Автор: Аяла Тұрсын

  • «Пайызсыз баспана»: 134 адамды алдағандар сотталды

    «Пайызсыз баспана»: 134 адамды алдағандар сотталды

    Шымкентте әлеуметтік желі арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелері сотталды. «Пайызсыз баспана» деп аталатын ұйым құрған олар Шымкент, Астана және Алматы қалаларынан арзан бағамен үй алып беруге көмектесеміз деп, 134 азаматты алдап соққан. Алғашқы жарна ретінде 1 миллион ақша аударса бағасы 15 миллион теңге болатын пәтерді алуға жәрдемдесетінін айтып, жарнамалаған. Және азаматтардың сеніміне кіру үшін алдымен 3-4 адамға үй сатып әпергенін желі арқылы таратады. Олар осындай жымысқы әрекетімен 171 миллион теңге олжа тапқан. Сот топ жетекшісі мен оның екі көмекшісін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

     

  • Астанада атом энергиясына арналған мурал пайда болды

    Астанада атом энергиясына арналған мурал пайда болды

    Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде референдум мен атом энергиясына арналған мурал пайда болды. Бұл сурет қала көшесіне сән беріп қана қоймай, жұртшылықты еліміздің болашағы және атом станциясының энергетикалық қауіпсіздік тұрғысындағы маңыздылығы туралы ойлануға шақырады. «Өнер және болашақ энергиясы» — деп аталатын көше туындысының биіктігі 15 қабатты үймен бірдей.

  • Ливанда әуежай маңында жарылыс болды

    Ливанда әуежай маңында жарылыс болды

    Ливан астанасы Бейруттың оңтүстігінде халықаралық әуежай маңында бірнеше жойқын жарылыс болды. «Би-Би-Си»-дің мәлімдеуінше, Израиль армиясы Хезболланың нысандарына соққы берген. ЦАХАЛ бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен Израиль әскері мұның алдында Бейруттың оңтүстігіндегі бейбіт тұрғындарды көшуге үндеген еді. Бұл шабуылдардың көздегені — «Хезболла»ның марқұм экс-лидері Хасан Насыралланың інісі әрі мұрагері Хашим Сафи ад-Дин болуы мүмкін.

  • Президент: Судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек

    Президент: Судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек

    Әділ сот — мемлекеттің тірегі, сондықтан сот билігі қашанда абыройлы әрі мінсіз болуға тиіс. Президент Қазақстан Судьяларының ІХ съезінде осылай деді. Сондай-ақ, бұл басымдықтарға қол жеткізу үшін атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды. Келер жылы шілде айынан бастап, сот шешіміне кассациялық тәртіппен шағымдану мүмкіндігі пайда болады. Одан бөлек, саланың цифрлану деңгейін жетілдіре түсу де маңызды. Бұл соттың ашықтығы мен судьялардың жауапкершілігін арттыра түседі. Ал сот кезінде пайдаланылатын деректер қатысушылардың барлығына қолжетімді болады.

    ,«Судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек. Сондықтан судьялардың этикалық нормаларды сақтауы ерекше маңызды. Жаңа өзгерістерге сай енді сот ісін қарау кезіндегі барлық өрескел қателікті қазылар қауымы тексереді. Бұл – соттардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған жаңа тәсіл», — деді  Қазақстан Республикасының Қасым-Жомарт Тоқаев. 

  • Мұнай бағасы күрт өсті

    Мұнай бағасы күрт өсті

    Әлемде мұнай бағасы 5 пайызға өсті. «Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, бұған АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдемесі түрткі болған. Ақ үй басшысы «Израиль Иранның мұнай зауыттарына соққы бере ме? » деген сұраққа «біз оны талқылап жатырмыз» деп жауап берді. Дүйсенбіден бері «Брент» маркалы мұнай 10 пайызға қымбаттаған. Қазір оның бір баррелі 77 долларға сатылып жатыр.

