Рубрика: Әлем жаңалықтары

  • Valentino сән үйінің негізін қалаушы қайтыс болды

    Valentino сән үйінің негізін қалаушы қайтыс болды

    19 қаңтарда италиялық әйгілі дизайнер, Valentino сән үйінің негізін қалаушы Валентино Гаравани 93 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол Римдегі өз резиденциясында, жақындарының ортасында көз жұмған.

    Қоштасу рәсімі 21 және 22 қаңтар күндері өтеді. Ал жерлеу рәсімі 23 қаңтарда сағат 11:00-де Рим қаласындағы Санта-Мария-дельи-Анджели-э-дей-Мартири базиликасында ұйымдастырылады.

    Валентино Гаравани 1932 жылы Италияда дүниеге келген, кәсіби білімін Францияда алған. 1960 жылы ол Джанкарло Джамметтимен бірге Римде Valentino сән үйін құрды. Бренд әлемге талғампаз кешкі көйлектерімен және қызыл кілемге арналған образдарымен танылды.

    Дизайнер көптеген әлемдік жұлдыздарға киім тіккен. Олардың қатарында Жаклин Кеннеди, Одри Хепбёрн, Элизабет Тейлор, Софи Лорен, Диана ханшайым, Наоми Кэмпбелл және басқа да танымал тұлғалар бар.

  • АҚШ Қазақстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатуы мүмкін

    АҚШ Қазақстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатуы мүмкін

    АҚШ Мемлекеттік департаменті тексеру рәсімдерін қайта қарау кезеңінде 75 елдің азаматтарына, оның ішінде Қазақстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатады. Бұл туралы Sona.kz Fox News телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Телеарна мәліметінше, шешім 21 қаңтардан бастап күшіне еніп, белгісіз мерзімге дейін қолданылады. Тізімге Қазақстаннан бөлек Ресей, Ауғанстан, Сомали, Иран, Ирак, Мысыр, Нигерия, Таиланд, Йемен, Бразилия және өзге де елдер енгізілген.

    АҚШ билігі бұл шараны мемлекетке тәуелді болуы мүмкін тұлғалардың елге кіруін шектеу мақсатында қабылдағаны айтылған. Үміткерлерді бағалау кезінде денсаулық жағдайы, жасы, ағылшын тілін білу деңгейі, қаржылық ахуалы және ұзақ мерзімді медициналық күтімге мұқтаждық қаупі ескерілуі мүмкін.

    Материалда Қазақстандағы АҚШ консулдығы 2021 жылы кадр тапшылығына байланысты виза беруді уақытша тоқтатқаны да еске салынған.

    Бұған дейін АҚШ билігі иммиграциялық Diversity Visa бағдарламасын (грин-карта лотереясы) уақытша тоқтататынын хабарлаған. Бұл шешім Браун университетіндегі атыс оқиғасынан кейін қабылданған, күдікті аталған бағдарлама арқылы елге келген иммигрант болған.

  • Трамп Иранмен ынтымақтас елдерге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеді

    Трамп Иранмен ынтымақтас елдерге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеді

    АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Ислам Республикасымен ынтымақтасатын елдерге 25% мөлшерінде кедендік баж салығы енгізілетінін жариялады. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Мәлімдеме мемлекет басшысының Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

    «Осы сәттен бастап Иран Ислам Республикасымен кез келген іскерлік қатынас жүргізетін әрбір ел Америка Құрама Штаттарымен жасалатын барлық экономикалық байланыс үшін 25 пайыздық баж салығын төлейтін болады. Бұл шешім түпкілікті және қайта қарауға жатпайды», — деп жазды Дональд Трамп.

    Бұған дейін, 10 қаңтарда, Трамп соңғы үш жылдағы ең ауқымды жаппай наразылықтарға байланысты пікір білдіріп, АҚШ протестке шыққандарға көмек көрсетуге дайын екенін айтқан.
    11 қаңтарда ол Ирандағы наразылықтар кезінде қаза тапқандар туралы ақпараттарға байланысты АҚШ әскері «өте қатаң нұсқаларды» қарастырып жатқанын мәлімдеді.

    Өз кезегінде Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Ғалибаф АҚШ елге соққы жасайтын болса, америкалық әскер мен Израиль «заңды нысанаға» айналатынын ескертті. Дүйсенбі күні Иранда наразылық кезінде қаза тапқандарға байланысты үш күндік аза тұту жарияланды.

