Рубрика: Жаңалықтар

  • Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, бір адам көз жұмды

    Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, бір адам көз жұмды

    Алматыда қоғамдық көлік  Mitsubishi көлігімен соқтығысып, бір адам қайтыс болды. ПД мәліметінше, жол апаты бүгін түскі сағат 14:48-де Алматының Жетісу ауданында болды.

    «Mitsubishi» маркалы көліктің жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Бөкейханов көшесінің қиылысында жеке тасымалдаушыға тиесілі № 58-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысқан.

    «Жол апаты салдарынан «Mitsubishi» көлігінде отырған әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған апат бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды», – делінген ПД хабарламасында.

  • 14 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    14 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    Абай облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қаласында жоғары өрт қауіпі сақталады.

    5-7 қазан күндері Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с. Қонаев қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.

    Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 05 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 05 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Таразда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

    Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында және шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкентте кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

    Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

  • 5 қазаннан бастап референдум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды

    5 қазаннан бастап референдум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды

    Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Ол қоғамдық пікірге сауал салу қорытындысын, референдумға байланысты өзге де зерттеулер мен дауыс беру нәтижесінің болжамын, дауыс берілетін күні БАҚ-та және онлайн платформаларда жариялауға болмайтынын ескертті.
    Республика бойынша 10 мың 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру құқығына ие 12 млн 244 мың 683 адам бар.

  • Ақмола облысында үйінде есірткі сақтаған шетелдік ұсталды

    Ақмола облысында үйінде есірткі сақтаған шетелдік ұсталды

    Ақмола облысында тұратын 57 жастағы шетелдік 4 келіден астам марихуана мен каннабис тұқымдас өсімдіктерді сақтағаны үшін ұсталды.

    Күдікті “Қарасора – 2024” жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсті.  Целиноград ауданындағы 57 жастағы тұрғынының  үйінен канабис тұқымдас өсімдігі бар 6 қорап табылды. Тәркіленді, гараж бен қорада соған ұқсас өсімдігі бар тағы үш қап табылды. Сонымен қатар гараж бен қорада қабырға бойымен осы өсімдіктің бұталары ілулі болды. Алынған заттардың жалпы салмағы 4,5 келіден асты. Оның ішінде 2 келіден астам кептірілген марихуана және 1 келі 708 гр кептірілген қарасора бар .

    Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған. Ер адамға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

  • Астана әуежайындағы автотұрақ қымбаттайды

    Астана әуежайындағы автотұрақ қымбаттайды

    Бұл тұрақ аймағы, жабық паркинг, әуежайдың экспресс желісі мен бірінші жолақ инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға тиісті деңгейде қызмет көрсету мақсатында, сондай-ақ 2024 жылға арналған коммуналдық тарифтердің ұлғаюына және инфляцияның өсуіне байланысты.

    Әуежай «Smart Parking Technologies» ЖШС-ның тұрақ орнын жалға беру қызметі үшін тарифтік жоспары кестеде көрсетілгендей өзгергені туралы хабарлады.

  • Домофонды кірпішпен сындырған тұрғын қамауға алынды

    Домофонды кірпішпен сындырған тұрғын қамауға алынды

    Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға таңғы уақытта болған. 26 жастағы мас ер адам үйде кілтін ұмытып кеткен. Содан кіреберіске кіре алмай, домофонды кірпішпен сындырған. Оның бұл әрекеті бейнекамераға жазылған.

    Сот шешімімен бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген құқықбұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

  • Қонаевта референдум қарсаңында әуе шары көтерілді

    Қонаевта референдум қарсаңында әуе шары көтерілді

    Қонаевтың орталық алаңында жеке компания өкілдері халықты 6 қазан өтетін референдумға шақыру мақсатында әуе шарын көтерді.

    Компания мамандары референдум ел ертеңін айқындайтын маңызды шара деген пікірді ұстанып отыр.

    Шар кешкі сағат 20:00-ге дейін орталық алаңда болады. Қызығушылар болса, 2000-5000 тг көлемінде ақы төлеп, аспанға көтерілуіне мүмкіндік қарастырылған.

    Айта кетейік, Алматы облысында 643 сайлау учаскесі бар. Дауыс беру күні облыстың 477 учаскесінде онлайн-сервистер арқылы сайлаушылардың тіркеуін тексеру мүмкіндігі ұсынылады. Уақытша тіркеу қажет азаматтар үшін арнайы 5 учаске (Қонаев қаласында – 2, Қаскелең, Талғар және Есік қалаларында бір-бірден) болады. Бұл учаскелерде азаматтар ХҚКО арқылы уақытша тіркеліп, өз дауысын бере алады.

  • Ресей азаматтығын алған қазақстандық жарты миллион теңге айыппұл арқалады

    Ресей азаматтығын алған қазақстандық жарты миллион теңге айыппұл арқалады

    Атырауда қос азаматтығы бар адамға 516 мың 880 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

    Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтығы бар Құрманғазы ауданының тұрғынын анықтады. Ол Қазақстан Республикасында туып, 2002 жылы алғаш рет Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеген. Алайда 2023 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдап, сол жылы шілдеде Ресей азаматтығын куәландыратын құжаттарын алған.

    Анықталған ер адамға ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Құрманғазы аудандық сотына жолданды. Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 140 айлық есептік көрсеткіш, яғни 516 880 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді, – делінген хабарламада.

    Сонымен қатар аталған дерек негізінде 47-жастағы ер адамды Қазақстан азаматтығынан айырып, мәліметтер тиісті ақпараттық жүйелерге енгізілді.

    Айта кетсек, жыл басынан бері Атырау облысында Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы 192 дерек тіркелген. Оның ішінде 17 адам – қос азаматтығы бар адамдар. Сот шешімдерімен 15 адамға айыппұл салынса, 2 адам ҚР әкімшілік жолмен шығарылған. Оларға Қазақстан аумағына 5 жылға дейін кіруге тыйым салынды.

  • Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

    Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

    Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңді. (21-1, 13 КО)

    Осылайша отандасымыз орта салмақтың екі чемпиондық (WBO, IBF) титулын қорғады.

    Айта кетсек, бұл жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болатын. Ол уақытта Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті. Бұл жөнінде боксшы кейіннен твиттер парақшасында былай деп жазды:

    «Қолдауларыңызға рақмет! Менде қазір барлығы дұрыс. Бірнеше апталар салып, араға қайта қосыламын. Бастысы мен орта салмақта өнер көрсете беремін. Менің бұл жақта бітпеген шаруаларым бар», — деп жазды Әлімханұлы.

    Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті. 25 жастағы Андрей Михайлович кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған 21-0, 13 KO. Қазірде Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3 орында тұр.

     

  • Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үй анықталды

    Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үй анықталды

    Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үй құрылысы анықталды

    Осы нысандарға жекелеген компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан. Бұл жөнінде қаланың  прокуратурасы мәлім етті.

    «Биыл 64 нысанды заңсыз салып жатқан 51 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазір 12 компанияға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр», — делінген хабарламада.

    Ведомство жаңа салынып жатқан үйден пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушының сенімділігін тексеріп алуды ұсынады.