Автор: Аяла Тұрсын

  • Қарағанды облысында өрттен зардап шеккен 4 адамның жағдайы тұрақты

    Қарағанды облысында өрттен зардап шеккен 4 адамның жағдайы тұрақты

    Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында зардап шеккен 4 науқастың жағдайы тұрақты. Олардың екеуі өрт сөндіруші, бірі ерікті, тағы бірі ауыл тұрғыны. Дәрігерлер тиісті көмек көрсетуде. Естеріңізге сала кетсек бұған дейін алапат өртпен алысқан 1 өрт сөндіруші қаза тапқан болатын. Қарқаралы аумағында барлығы 35 мың гектар аумақ жанып кетті.

  • Марбург вирусы Руандада дендеп барады

    Марбург вирусы Руандада дендеп барады

    Емі жоқ Марбург вирусы Руандада дендеп барады. Қазір бұл ауру түрі елдің 30 аймағының жетеуінде тіркелген. Оның ішінде Руанда астанасы Кигалиде бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дабыл қағуына осы жайт себеп. Ал, дертті жұқтырғандар қатарында медицина қызметкерлері көп. Бұл жағдай мамандарды алаңдатып отыр. Себебі, вирус медицина мекемелерінде тез таралуда. Аурудың белгілері вирусты жұқтырғаннан кейін, 2-21 күн ішінде пайда болады. Марбург вирусына қарсы арнайы ем немесе вакцина жоқ.

  • БЖЗК: тұрғын үйді жақсартуға 760 мыңнан аса адамның  өтініші қабылданды

    БЖЗК: тұрғын үйді жақсартуға 760 мыңнан аса адамның өтініші қабылданды

    Зейнетақы қорындағы ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсап жатқан қазақстандықтардың саны артуда. 2021 жылдан бері 760 мыңнан аса адамның өтініші қабылданды. Оларға аударылған жалпы қаражат 3,5 тлрн теңгеден асты. Ақпарат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының  ресми сайтында жарияланған. Ресми мәлімдемеге сәйкес, ең көп өтініш білдірушілер Алматы қаласының тұрғындары. Мегаплистің 135 мыңнан аса адамының өтініш қабылданған. Олардың тиісті операторларына аударылған қаражаттың жалпы көлемі 845 млрд теңгеден асады. Екінші орында астаналықтар. Үшінші орында Маңғыстау облысы. Төртінші Қарағангды. Атырау облысы. Бірыңғай жиинақтаушы зейнетақы қорынынан тұрғын үй жағдайын жақсартуға осы өңірлерден өтініш түсіп, қанағаттандырылған.

  • Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

    Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

    Жетісу облысының Көксу ауданында үш адам көлік апатынан көз жұмды. Алдын-ала болжам бойынша, “Toyota Camry” маркалы жеңіл автокөлігі “Алматы – Өскемен” автожолының 239 шақырымында жолшыбай бағытта келе жатқан “Камаз” жүк автокөлігінің артқы тіркемімен соқтығысқан.
    Апат салдарынан “Toyota Camry” жеңіл автокөлігінің жүргізушісімен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық жәрдем көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілген.

    Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Өңір полициясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.

  • Астанада LRT-ң ағашпен жамалған суреті көпшіліктің талқысына түсті

    Астанада LRT-ң ағашпен жамалған суреті көпшіліктің талқысына түсті

    Астанада LRT-ң ағашпен жамалған суреті көпшіліктің талқысына түсті. Астана -Не? Қайда? Қашан? атты телеграм арнасындағы жариялымға көпшілік пікір қалдырған. Арнаның жазушылары бетонды «изолентамен жамау керек еді?», «мына түрімізбен АЭС-ті қалай саламыз», деген бағытта пікір білдірген.  https://web.telegram.org/a/#-1001085134072

    Бұл жағдайға  City Transportation Systems компаниясының өкілдері түсініктеме берді.

    «LRT құрылысы учаскесінде (Ш. Қалдаяқов пен К. Қуанышбеков көшелерінің қиылысында, 114-115 учаскелер аралығында, NR14 тірегінде) монолитті арқалықтардың ішкі жағын бетондау үшін шегендеп бекіту орнатылған. Бұл процесс тростардың алдын ала керілуінен кейін жүзеге асырылған. Қазір бетондау жұмыстары аяқталды. Шегендеп бекіту алып тасталды», – делінген ресми жауапта

  • Қарқаралыда 21 мың гектар аумақ өртеніп жатыр

    Қарқаралыда 21 мың гектар аумақ өртеніп жатыр

    Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге Астана қаласы, Павлодар, Абай облыстарының ТЖД және ТЖМ 68303 ә/б, орман шаруашылығының құтқарушы топтары және жергілікті ерікті өрт сөндірушілері 236 адам көмекке келді.

    Өртті оқшаулауға 42 техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз аппарат жұмылдырылды.