    Ирандағы наразылықтар 28 желтоқсаннан бері жалғасып келеді. Алғашында олар бағаның күрт өсуіне қарсы басталғанымен, кейін саяси сипат алды. Ақпараттарға сәйкес, наразылықтар елдің барлық өңірінде орналасқан 111 қала мен елді мекенді қамтыған.

  • «Алтын глобус» рәсімінде жұлдыздар ICE-ке қарсы наразылық белгішелерін тақты

    «Алтын глобус» рәсімінде жұлдыздар ICE-ке қарсы наразылық белгішелерін тақты

    «Алтын глобус» сыйлығын табыстау рәсімінде киноиндустрияның бірқатар өкілдері АҚШ-тың Иммиграция және кеден қызметінің (ICE) қызметіне қарсы наразылық білдіретін белгішелермен көрінді. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Қара-ақ түсті «Be Good» және «ICE OUT» деген жазуы бар белгішелерді салтанатты кештің қызыл кілемінде бірнеше қатысушы, соның ішінде актер Марк Руффало таққан. Бұл акция рәсімге саяси сипат берді. Айта кетейік, өткен жылы марапаттау кеші айқын саяси мәлімдемелерсіз өткен болатын.

    Акция Миннеаполис қаласында өз көлігінде оққа ұшып қаза тапқан Рене Гудтың өліміне байланысты ұйымдастырылған. Осы оқиғадан кейін АҚШ-тың бірқатар қалаларында оның өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен наразылық шерулері өтті. Кейбір акциялар кезінде полициямен қақтығыстар тіркелген. Сонымен қатар Портленд қаласында шекара қызметі қызметкерлерінің атыс қолдануы салдарынан екі адамның жараланғаны хабарланды.

    Working Families Power ұйымының өкілі Нелини Стамптың айтуынша, өнер және мәдениет өкілдерінің азаматтық бастамаларға қатысуы қоғам назарын әлеуметтік мәселелерге аударуға ықпал етеді.

    «ICE OUT» белгішелерін тарату идеясы белсенділер Нелини Стамп пен Maremoto құқық қорғау ұйымының атқарушы директоры Джесс Моралес Рокетто арасындағы талқылаулар барысында пайда болғаны айтылды. Ұйымдастырушылар ірі мәдени шаралар миллиондаған көрерменге маңызды әлеуметтік тақырыптарды жеткізуге мүмкіндік береді деп есептейді.

    Лос-Анджелестегі Beverly Hilton қонақүйінде өтіп жатқан «Алтын глобус» сыйлығының 83-рәсімінің тікелей көрсетілімі CBS телеарнасы мен Paramount+ стримингтік платформасында жүргізілуде.

  • Илон Масктың Grok чат-боты ChatGPT мен Gemini-ден сенімдірек деп танылды

    Илон Масктың Grok чат-боты ChatGPT мен Gemini-ден сенімдірек деп танылды

    Илон Масктың xAI компаниясы әзірлеген Grok чат-боты сенімділік көрсеткіштері бойынша ChatGPT және Google-дың Gemini моделінен жоғары нәтиже көрсетті. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап  хабарлайды.

    Relum аналитикалық агрегаторы дайындаған есепке сәйкес, Grok жалған жауаптар деңгейі бойынша ең төмен көрсеткішке ие болған. Зерттеу барысында он негізгі жасанды интеллект моделінің жұмысы бағаланған, Grok-та бұл көрсеткіш небәрі 8 пайызды құраған.

    Салыстыру үшін айтар болсақ, ChatGPT жалған жауаптар бойынша жоғары көрсеткіш көрсетті  35 пайыз. Ал Google-дың Gemini моделінде бұл көрсеткіш 38 пайызға жеткен.

    Зерттеу аясында чат-боттар жалған срабатываниелердің жиілігі, пайдаланушылардың бағасы, жауаптардың тұрақтылығы және сервистердің істен шығу жиілігі сияқты көрсеткіштер бойынша бағаланған. Осы деректер негізінде әр модельге 0-ден 99-ға дейінгі сенімділік тәуекелі балы берілген, мұнда жоғары балл сервистегі мәселелердің көп екенін көрсетеді.

