Автор: Аяла Тұрсын

  • Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр

    Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр

    Таңертеңнен бастап Үлкен ауылдық округінің 150-ден астам тұрғыны №332 референдум учаскесіне дауыс беруге келіп, белсенділік танытты.

    Бүгінгі референдумның маңызы зор. Бұл – халықтың ел болашағына қатысты шешімдерді өз қолына алатын сәті. Әрбір дауыс берушінің таңдауы маңызды. Өз таңдауымызбен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Біз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек, – дейді ауыл тұрғыны Рахима Қайырбекова.

    Алматы облысының Жамбыл ауданында референдумға арналған 77 учаске жұмыс істеп тұр.

  • Қызылорда облысында 103 жастағы соғыс ардагері дауыс беруге келді

    Қызылорда облысында 103 жастағы соғыс ардагері дауыс беруге келді

    Сырдария ауданында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Яхия Тасыров референдум күні алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.

    Бірлік әрқашанда маңызды. Мемлекеттің дамуы келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын, — деді майдангер.

    Облыста 492 380 адамның дауыс беру мүмкіндігі бар. Өңірде 380 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр, оның 126-ы Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан.

  • Референдумда оң шешім қабылданса, АЭС-ті кім салады?

    Референдумда оң шешім қабылданса, АЭС-ті кім салады?

    Президент пікірінше, станция құрылысымен халықаралық консорциум айналысуы қажет.

    Бұл оңай мәселе емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Дей тұрғанмен бұл жағдайға жеке көзқарасым — Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын Халықаралық консорциум жұмыс істеуге тиіс, — деді Президент

     

  • 5 қазаннан бастап референдум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды

    5 қазаннан бастап референдум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды

    Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Ол қоғамдық пікірге сауал салу қорытындысын, референдумға байланысты өзге де зерттеулер мен дауыс беру нәтижесінің болжамын, дауыс берілетін күні БАҚ-та және онлайн платформаларда жариялауға болмайтынын ескертті.
    Республика бойынша 10 мың 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру құқығына ие 12 млн 244 мың 683 адам бар.

  • Ақмола облысында үйінде есірткі сақтаған шетелдік ұсталды

    Ақмола облысында үйінде есірткі сақтаған шетелдік ұсталды

    Ақмола облысында тұратын 57 жастағы шетелдік 4 келіден астам марихуана мен каннабис тұқымдас өсімдіктерді сақтағаны үшін ұсталды.

    Күдікті “Қарасора – 2024” жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсті.  Целиноград ауданындағы 57 жастағы тұрғынының  үйінен канабис тұқымдас өсімдігі бар 6 қорап табылды. Тәркіленді, гараж бен қорада соған ұқсас өсімдігі бар тағы үш қап табылды. Сонымен қатар гараж бен қорада қабырға бойымен осы өсімдіктің бұталары ілулі болды. Алынған заттардың жалпы салмағы 4,5 келіден асты. Оның ішінде 2 келіден астам кептірілген марихуана және 1 келі 708 гр кептірілген қарасора бар .

    Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған. Ер адамға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

  • Астана әуежайындағы автотұрақ қымбаттайды

    Астана әуежайындағы автотұрақ қымбаттайды

    Бұл тұрақ аймағы, жабық паркинг, әуежайдың экспресс желісі мен бірінші жолақ инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға тиісті деңгейде қызмет көрсету мақсатында, сондай-ақ 2024 жылға арналған коммуналдық тарифтердің ұлғаюына және инфляцияның өсуіне байланысты.

    Әуежай «Smart Parking Technologies» ЖШС-ның тұрақ орнын жалға беру қызметі үшін тарифтік жоспары кестеде көрсетілгендей өзгергені туралы хабарлады.

  • Қонаевта референдум қарсаңында әуе шары көтерілді

    Қонаевта референдум қарсаңында әуе шары көтерілді

    Қонаевтың орталық алаңында жеке компания өкілдері халықты 6 қазан өтетін референдумға шақыру мақсатында әуе шарын көтерді.

    Компания мамандары референдум ел ертеңін айқындайтын маңызды шара деген пікірді ұстанып отыр.

    Шар кешкі сағат 20:00-ге дейін орталық алаңда болады. Қызығушылар болса, 2000-5000 тг көлемінде ақы төлеп, аспанға көтерілуіне мүмкіндік қарастырылған.

    Айта кетейік, Алматы облысында 643 сайлау учаскесі бар. Дауыс беру күні облыстың 477 учаскесінде онлайн-сервистер арқылы сайлаушылардың тіркеуін тексеру мүмкіндігі ұсынылады. Уақытша тіркеу қажет азаматтар үшін арнайы 5 учаске (Қонаев қаласында – 2, Қаскелең, Талғар және Есік қалаларында бір-бірден) болады. Бұл учаскелерде азаматтар ХҚКО арқылы уақытша тіркеліп, өз дауысын бере алады.

  • Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

    Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

    Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңді. (21-1, 13 КО)

    Осылайша отандасымыз орта салмақтың екі чемпиондық (WBO, IBF) титулын қорғады.

    Айта кетсек, бұл жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болатын. Ол уақытта Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті. Бұл жөнінде боксшы кейіннен твиттер парақшасында былай деп жазды:

    «Қолдауларыңызға рақмет! Менде қазір барлығы дұрыс. Бірнеше апталар салып, араға қайта қосыламын. Бастысы мен орта салмақта өнер көрсете беремін. Менің бұл жақта бітпеген шаруаларым бар», — деп жазды Әлімханұлы.

    Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті. 25 жастағы Андрей Михайлович кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған 21-0, 13 KO. Қазірде Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3 орында тұр.

     

  • Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үй анықталды

    Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үй анықталды

    Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үй құрылысы анықталды

    Осы нысандарға жекелеген компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан. Бұл жөнінде қаланың  прокуратурасы мәлім етті.

    «Биыл 64 нысанды заңсыз салып жатқан 51 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазір 12 компанияға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр», — делінген хабарламада.

    Ведомство жаңа салынып жатқан үйден пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушының сенімділігін тексеріп алуды ұсынады.

  • Демалыс күндері кей өңірлерде 30 градус ыстық болады

    Демалыс күндері кей өңірлерде 30 градус ыстық болады

    Синоптиктер 5,6,7 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

    «Скандинавиялық антициклонның ықпалымен еліміздің батысында, 5, 6 қазанда солтүстік және шығыс облыстарда ауа райы ашық болады, күндіз батыста температура 23-30 градусқа көтерілсе, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін жылынады. Алайда түнде температура нөлден де төмендейді», делінген ауа райы болжамында.
    7 қазанға қарай солтүстік пен шығысқа суық атмосфералық ағын мен жаңбырлы бұлт таралады, сондықтан жел күшейіп, жауын жауып, күн салқындайды.