Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Иманбек «Құрмет» орденімен марапатталды

    Иманбек «Құрмет» орденімен марапатталды

    «Грэмми» жүлдесінің иегері Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен түрлі сала өкілдері елдің қоғамдық және экономикалық дамуына қосқан еңбегі үшін марапатталды.

    Марапатталғандар қатарында Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы Съезі бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және «Грэмми» жүлдесін алған алғашқы қазақстандық музыкант Иманбек бар.

    Сондай-ақ актер Еркебулан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

    Аида Балаева өз сөзінде ел дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттау – олардың еңбегін жоғары бағалау екенін атап өтті.

  • Шерзат Полат ісі бойынша прокурор «Үздік мемлекеттік айыптаушы» атанды

    Шерзат Полат ісі бойынша прокурор «Үздік мемлекеттік айыптаушы» атанды

    Шерзат Полаттың өліміне қатысты істің мемлекеттік айыптаушысы болған прокурор Дана Сәрсенбай «Үздік мемлекеттік айыптаушы» төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы Бас прокуратураның бұйрығымен белгілі болды.

    Сот процесі кезінде Дана Сәрсенбайдың сөйлеу мәнері, кәсібилігі және айғақтарды жүйелі түрде жеткізуі әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан жоғары бағаланған еді.

    Прокурор айыпталушылардың әрқайсысының әрекетіне қарай 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

    Шерзат Полаттың қазасына қатысты іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, құқық қорғау органдарының жұмысына ерекше назар аудартқан болатын.

  • Мемлекеттік сатып алуда ҚҚС есептеу тәртібі өзгереді: 1 қаңтардан бастап жаңа ереже күшіне енеді

    Мемлекеттік сатып алуда ҚҚС есептеу тәртібі өзгереді: 1 қаңтардан бастап жаңа ереже күшіне енеді

    Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және орындау кезінде қосылған құн салығын есептеу тәртібі жаңартылады. Қаржы министрлігі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне орай ресми түсіндірме жариялады, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап

    Министрліктің мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдеде қабылданған «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға сәйкес, жылдық жоспарлар бекітілген бюджеттер мен қаржыландыру жоспарлары негізінде жасалады. Бұл жоспарлар ҚҚС-сыз қалыптастырылады, алдын ала жылдық жоспар мен аванс сомалары да салықты қамтымайды. Ал ҚҚС пен акциздерді төлеу шарттары сатып алу нәтижесі бойынша жасалатын шартта көрсетіледі.

    Жаңа Салық кодексі тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ҚҚС-ты тауарды жеткізу немесе атқарылған жұмыстар актісіне қол қою сәтінде есептеуді көздейді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16% болып белгіленеді және шарттың жасалған уақытына қарамастан барлық салық салынатын айналымдарға қолданылады.

    ҚҚС төлеуші болып табылатын жеткізушілер шот-фактураларды Кодекс талаптарына сәйкес рәсімдеуі тиіс. Егер жеткізуші шарт жасалғаннан кейін ҚҚС төлеуші мәртебесін өзгертсе, заңнама шарт сомасын салық мөлшеріне қарай түзетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте жеткізілімнің сапасы мен шарттары өзгермейді.

    Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алудың веб-порталы техникалық тұрғыда жаңартылғанын хабарлады. Жүйе енді жеткізушінің мәртебесін автоматты түрде анықтап, ҚҚС сомасын шартта дұрыс көрсетеді. Сонымен қатар жүйе бағаларды ҚҚС салынатын және салынбайтын позицияларға бөлуге мүмкіндік береді.

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 16% ҚҚС мөлшерлемесі барлық шарттарды орындау кезінде қолданылады, егер жеткізуші сол сәтте ҚҚС төлеуші болып есептелсе. Министрлік бұл жаңашылдықтар салық заңнамасын біркелкі қолдануды қамтамасыз етіп, даулар санын азайтуға бағытталғанын атап өтті.

  • Қазақстанда 35 градусқа дейінгі аяз күтіледі

    Қазақстанда 35 градусқа дейінгі аяз күтіледі

    Қазақстанда алдағы күндері ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі болжанып отыр. «Қазгидромет» синоптиктері 9, 10 және 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, елге қуатты солтүстік антициклон жақындап келеді.

    Метеорологтардың мәлімдеуінше, әдеттегіден жылы өткен күзден кейін қазақстандықтар биылғы қысқы суықты алғаш рет айқын сезінбек. 9 желтоқсаннан бастап суық ауа массалары солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге еніп, жауын-шашын тоқтайды, ал температура күрт төмендейді.

    Түнгі уақытта солтүстік аймақтарда термометр бағаны минус 22–30 градусқа дейін төмендейді. Шығыс өңірлерде суықтың күші артып, минус 27–35 градусқа дейін жетеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда аяз біршама жұмсақ, бірақ айтарлықтай сезілетін болады: минус 10–20 градус күтіледі.

