Рубрика: Жаңалықтар

  • Әмір Омарханов ITF Juniors J300 турнирінде ширек финалға шықты

    Әмір Омарханов ITF Juniors J300 турнирінде ширек финалға шықты

    Теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық ракетка үшінші раундта Корея өкілі Донгюнг Хванды (133 ITF Juniors) 6:7 ​​(4:7), 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Отандасымыз енді ширек финалда Амир Куан-Чоу Ченмен ойнайды (79 ITF Juniors).

  • Қашаған кен орны уақытша жабылады

    Қашаған кен орны уақытша жабылады

    7 қазанда Қашаған кен орны жөндеуге жабылады. Кен орнындағы жөндеу жұмыстары қарашаның басына дейін жалғасады.

    «Қашаған кен орнында жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталып, 30 күнтізбелік күнге созылады», – делінген Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

    Қашаған – Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Қазақстанның қайраңды мұнай-газ кен орны. Соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.

  • Балалар үйіне түскен бөбектер саны рекордтық деңгейге жетті

    Балалар үйіне түскен бөбектер саны рекордтық деңгейге жетті

    Қазақстанда өткен жылы балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны 8,5 пайызға өскен, деп хабарлайды Finprom.kz.

    Былтыр бір жыл ішінде бөбектер үйлеріне 4 жасқа дейінгі 1,3 мыңға жуық бүлдіршін жіберілген. Бұл соңғы бірнеше жылдан бергі рекордтық деңгей. Айта кету керек, бұл бүлдіршіндердің тек 546-сы жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Ал 800-дей баланың ата-аналары ата-ана құқығынан айырылмаған.

    2024 жылдың басындағы мәлімет бойынша Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған 21,4 мың бала бар.

  • Антикор қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

    Антикор қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтарға сенбеу керегін ескертті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

    «Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, халыққа жолдап жатыр.  Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

    Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайтынын жазған.

  • Қазфосфатқа 10 млн теңге айыппұл салынды

    Қазфосфатқа 10 млн теңге айыппұл салынды

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2024 жылы жүргізген жұмыстарының қорытындысын шығарды.

    Осы уақытқа дейін департамент 5 тергеу жүргізген. Оның бірі «Қазфосфат» ЖШс-ға қатысты.

    Департамент мәліметінше компания сұйық оттегі бағасын 36 460 теңгеден 102 320 теңгеге негізсіз көтерген. Нәтижесінде компанияға 9,5 млн теңге айыппұл салынды.

    Бұған дейін де экологтар «Қазфосфат» ЖШС-ны тексеру кезінде заң бұзушылықтарын анықтаған болатын.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.

    ✔️Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

    ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.
  • Референдум: Шымкентте жолаушыларды тегін тасымалдайды

    Референдум: Шымкентте жолаушыларды тегін тасымалдайды

    6 қазанда  Шымкенттегі қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. Көлік компаниялары бұл күні қала көшелеріне мыңнан астам автобус шығаруды жоспарлап отыр. Олар 80 бағыт бойынша қозғалады. Кестеге сай таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмысын жалғастырады. Референдумға байланысты мегаполисте 344 дауыс беру учаскесі жасақталған. Қала тұрғындарының 660 мыңнан астамы дауыс беру құқығаына ие.

  • Алматыда өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін контент бұғатталды

    Алматыда өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін контент бұғатталды

    Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокурорлары күйзелістік контенті бар Telegram-арнасын бұғаттау шараларын қабылдады.

    «Тексеру барысында 67 оқырман әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды», — делінген Алматы қаласы прокуратурасының хабарламасында.

    2024 жылы 23 қыркүйекте сот, Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды.

    Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды.

    Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады. Күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

  • Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады

    Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады

    Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады.

    Сонымен қатар құрамында «атом» сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:

    — Атомжан – 2 адам

    — Атомбек – 6 адам

    — Атомвек – 2 адам

    — Атомтай – 1 адам

    Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады. Бұл ретте, елімізде Референдум есімді адам жоқ.

  • Вьетнамда 47 жолбарыс қырылып қалды

    Вьетнамда 47 жолбарыс қырылып қалды

    Вьетнамда H5N1 құс тұмауынан 47 жолбарыс, үш арыстан мен бір пандера қырылып қалған.

    The Guardian басылымының мәліметінше, оқиға Лонг Ан провинциясындағы My Quynh сафари паркі мен Донг Най провинциясындағы Vuon Xoai хайуанаттар бағында тамыз бен қыркүйек айналында тіркелген.

    Жануарлар саулығы ұлттық диагностикалық орталығы хайуанаттардың өліміне H5N1 типті құс тұмауы себеп болғанын растаған. Хайуандарға жақын қызметкерлер арасында респираторлық симптомдар байқалмаған.

    2023 жылы Вьетнамда 385 жолбарыс болған. Олардың 310-ы жеке хайуанаттар паркі мен фермаларда ұсталған. Қалғаны мемлекеттік мекемелерде орналасқан.