Сағат 12:00 бойынша азаматтардың келуі туралы ақпарат
Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті.

Сағат 12:00 бойынша азаматтардың келуі туралы ақпарат
Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті.

Халықаралық бақылаушылар әзірге ешқандай заң бұзушылықты тіркеген жоқ
Бұл туралы ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Леонид Анфимов мәлімдеді.
Референдумды бақылауға ТМД-дан 74 халықаралық байқаушы қатысып жатыр. Олар – Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның өкілдері. ТМД елдерінің бақылаушылары Астана, Алматы және Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның басқа 6 облысында жүр.
Басқа аймақтарда бақылауды екіжақты негізде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және мемлекеттердің бақылаушылары жүзеге асыруда.

Қонаевта «Тұлпар» ретро автокөліктер салонының басшысы Мұрат Сіргебаев автошеру ұйымдастырды.
«Біз барлық саяси науқанға белсенді қатысамыз. Бүгін референдумға орай, халықтың көңіл-күйін көтеру үшін автошеру ұйымдастырдық. Бұл күні ел болашағы анықталады. Сондықтан әр азамат шет қалмай, азаматтық позициясын білдіруі тиіс деп ойлаймын», – деді кәсіпкер.
10 көліктен құралған шеру бірнеше референдум учаскелеріне барды. Олар 5 көшені толық аралап, 17 шақырымнан астам жолды жүріп өтті.
![]()

Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға дауыс беру үшін жағдай жасалған
Елордада мүгедектігі бар 36 мың адам тұрады, оның ішінде 21 мыңнан астамы дауыс беретін болады. Референдум күні олардың дауыс беру пунктеріне инватакси жеткізеді.
Дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінде қолайлы жағдай жасау бойынша қосымша шаралар енгізілді: пандустар, тұтқалар мен тактильді белгілер, көру қабілеті бұзылған азаматтарға аудиожазбаны тыңдағаннан кейін бюллетеньдерді өз бетінше толтыруға мүмкіндік беретін қолжетімді трафарет, мүмкіндігі шектеулі адамдар тіркелген учаскелерде жеке көмекшілер мен сурдоаудармашылар.

Астана тұрғыны Әсемгүл Әбдірахманова №83 мектеп-гимназияда орналасқан №56 сайлау учаскесіне инватакси арқылы келді. Сайлау учаскесінде оған ыңғайлы және қолжетімді дауыс беру үшін қажет нәрсенің бәрі берілді.
«Участокқа келгенімде жол тауып жүруім үшін еріктілер қарсы алды. Бұл дауыс беру мен үшін шектеулерге қарамастан барлығына кеңістікті қалай ұйымдастыруға болатынының үлгісі болды», – деп атап өтті сайлаушы.
Астанада таңертеңгі сағат 7-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.
Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің учаскелерін 4 тәсілмен онлайн біле алады:
— Ресми веб-қызмет: https://referendum.astana.kz/
— Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot
— IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 нөмірі бойынша;
— «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу». Қолданбаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алуға болады.

Астана әкімі АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Астанада сайлау учаскелері таңғы уақыттан бастап жұмыс істей бастады. Барлық учаскеде елорда тұрғындарының белсенділігі байқалады.

Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет үйіндегі № 123 сайлау учаскесінде Алтын адам бейнесінде киінген азамат дауыс берді. Ол аудандағы белсенді азамат. «Қазақстан археологиясының тарихында көптеген таңғажайып мұра бар, олардың бірі – Алматы облысында табылған «Алтын адам».

Ал Еңбекшіқазақ ауданы сол Алтын адамның атамекені. «Бүгін елімізде тарихи шешім қабылданып жатыр. Бұл әрине барлығымыздың болашағымызға қатысты маңызды шешім. Сондықтан бұл келелі шешімде туған топырағымыздың өткен тарихы мен ондағы өркениет ізін жаңғыртқым келді. Әрине мен бұны өздік азаматтық ұстаным білдірудің ерекше тәсілі дер едім. Мен қашанда қоғамды өзгерту мен елімізді өркендетуге бағытталған шешімдерге белсене үн қатып келемін»,– деді кәсіпкер Жасұлан Сейдазимов.