    Солтүстік антициклонның әсері республиканың барлық аумағына таралып, алдағы бірнеше күнде суық ауа райы сақталады. Кей өңірлерде желдің күшеюі мен көрінудің нашарлауы байқалуы мүмкін.

    Синоптиктер биылғы қыс басталуының аномальды жылы болғанын атап өтті: көптеген аймақта қар жамылғысы болмады, жауын-шашын аз болды. Мамандар мұндай үрдіс сақталса, қарсыз немесе қар аз түсетін қыс Қазақстан үшін үйреншікті жағдайға айналуы мүмкін екенін ескертеді.

    Тұрғындарға сапар жоспарлағанда ауа райы болжамын ескеріп, қатты аяз кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.

  • Қазақстанда автоматтандырылған ҚҚС бақылауы енгізіледі

    Қазақстанда автоматтандырылған ҚҚС бақылауы енгізіледі

    Қазақстанда жұмыстардың нақты орындалмай-ақ электронды шот-фактура (ЭШФ) жазатын компанияларға қатысты қосылған құн салығын автоматтандырылған бақылау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ брифингінде хабарлады, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, өзгерістер жаңа Салық кодексі аясында іске асырылып жатыр. Құжатта салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және цифрлық шешімдерді енгізу қарастырылған. Сол тетіктердің бірі «e-Tamga» жобасы. Жоба ЭШФ-тің дұрыстығын автоматты түрде бақылауға мүмкіндік береді.

    Вице-министрдің түсіндіруінше, автоконтроль механизмі алғашқы кезеңде тек бір санаттағы салық төлеушілерге қолданылады.  Камеральдық бақылаудан кейін өз шот-фактураларын кері қайтарып жүргендерге. Бұл  ірі айналымдарды көрсетіп, сәйкессіздік анықталған кезде салық төлемей, құжаттарды жай ғана жоятын ұйымдар.

    «Біз бақылауға тек осы санатты аламыз. Басқа топтар әзірге автоматтандырылған бақылауға енгізілмейді», — деді Біржанов.

    Жаңашылдықтың арқасында әкімшілендіру үдерістері жеңілдеп, ҚҚС қайтару мерзімдері айтарлықтай қысқарады деп күтілуде. Қарапайымдатылған ҚҚС қайтару 15 жұмыс күні ішінде жүргізілмек. Ал тексерумен қайтару мерзімі 75 күннен 55 жұмыс күніне дейін қысқарады.

  • Қазақстанда мектептер мен балабақшаларда жоспардан тыс тексерістер жүргізілмек

    Қазақстанда мектептер мен балабақшаларда жоспардан тыс тексерістер жүргізілмек

    Қазақстанда мектептер мен балабақшаларда жоспардан тыс тексерістер тәртібі енгізілді. Бұл нормалар мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелеріне қатысты жаңа заңда көзделген, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Заңға сәйкес, жоспарлы тексерістер білім беру ұйымының тәуекел дәрежесіне — жоғары, орта немесе төмен деңгейіне — байланысты тағайындалады. Жоспарлы тексерістер жылдық тексеру тізіміне сай арнайы акт негізінде жүргізіледі.

    Ал жоспардан тыс тексерістер мемлекеттік бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпей жүзеге асырылады.
    Оның негіздері:
    мемлекеттік бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын қадағалау;
    жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
    заң талаптарының бұзылуына қатысты прокурордың нақты талабы;
    мемлекеттік органдардың өтініштері;
    БАҚ-та жарияланған нақты фактілер;
    қылмыстық қудалау органы берген тапсырмалар.

    Бұған дейін Қазақстан Президенті мәдениет, білім және отбасы мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерге қол қойған болатын.

  • Алматыда Кожамжаров отбасының мүлікіне тыйым салынды

    Алматыда Кожамжаров отбасының мүлікіне тыйым салынды

    Алматының Медеу аудандық соты Халық банкінің талап-арызын қамтамасыз ету жөніндегі өтінішін қанағаттандырып, бұрынғы бас прокурор Қайрат Кожамжаровтың туған ағасы Дулат Кожамжаровқа қатысты мүлікке тыйым салынды. Шешім 17 қарашада шыққанын BesMedia хабарлады, деп хабарлайды Sona.kz Nege.Aqsha-ға сілтеме жасап.

    Сот ұйғарымына сәйкес, арест ТОО «Группа компаний “Ойл Снаб”», ТОО «HILL Resources», ТОО «HILL Invest», ТОО «AvtoTechMas Ltd» ұйымдарының активтеріне, сондай-ақ Дулат Пернешевич Кожамжаров пен Гүлназ Сагатбекқызы Кожамжарованың мүлкіне қойылды. Жалпы талап сомасы 2 627 160 208 теңгені құрайды.

