Автор: Дана Альсеитова

  • Гүлмира Сатыбалдыға тағы бір іс бойынша тергеу жүріп жатыр

    Гүлмира Сатыбалдыға тағы бір іс бойынша тергеу жүріп жатыр

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл жолы ол «VOSTOCHKA» деп аталатын тұрғын үй кешенінің құрылысына байланысты тергеліп отыр.

    Антикордың ресми мәліметінше, аталған кешенді салу кезінде заң бұзушылықтар болған. Қазір тергеу жүріп жатыр, сол себепті басқа ақпарат әзірге жарияланбайды.

    Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды — Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Өткен жылы сот оны бопсалау, заңсыз бостандықтан айыру және өз бетінше әрекет ету баптары бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға соттаған болатын.

  • АҚШ визасы: Қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

    АҚШ визасы: Қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

    АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы 2 мамырдан бастап виза сұхбатына тіркелу уақыты сұхбат өтетін күннен үш жұмыс күні бұрын, сағат 17:00-де жабылатынын хабарлады.

    Мысалы, 2 мамырға белгіленген сұхбаттар үшін DS-160 формасы 28 сәуір сағат 17:00-ге дейін толтырылып, жіберілуі тиіс. Талап орындалмаса, сұхбат жойылып, үміткер «келмеген» деп тіркеледі.

    Егер сұхбатты визалық агент не үшінші тарап арқылы алған болсаңыз, жауапкершілік өзіңізде.

    Сонымен қатар, сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио виза алушылардың әлеуметтік желідегі белсенділігін тексеруді тапсырған. Ал ақпанда ҚР СІМ АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға елге оралып, құжаттарын рәсімдеуді ұсынған еді.

  • Алматыда трейлер арқылы табыс уәде еткен қаржы пирамидасы әшкереленді

    Алматыда трейлер арқылы табыс уәде еткен қаржы пирамидасы әшкереленді

    АФМ департаменті Warner Bros, Roborock және NFT+TRX атауларымен жұмыс істеген қаржы пирамидаларының қызметін тоқтатты. Ұйымдастырушылар азаматтарды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда табуға сендіріп, орташа 225 мың теңге көлемінде инвестиция салуға үгіттеген. Барлық төлемдер USDT криптовалютасы арқылы жүргізілген.

    9 деңгейден тұратын жүйе жаңа қатысушыларды тарту арқылы табыс әкеледі деген желеумен құрылған. Тергеу барысында 3,8 млн USDT сомасындағы криптоактивтерге сот санкциясымен бұғат қойылды.

  • Шымкентте жоғалған зейнеткер табылды

    Шымкентте жоғалған зейнеткер табылды

    Кеше үйінен белгісіз бағытқа кетіп, оралмаған әйелді туыстары өз бетімен іздеген. Алайда нәтиже болмаған соң таңертең 112 қызметіне жүгінген. Іздестіру жұмыстарына екі кинологиялық топ жұмылдырылып, зейнеткер елді мекеннен 4 шақырым жерден табылды. Дене қалпы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж емес.

  • 301 блогер мемлекетке салық төледі

    301 блогер мемлекетке салық төледі

    2025 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті 854 блогерге табысы бойынша хабарлама жолдаған. Оның 301-і өз табысын мойындап, 9,4 млрд теңге көлемінде кірісін декларациялап, 520,7 млн теңге салық төледі.

    Барлығы 80 мыңнан астам азаматқа камералдық бақылау нәтижесінде хабарлама жіберілген. Комитет блогерлерге арнайы тексеріс жүргізілмейтінін, салық заңнамасы баршаға бірдей қолданылатынын мәлімдеді.

  • Шымкентте блогер ұсталды: мұғалімнен ақша талап еткен

    Шымкентте блогер ұсталды: мұғалімнен ақша талап еткен

    Ол ұстаздан 1,2 млн теңге сұрап, әйтпесе беделіне нұқсан келтіретін ақпарат жариялайтынын айтқан.

    Полицейлердің мәліметінше, блогер өз медиалық статусын пайдаланып, қысым көрсеткен. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.

    Бұған дейін де елдің әр өңірінде блогерлердің бопсалау фактілері тіркелген. Мысалы, Таразда – 2,5 млн, Қостанайда – 15 млн, Алматыда – 8 млн теңге талап еткендер ұсталған.

