Рубрика: Аймақ

  • Алматы облысында 4 балаға шабуыл жасаған педофил сотталды

    Алматы облысында 4 балаға шабуыл жасаған педофил сотталды

    Еске салайық, 2024 жылғы 16 ақпанда Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз ер адам үйге кіріп, ондағы төрт балаға шабуыл жасаған еді. Ол балаларды ұрып-соғып, байлап, тамағына пышақ тақаған.  Көршілер балалардың айқайынан шошып үйге келіп, күдіктіні ұстайды. Күдіктіні полицейлер әкетеді. Балалар ауруханаға жеткізілген еді.

    Содан кейін Алматы облысының прокуратурасы үш бап бойынша тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.  Кәмелетке толмаған екі және одан да көп балаларға қатысты бас бостандығынан заңсыз айыру, зорлық-зомбылық қолдану арқылы тұрғын үйге қол сұғылушылыққа бару, зорлау, яғни зорлық-зомбылық қолдану арқылы немесе оны жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қолданамын деп қорқыту немесе жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы жыныстық қатынас, зорлау, яғни, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға зорлық-зомбылық қолданумен немесе оны қолдану қаупімен не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып, бірнеше рет жасалған жыныстық қатынас.

    Алматы облысы Жамбыл ауданының прокуратурасы тергеу барысында ер адамның жас қызды зорлағанын анықтады.

    «Жас баланы зорлау фактісі анықталды. Нәтижелері бойынша қылмыстық іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген. Сот үкімімен сотталушы 21 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп мәлімдеді прокуратурa.

    Сотталушыға қатысты сот процесі жабық режимде өтті және бұл қылмыстың егжей-тегжейі жария етілмеді.

  • Бұрынғы шенеунік һәм айтыскер ақын сотталды

    Бұрынғы шенеунік һәм айтыскер ақын сотталды

    Бұрынғы шенеунік һәм айтыскер ақын Әнуар Омар тағы бір мерзімге – алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл қазірдің өзінде сыбайлас жемқорлық істеріне қатысты үшінші үкім. Айтыскердің сыбайластары бас бостандығын шектеумен шықты.

    Антикор жазғандай, қалалық сот Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бұрынғы басшысы Әнуар Омарға қатысты үкім шығарды.

    Онымен бірге қарамағындағы қызметкері Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сарбаева да сотталды. Сондай-ақ екі бюджеттік ұйымның басшылары да сотталды: Жолашарова («Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ) және Оспанова («Тілдерді дамытудың ресурстық орталығы» КММ).

    Жазаға тартылған тағы бір адам жеке компанияның өкілі болып шықты.

    Тергеу мәліметінше, олар «Жезқазған қаласында мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға» 3,9 миллион теңгеге заңсыз қосымша келісім жасап, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған.

    Сот оларды кінәлі деп тапты: Омар алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды, оның сыбайластары әрқайсысы бір жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың барлығына өмір бойына мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға тыйым салынды.

  • Ақтөбеде оқушының денесі табылды

    Ақтөбеде оқушының денесі табылды

    Ақтөбеде бүгін таңда ауладан оқушының денесі табылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

    Бүгін сағат 7:30 шамасында Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан кәмелетке толмағанның мәйіті табылды.

    – Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мәйітте зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін анықтады. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Ақтөбе облыстық ветеринария басқарасының басшысы Айбек Сембайдың айтуынша, ит қапты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

    – Қазіргі кезде тексеру жүріп жатыр. Баланың денесінде қандай да бір із, тістің басқаны белгісі жоқ, – деді Айбек Сембай.

    Полиция да иттің қапқанын жоққа шығарды. Киімінде еш із болмаған.

  • Талдықорғанның полиция бастығы зорлаған әйел сотталды

    Талдықорғанның полиция бастығы зорлаған әйел сотталды

    Талдықорғанда резонанс тудырған зорлау фактісі бойынша алаяқтық жасаған соттың бұрынғы хатшысы мен жәбірленуші 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

    2023 жылдың қараша айында полиция бастығы Марат Күштібаев өзінің жеке кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деген айыппен 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда осы істі зерттеу аясында жаңадан қылмыстық іс қозғалды.

    Болған жағдайдан кейін Күштібаевтың әйелі жазаны жеңілдеткісі келген. Зерттеу барысында ол айғақтарды өзгертуге көндіру мақсатында сот хатшысына 40 млн теңге берген. Егер бұл мүмкін болса, бап қайта қаралып, жаза жеңілдетілуі мүмкін еді.

    Жәбірленуші жалған ақпарат бергені үшін жазадан құтылуға көмектесетін болса ғана айғақтарды өзгертуге келіскен және ол сотқа 2 апта қалғанда ақшаны толық алған.

    Алайда жәбірленуші сот кезінде ешқандай да айғақтарды өзгертпеген және ақша Күштібаевтың әйеліне қайтпаған. Сот үкімі шыққаннан кейін Күштібаевтың әйелі берілген ақшаны қайтаруды талап еткен, бірақ сот хатшысы оны беріп қойғанын мәлімдеген. Салдарынан сотталушының әйелі алаяқтық фактісі бойынша полицияға арыз жазған.

    Зерттеу 1 жылға созылды. Нәтижесінде соттың бұрынғы хатшысын, жәбірленушіні және оның бірге тұратын адамын алаяқтық үшін кінәлі деп тауып, сот оларды 6 жылға бас бостандығынан айырды.

  • Түркістан облысында жігіт 14 жастағы қызды қорқытып, бірнеше рет зорлаған

    Түркістан облысында жігіт 14 жастағы қызды қорқытып, бірнеше рет зорлаған

    Түркістан облысы Сайрам ауданында жігіт мектеп оқушысын бірнеше рет зорлап келген. 

