Автор: Дана Альсеитова

  • Шерзаттың өліміне қатысты айыпталушылардың көбі бұрын сотты болған

    Шерзаттың өліміне қатысты айыпталушылардың көбі бұрын сотты болған

    Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты басталған басты сот процесінде айыпталушылардың көбі бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

    Мәселен, 1998 жылғы Сәкиев — бұрынғы мейрамхана администраторы. Ол 2021 жылы екі жыл алты айға бас бостандығы шектелген, қазір соттылығы жойылған. Сотта адвокатымен сөйлеспегенін айтып, дайын еместігін жеткізді.

    Белғожаев (2000 ж.) — спорт мектебінің бұрынғы қызметкері, ол да бұған дейін сотты болған. 2015 жылы Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша жаза алған. Сотқа толық дайын екенін мәлімдеді.

    Тізімде тағы бірнеше есім бар: Тоқтаубаев пен 1993 жылғы Әскентай – екеуі де бұрын істі болғандар. Азамат Тоқтаубаев 2020 жылы жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Ал 1996 жылы туған Нұрбол Тоқтаубаев бұрын сотты болмаған, үйленген.

    Айыпталушы Ілиясовтың 2023 жылы сотталғаны белгілі болды. Ол 107-баппен екі жыл алты айға бас бостандығы шектелген. Жазасы әлі аяқталмаған. Жұмыссыз, бойдақ.

    Тек Дидар Қалиахмет (1998 ж.) ғана бұрын сотты болмаған. Үйленген, екі баласы бар.

    Сот отырыстары жалғасып жатыр. Жүйелі тергеу барысы қоғам назарында.

  • Зейнетақы жинағы тіс емдеуге және бала денсаулығына жұмсалуы мүмкін

    Зейнетақы жинағы тіс емдеуге және бала денсаулығына жұмсалуы мүмкін

    Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 9 сәуірдегі бұйрығында жазылған.

    Негізгі талаптар:
    • Жинақты пайдалану үшін БЖЗҚ-дан қолжетімді соманы анықтап, уәкілетті оператор сайтында ЭЦҚ арқылы өтініш беру қажет.
    • Бала немесе туыстарды емдету үшін келісім мен растайтын құжаттар керек.
    • Ем бастау үшін ВКК (дәрігерлік-консультациялық комиссия) қорытындысы қажет.
    • Тіс емдеу кезінде төлем екі кезеңмен жүреді: хирургиялық және ортопедиялық.
    • Құжаттар толық болмаса, ақша БЖЗҚ-ға 45 күн ішінде қайтарылады.

    Рұқсат етілген ем түрлері:
    • Сирек кездесетін аурулар
    • Стоматология (протездеу, имплантация)
    • Пластикалық операциялар
    • Радиойод, радионуклид, протон терапиясы
    • Көзге лазерлік түзету

    Жаңа ереже зейнетақы жинағын нақты медициналық мақсатқа бағыттауға мүмкіндік береді.

  • Самокатқа нөмір тағу міндетті бола ма?

    Самокатқа нөмір тағу міндетті бола ма?

    Қазақстанда электросамокат иелері үшін жаңа талап енгізілуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі самокаттарға мемлекеттік нөмір тағу тәртібін қарастырып жатыр.

    Министрдің міндетін атқарушы Санжар Әділовтің айтуынша, бұл мәселе белсенді түрде пысықталуда. Швейцария тәжірибесіне сүйене отырып, самокаттар мен велосипедтерге нөмір беру ұсынысы дайындалған.

    Жоба әлі талқылау сатысында, бірақ ІІМ бұл норманы өзекті деп отыр.

  • Қоқыс полигоннан жеке пайда: Экс-әкім Карасаевтың ісі сотта қаралуда

    Қоқыс полигоннан жеке пайда: Экс-әкім Карасаевтың ісі сотта қаралуда

    Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Карасаев пен оның үш сыбайласына қатысты қылмыстық іс сотқа өтті. Тергеу олардың тұрмыстық қалдықтар полигонын жеке компанияға заңсыз сенімгерлік басқаруға беріп, кірісті қалтаға басқанын анықтаған.

    Прокуратура мәліметінше, Карасаевқа бір емес, Қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда:
    – бөтен мүлікті иемдену,
    – алаяқтық,
    – экологиялық талаптарды бұзу,
    – өкілеттіктерді теріс және асыра пайдалану,
    – заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және
    – қызметтік жалғандық жасау.