    Қорытынды нәтижелер бойынша Grok-тың тәуекел балы 6-ны құрады, бұл зерттеудегі ең үздік көрсеткіштердің бірі. Екінші орынға DeepSeek шық. Оның тәуекел көрсеткіші 4 және сервистің істен шығу уақыты тіркелмеген.

    Ал ChatGPT-ге жауаптардағы «галлюцинациялар» мен жиі істен шығулар салдарынан ең жоғары тәуекел балы 99 берілген. Одан кейін Claude және Meta AI чат-боттары орналасып, олардың сенімділік көрсеткіштері тиісінше 75 және 70 балды құраған.

  • Қытайда «әдепсіз» жазысуларға тыйым салынады

    Қытайда «әдепсіз» жазысуларға тыйым салынады

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қытайда «Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жазалау туралы» заңның жаңа редакциясы күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, әдепсіз ақпаратты таратуға қатысты жазалар қатаңдатылды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Жаңартылған нормалар цифрлық ортадағы «құқықтық вакуумды» жояды. Әкімшілік жауапкершілік эротикалық контентті кез келген байланыс арнасы арқылы — мессенджерлерде, әлеуметтік желілерде немесе жеке жазысуларда таратуға қатысты қолданылады.

    Заңның 80-бабына сәйкес, әдепсіз материалдарды (кітап, фото, видео, аудио) жасау, тасымалдау, сату, жалға беру немесе тарату ақпараттық желілер немесе телефон арқылы жүргізілген жағдайда түрлі жазалар қарастырылған: 10–15 тәулікке әкімшілік қамау және 5 000 юаньға дейін айыппұл; жеңіл бұзушылықтар — 5 тәулікке қамау немесе 1 000–3 000 юань айыппұл; кәмелетке толмағандарды тарту жағдайында — ең қатаң жазалар.

    Әлеуметтік қауымдастықтарды модерациялауға ерекше көңіл бөлінген. Әкімшілердің әрекетсіздігі қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін. 30 адамнан асатын топтарды ұйымдастыру және басқару кезінде порнографиялық материалдар таралса, бұл да қылмыстық жауапкершілікке себеп болады.

    Заң қабылданғанға дейін жеке чаттарда мұндай материалдарды тарату көбінесе этикалық қателік ретінде қарастырылған. Жаңа редакция бойынша, тарату формасы мен пайда алу мақсаты істің құқықтық бағасына әсер етпейді.

    Мамандардың пікірінше, жаңа нормалар мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің күнделікті қолданылуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін, цифрлық контентке бақылауды күшейтеді.

    Заңның орындалуы пайдаланушылар мен қауымдастық әкімшілерінің цифрлық қауіпсіздік пен этика стандарттарын сақтауға жауапкершілігін арттыратынын көрсетеді.

  • Call of Duty ойынының жасаушысы АҚШ-та жол апатынан қаза тапты

    Call of Duty ойынының жасаушысы АҚШ-та жол апатынан қаза тапты

    Танымал Call of Duty видеойындар сериясының авторларының бірі Винс Зампелла Калифорнияда болған жол апатында қайтыс болды, деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    Зампелла Respawn Entertainment компаниясының басшысы және Infinity Ward студиясының құрылтайшысы болды. Ол Call of Duty сериясын жасауға жетекшілік етіп, сондай-ақ Medal of Honor және Titanfall сияқты танымал жобаларға қатысқан.

    Калифорнияның жол полициясының мәліметінше, апат Angeles Crest Highway тас жолында болған. Оқиға туралы хабарлама жексенбі күні сағат 12:45 шамасында түскен. Көліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болса, жолаушы кейін ауруханада көз жұмды.

    Әлеуметтік желілерде апат орнынан кадрлар тарауда, бұл геймерлер мен ойын фанаттары арасында үлкен резонанс тудырды.

    Зампелла ойын индустриясында маңызды із қалдырды, оның жобалары бүкіл әлемде миллиондаған ойыншыларды ынталандырды.

  • Wildberries Қазақстанда қымбаттауы мүмкін

    Wildberries Қазақстанда қымбаттауы мүмкін

    Wildberries маркетплейсі қазақстандық сатушыларға 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне (ЖР) өтуді талап етті. Бұл туралы Uchet.kz хабарлады. Компания мұны жаңа Салық кодексіндегі 286-баптың 16-тармағымен түсіндіреді, деп хабарлдайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Сатушылар ЖР-ге өтеді

    2026 жылдан бастап жеңілдетілген режимдегі заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығындарын шегере алмайды. Wildberries мәліметінше, мұндай жағдайда оңайлатылған декларация бойынша жұмыс «мүмкін болмайды».