    Аталған компаниялардың барлығы кәсіпкерлік қызметімен айналысатын Дулат Кожамжаровқа байланысты. Forbes Kazakhstan дерегінше, оның байлығы 110 млн доллар болып бағаланған, бұл оны елдегі ең дәулетті 100 адамның қатарына енгізген.

    Бұған дейін Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитеті Дулат Кожамжаровты «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң аясындағы тізімге енгізген еді. Тізім құпияланған.

    Азаматтық іс бойынша процесс жалғасып жатыр. Халық банкі берілген қарыздар бойынша берешекті өндіруді талап етеді.

  • «Alatau» АЭА-сының жаңартылған картасы мен 2047 жылға дейінгі даму жоспары бекітілді

    «Alatau» АЭА-сының жаңартылған картасы мен 2047 жылға дейінгі даму жоспары бекітілді

    Қазақстан Үкіметі «Alatau» арнайы экономикалық аймағының жаңартылған шекараларын бекітті. Енді оның құрамына Қонаев қаласының, Алатау ауданының, сондай-ақ Талғар және Іле аудандарының аумақтары кіреді. Жаңартылған АЭА-ға порттық мәртебе беріліп, дамуы әуежай инфрақұрылымы мен көліктік-логистикалық жобаларға басымдықпен жүргізіледі, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
    2047 жылға дейінгі даму жоспары төмендегідей көрсеткіштерді қамтиды:
    •53 қатысушы;
    •1666 млрд теңге инвестиция, оның ішінде 1 трлн теңгеден астамы – шетелдік;
    •1759 млрд теңге өнім мен қызмет көлемі;
    •17,3 мың жаңа жұмыс орны;
    •91% қазақстандық қамту деңгейі.
    Аумағының кеңеюі ірі логистикалық, өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Инвесторлар көлік хабын дамытуға және халықаралық бағыттармен өзара байланыс арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды дайындап жатыр.
  • Денсаулық сақтау министрлігі фельдшерлер мәселесін қалай шешетінін айтты

    Денсаулық сақтау министрлігі фельдшерлер мәселесін қалай шешетінін айтты

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Асель Қыдыралиева Jibek Joly телеарнасындағы «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген сұхбатында фельдшерлерге қатысты мәселелерді шешу жолдары туралы айтты, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап..

    Оның айтуынша, соңғы уақытта фельдшерлерге байланысты бірқатар жағдайлар тіркеліп, бұл қоғамда алаңдаушылық тудырды. Бұл оқиғалар медицина қызметкерлеріне қатысты жүйелі қолдау қажеттігін көрсеткен. Министрлік үшін басты мақсат — халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру.

    Асель Қыдыралиеваның айтуынша, медицина қызметкерлерінен келіп түскен барлық өтініштер жан-жақты қаралып жатыр. Әлеуметтік желілердегі талқылауларда негізгі мәселелер ретінде жалақы деңгейі және медицина қызметкерлеріне жасалатын шабуылдар жиілегені айтылған. Мұндай жағдайлар қабылдау бөлімдерінде де жиі кездеседі.

    Қазір министрлік жедел жәрдем қызметінде және инфекциялық аурулар саласында жұмыс істейтін мамандардың жалақысын көтеру мәселесін қарастырып жатыр. Дегенмен бұл шешім бірнеше мемлекеттік органның келісімін және бюджеттік мүмкіндіктерді бағалауды талап етеді. Сондықтан өзгерістер кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

    Жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Алматы облысы мен Астанада медицина қызметкерлерін полиция қызметкерлерінің видеожетондарына ұқсас бейнетіркеу құрылғыларымен жабдықтау басталды. Бұл мәліметтерді толық жазып, қорғау тетігін күшейтіп, дау туындаған жағдайда дәлел ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

    Егер пилоттық жоба тиімділігін дәлелдесе, жергілікті атқарушы органдар оны өңірлерге кеңейту үшін қаржыландыру көздерін қарастыратын болады. Алайда министрлік қаржыландыру мәселесі негізгі фактор болып қала беретінін атап өтті.

  • Қазақстанда 4 желтоқсанда жер сілкінісі тіркелді: зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

    Қазақстанда 4 желтоқсанда жер сілкінісі тіркелді: зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

    Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12:45-те жер сілкінісін тіркеді.

    Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің салдары туралы. Зардап шеккендер мен қираулар жөнінде ақпарат түскен жоқ. Қазіргі уақытта сейсмикалық оқиғаның параметрлері нақтыланып жатыр.

    Министрлік тұрғындарды тек ресми дереккөздерден жарияланған ақпаратқа сенуге шақырды.