    Ал ТЖМ-ның соңғы мәліметінде Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы 10 мың га дала өрті оқшауланғаны хабарланды.

    Еске салайық, Баянауылда жер өртеніп, ауыл тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.

    Қарағандының Павлодар облысымен шектесетін аумағынан келген өрт қатты желдің салдарынан тілсіз жау Баянауыл ауданына өтіп кеткен. Күркелі ауылдық округіне қарайтын Желтау бөлімшесі мен Бәйнеке қыстағының аумағында өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

    Бір өрт сөндіруші ауруханада қайтыс болған. Одан бөлек тағы 3 адам зардап шеккен. Олар Қарағанды облысының тұрғындары — екі өрт сөндіруші және бір ерікті.

    ҚР ТЖМ Командалық орталығында жедел штаб құрылды. Құтқарушылар тобына қосымша күш жіберілді. Өртті сөндіруге Қарағанды мен Павлодардан 183 адам, 56 арнайы техника және 4 тікұшақ жұмылдырылғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

  • Референдум: 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    Референдум: 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    Бүгін елордада ТМД байқаушылары миссиясының жетекшісі Леонид Анфимов 6 қазан күні Қазақстанда өткен референдумға қатысты пікір айтты.

    «ТМД байқаушылары миссиясының сұрауы бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясы, Жоғарғы сот, Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратура референдум науқаны кезінде жолданған өтініштерге қатысты ақпарат берді. Олардың мәліметінше, осы уақыт аралығында заң бұзудың санаулы ғана деректері тіркелген. 24 адам республикалық референдумға қатысты сауалнама жүргізу тәртібін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық істер қозғалған жоқ. Ішкі істер министрлігі референдумға қатысты бір ғана құқық бұзу дерегін, яғни ресми деректерсіз үнпарақтар таратылғанын хабарлады», — деді Л. Анфимов ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингіде.

    Оның айтуынша, ҚР ОСК-ға негізінен анықтамалық-ақпараттық сипаттағы 66 өтініш, сауал және ұсыныс келіп түсті. Олар заңда белгіленген мерзімде қаралып, өтініш берген адамдарға тиісті жауап берілді.

    «Қазақстанда референдумды дайындау және өткізу барысында заң бұзу оқиғаларына дереу әрекет ету үшін қажет жағдайлар жасалды. 2024 жылғы 6 қазандағы референдум күні ТМД байқаушылары Қазақстанның 9 өңірінде – Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қызметін жүзеге асырып, 618 дауыс беру учаскесіне барды. Олар дауыс беру процесінің ашықтығы қамтамасыз етілгенін мәлімдеді. Мен өзім 10-нан астам учаскеге бардым және референдум өткізу жақсы ұйымдастырылғанына көз жеткіздім», — деді Леонид Анфимов.
    Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Орталық референдум комиссиясы дауыс берудің алдын ала  қорытындысын  шығарды.

    Осы ретте сайлау учаскелеріне барған қазақстандықтардың 71,12 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс бергені айтылды.

  • Астанада 150 тұрғынға құмар ойын ойнауға тыйым салынды

    Астанада 150 тұрғынға құмар ойын ойнауға тыйым салынды

    Астана қаласының 150 тұрғынына құмар ойынға қатысуға тыйым салынды. Олар балаларына алимент төлеудің орнына ақшасын ойынға салған. Қалалық прокуратураның ақпаратынша олардың балалары алдындағы жалпы қарызы 350 млн теңгеге жетіпті. Тіпті төленбеген алиментінің соммасы 2,5 млн теңгеге жеткен әкенің құмар ойындағы айналым ақшасы 80 млн теңге екені анықталды. Осылайша сот орындаушылары 150 адамға құмар ойынға қатысуға тыйым салды.

  • Қостанай облысындағы диірменде төрт адам қаза тапты

    Қостанай облысындағы диірменде төрт адам қаза тапты

    Қостанай облысының Рудный қаласындағы диірмендердің бірінде төрт адам қаза тапты. Олар тереңдігі 5 метрлік бункерді тазалауға түскен.  Қайта шықпай қалған. Бункерде ес-түссіз жатқан жұмысшыларды төтенше жағдай қызметкерлері алып шықты. Қазір жұмысшылардың өліміне нақты не себеп болғаны анықталып жатыр.

  • Көкшетауда шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркегендер сотталды

    Көкшетауда шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркегендер сотталды

    Көкшетауда шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркеген халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері 5 жылға сотталды. Ол ұзақ уақыт бойы жалған құжаттар жасап, 68 темір тұлпарға мемлекеттік нөмір таққан. Осылайша мемлекетке 448 миллион теңге шығын келтірген. Көкшетау қалалық сотының мәліметінше, бұл іске қатысы бар тағы екі адам 5 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.