    Салық салу режимін өзгерту үшін кәсіпкерлер салық органдарына хабарлама жіберуі керек. Мұны салық төлеушінің кабинеті, eGov порталы немесе E-Salyq Business қосымшасы арқылы жасауға болады. Егер 2026 жылғы 1 наурызға дейін өтініш берілмесе, кәсіпкер автоматты түрде жалпыға бірдей режимге ауыстырылады.

    ШОБ үшін салдары

    Сарапшылардың пікірінше, жаңа режимге өту салық жүктемесін арттырып, әкімшілендіруді күрделендіреді. Бұл Wildberries сатушыларының шығындарына әсер етіп, тауар бағасының қымбаттауына алып келуі мүмкін.

    Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі жаңа кодекс күшіне енгеннен кейін шамамен 300 мың компания жабылуы мүмкін екенін мәлімдеген. Вице-министр Азамат Әмрин олардың басым бөлігі «жасанды бөлшектеу» мақсатында құрылған құрылымдар екенін айтқан.

  • Әлемде алғаш рет балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынды

    Әлемде алғаш рет балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынды

    Австралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді толықтай қолдануға тыйым салған әлемдегі алғашқы ел болды. Жаңа заңға сәйкес TikTok, Instagram, Facebook, YouTube, Snapchat, Reddit, Kick, Twitch және Threads платформаларына кіруге шектеу қойылады, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Платформалар кәмелет жасына толмаған пайдаланушылардың аккаунттарын жоюға және олардың қайта тіркелуіне жол бермеуге міндетті. Талаптарды орындамаған жағдайда компанияларға 33 миллион доллар көлемінде айыппұл салынады.

    Бұл шешім технологиялық алыптардың және сөз бостандығын қорғаушылардың сын-пікірін тудырды. Дегенмен ата-аналар мен баланың құқықтарын қорғау ұйымдары бастаманы қолдап, балалардың онлайн қауіпсіздігін күшейтудің маңызын атап өтті.

    Австралия билігінің айтуынша, тыйым кибербуллингтің, онлайн-қорлаудың және әлеуметтік желілердің балалар психикасына кері әсерінің артуына байланысты қабылданған. Заңның орындалуын қадағалау арнайы органға жүктелді.

  • Тайланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыстар қайта басталды

    Тайланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыстар қайта басталды

    8 желтоқсан күні таңертең Тайланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыстар тіркелді. Сағат шамамен 08:30-де камбоджиялық күштер тай елді мекендерінің біріне қарай бірнеше зымыран атқаны туралы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта жараланғандар немесе қираулар туралы ресми мәлімет жоқ, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Тай тарапының хабарлауынша, атқылауға жауап ретінде авиация Камбоджа әскери бөлімшелерінің оқ ату позицияларына соққы берген. Авиасоққының салдары мен көлемі туралы нақты деректер әзірге жарияланбады.

    Шекаралық аймақтардағы жергілікті билік тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды және шиеленіс аймақтарына жақындамауды ескертті. Екі елдің әскери құрылымдары ресми түсініктеме беруден уақытша бас тартып отыр.

    Жағдайға қатысты қысқаша мәлімет

    Екі мемлекет арасындағы жағдай биыл мамырда даулы аумақта болған қарулы жанжалдан кейін күрт нашарлаған болатын. Ол қақтығыста камбоджиялық әскери қызметкер қаза тапқан еді. Сол кезден бері шекара бойында уақыт сайын ахуал ушығып, кішігірім қақтығыстар қайталанып келеді.

    Даулы аймақты демаркациялау жөніндегі келіссөздер бірнеше рет кейінге шегерілген. Сарапшылардың пікірінше, мәселенің түпкі себебі – екі ел де таласып отырған учаскелердің мәртебесі.

    Қазіргі таңда жараланғандар мен материалдық шығын туралы нақты ақпарат жоқ. Екі елдің дипломатиялық қызметтері тұрақты байланыс режимінде жұмыс істеп жатыр.