Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды

    Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды

     «Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

    Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып 2022 жылы тағайындалған болатын.

  • WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласын атады

    WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласын атады

    Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11КО) міндетті қарсылас белгіледі.

    WBO ұйымының ресми хабарламасына сәйкес, Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын ұлыбританиялық боксшы Хамза Ширазға (21-0,17КО) қарсы қорғауы керек.

    WBO ұйымы міндетті жекпе-жек туралы хабарламаны екі боксшының промоутерлеріне ескерткен. Қос тарапқа жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізу үшін 15 күн берілді. Егер боксшылардың командасы ортақ шешімге келе алмаса, жекпе-жек WBO ережесіне сәйкес бәс саудаға салынады және ең төменгі сома 200 мың доллар көлемінде белгіленген.

    Айта кетейік, отандасымыз жұма күні Сиднейде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы IBF әлем чемпионы титулын сәтті қорғады.

    Бұған дейін хабарлағанымыздай, WBO ұйымы жекпе-жекке бір күн қалғанда, Жәнібек-Михайлович айқасында қазақстандық боксшыға WBO титулын қорғауға ордер берді. Алайда, Михайловичтің командасы тек IBF титулы үшін жұдырықтасатынын алға тартып, бокс кешінде WBO титулы сарапқа салынбады.
    Сондай-ақ, WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық атағын сақтап қалу үшін 5 күн уақыт берді.

  • Қорғаныс министрлігі әскерге бармағандарды күштеп алып кетуді құптай ма?

    Қорғаныс министрлігі әскерге бармағандарды күштеп алып кетуді құптай ма?

    Қарулы Күштер бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбеков қазақстандықтарды әскерге көшеден алып кетіп жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

    Фархат Айдарбеков мұндай әрекеттердің көктемгі шақыру кезінде болғанын мойындады. Ал күзгі әскерге шақыру науқанында мұндай шаралар қолданылмаған.

    Мәселенің оңтайлы шешімін таптық. Қазір әкімдердің идеология жөніндегі орынбасарлары жастарды тәрбиелеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Сондай-ақ алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерімен де тығыз әріптестік қарым-қатынас орнаттық. Сонымен қатар, әскери ардагерлердің үгіт-насихат жұмыстарының арқасында қазір мұндай жағдайларға жол берілмейді, – деді Фархат Айдарбеков.

    Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин жастарды әскерге көшеден алып кетіп жатқан жағдайлардың БАҚ бетіне жиі шығатынын айтты. Алайда мұндай жағдайлар халық ойлағандай көп болмайды.

    Егер біз 40 мың адамды әскерге шақыртсақ, бір-екі рет қана жастарды көшеден алып кеткен болар. Ішкі істер органдары әскерге келмегендерге іздеу салады. Бұл жағдайда полицияның әрекеті заңды. Азаматтар неге өздері келмейді? Мұның әртүрлі себебі бар. Мысалы, ол бір жерде тіркеліп, бірақ басқа қалада болуы мүмкін, – деді Руслан Жангулин.

  • Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

    Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

    Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Астанада жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Қарағанды облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 09 қазанда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Павлодар облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

  • АЭС құрылысы 1,5 жылдан соң басталуы мүмкін

    АЭС құрылысы 1,5 жылдан соң басталуы мүмкін

    Елімізде салынатын атом электр станциясының құрылысы қазір басталмайды. Оған кем дегенде 1,5 жыл керек. Өйткені, Үкімет нысанды салып бастау үшін бірқатар құжат дайындау тиіс. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.

    Ол АЭС-тің құрылысы 10 жылға дейін созылуы ықтимал екенін жеткізді. Консорциум құрамында 5 мемлекет болады. Оның құрылуы мен құрамына қатысты шешім келесі жылы қабылданатынын айтты.

  • Алматы тұрғындары алаяқтарға 12 миллиард теңгеден астам ақша берген

    Алматы тұрғындары алаяқтарға 12 миллиард теңгеден астам ақша берген

    Алматы полициясының басшысы Арыстанғани Заппаров қалалық қоғамдық кеңесте 2024 жылдан бері мегаполисте 6 мыңнан астам алаяқтық тіркелгенін айтты.  Салдарынан тұрғындарға 12 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

    Сонымен бірге, Алматы полициясының басшысы атап өткендей, қабылданған шаралар интернет-алаяқтықты 14,5%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

    «Зияткерлік меншік құқықтарын бұзумен байланысты қылмыстардың алдын алу мен күресті күшейтуге бағытталған жұмыстар атқарылды. Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында полицейлер негізгі критерийлер бойынша халықпен жұмыс жүргізуде. Бұл, ең алдымен, халықтың құқықтық сауаттылығы, БАҚ деңгейінде қолжетімді және түсінікті ақпараттық жұмыс, көшелерде, қоғамдық орындарда, алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы жарнамалық буклеттер. Сондай-ақ, алаяқтықтың жаңа түрлері, олардың жасалу жолдары және алдын алу шараларының дер кезінде қабылдануы қадағалануда», – деді, Арыстанғани Заппаров.

