Рубрика: Жаңалықтар

  • Астанада жасөспірім қыз биіктен секіріп кетті

    Астанада жасөспірім қыз биіктен секіріп кетті

    Астанада жасөспірім қыз көпқабатты үйдің 15-қабатынан секіріп кеткен. Бұл туралы ақпарат @astanovka98 Telegram-арнасында пайда болды.

    Оқырмандардың айтуынша, жас қыз биіктен секірмес бұрын хат қалдырған. Жасөспірім ауыр халге ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

    Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауда.

  • Қаза болған кеншілердің отбасына көмек беріледі

    Қаза болған кеншілердің отбасына көмек беріледі

    Ұлытау облысында төтенше жағдайда қаза болған кеншілердің отбасыларына әкімдік көмек көрсететін болды.

    Ұлытау облысының әкімдігінің мәліметінше, кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті қолдаудың барлығы көрсетіледі. Қайғылы оқиғаға байланысты өңір басшысы Дастан Рыспеков көңіл айтты.

    «Қайғылы оқиға баршамыздың жүрегімізге ауыр тиді. Бұл жағдай – бірнеше отбасы үшін орны толмайтын қаза.

    Қайтыс болған кеншілердің туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл қасірет баршамыз үшін оңайға соққан жоқ.

    Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шара қабылданады», – делінген көңіл айту жеделхатында.

  • Президент кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтты

    Президент кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтты

    Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты.

    «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады», – делінген Ақорда хабарламасында.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.

    Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.

  • «Қазақмыс» шахтасындағы апат: 7 кеншінің денесі табылды

    «Қазақмыс» шахтасындағы апат: 7 кеншінің денесі табылды

    Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жеті қызметкердің денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда.

      Қайтыс болған жеті жұмысшылардың денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

    ҚР ТЖМ жедел штабының «жедел желісіне» 23 қоңырау келіп түсті.

    Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйінді астында қалды. ТЖД олардың тізімін жариялады.

    Сонымен қатар Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылған болатын.

  • Шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды

    Шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды

    Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

    Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қ. Бозымбаев басқарды.

    Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін ТЖ орнына шұғыл бару тапсырылды.

  • Ұлытау шахтасындағы апат: 7 шахтердің тізімі шықты

    Ұлытау шахтасындағы апат: 7 шахтердің тізімі шықты

    Журналист Михаил Козачков Ұлытау облысы Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға қарасты «Жомарт» кенішінде шахтада қалып қойған 7 адамның тізімін жариялады.

    Олардың арасында 4 машинист, энергетика маманы, электрмонтер мен тау маманы бар:

    1. Нұрылдаев О.
    2. Жакубаев А.
    3. Кенжебеков О.
    4. Акшалов Н.
    5. Молдабеков Г.
    6. Жумадулаев Б.
    7. Рожков К.

    Құтқарушылар мен шахтерлердің арасы – 1500 шақырым, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша оның 200 шақырымы еңсерілді.

    Апат кезінде жер астында 7 адамнан тұратын бір бригада жұмыс істеген.

  • «Жомарт» кенішінде апат болып, 7 адам үйінді астында қалып қойды

    «Жомарт» кенішінде апат болып, 7 адам үйінді астында қалып қойды

    2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға қарасты «Жомарт» кенішінде шахтада тау массасы опырылды.

    Құлаған аймақта шахтаның 7 қызметкері қалып қойды. Қазіргі уақытта «АСС Сериктес» ЖШС құтқару бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    «Оқиға орнына Ұлытау және Қарағанды облыстарының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) қызметкерлері, кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді», – делінген ТЖМ хабарламасында. 

    Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығы мен Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар құрылып, жұмыс істеп жатыр. ТЖМ-де «жедел желі» телефоны іске қосылды.   Телефон нөмірі: 8 (7172) 55-96-21.
    Апаттың мән-жайы анықталуда.

     

  • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі 11 жылға сотталды

    Алматының бұрынғы бас сәулетшісі 11 жылға сотталды

    Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаланың бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахметжанов пен жер қатынастары басқармасының экс-басшысы Ардақ Самамбетовке қатысты үкім шығарды. 

    Сот Ахмеджановты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігі, 361-бабының 1 және 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Ал Самамбетов 10 жылға сотталды.

    Тергеу мәліметтері бойынша, АхмАреджанов пен Самамбетов Алматының тау бөктеріндегі аудандарында ірі тұрғын үй кешендерін салуға рұқсат берген, бұл жер учаскелерінің кадастрлық құнын айналып өтуге мүмкіндік берген. Сондай-ақ, оларға инвестициялық жобалар үшін мемлекеттен жер бөлді деген айып тағылды, кейін бұл учаскелер жеке меншікке өтіп кеткен. Айыптау тарапының мәлімдеуінше, Ахмеджанов бұл әрекеттері үшін жақын туыстарына бірнеше пәтер алған.