    Құзырлы орган тұрғындарды бопсалауға жол бермеуге шақырып, мұндай жағдайда бірден полицияға жүгінуге кеңес береді.

  • Қазақстанда автонесиелеу жеңілдеді: көлік алу бұрынғыдан оңай

    Қазақстанда автонесиелеу жеңілдеді: көлік алу бұрынғыдан оңай

    Қаржы нарығын реттеу агенттігі автонесиелеу шарттарын уақытша жеңілдетті. Енді көлік алғысы келетіндер үшін банкке табыс туралы толық анықтама тапсыру талабы жойылды.

    Мақсат — халыққа көлік сатып алуды қолжетімді ету және рәсімдеу процесін жеңілдету. Жаңа тәртіп екінші деңгейлі банктер мен автосалондар арқылы берілетін несиелерге қатысты.

    Бұл мүмкіндік тек уақытша. Сондықтан автокөлік алуды жоспарлап жүргендерге — таптырмас сәт. Бірақ несие аларда өз мүмкіндігіңізді бағалауды ұмытпаңыз.

  • Астана – Ақтау ұшағында бортсерікке қол көтерген жолаушы ұсталды

    Астана – Ақтау ұшағында бортсерікке қол көтерген жолаушы ұсталды

    Scat әуе компаниясының рейсінде бортсерікке шабуыл жасаған жолаушыны полицейлер ұстады. Оқиға Ақтауға қонған соң болған. Телефонын ұмытқан жолаушы ұшаққа қайта кіруге тырысқан. Бортсерік ескерту жасағанымен, ер адам оны қуып жетіп, бетіне соққы берген.

    Полиция келгенде жолаушы мен оны күтіп алған туысы да кінәні мойындамаған. Алайда куәгерлер бәрін растады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

  • «Әділдік орнасын»: Шерзаттың әкесі кінәлілер жауапқа тартылуын талап етті

    «Әділдік орнасын»: Шерзаттың әкесі кінәлілер жауапқа тартылуын талап етті

    Сот залында сөйлеген марқұм Шерзат Полаттың әкесі Каржаубай Нурымов кәмелетке толмаған айыпталушыға өкпесі жоқ екенін айтты. Дегенмен ұлының қазасына себеп болғандар әділ жаза алуы қажет дейді.

    «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстан” деді. Мен тек әділ шешім күтемін. Ешкімге жала жаппаймын, ақша да керек емес. Тек отбасымды мазаламаңыздар. Егер айтатындарыңыз болса, өз сөзіме, әрекетіме жауап берем. Бірақ баламның қанын төккендер міндетті түрде жауап беруі керек», – деді ол.

  • Шерзаттың әкесі ұлын құтқармақ болды, бірақ тым кеш еді

    Шерзаттың әкесі ұлын құтқармақ болды, бірақ тым кеш еді

    Оның айтуынша, жарақатына қарамастан Шерзат әлі сөйлеп жатқан.

    «Мен шегініп бара жатқанда, Шыңғыс пен Азамат Шерзатқа жүгірді. Сол сәтте ол: “Папа, Нұрқанат аға, ол бірдеңе сұқты” деп айқайлады. Сөйтсек, пышақ екен. Біраз уақыттан кейін Шерзат құлап түсті. Сосын Нұрқияс оны прикладпен ұрды. Әйелім сол сәтте ұлымды қорғауға тырысты, “Өтінемін, ұрмаңдаршы” деп жалынып жатты. Шерзат жерде жатып: “Олар бірдеңе сұқты, ауырып жатыр” деді. Бірақ соған қарамастан Нұрқияс оны тағы арқасынан ұрды», – деді Нұрымов.

    Ол сондай-ақ ұлын ауруханаға жеткізбек болғанын, бірақ жолда қайтыс болғанын айтты.

    «Мен жылдамдықты арттырғанда, балам орындықтан құлап түсті. Сол сәтте оның қайтыс болғанын түсіндім. Реанимация жасауға тырыстым, кейін ауруханаға қарай бет алдым. Оны көлікке отырғызғанда, әлі пульсі бар еді. Кейін ашумен Хуторға қарай бет алдым. Сол кезде Нұрбол көлікке секіріп мініп, қашып кетті. Мен артынан өзім қуып шықтым. Полиция оны ұстай алмады. Ол сай-сала арқылы көлікпен қашып жүрді», – деді марқұмның әкесі.