    Спикердің айтуынша, қаладағы сауда орталықтары мен супермаркеттерде интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша плакаттар ілініп, қаланың орталық көшелеріндегі электронды билбордтарда интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері туралы ескертпе бейнероликтер көрсетілуде.

  • Жамбыл облысында 119 қытай азаматы қамауға алынды

    Жамбыл облысында 119 қытай азаматы қамауға алынды

    Жамбыл облысында жұмыс істеп жүрген қытай азаматтары қамауға алынды. 119 шетелдік Сарысу ауданында салынып жатқан Сода зауытының құрылысына тартылған.  Оларды кәсіпорын аумағынан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мен полиция бірлесіп ұстады. Құжаттары тексеріліп, ел аумағында заңсыз жүргені анықталды. Барлығының жұмыс визасы жоқ болып шықты. Сарысу аудандық сотының шешімімен 16 қытай азаматы елден шығарылатын болды. Қалғандарының құжаттары әлі тексеріліп жатыр.

  • Жылу беру маусымына 5,2 млн тонна көмір және 88 мың тонна мазут дайындалды – Сәтқалиев

    Жылу беру маусымына 5,2 млн тонна көмір және 88 мың тонна мазут дайындалды – Сәтқалиев

    Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның алдағы жылу беру маусымына дайындығы туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады.

    Жылу беру маусымы Абай, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында басталып кетті. Ауа-райы жағдайына байланысты батыс және оңтүстік өңірлерде қазан айының ортасынан бастап жылу беріледі деп жоспарлануда.

    Энергетика министрінің айтуынша, электр стансаларында жөндеу кестесіне сәйкес 5 энергия блокта, 32 қазандықта, 28 турбинада жөндеу жұмысы аяқталды. Жөндеу жұмыстары 4 энергия блокта, 23 қазандықта және 16 турбинада әр түрлі кезеңде жүргізіліп жатыр.

    Электр желілері бойынша 19,9 мың км электр беру желілері, 376 қосалқы стансалар және 4 046 тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы стансалар жөнделді.

    Министрлік алдағы жылу беру маусымында тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін:

    — электр энергиясына шекті тарифтер түзетілді;

    — қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті ұлғайтылды.

    2024 жылы қабылданған шаралар жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды өткен жылдың деңгейінен 44%-ға арттырып, 327 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жылу беру маусымына арналған қоймаларда нормативтерге сәйкес 5,2 млн тонна көмір және 88 мың тонна мазут жинақталған.

    Министрлік өңірлер бойынша бірқатар ағымдағы мәселелерді бақылауда ұстайды.

  • Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы тіркелді

    Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы тіркелді

    Қалалық полиция Департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров жолдар мен көшелерде баламалы көлік, мопедтер мен электросамокаттардың пайда болуымен жол-көлік оқиғаларының көбейгенін айтты.

    Жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 14 адам қаза тапты, тағы 757 адам жарақат алған. Ал самокаттардың қатысуымен 103 жол-көлік оқиғасы орын алып, 109 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза болғандар жоқ.

    «Мопедистер мен самокаттар жиналатын орындарда 8 мотоэкипаж тұрақты түрде патрульдеу жұмыстарын жүргізеді. 32 мыңға жуық мопедист пен 28 мыңнан астам электросамокат пайдаланушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1 мың 700 мопед қойылды. Сондай-ақ, 100-ден астам ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапқа тартылды. Алдын алу мақсатында Департамент әкімдікпен, сондай-ақ кикшеринг компанияларымен және мото мектебімен бірлесе отырып, жұртшылықтың назарын жол қозғалысы қауіпсіздігіне, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, электросамокаттарды, мопедтерді және мотоциклдерді дұрыс және қауіпсіз жүргізу біліктіліктерін арттыруға аудару мақсатында «ERKIN QOZGALYS» науқанын өткізді», – деді, Арыстанғани Заппаров.

    Жалпы, қалалық полиция басшысының айтуынша, жыл басынан бері шаһар жолдарында 3 миллион 420 мың 483 жол ережесін бұзу дерегі анықталса, оның 1 мың 890-ы көлікті мас күйінде басқарған.

  • Композитор Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды

    Композитор Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды

    Бұл туралы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мәлім етті.

    – Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр. Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын. Қазақта «аталатсаң да, боталатпа» дейді. Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз! Осы Кеңсай зиратында Қайрекең мен Арман Дүйсенов қатар жатыр. Ол кісі екеуіне құран бағыштадық деп фото, видео жіберіп тұрады. Рақмет, сізге!, – деді журналист инстаграм желісіндегі стористе.

    Өнер иесінің ұлы неден көз жұмғаны хабарланған жоқ. Арман Дүйсеновтің өзі 2023 жылғы қаңтарда өмірден өткен.