    Оның үстіне, экс-әкім аудандық қаржы және ТКШ бөлімдерінің басшыларын да қылмыстық схемаға тартқан. Полигонды басқарған компания өз міндеттемелерін орындамаған. Ал табыс – Карасаевтың жеке пайдасына жұмыс істеген.

    Қазіргі уақытта ол ІІМ ҚАЖК №72 мекемесінде қамауда отыр.

  • «БИПЭК Авто» ісі: Балушкин сырттай 9 жылға сотталды

    «БИПЭК Авто» ісі: Балушкин сырттай 9 жылға сотталды

    Ол «Азия Авто – БИПЭК Авто» атынан 66 млрд теңге несие алып, қаржыны жымқырған. 3,9 млрд теңгені жасыру үшін жалған сыйақы рәсімдеген.

    Компания мемлекеттен салықтық жеңілдік алғанымен, зауыт ашу секілді міндеттерін орындамаған. Шығын көлемі – 173 млрд теңге. Сот Балушкинге 9 жыл, оның сыбайласына 8 жыл 6 ай жаза тағайындады. Екеуіне де 10 жылға басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.

  • Алматы облысында балалар балабақша шатырына шығып кеткен

    Алматы облысында балалар балабақша шатырына шығып кеткен

    Желіде тараған видеода бірнеше баланың терезеден шығып, шатырда жүргені көрінеді. Оқиғаға байланысты облыстық полиция түсініктеме берді.

    Балабақша меңгерушісі әкімшілік жауапқа тартылды. Ал қауіпсіздік талаптарын сақтамаған қызметкер жұмыстан босатылған. Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр.

  • КДВ Қазақстан компаниясына тергеу басталды

    КДВ Қазақстан компаниясына тергеу басталды

    Антимонополиялық агенттік бұл кәсіпорын тең жағдайдағы әріптестерге әртүрлі баға қойғанын анықтаған. Мұндай әрекет бәсекелестік заңын бұзуы мүмкін.

    Агенттік заңбұзушылықты жоюды сұрап, ескерту жіберген. Бірақ компания талапты орындамаған. Сол себепті ресми тергеу басталған.

    KDV Kazakhstan – ресейлік KDV Group холдингінің Қазақстандағы өкілі. Олар «Яшкино», Babyfox, Calve сияқты бренд өнімдерін сатады.

  • Меркіде пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды

    Меркіде пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды

    Жамбыл облысы, Меркі ауданында жанармай құю бекетінде пышақпен шабуыл жасаған адам ұсталып, қамауға алынды. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша іс қозғалып, күдіктіге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.

    Қылмыстық іс облыстық ПД Тергеу басқармасына тапсырылып, жедел-тергеу тобы құрылды. Істі толық әрі әділ тергеу үшін аймаққа ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жіберілді.

    Жәбірленуші полицияның қорғауына алынды. Тергеу Ішкі істер министрінің жеке бақылауында.

  • Талдыкорғанда есірткі саудасымен айналысқан жасөспірімдер ұсталды

    Талдыкорғанда есірткі саудасымен айналысқан жасөспірімдер ұсталды

    Талдыкорғанда екі жасөспірім 116 орама есірткімен қолға түсті. 17 және 18 жастағы Ескелді ауданының тұрғындары есірткі таратып жүрген жерінен ұсталды. Полиция олардың сөмкесінен 2 пакет мефедрон және тағы 95 пакетті тапты. Одан бөлек, жасөспірімдер полицейлерді жасырылған 21 пакеттің орнына апарып, барлығы 116 орама тәркіленді. Қазір күдіктілер қамауға алынған, оларға 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі бар.

  • ЖСН-ге бөтен нөмір тіркелсе не болады?

    ЖСН-ге бөтен нөмір тіркелсе не болады?

    Әлеуметтік желіде азаматтар eGov-та өз ЖСН-іне бірнеше бейтаныс нөмір тіркелгенін байқап, алаңдаушылық білдірген. Бұл жағдай заңсыз әрекеттердің орын алуына әкеп соғуы мүмкін.

    Егер сіздің ЖСН-іңізге бөтен нөмір тіркелгенін байқасаңыз, оны тексеріп, байланыс операторы арқылы өшіртуді ұмытпаңыз.