Рубрика: Жаңалықтар

  • Журналистер мінген әуе шары «лағып» кетті

    Журналистер мінген әуе шары «лағып» кетті

    Онда Бразилия мен Германиядан келген екі әйелдің Алматыны биіктен тамашалағысы келгенін айта келе, олардың алған әсерін сұрап-білу үшін Қарғалы ауылына журналистер де жедел барғанын жазған.

    Сөзбе-сөз келтірсек: «Еріккен екі қатын есімізді шығарды. Әуе шарымен әлем қалаларын көктен көреміз деп кергіген Бразилия мен Германиядан екі әйел келіпті. Олар Алматыны ұшар биіктен тамашаламақшы болған. Соларды түсіру үшін бүгін біздің түсіру тобымыз да Қарғалы (Фабричный) ауылына барған еді. Алайда кіл журналистер мінген әуе шары 1,5 сағат аспанда қаңғып жүріп, 11 шақырым жердегі Ұзынағаш ауылына барып құлапты. Абырой болғанда бәрі аман. Бірақ еріккен екі қатынның кесірінен журналистердің жүрегі шайылып, Ұзынағаштағы бірнеше үй жарықсыз қалды. Өйткені, дәл ауыл ортасына түскен әуе шары желілерді үзіп кеткен», – делінген жазбада.

    Sona.kz тілшісі КТК жаңалықтар бөлімінің редакторы Диас Нұрақынға хабарласып, мән-жайды білді.

    «Біз мұны қызықты оқиғалар айдарына берейік дегенбіз. Бізден барған түсіру тобы, басқа да журналистер мінген әуе шарында 7-8 адам болған. Бәрі аздап шошынып қалыпты. Себебі, бұлар отырған шар айдалаға «лағып» кетіп, Ұзынағаш ауылына барып құлаған. Ал бұдан әлгі екі турист әйел хабарсыз да шығар», – деді.

    Ел аралап, қыдырып жүрген екі турист әйелдің әуе шарына отырғаны кімге қызық болды екен? Журналистерді шақырып, ұйымдастырып жүрген кімдер? Ал түсіру тобы емес, әлгі туристер мінген әуе шары құлағанда не болар еді?!

  • Демалыс күндері кей өңірлерде 30 градус ыстық болады

    Демалыс күндері кей өңірлерде 30 градус ыстық болады

    Синоптиктер 5,6,7 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

    «Скандинавиялық антициклонның ықпалымен еліміздің батысында, 5, 6 қазанда солтүстік және шығыс облыстарда ауа райы ашық болады, күндіз батыста температура 23-30 градусқа көтерілсе, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін жылынады. Алайда түнде температура нөлден де төмендейді», делінген ауа райы болжамында.
    7 қазанға қарай солтүстік пен шығысқа суық атмосфералық ағын мен жаңбырлы бұлт таралады, сондықтан жел күшейіп, жауын жауып, күн салқындайды.
  • Елімізде 400 мыңға жуық мұғалім бар

    Елімізде 400 мыңға жуық мұғалім бар

    Бүгінде Қазақстанда 400 мыңға жуық мұғалім мектепте жұмыс істейді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда еліміздегі барлық білім беру ұйымында шамамен 600 мың педагог бар.

    Оның ішінде мектепте 399 247 мұғалім (323 569 – әйел, 75 678 ер адам) сабақ береді:

    • 10 жылға дейінгі еңбек өтілі бар – 142 722 адам,
    • 10-20 жыл еңбек өтілі бар – 114 175 адам,
    • 20-30 жыл еңбек өтілі бар – 77 мың 22 адам,
    • 30 жылдан және одан көп еңбек өтілі бар – 65 328 адам.

    Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 41 155 педагог, мектепке дейінгі мекемелерде 100 566 тәрбиеші еңбек етіп жүр.

     

  • «Пайызсыз баспана»: 134 адамды алдағандар сотталды

    «Пайызсыз баспана»: 134 адамды алдағандар сотталды

    Шымкентте әлеуметтік желі арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелері сотталды. «Пайызсыз баспана» деп аталатын ұйым құрған олар Шымкент, Астана және Алматы қалаларынан арзан бағамен үй алып беруге көмектесеміз деп, 134 азаматты алдап соққан. Алғашқы жарна ретінде 1 миллион ақша аударса бағасы 15 миллион теңге болатын пәтерді алуға жәрдемдесетінін айтып, жарнамалаған. Және азаматтардың сеніміне кіру үшін алдымен 3-4 адамға үй сатып әпергенін желі арқылы таратады. Олар осындай жымысқы әрекетімен 171 миллион теңге олжа тапқан. Сот топ жетекшісі мен оның екі көмекшісін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

     

  • 5 қазаннан бастап реферандум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды

    5 қазаннан бастап реферандум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды

    Биыл 5 қазаннан бастап реферандум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.

