Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Баян Алагөзова Дана Орманбаеваны сотта екінші рет жеңіп шықты

    Баян Алагөзова Дана Орманбаеваны сотта екінші рет жеңіп шықты

    Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты телекоммуникация желілерін пайдалана отырып өзгенің ар-намысын қорлады деп айыпталған журналист Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

    Сот анықтағандай, 2024 жылдың 3 және 6 сәуірінде Орманбаева оқырманы кең аудиториясы бар  өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында продюсер Алагөзоваға қатысты әдепсіз түрде қорлайтын сипаттағы бірқатар жазба қалдырған. Осыған байланысты жәбірленуші Алагөзова жеке айыптау тәртібімен сотқа шағым түсірген.

    «Сот Дана Орманбаеваның кінәсін дәлелдеді. Орманбаеваның жазасын жеңілдететін жағдай – жас баланың болуы. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар жоқ. Осыларды ескере отырып, сотталушы кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сот О.-дан моральдық зиянды өтеу ретінде жәбірленушінің пайдасына 500 мың теңге өндірді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.

  • Светлана Жолманова екі айға қамалды

    Светлана Жолманова екі айға қамалды

    Алматы қаласы Медеу ауданының бұрынғы судьясы Светлана Жолманова екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды.

    Бұл іске Атырау облысының бұрынғы әкімі, сол кездегі Алматы әкімі және ҰҚК төрағасы қатысы бары айтылды. Бұрынғы судья Светлана Жолманованың сыбайлас жемқорлық тарихы 2021 жылдың сәуірінде, Қазнетте оның үйінен үш миллион доллар, ал көліктен тағы 600 мың доллар табылғандығы туралы ақпарат пайда болған кезде басталды.

    Кейінірек қалақы соттың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Алайда, миллиондаған сомалар туралы ақпарат ақыр жарыққа шықты. Олар кәсіпкер Виктор Мащенконың есімімен байланысты болды.

  • Алматыда электр энергия тарифі өзгереді

    Алматыда электр энергия тарифі өзгереді

    Алматыда электр энергиясының тарифі өзгереді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Әсел Бөденеева мәлімдеді.

    Алматыда барлық тұтынушыға тарифтер 15 қазаннан бастап өзгереді.

    «Орташа тариф 29,04 теңге болады, яғни 3,7 пайызға өсіп отыр. Халыққа 27,59 теңгеге өзгереді, яғни 8 пайызға өседі. Заңды тұлғаларға 30,08 теңге болады, 8 пайызға өседі. Бюджеттік ұйымдардың тарифі 30,47 теңге болады, ол 7 пайызға төмендейді», – деді департамент өкілі.

    «Бұған электр энергиясын өндіруші қызметіне тарифтердің өсуі, электр энергиясын беру қызметіне тарифтердің өзгеруі әсер етіп отыр», – деді Әсел Бөденеева.

    Айта кетейік, 2024 жылы ақпанда коммуналдық қызмет бағасы бойынша айтарлықтай өсім тіркелгені белгілі болды.

    Ақпанның қорытындысы бойынша суға баға жылдық мәнде 33,9 пайызға өсті, бұл басқа коммуналдық қызметтерге қарағанда көп.

    Сол кезде қалған коммуналдық қызметтер бойынша да осындай жағдай байқалды:

    жылыту бойынша баға өсімі бір жылда 30,9 пайыз болған;
    суық суға 30,8 пайыз;
    қоқыс төгуге 30,7 пайыз;
    ыстық суға 29,4 пайыз;
    электр энергиясына 19,9 пайыз.

  • Талдықорғанда жасөспірімдер арасында бұзақылық көбейген

    Талдықорғанда жасөспірімдер арасында бұзақылық көбейген

    Талдықорғанда жалпы қылмыс деңгейі 14 пайызға азайғанымен жасөспірімдер арасында бұзақылық көбейген. Талдықорған қаласы прокуратурасының мәліметінше,  жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты 12 іс сотқа жөнелтіліп, үкім шыққан. Ал қазан айының 10 күнінде тағы 4 қылмыстық іс қозғалған. Арасында топтасып төбелесу, ақша немесе ұялы телефон бопсалау және есірткі заттарды жасыру сияқты ауыр қылмыстар бар. Басым бөлігі мектеп оқушылары мен колледж студенттері. Мәселе өзекті болғандықтан қалалық прокуратура кешенді бағдарлама әзірлеп, жасөспірімдерге қатысты құзырлы органдармен жиын өткізді. Қылмыстың алдын алу жолдары қарастырылып, ұсыныстар айтылды. Бұдан былай кәмелетке толмағандар арасында қылмыс немесе теріс қылықтар тіркелсе, ата-анасынан бөлек басқа да қатысы бар тұлғалар жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

     

  • Шымкентте заңсыз жүрген 350 азаматтың ісі сотта қаралып жатыр

    Шымкентте заңсыз жүрген 350 азаматтың ісі сотта қаралып жатыр

    Шымкентте қала аумағында заңсыз жүрген 350 азаматтың ісі сотта қаралып жатыр.  Барлығы миграциялық заңнаманы бұзған Өзбекстан азаматтары. Олар Қазақстан аумағында тіркеуге тұрмастан нәпақа тауып жүрген. Заң бойынша келімсектер елдеріне депортацияланады немесе 70 мың мен 90 мың теңгенің арасында айыппұл төлеуге міндеттеледі. Жалпы жыл басынан бері қала аумағында көші-қон заңдылығын бұзған 6 мыңнан астам шетел азаматы анықталған. Олардың ішінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары бар. Олардың 117-і қамауға алынса, тағы 614 азамат ел аумағынан аластатылды. Сондай-ақ келімсектерге қолдау білдірген ел азаматтары да жауапқа тартылған.

