Рубрика: Жаңалықтар

  • Балалар сату, жалған діни топ және “элиталық эскорт”: ІІМ ауқымды қылмыстық схемаларды әшкереледі

    Балалар сату, жалған діни топ және “элиталық эскорт”: ІІМ ауқымды қылмыстық схемаларды әшкереледі

    Қазақстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік тұрғыда осал азаматтарды, соның ішінде балаларды нысанаға алған бірнеше қылмыстық схеманы анықтады. Ведомствоның мәліметінше, республикада адам саудасының 39 дерегі тіркелген, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты, деп хабарлайды Sona.kz Policia.kz-ке сілтеме жасап

    Алматыдағы жаңа туған балаларды сату ісі

    Алматыда жаңа туған нәрестелерді сату схемасын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Тергеу деректеріне сүйенсек, күдіктілер қиын жағдайға тап болған әйелдерге қаржы ұсынып, нәрестелерді беруге көндірген. Барлық қатысушылар ұсталды. 20-дан астам қылмыстық іс сотқа дейінгі өндірісте. Күдіктілерге мүлікті тәркілей отырып, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Абай облысындағы еңбек қанауы

    Абай облысында азаматтарды еңбекке заңсыз жұмылдыру фактілері анықталды. 11 қылмыстық іс қозғалды, материалдар сотқа жолдануда.

    Түнгі мекемелердегі рейдтер

    Шымкент, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында жүргізілген тексерістер барысында кәмелетке толмағандарды қоса алғанда, азаматтарды әртүрлі қанау түрлеріне тарту әрекеттері тоқтатылды.
    Астанада полиция мен прокуратура теміржол вокзалы маңындағы Гёте көшесінде рейд жүргізіп, сегіз адамды притон ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартты.

    Жалған діни топтың қызметі

    Ақмола облысында «рухани орталық» ретінде жұмыс істеген, деструктивті идеялар таратқан діни топтың қызметі тоқтатылды. Арнайы әдебиеттер алынды, сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.

    Үлкен қалалардағы “элиталық эскорт”

    Астана, Алматы және Шымкент қалаларында «элиталық эскорт» ұйымдастырушыларының әрекеті әшкереленді. Олар түнгі клубтарда жас қыздарды тартып, жеңгетайлықпен айналысқан. Қылмыстық істер сотқа жіберілді.

    Алматы мен Астанадағы арнайы түнгі орындарда қосымша рейдтер өтті  тексеріс жалғасуда.

  • Германиядағы банктік шоттарды бұзды деген күдікпен қазақстандық азамат құрықталды

    Германиядағы банктік шоттарды бұзды деген күдікпен қазақстандық азамат құрықталды

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті Германия аумағында банктік шоттарға және жеке деректерге заңсыз қол жеткізді деген күдікке ілінген Алматы облысының тұрғынын ұстады. Арнайы операция 9 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен және Германияның Федералдық қылмыстық полициясымен бірге өткізілген, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    КНБ мәліметінше, күдікті компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, Германия азаматтары мен ұйымдарының қаржы деректеріне рұқсатсыз қол жеткізген. Алдын ала есеп бойынша, келтірілген шығын жүздеген мың еуроны құрайды.

    Тінту барысында тергеуге қажетті техника мен өзге де айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта іс бойынша сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда.

    Ведомство трансұлттық киберқылмыстың өсіп отырғанын атап өтіп, шетелдік әріптестермен бірлескен жұмыстың күшейетінін хабарлады. Қазақстан киберқылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бағытындағы шараларды жалғастыруда.

    Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында киберполиция әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер арқылы пайдаланушыларды алдап, ақша алған 18 жастағы жас жігітті ұстаған еді.

  • Шымкент әкімі Берденовке жасалған қастандыққа қатысы жоқ екенін мәлімдеп, неге бұған дейін пікір білдірмегенін түсіндірді

    Шымкент әкімі Берденовке жасалған қастандыққа қатысы жоқ екенін мәлімдеп, неге бұған дейін пікір білдірмегенін түсіндірді

    Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков СЦК алаңында өткен баспасөз мәслихатында бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты алғаш рет кеңінен пікір білдірді. Әкімнен сол уақытта неге оқиғаға байланысты түсініктеме бермегені сұралды.

    «Ол кезде мен не айтуым керек еді? Мен құқық қорғау немесе сот органдарын білдірмеймін. Мұндай оқиға болды, онымен құзырлы органдар айналысты, сот үкім шығарды, кінәлі жазасын алды», — деді Сыздықбеков.