    Сондай-ақ, бұл істе:

    • Мұханбетәлі Шалқарбеков – «Ақ жол» партиясының Жамбыл филиалының басшысы. Ол алаяқтыққа көмектескені үшін 5 жыл шартты жаза алды.
    • Ерлан Жармұханбетов – Алматының жер қатынастары бөлімінің экс-басшысы. 14 жылға сотталды. Айыптаушылардың нұсқасына сүйенсек, 2022 жылы ол «BAB Assessment» бағалаушысы Алмазхан Бакиров дайындаған жер телімінің құнын 93 млн теңгеге артық бағалап бекіткен.
    • Алмазхан Бакиров – жоғарыда аталған бағалаушы. Оның әрекеті 8 жылға бас бостандығынан айырумен аяқталды.
    • Берік Өскембаев – кәсіпкер. Жер учаскесіне қатысты алаяқтыққа көмектескені үшін 5 жыл шартты жаза тағайындалды.

    Бұл істің тергеуі 2023 жылдың маусымында Алматыдағы тау бөктеріндегі құрылыстардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде басталды. Ахметжанов Антикор қызметімен ұсталғанға дейін Алматының бас сәулетші қызметінен кеткен еді.

  • Жазасын өтеп жатқан 1,2 мың әйел амнистияға ілінуі мүмкін

    Жазасын өтеп жатқан 1,2 мың әйел амнистияға ілінуі мүмкін

    Елімізде сотталған 1,2 мың әйел жазасын өтеуден босатылуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылды.

    Ішкі істер министрлігі сотталған әйелдерге рақымшылық жасау мүмкіндігі туралы депутаттық сауалды қарады.

    «Мұндай рақымшылық актісін қолдану туралы ұсыныс тұжырымдамалық түрде сақталады. Бүгінгі таңда 6399 әйел қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр, оның 2692-сі бас бостандығынан айыру орындарында ұсталса, 3707-сі пробациялық бақылауда. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес ауырлығы аз және орташа қылмыстары үшін сотталған 1220 әйел жазасын өтеуден босатылуы мүмкін. Сонымен қатар зорлық-зомбылыққа байланысты емес қылмыстар жасағаны үшін 2002 әйел сотталды, олардың 1766-сы алғаш рет, ал 150-і ауырлығы шағын және орташа қылмыстар жасаған», – деді ІІМ басшысы.

    Ержан Сәденовтің сөзінше, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған 5055 әйелге жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.

    «Рақымшылықты қарау кезінде жасалған қылмыстың ауырлығымен қатар сотталғандардың әлеуметтік жағдайын қосымша ескеру ұсынылады. Сотталғандардың арасында 29 мүгедек әйел (I топ – 3, II топ-3, III топ – 15), 60 жастан асқан 243 әйел (ТМ-152, ПҚ-91), 13 жүкті әйел, 58 жас балалары бар (3 жасқа дейін), сондай-ақ 226 көпбалалы ана бар. Бас бостандығынан айыруды жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру жолымен (3910) өтелмеген талап-арыздары бар әйелдер үшін жазаны жеңілдетуді көздеу қажет. Алайда, Конституцияның 14-бабының талаптарын ескеру қажет, оған сәйкес заң мен сот алдында барлығы тең. Ешкімді жынысына байланысты кемсітуге болмайды», – делінген жауапта.

    Әлеуметтік осал адамдар санатына жататын 920 ер адам сотталған (I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ҰОС қатысушылары, зейнеткерлер, толық емес отбасылар).

    Министр бірінші рет сотталғандарды және зорлық-зомбылықсыз қылмыстар жасағандарды босату мәселесі жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды ескере отырып, одан әрі талдауды қажет етеді деген пікірде.

    Ресми мәліметке сәйкес, екі мыңнан астам сотталғанды босату бюджетті күніне 5,8 млн теңгеге дейін үнемдеуге әкелуі мүмкін (1 сотталғанға жалпы шығындар күніне – 2900 теңге, тиісінше жылына 2,1 млрд теңге).

  • Костенкодағы 46 кеншінің қазасы туралы іс сотқа берілді

    Костенкодағы 46 кеншінің қазасы туралы іс сотқа берілді

    Бас прокурор Берік Асылов жарылыс кезінде 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы трагедияны тергеу аяқталғанын хабарлады.

    Қайғылы оқиға 2023 жылдың 28 қазанына қараған түні 700 метр тереңдікте болды. Метанның алғашқы жарылуы тізбекті реакцияны тудырып,  33 шахтер жарақаттан, 13 – көміртегі тотығымен уланудан қайтыс болды. Тағы 28 адам жарақат алды.

    «10 қатысушыға қатысты іс тау – кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу туралы бап бойынша сотқа берілді (ҚК 277-бабының 3-бөлігі)», – деді Асылов

    Тергеу апаттың себебі басшылық тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі, қауіпсіздік шараларын сақтамау және шахтаның жоғарғы газдануынан екенін анықтады. Айыпталушылар арасында шахта директоры, бас инженер, желдету және конвейерлік көлік учаскелерінің бастықтары бар. Олардың тоғызы қамауға алынды, біреуі кепілдікпен босатылды.

    Барлығы 74 адам зардап шекті деп танылған, онда қаза болғандардың туыстары мен зардап шеккен кеншілер бар. Қылмыстық іс 120-дан астам томды материалдарды қамтыды.