    «Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 207 Қазақстан азаматы және шетел азаматтарын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 1 мың 135 әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар шетелдіктердің мәртебесін рәсімдемеген», — деді Шымкент қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бөлім басшысы Жәнібек Мырзалиев.

  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығы жауапқа тартылды

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығы жауапқа тартылды

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ мен оның өңірлік филиалдарының басшылық құрамының 11 лауазымды қызметкері мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Жоғары аудиторлық палата Қорда жүргізілген тексеру іс-шараларын биыл шілдеде аяқтады. Нәтижесінде ҚР-ның бюджет және өзге де заңнамалары бойынша, сондай-ақ ұйымның ішкі нормативтік құжаттарынан бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мен ӘМСҚ басшылығына лауазымды адамдардың жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны және жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту тапсырылды, – делінген Жоғары аудиторлық палата хабарламасында.

    Ақпаратқа сәйкес, ӘМСҚ мен оның өңірлік филиалдары басшылық құрамының 11 өкілін, оның ішінде Қордың басқарма төрағасының бір орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды.

  • Алматы маңындағы ауылдың бірінде атыс болды

    Алматы маңындағы ауылдың бірінде атыс болды

    2024 жылдың 10 қазанында кешке Алматы облысы Тұздыбастау ауылында атыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде белгілі болды. Облыстық полицияның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

    Оқиға орнынан куәгерлер видео жариялады. Видео авторы ауылда атыс болғанын түсіндірді: полиция қызметкерлері жұмыс істеп, көліктерді тексеріп жатыр. Оның айтуынша, жолда кептеліс бар, бағытты реттеу қажет.

    Алматы облысының полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын түсіндірді.

    «Оқиғаға қатысушылардың барлығы полицияға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ».

    Қорытындыда басқа да мән-жайлар анықталып жатқаны атап өтілді.

  • Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру талабы күшейеді

    Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру талабы күшейеді

    Елімізде жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыратын қазақстандықтар 2 факторлы аутентификациядан өтеді.

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, екі факторлы аутентификация дегеніміз қолданушының 2 түрлі әдіспен өзін-өзі растауы:

    SMS хабарлама;

    Биометриялық сәйкестендіру арқылы.

    Тестен өтпес бұрын жүргізуші куәлігіне үміткерге 1414 нөмірінен жеке деректерге қатысты сұрау салу туралы хабарлама келеді. SMS қолданушының электронды үкімет порталының жеке кабинетіне тіркелген телефон нөміріне жіберіледі, — деп жазылған хабарламада.

    Авторизация сәтті болса, қызмет алушы биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

    Бүгіннен бастап жаңа бастама елордада енгізілді. Жыл соңына дейін бастама қалған өңірлерде де енгізіледі деп жоспарланып отыр.

  • ️Қостанай облысындағы 5 баланың қазасы: тергеуді Бас Прокурор бақылауына алды

    ️Қостанай облысындағы 5 баланың қазасы: тергеуді Бас Прокурор бақылауына алды

    ️Қостанай облысындағы 5 баланың қазасына қатысты тергеуді Бас Прокурор бақылауына алынды.

    Қостанай облыс прокуратурасы Жітіқара ауданында кәмелетке толмаған балалардың қайғылы қаза тапқаны туралы хабарлайды

    «2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласының ТЖ бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруді ТЖД, “Қостанай минералдары «АҚ, Жітіқара қаласының құтқару бөлімшесі және «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС күштері жүргізді. Барлығы 19 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
    Өкінішке орай, өрт кезінде 5 кәмелетке толмаған бала қаза тапты», — делінген  Қостанай облысы прокуратурасыныңхабарламасында.

    Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, өрттің алдын – ала себебі-пешті қараусыз қалдыру.

    «Оқиға орнына облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.А. Бекбосынов барды.Облыс прокуратурасы қайтыс болған балалардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Ресупбликасы Бас Прокурорының бақылауына алынды», — деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.  Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында бес кәмелетке толмаған баланың өрттен қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Балалардың үлкені 2011, кішісі 2023 жылы дүниеге келген.

  • Қазақ мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашылады — ДСМ

    Қазақ мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашылады — ДСМ

    2025 жылы ел бойынша барлық ірі мектептерде стоматологиялық кабинеттер біртіндеп жұмыс істей бастайды.

    Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Білім министрлігінің басшысы Ғани Бейсембаевтың елорда мектептерінің басшыларымен бірлескен отырысында белгілі болды.

    Министрлер мектеп асханасын аралап, сонымен бірге мекемелердегі тамақты қалай жақсартуға болатынын талқылады.

    «Бүгінде алты облыста стоматологтар қабылдауды жүргізетін 98 кабинет бар. Одан әрі «Сау тіспен болашаққа» жобасы аясында мектеп жасындағы барлық балаларды тіс ауруларының алдын алумен қамтуды кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспарлануда», — деп толықтырды ведомстводан.