    Бүгін түнгі сағат 00:00-де үгіт-насихат аяқталады. Бұған дейін үгіт жүргізуге болады. Ертең – тыныштық күні. Сондықтан бүгін сағат 00:00 кейін ешқандай үгіт жүргізуге болмайды. Яғни тыныштық күні және дауыс беру күні үгітке байланысты кез келген әрекетке тыйым салынады. Ол үшін заңда құқықтық жауапкершілік қарастырылған, – деді Нұрлан Әбдіров.

    Ол 6 қазанда реферандумға байланыс зерттеу қорытындысын, дауыс беру нәтижесінің болжамын БАҚ-та жариялауға болмайтынын ескертті.

    Қоғамдық пікірге сауал салу қорытындысының, референдумға байланысты өзге де зерттеулер, дауыс беру нәтижесінің болжамын дауыс берілетін күні БАҚ-та және онлайн платформаларды жариялауға жол берілмейді. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй жайда немесе пункте қоғамдық пікірді білу үшін сауалнама жүргізуге де тыйым салынады. Мұны ұмытпаңыздар, – деді төраға.

  • Астанада атом энергиясына арналған мурал пайда болды

    Астанада атом энергиясына арналған мурал пайда болды

    Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде референдум мен атом энергиясына арналған мурал пайда болды. Бұл сурет қала көшесіне сән беріп қана қоймай, жұртшылықты еліміздің болашағы және атом станциясының энергетикалық қауіпсіздік тұрғысындағы маңыздылығы туралы ойлануға шақырады. «Өнер және болашақ энергиясы» — деп аталатын көше туындысының биіктігі 15 қабатты үймен бірдей.

  • Алматыда Toyota Camry-дің батыл жүргізушісі іздестіріліп жатыр

    Алматыда Toyota Camry-дің батыл жүргізушісі іздестіріліп жатыр

    Алматыда Toyota Camry жүргізушісі қыздың артынан еріп, жаяу жүргіншілер жолағына шығып кетті. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

    «Бүгін Алатау даңғылында қыздың артынан «камри» еріп жүрді, ол қыздан не қалағаны белгісіз, жұмбақ… Қыз да ештеңе болмағандай жаяу жүргіншілер жолымен жүре берді… Жаяу жүргіншілер жолағына шыққаны үшін айыппұл сала ма, қалай ойлайсыңдар?», – делінген видео сипаттамында.

    Пікір білдірген қолданушылар көлікті қыздың жігіті немесе күйеуі жүргізіп келе жатқан болуы мүмкін деп болжаған, өйткені қыз сабырмен жауап беріп, көмекке ешкімді шақырмаған.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)

  • Ливанда әуежай маңында жарылыс болды

    Ливанда әуежай маңында жарылыс болды

    Ливан астанасы Бейруттың оңтүстігінде халықаралық әуежай маңында бірнеше жойқын жарылыс болды. «Би-Би-Си»-дің мәлімдеуінше, Израиль армиясы Хезболланың нысандарына соққы берген. ЦАХАЛ бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен Израиль әскері мұның алдында Бейруттың оңтүстігіндегі бейбіт тұрғындарды көшуге үндеген еді. Бұл шабуылдардың көздегені — «Хезболла»ның марқұм экс-лидері Хасан Насыралланың інісі әрі мұрагері Хашим Сафи ад-Дин болуы мүмкін.

  • Президент: Судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек

    Президент: Судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек

    Әділ сот — мемлекеттің тірегі, сондықтан сот билігі қашанда абыройлы әрі мінсіз болуға тиіс. Президент Қазақстан Судьяларының ІХ съезінде осылай деді. Сондай-ақ, бұл басымдықтарға қол жеткізу үшін атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды. Келер жылы шілде айынан бастап, сот шешіміне кассациялық тәртіппен шағымдану мүмкіндігі пайда болады. Одан бөлек, саланың цифрлану деңгейін жетілдіре түсу де маңызды. Бұл соттың ашықтығы мен судьялардың жауапкершілігін арттыра түседі. Ал сот кезінде пайдаланылатын деректер қатысушылардың барлығына қолжетімді болады.

    ,«Судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек. Сондықтан судьялардың этикалық нормаларды сақтауы ерекше маңызды. Жаңа өзгерістерге сай енді сот ісін қарау кезіндегі барлық өрескел қателікті қазылар қауымы тексереді. Бұл – соттардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған жаңа тәсіл», — деді  Қазақстан Республикасының Қасым-Жомарт Тоқаев. 

  • Мұнай бағасы күрт өсті

    Мұнай бағасы күрт өсті

    Әлемде мұнай бағасы 5 пайызға өсті. «Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, бұған АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдемесі түрткі болған. Ақ үй басшысы «Израиль Иранның мұнай зауыттарына соққы бере ме? » деген сұраққа «біз оны талқылап жатырмыз» деп жауап берді. Дүйсенбіден бері «Брент» маркалы мұнай 10 пайызға қымбаттаған. Қазір оның бір баррелі 77 долларға сатылып жатыр.