    Бұл туралы «Не молчи» қоры мәлімдеді. Бұл жағдай 2 жыл бұрын болған. 2022 жылы 17 жастағы 11-сынып оқушысы 7-сынып оқитын 14 жастағы қызбен кездеседі. Жігіт қызды пышақпен қорқытып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді.

    Кәмелет жасына толмаған қыз болған жағдайды біреуге айтуға қорқады. Жігіт асылып өлетінін, өліміне қыз кінәлі екенін айтып қолхат қалдыратынын, кейін оны түрмеге қамайтынын айтып қызды қорқытады.

    Бірнеше рет жігіт қызды қорқытып, азаптаған. Ол өзінің қолын кесіп, өміріне қауіп төндірген. Кейін жігіт өзін қыздың үйінде өлтіретінін, өліміне қыздың туыстары кінәлі болатынын айтып, қорқытуын тоқтатпаған.

    2023 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін жігіт қызды тағы бірнеше рет зорлайды. Қыздың анасы бар жағдайды біледі. Кейін бірден Сайрам ауданының полиция басқармасына арыз жазады. Алайда сот әлі күнге дейін жалғасып келеді. Жігіт әлі күнге дейін бостандықта жүр.

    «Не молчи» қоры жоғарғы соттан осы мәселені біржақты етуді сұрады. Қордың мәліметінше, қыз осы жылы мектеп бітіреді екен. Ал жігіт жауапкершілікке тартылуы керек ересек адам.

  • Өскеменде босанған әйел сәбиін қоқыс контейнеріне қалдырған

    Өскеменде босанған әйел сәбиін қоқыс контейнеріне қалдырған

    Instagram желісіндегі f16_kaz парақшасының мәліметінше, жалдамалы пәтерде тұратын 44 жастағы әйел адам медициналық көмекке жүгінбей, жалғыз өзі босанған. Оның айтуынша, сәби өлі күйінде өмірге келген, содан кейін мәйітті қоқыс жәшігіне тастай салған.

    Әйел адам жүкті ретінде есепте тұрмағаны, медициналық көмекке жүгінбегені анықталды. Кейін ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Желідегі мәліметтерге сүйенсек, куәгерлер жаңа туған нәрестенің денесін өткен жексенбіде тапқан.

    Редакцияның сауалына жолдаған жауабында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    «Жедел іс-шаралар барысында сәбидің анасы анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.

     

  • Павлодарда мектеп ғимараты 213 теңгеге сатылды

    Павлодарда мектеп ғимараты 213 теңгеге сатылды

    Павлодар облысында ауданы 92,1 кв.м болатын бұрынғы мектеп ғимараты 213 теңгеге сатылды.

    Алғашында білім ошағы 1,68 млн теңгеге бағаланған.

    Объект Береке ауылында орналасқан және Ақсу қаласының Достық ауылдық округі әкімдігінің балансында болған. Электронды сауда алаңындағы ақпаратқа сәйкес мектеп 1993 жылы салынған.

    2023 жылдың мамыр айында мектеп ғимараты аукционда 561 мың теңгеге бағаланғанымен, соңында 213 теңгеге сатылған.

  • Атырау облысында 28 жылқыны ұрлаған күдікті қамауға алынды

    Атырау облысында 28 жылқыны ұрлаған күдікті қамауға алынды

    Атырау облысының Индер ауданындағы Көктоғай ауылының тұрғындары 28 жылқының ұрлағаны туралы дабыл көтерді. Осыған орай облыстық полиция департаменті мал ұрлған күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.

    Атырау облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подколковнигі Абай Жұмабаевтың айтуынша, ұсталған күдіктінің жасы – 45-те.

    – Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Махамбет ауданының аумағында 28 бас жылқыны ұрлады деген күдікпен 45 жастағы ер адамды ұстады. Қазір күдікті қамауға алынды. Ірі көлемде мал ұрлығы дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары басталды. Қылмысқа қатысты барлық дерек пен мән-жай тексеріліп жатыр. Айғақ заттар тәркіленді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деп хабарлады Абай Жұмабаев.

     

  • Семейде соққыға жығылған бала жабық бас-ми жарақатын алған

    Семейде соққыға жығылған бала жабық бас-ми жарақатын алған

    Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы Семейде бір топ жасөспірім соққыға жыққан баланың жағдайы туралы айтты.

    Денсаулық сақтау басқармасы оқушы 23 ақпанда қабылдау бөлімінде тексерілгенін жеткізді. Оған дер кезінде медициналық және психологиялық көмек көрсетіліпті.

    «Пациент 2013 жылы туған ұл бала. Қажетті тексерулер жүргізілді. Диагноз – жабық бас-ми жарақаты. Бастың шашты бөлігінде, шүйде аймағында гематома. Аяқ-қолдың төменгі тұсында көптеген теріасты гематомасы бар. Бала жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық, бірақ психоэмоционалдық күйі мен диагнозына байланысты бақылауды қажет етеді», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

    Ведомство ақпаратына сай, қажетті диагностикалық тексерулер жүргізілген. Тексеру қорытындылары бойынша оқушының өміріне қауіп төндіретін себептер анықталмаған.

    «Қазіргі уақытта дәрігерлердің – педиатрдың, травматологтың және невропатологтың динамикалық бақылауында», – деп хабарлады олар.

    Еске салайық, Семейде бір топ жасөспірім 6-сынып оқушысын соққыға жыққан еді.

  • Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

    Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

    26 ақпанда «Алматы-Астана» автожолының 56 шақырымында болған жол апаты оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртеніп кеткен. Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.