  • Солтүстік Корея тұңғыш мемлекеттің қалыптасу мерекесін атап өтіп жатыр.

    Солтүстік Корея тұңғыш мемлекеттің қалыптасу мерекесін атап өтіп жатыр.

    Солтүстік Корея тұңғыш мемлекеттің қалыптасу мерекесін атап өтіп жатыр. Корей түбегінде ежелгі мемлекет біздің дәуірімізге дейінгі 2333 жылы пайда болған.Тарихи мерекені Пхеньян да, Сеул де жыл сайын атап өтеді. Дәстүрлі рәсімдермен бірге түрлі мерекелік шара өтеді. Бұдан бөлек Солтүстік Корея лидері қарулы күштермен кездесуде елдің егемендігіне нұқсан келсе, шабуыл күштерінің бәрін, оның ішінде ядролық қаруды қолданудан тайынбайтынын мәлімдеді. Оңтүстік Корея болса, Ким Чен Ынның бұл ескертуі аймақ қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп мәлімдеді.

  • Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді

    Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді

    Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді. Қаракөл көліне қонған құстарды жергілікті тұрғын видеоға түсірген. Бұл жолы қызғылт қоқиқаздың қауырсындары ерекше және сұр түсті екені байқалады. Қоқиқаздар Мағыстау өңіріне жылына екі рет келеді. Қанаттылар Қаракөл көлінде қарашаның соңына дейін аялдап,ары қарай ұшып кетеді. Кейін наурыздың басында қайта оралып, мамырдың ортасына дейін көлді мекендейді.

  • Бельгияда 200-ге жуық қазақстан азаматы дауыс береді

    Бельгияда 200-ге жуық қазақстан азаматы дауыс береді

    АЭС салу мәселесі бойынша референдумға Қазақстан азаматтары шетелде де қатыса алады. 6-қазан күні 61 шет мемлекетте 76 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Қазақстан елшіліктері мен консулдықтары жанынан құрылған учаскелерде қазір саяси науқанға соңғы әзірлік жұмыстары жүріп жатыр. Брюссельдегі №373 референдум учаскесінде 200 ге жуық отандасымыз дауыс береді деп күтілуде. Дені-дипломаттар, олардың отбасы мүшелері, студенттер мен түрлі халықаралық ұйымдарда, компанияларда жұмыс істеп, сонда уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары.

    «Елшілік Бельгия мен Люксембургта уақытша және тұрақты тұрып, жұмыс істеп жатқан ел азаматтарына референдум жайлы әлеуметтік желілер, сайттар және қазақстандық студенттердің қауымдастығы арқылы хабарландыру жасады. Люксембургтағы Отандастарымыз да Брюссельге келіп, дауыс бере алады. Консулдық қызметте қазір 200 дей адам тіркеуде тұр», — деді№373 учаскелік референдум комиссиясының төрайымы Гаухар Тұрсынова.

  • Ақтөбеліктер ішімдік ішкен әйел кесірінен көгілдір отынсыз қалды

    Ақтөбеліктер ішімдік ішкен әйел кесірінен көгілдір отынсыз қалды

    Ақтөбеде спиртті ішімдік ішкен әйелдің кесірінен 550-ден астам пәтер көгілдір отынсыз қалды. Оқиға бүгін, таңғы сағат алты жарымда болған. «Мерседес» көлігімен келе жатқан 39 жастағы келіншек газ құбыры өтіп жатқан шұңқырға түсіп кеткен. Жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ. Сараптама нәтижесі оның ішімдік ішкенін көрсетті. Көлік құбырды зақымдап, сол маңдағы сегіз үй көгілдір отынсыз қалды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл шұңқырды әкімдіктің рұқсатымен жеке компаниялардың бірі қосымша газ құбырын тарту үшін қазғаны анықталды.

    «Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өткізілген сараптамаға сәйкес, автокөлік жүргізушісі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Осы дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді», -деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.

    ✔️Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

    ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.