    Әкімнің айтуынша, қастандықтан кейін желіде әртүрлі жорамалдар тараған. Кейбіреулер орынбасардың қалада тәртіп орнатуға тырысқаны біреулерге ұнамай қалды деп болжаған. «Пресс-қызмет маған сол кездегі әңгімелерді көрсетті: оның келуімен қала гүлдене бастады, оны… алып тастамақ болды деген. Ол бұл қызметті небәрі бір ай ғана атқарды және іске енді кірісе бастаған болатын», — деді ол.

    Сыздықбеков сондай-ақ сотталушы Ернар Жиенбайдың мәлімдемесіне тоқталды. Жиенбайдың айтуынша, жәбірленуші оны әкімге жала жабуға және қастандықты ұйымдастырушы ретінде көрсетуге көндірмек болған. Бұл сөзді Берденов бұған дейін жоққа шығарған бүгін әкім де өз жауабын берді.

    «Әр адам қалағанын ойлауы мүмкін. Менің қатысым бар дегені… Бұған қалайша қатысуым мүмкін? Адам өзін қорғау үшін не істемейді?!» — деп мәлімдеді әкім.

  • Алматы-2 вокзалында пойыздан 52 адам газдан уланды

    Алматы-2 вокзалында пойыздан 52 адам газдан уланды

    Алматы-2 вокзалында ірі оқиға болды: пойызда бірден 52 адам көміртек оксидінен уланды. Зардап шеккендердің арасында он бала бар, екеуі  реанимацияда.

    Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына шұғыл түрде 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Барлық науқас қалалық стационарларға жеткізіліп, тексеруден өтті.

    «Госпитализацияланған пациенттердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында», — деп хабарлады басқарма.

    “ҚТЖ” компаниясы оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді: аталған пойыз жеке компанияға тиесілі болып, түсірілім жұмыстары үшін киностудияға уақытша берілген.

    Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

  • «Бәйтерек» холдингі Ұлттық қорға 23,5 млрд теңгені мерзімінен бұрын қайтарды

    «Бәйтерек» холдингі Ұлттық қорға 23,5 млрд теңгені мерзімінен бұрын қайтарды

    Ұлттық басқарушы холдинг «Бәйтерек» Ұлттық қорға 23,5 миллиард теңгені мерзімінен бұрын қайтарғанын хабарлады. Холдингтің мәліметінше, бұл шешім тұрақты және жауапты қаржылық саясаттың нәтижесі болып отыр, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Ұлттық қор қаражаты 2014 жылы жиырма жыл мерзімге тартылған. Қаражат 2015–2019 жылдарға арналған Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобаларды қаржыландыруға бағытталды. Механизм бір теңгеге екі теңге жеке және нарықтық инвестиция тартуды көздеді.

    Қаржыландыру «Қазақстан Даму Банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылды. Барлығы өңдеу өнеркәсібі, көлік және электр энергетикасы салаларында 13 жоба қолдау тапты. Олардың қатарында рельс-брус зауытының құрылысы, теміржол дөңгелектерін шығаратын өндіріс және минералды тыңайтқыштар шығаратын кәсіпорынды жаңғырту жобалары бар.

    Холдингтің еншілес ұйымдарының мәліметінше, аталған жобалар айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық әсер берген: өнім шығару көлемі 2016 жылғы 16,2 млрд теңгеден 2024 жылы 390,9 млрд теңгеге дейін өсті, экспорт 0,17 млрд теңгеден 99,5 млрд теңгеге дейін артты. 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

    «Бәйтерек» алдағы уақытта да экономиканы жаңғыртуға және өнеркәсіптік әлеуетті арттыруға бағытталған жобаларды қолдай отырып, даму институты ретіндегі қызметін жалғастыратынын атап өтті.

  • Қобыз және киіз үй ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұра тізіміне енді

    Қобыз және киіз үй ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұра тізіміне енді

    Қобыз және киіз үй ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне ресми түрде енгізілді. Бұл шешім ұйымның Үкіметаралық комитетінің 20-сессиясында қабылданды.

    Бұл туралы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева хабарлап, бұл күнді «тарихи оқиға» деп атады. Сонымен бірге ол дәстүрді сақтап, ұрпаққа жеткізіп жүрген шеберлер мен мамандарға алғыс білдірді.

    ЮНЕСКО тізіміне енгізу ұлттық мұраның халықаралық деңгейде танылуына, мәдени диалогтың кеңеюіне және дәстүрлі өнерді дамытуға серпін береді.

  • Ақмола облысында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

    Ақмола облысында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

    Ақмола облысында полицейлер жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Sona.kz Syrmedia.kz-ке сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, 11 желтоқсан күні түнгі бір шамасында Көкшетау – Рузаевка тасжолында ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол көлік соққысының салдарынан көз жұмған. Жүргізушіні және көлікті анықтау үшін «Ұстау» жоспары жарияланды.

    Іздестіру барысында полицейлер Көкшетаудағы үйлердің бірінің ауласынан жол-көлік оқиғасына тән зақымдары бар «Газель» автокөлігін тапты. Жүргізуші ұсталды.

    Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

  • Қарағандыда логопед сабақ барысында баланы ұрған сәт видеоға түсіп қалды

    Қарағандыда логопед сабақ барысында баланы ұрған сәт видеоға түсіп қалды

    Қарағандыда логопедтің сабақ үстінде баланың басынан ұрғаны бейнежазбаға түсіп қалуына байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиға баласын алып кетуге келген әкенің кабинет есігіндегі шағын терезе арқылы сабақ процесін видеоға түсіріп алуынан кейін анықталған, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Баланың анасының айтуынша, олар бұл маманға бір жыл бойы барып жүрген, бұрын ешқандай шағым болмаған. Жазбаны көрген ата-аналар логопедтің мұндай әрекетке барғанын күтпегенін айтты.

    Әлеуметтік желідегі жазбадан кейін басқа ата-аналар да ұқсас жағдайлар туралы пікір қалдырды. Бірнеше клиент балаларының сабақта дөрекілікке шағымданғанын хабарлады. Кейбірі баласы сабаққа барудан бас тартып, педагогтың бетінен ұрғанын көрсеткенін жазды.

    Пікірлерде кей ата-аналар бұған дейін балалардың сөзін елемегендерін, ал видео жарияланған соң айтылған шағымдарға қайта қарауға мәжбүр болғандарын айтты.

    Ата-аналардың мәліметінше, олар педагогтың әрекетіне құқықтық баға берілуін талап етпек. Оқиғаға қатысты ресми процессуалдық ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

  • Талдықорғанда бұрынғы қызметкер ЖШС басшылығын «айыптайтын» деректермен қорқытып, пәтер талап еткен

    Талдықорғанда бұрынғы қызметкер ЖШС басшылығын «айыптайтын» деректермен қорқытып, пәтер талап еткен

    Талдықорғанда жергілікті ЖШС-тің бұрынғы басшысы қызметінен кетірілгеннен кейін жұмыс берушілерінен мүлік талап етіп, оларды қорқыту арқылы пайда табуға әрекеттенген, деп хабарлайды Sona.kz Hronika.kz-ке сілтеме жасап.

    Полицияның мәліметінше, ер адам компанияда ресми түрде тіркелмей, белгілі бір уақыт басшылық қызметін атқарған. Қызметінен ауызша босатылғаннан кейін ол ЖШС директоры мен құрылтайшыларына қысым көрсетуді бастаған.

    Ол қолында «салық берешектері» және ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін өзге де мәліметтер бар екенін айтып, оларды жариялаумен қорқытқан. Осы деректерді «жарияламау» үшін ол құны 16,5 млн теңге болатын талдықорғандық пәтерді өз атына аударуды талап еткен.

    Кейін ер адам Алматыға барып, ЖШС құрылтайшысына да осындай қысым көрсеткен. Ол талап еткен пәтерді нотариус арқылы өз атына аударуға әрекеттенген.

    Полиция қызметкерлері оны нотариалдық кеңседе, жылжымайтын мүлікті қайта рәсімдеу барысында ұстады. Құқық қорғаушылар ірі мөлшердегі заңсыз мүлік иемдену әрекетінің жолын кесті.

    Сот ер адамды қорқытып ақша бопсалау дерегі бойынша кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

     

  • Атырауда блогер Құралай Болатованы соққыға жығу ісі бойынша сот басталды

    Атырауда блогер Құралай Болатованы соққыға жығу ісі бойынша сот басталды

    Атырауда жергілікті блогер Құралай Болатованы соққыға жығу ісі бойынша сот процесі басталды. Оқиға бір ай бұрын болған. Жәбірленушінің айтуынша, Айдана Ақмурзиева мен Ақбота Нұғманова есімді екі қыз оны «әңгімелесейік» деп кафеден шығарып, алдап көлікке отырғызып, қаладан тыс. Зират жаққа алып кеткен. Сол жерде, Құралайдың айтуынша, олар оны ұрып, қорлаған, деп хабарлайды Sona.kz Atyrau.today-ге сілтеме жасап.

    Құралай оқиғаны адам ұрлау ретінде қарастыру қажет екенін айтады:
    «Мені алдап алып кетті де, соққыға жықты. Неліктен іс тек 108-бап – денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру бойынша ғана қозғалды? Заң бәріне бірдей болуы керек», – деді ол.

    Жәбірленушінің нұсқасы бойынша, жанжал 100 мың теңгеге сатып алынған, бірақ жүзеге аспаған туристік турға қатысты туындаған. Ақша қайтару талабы дау-дамайға, кейін күш қолдануға ұласқан.

    Қазіргі таңда іс бір ғана бап бойынша қаралып жатыр. Сот отырыстары жалғасуда.