Елордада 18 жасқа толған 26 мыңнан астам жас алғаш рет республикалық референдумға қатысып, дауыс берді.
Елордадағы ЖОО-лардың бірінің студенті бүгін осындай маңызды іс-шараға алғаш рет қатысып қана қоймай, өзінің 18 жасқа толған күнін атап өтіп отыр.
Бүгінде Астана учаскелерінде өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге келген жастардың саны айтарлықтай көп.
Астанада сайлау учаскелері таңғы уақыттан бастап жұмыс істей бастады. Барлық учаскеде елорда тұрғындарының белсенділігі байқалады.
Астанада таңертеңгі сағат 7-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.
Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің учаскелерін 4 тәсілмен онлайн біле алады:
— Ресми веб-қызмет: https://referendum.astana.kz/
— Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot
— IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 нөмірі бойынша;
— «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу». Қолданбаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алуға болады.

Алматы облысының Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылындағы №573 сайлау учаскесіне бір әулеттің бес буынының өкілдері келіп дауыс берді. 103 жастағы Шортанова Күлпара, оның 85 жастағы ұлы Марат, 50 жастағы немересі Олжас, 25 жастағы шөбересі Бейбіт және 18 жастағы шөбересі Марал өз таңдауларын жасады.
Бүгінгі күн отбасы мүшелері үшін үлкен мәнге ие. Себебі айтулы күн ұрпақтар сабақтастығы мен ажырамас байланысын, ел ертеңіне әрбір адамның үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетті. Айта кетерлігі, 18 жасар Марал бүгін алғаш рет дауыс берді.
Шортановтар отбасы ауылдың көркеюіне қосқан үлесімен танымал. Балалары мен немерелері түрлі салада – ұстаздықтан бастап, мемлекеттік қызметке дейін еңбек етеді. Ұлы Марат ауылдық округ әкімі, немересі Олжас та жергілікті мемлекеттік органдарда қызмет атқарса, шөбересі Бейбіт алғашқы әскери дайындықтан сабақ береді. Олардың дауыс беруге қатысуы ұрпақтар арасындағы байланыстың, елді көркейту жолындағы бірліктің символына айналды.
Дауыс беруден кейін отбасы осы маңызды күнді еске алу үшін бірге суретке түсті. Ел болашағы үлкеннен кішіге дейін барша азаматтың күшімен қалыптасатынын еске салды. Жақындары мен таныстары әсерлерімен бөлісіп, қоғамның игілігі үшін дауыс беру құқығын пайдаланудың қаншалықты маңызды екенін талқылады.

– Менің ойымша, Үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы ретінде қойған міндеттерімді орындауға тырысады. Жұмысымыз өте қауырт. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына көріне бермеуі мүмкін. Ақпараттарды жан-жақтан алып отырамын.
Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Сондықтан елдегі барлық оқиғадан әрқашан хабардармын. Министрлердің және Үкіметтің жұмысында кемшін кетіп жатқан тұстар болса, әлбетте, ескертемін. Жеті ай деген көп уақыт емес. Үкімет мүшелері өздерін көрсетуі керек. Ең басты міндет – ел экономикасының дамуына серпін беретін мүмкіндіктерді іздеу, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдумда дауыс бергенін хабарлаған болатынбыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы сайлау учаскесіне барып, АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді.
Референдумда оң шешім қабылданса, АЭС-ті кім салады?
Президент пікірінше, станция құрылысымен халықаралық консорциум айналысуы қажет.
Бұл оңай мәселе емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Дей тұрғанмен бұл жағдайға жеке көзқарасым — Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын Халықаралық консорциум жұмыс істеуге тиіс, — деді Президент