң алдында жауапкершілікке әкеледі», – деп ескертті құзырлы мекеме.

Тегтер: «Үміт Самғау»Басты жаңалықтарБасты оқиғаларҚарағандыҚаржы пирамидасы
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Екібастұз шенеуніктері бәс тігумен айналысқан: Прокуратура әкімдік қызметкерлерінің заңсыз әрекетін әшкереледі

Екібастұз шенеуніктері бәс тігумен айналысқан: Прокуратура әкімдік қызметкерлерінің заңсыз әрекетін әшкереледі

Дана Альсеитова
19 Наурыз, 2026

Екібастұз қаласының прокуратурасы жергілікті әкімдік қызметкерлерінің арасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын өрескел бұзу фактілерін анықтады. Тексеру барысында...

Көкшетаудағы инженерлік желілер жыры: Қаржылық мониторинг агенттігі 160 миллион теңге ұрланғанын анықтады

Көкшетаудағы инженерлік желілер жыры: Қаржылық мониторинг агенттігі 160 миллион теңге ұрланғанын анықтады

Дана Альсеитова
19 Наурыз, 2026

Ақмола облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті Көкшетау қаласындағы инженерлік желілер мен абаттандыру нысандарының құрылысына бөлінген бюджет...

100 миллион теңге пара: Астана, Көкшетау және Екібастұз ХҚКО басшылары тергеліп жатыр

100 миллион теңге пара: Астана, Көкшетау және Екібастұз ХҚКО басшылары тергеліп жатыр

Дана Альсеитова
19 Наурыз, 2026

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылдың басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бірнеше ірі сыбайлас жемқорлық фактілерін...

Санжар Боқаев ұсталды: Бас прокуратура белсендіге тағылған айыптарды жариялады

Санжар Боқаев ұсталды: Бас прокуратура белсендіге тағылған айыптарды жариялады

Дана Альсеитова
18 Наурыз, 2026

Қазақстанның Бас прокуратурасы қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ұсталуына қатысты ресми түсініктеме берді. Тергеу мәліметтері бойынша, Боқаев қоғамдық...

Қатысты жаңалықтар

Дәстүр мен инновация үйлесімі: Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды

Дәстүр мен инновация үйлесімі: Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды

21 Наурыз, 2026
Аңыз адам бақилық болды: Экшн-фильмдердің жұлдызы Чак Норрис 86 жасында өмірден озды

Аңыз адам бақилық болды: Экшн-фильмдердің жұлдызы Чак Норрис 86 жасында өмірден озды

20 Наурыз, 2026
Наурыз на дороге: полиция области Жетісу провела акцию «Приемная на дороге»

Жолдағы Наурыз: Жетісу облысының полицейлері «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді

20 Наурыз, 2026
Абай облысындағы Орлов шахтасындағы қайғылы жағдай: Газ шығуынан бір жұмысшы қаза тапты

Абай облысындағы Орлов шахтасындағы қайғылы жағдай: Газ шығуынан бір жұмысшы қаза тапты

20 Наурыз, 2026
Ораза айт мерекесі басталды: Қазақстан мешіттерінде айт намазы оқылды

Ораза айт мерекесі басталды: Қазақстан мешіттерінде айт намазы оқылды

20 Наурыз, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz