Автор: Дана Альсеитова

  • Ақтөбеде жалған емші 90 адамды алдап, 400 млн теңгеден астам несие рәсімдеген

    Ақтөбеде жалған емші 90 адамды алдап, 400 млн теңгеден астам несие рәсімдеген

    Ақтөбе қалалық сотында жалған емші Сұлушаш Қазыбаеваға қатысты алаяқтық бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. Оған 2018 жылдан 2024 жылға дейін 90 адамды алдап, 406 млн теңгеден астам шығын келтірді деген айып тағылған.

    Айыптау мәліметінше, Қазыбаева өзін шығыс медицинасының магистрі деп таныстырып, үйінде арнайы бөлмеде қабылдау жүргізген. Ол клиенттерін сендіріп, оларды түрлі банктерден несие алуға көндірген. Ақшаны мешіт салуға және қызының шетелде емделуіне жұмсайтынын айтып, екі ай ішінде қайтаруға уәде берген.

    Зардап шеккендердің бірі Гүлбану Науанова:
    — Қызымыздың емі үшін жүгіндік. Мен 2,5 млн, күйеуім 2 млн теңге несие рәсімдеді. Жарты жыл емделдік, нәтиже болмады. Қазір күйеуім қарызды жауып жатыр, – дейді.

    Сот ашық түрде өтуде.

  • Жұмыс орнында сексуалдық қысым көрсеткендер жазаланады

    Жұмыс орнында сексуалдық қысым көрсеткендер жазаланады

    Қазақстанда еңбек кодексіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс барысында сексуалдық қысым көрсеткендерге жаза тағайындауды ұсынды.

    Ведомствоның мәліметінше, бүгінде заңда мұндай әрекеттерге қатысты нақты түсініктеме мен шағым беру тәртібі жоқ. Жаңа заң жобасы жұмыс орнында қауіпсіз орта қалыптастырып, қызметкерлердің құқығын қорғауға бағытталған.

    Құжат 15 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

  • Атырауда салынып жатқан үйден өрт шықты: зардап шеккендер жоқ

    Атырауда салынып жатқан үйден өрт шықты: зардап шеккендер жоқ

    Атырау қаласында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттарынан өрт шықты. 112 пультіне хабар таңертең түскен.

    Өрт 13 пен 14-қабатты қамтып, 450 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды уақытында оқшаулап, оның басқа бөлмелерге таралуына жол бермеді.

    Зардап шеккендер жоқ.

  • Депутат: “Берденовке жасалған шабуыл – тұрмыстық сипаттағы қылмыс”

    Депутат: “Берденовке жасалған шабуыл – тұрмыстық сипаттағы қылмыс”

    Мәжіліс депутаты, Respublica партиясының өкілі Айдарбек Ходжаназаров Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді.

    “Қазір бәрі жақсы деп айтуға келмейді. Оған үш рет оқ атылған. Мұндай шабуылдан аман қалу – үлкен күш. Емделу мен оңалу біраз уақытты алады”, – деді ол.

    Депутат бұл жағдайдың артында саяси астар жоқ деп есептейді. Оның айтуынша, бұл – тұрмыстық сипаттағы қылмыс. Қазіргі таңда Берденовтің өзі әлі түсініктеме бере алмайды.

  • 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні

    23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні

    Бұл мереке 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен белгіленген. Мақсат – оқуға қызығушылықты арттыру, авторлар еңбегін дәріптеу және кітаптың қоғамдағы маңызын насихаттау.

    Қазақстанда бұл күн кітапханаларда ашық есік күндері, әдеби кештер мен шығармашылық кездесулер арқылы атап өтілуде. Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары жастар арасында оқуға деген қызығушылық артып келеді.

    Кітап – тек білім көзі емес, тұлғаны тәрбиелейтін құрал.

  • Жамбылда прокурор басшылықты ашық айыптады

    Жамбылда прокурор басшылықты ашық айыптады

    Жамбыл облысында қызмет ететін Бас прокуратураға қарасты арнайы прокурор — Алия Қожабекова ел Президентіне ашық видеоүндеу жолдады. Видеода ол өзінің басшылық тарапынан көрген заңсыздықтарын айтып, жүйелі бұрмалауларды әшкерелейді.

    Айтуынша, қылмыстық істердің біразы СТТБТ базасынан “өшіріліп тасталады”, бұл өз кезегінде қылмыс ашылу статистикасын қолдан жақсарту үшін жасалады екен.

    Бұл мәліметтер — ірі қылмыстық іс қозғауға негіз боларлық ауыр айыптаулар. Әзірге Бас прокуратура тарапынан ресми жауап берілмеді.

  • «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл төледі

    «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл төледі

    Батыс Қазақстан облысының арнайы экологиялық прокуратурасы компанияның шамадан тыс зиянды заттар шығарып, 264 тонна көлемінде ластаушы заттар тастағанын анықтады.

    Осыған байланысты мекемеге Әкімшілік кодекстің 328-бабы бойынша 739,5 млн теңге айыппұл салынды. Қаражат толық өндіріп алынды.

    Айта кетейік, Қарашығанақ – әлемдегі ең ірі газ-конденсат кен орындарының бірі. Жобаны Eni, Shell, Chevron, «ЛУКОЙЛ» және «ҚазМұнайГаз» компаниялары бірлесіп жүзеге асырып отыр.

  • Атырауда университет жатақханасының ортасы опырылды

    Атырауда университет жатақханасының ортасы опырылды

    Қаладағы оқу орнына тиесілі бос тұрған жатақхананың орталық бөлігі құлап түсті. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

    Ғимарат 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап апатты жағдайда деп танылып, тұрғындар шығарылған болатын.

  • Әкім орынбасарына оқ атқан күдіктінің кім екені анықталды.

    Әкім орынбасарына оқ атқан күдіктінің кім екені анықталды.

    Кей деректерге сүйенсек, Шымкенттегі әкімдік маңында оқ атқан азамат – Жиенбай Ернар Жиенбайұлы. Ол – «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің маманы, аталған мекеме әкімдікке қарасты.

    Ол әкім орынбасары Руслан Арысбекұлы Берденовтің денесінің төменгі бөлігіне «Сайга-12» қаруымен үш рет оқ атқаны айтылуда. Жараланған Берденов ауруханаға жеткізілді.

    Ал оқиғаның нақты себебі тергеу барысында анықталады деп күтілуде.

  • Шымкенттегі атыс: әкім орынбасарына оқ атқан күдікті қамауға алынды

    Шымкенттегі атыс: әкім орынбасарына оқ атқан күдікті қамауға алынды

    Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

    Оқиға 21 сәуірде әкімдік ғимараты маңында болған. Атыс кезінде Берденовтің өкпесі мен бауыры зақымдалған. Бұл туралы оның партияласы Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында хабарлады. Оның айтуынша, Берденовке үш рет оқ атылып, екеуі денесіне тиген.

    Полиция мәліметінше, күдікті – Берденовтің бұрынғы әріптесі, әкімдікке қарасты мекеменің экс-басшысы. Белгілі болғандай, ол жақында қызметінен босатылған.

    Қазір тергеу жүріп жатыр. Қосымша ақпарат жарияланбайды.