Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Қант диабеті мен ДЦП әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен алынды

    Қант диабеті мен ДЦП әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен алынды

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік маңызы бар аурулардың жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Sona.kz TengriHealth-ке сілтеме жасап.

    Жаңа бұйрыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тізімде тек 11 негізгі ауру түрі қалады. Олардың қатарында туберкулез, ВИЧ, қатерлі ісіктер, психикалық бұзылыстар, орфандық және жүйке жүйесінің ауыр аурулары бар.

    Ал қант диабеті, церебралды сал (ДЦП), ревматизм және дәнекер тіннің жүйелі аурулары (мысалы, қызыл жегі, склеродермия) тізімнен шығарылды.

    Бұған дейін министрлік қант диабетімен ауыратын науқастар енді тегін медициналық көмекті тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында алатынын хабарлаған еді. Бұл жаңалық қоғамда алаңдаушылық тудырған.

    Қазір елімізде 500 мыңнан астам адам диабетке шалдыққан, олардың ішінде 5,6 мың бала бар. Сарапшылардың айтуынша, бұл шешім дәрі-дәрмекпен қамту мен тұрақты бақылауға кері әсер етуі мүмкін.

  • Мектептегі смартфондар үшін ата-аналар жауап беретін болады

    Мектептегі смартфондар үшін ата-аналар жауап беретін болады

    Қазақстанда мектеп оқушыларының сабақ кезінде ұялы телефон қолдануына тыйым күшейтілді, деп хабарлайды Sona.kz Білім министрлігіне сілтеме жасап.

    Бірінші вице-министр Майра Мелдебекова «Білім туралы» заңға сәйкес, сабақ үстінде телефон қолдануға болмайтынын еске салды. Егер оқушы ережені бұзса, жауапкершілік ата-анасына жүктеледі:
    ? бірінші рет — ескерту,
    ? қайтадан қайталанса — 5 АЕК-ке дейін (19 660 теңге) айыппұл салынады.

    Министрлік мұндай шара оқушылардың сабаққа зейінін арттыруға, тәртіпті нығайтуға және цифрлық тәуелділікті азайтуға бағытталғанын атап өтті.

    Кей мектептерде оқушылардың телефондарын сабақ уақытында сақтайтын арнайы жәшіктер орнатылған. Қазіргі уақытта ешкімге айыппұл салынған жоқ, бірақ түсіндіру және алдын алу жұмыстары белсенді жүріп жатыр.

    «Біздің мақсат — жазалау емес, балалардың оқуға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Телефон білімге кедергі емес, көмекші болуы керек», — деді Мелдебекова.

  • Қостанайда әйелін және енесін өлтірген ер адамға 19 жыл жаза тағайындалды

    В Костанае осудили 45-летнего Виталия Логунова, который летом этого года убил свою супругу и её мать, передаёт Sona.kz со ссылкой на Halyqstan.

    По материалам дела, трагедия произошла в июле в одном из сёл Карабалыкского района. Логунов, находясь в конфликте с семьёй, нанёс смертельные ножевые ранения 39-летней жене и 74-летней теще, после чего попытался покончить с собой и скрылся.

    Мужчину нашли в сарае — он истекал кровью после нанесённых себе ран. Пострадавшего доставили в больницу, где оказали помощь, затем его задержали.

    Судебное разбирательство проходило в закрытом режиме — из-за обстоятельств, связанных с частной жизнью участников.

    Гособвинитель просил назначить 20 лет лишения свободы, однако суд вынес решение о 19 годах заключения в колонии средней безопасности.

    Кроме того, суд удовлетворил гражданский иск о компенсации морального вреда, однако сумма не уточняется. Приговор пока не вступил в законную силу.

  • Президент бекіткен жаңа саяси бағдар: ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен құндылықтары жарияланды

    Президент бекіткен жаңа саяси бағдар: ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен құндылықтары жарияланды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттары туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sona.kz Ақордаға сілтеме жасап.
    Бұл құжаттың мақсаты — мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелеу және ішкі саясаттағы бірыңғай тәсілді қалыптастыру.
    Ұсыныс Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылып, Президент тарапынан қолдау тапқан болатын.
    Құжат Президент Әкімшілігі мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен еңбегінің нәтижесінде дайындалған. Онда ел дамуының ұзақмерзімді басымдықтары, Президенттің Жолдауларында және 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында белгіленген міндеттер қамтылған.
     Негізгі қағидаттар:
    •«Заң және Тәртіп»
    •«Еститін мемлекет»
    •«Әртүрлі пікір – Біртұтас ұлт»
    •«Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет»
    •«Адал азамат»
    •«Таза Қазақстан»
    Құжатта сондай-ақ ұлттық бірегейліктің негізін құрайтын жалпыұлттық құндылықтар мен ұлттық рәміздер тізімі берілген.
    Ішкі саясаттың басым бағыттары:
    қоғамдық диалог, этносаралық және діни қатынастар саясаты, мәдени-гуманитарлық, отбасылық, жастар және ақпараттық саясат.
    ? Бұл тұжырымдамалық құжат мемлекеттік органдардың үйлесімді және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
  • Instagram Қазақстанның сұлулығын бүкіл әлемге көрсетті

    Instagram Қазақстанның сұлулығын бүкіл әлемге көрсетті

    Instagram-ның ресми аккаунты «Қазақстанның даласында ойнап жүрміз» деген жазумен бейнеролик жариялады.

    Бейне авторы – қазақстандық видеограф Дастан Мұхамедрахим. Кадрларда – кең дала, жасыл алқаптар мен тау көріністері кинематографиялық стильде түсірілген. https://www.instagram.com/reel/DQm3tP1kZgW/?igsh=MTFjNjgxbzNqOXFyaw==

    Роликті 36,5 миллионнан астам адам көріп, 37,8 мыңнан аса пікір қалдырған.
    Айта кетейік, Instagram-ның ресми парақшасында 696 миллионнан астам жазылушы бар, сондықтан бұл видео Қазақстан табиғатының ғажайып жарнамасына айналды.

  • ТШО-да жаңа тағайындау: Қуанышкерей Мұхтаров вице-президент болды

    ТШО-да жаңа тағайындау: Қуанышкерей Мұхтаров вице-президент болды

    2025 жылдың 3 қарашасынан бастап Қуанышкерей Мұхтаров «Теңізшевройл» компаниясының бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sona.kz. Ол бұл лауазымда Қонылқош Сүесіновтің орнын басты.

    Мұхтаров – өндіріс пен инжиниринг саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар маман. Оның еңбек жолы 1991 жылы Теңіз кен орнында басталып, сол жерде түрлі техникалық және басшылық қызметтер атқарды.

    Ал Сүесіновтің басшылығымен ТШО-дағы қазақстандық үлес 71%-ға жетті. 2024 жылы компания отандық жеткізушілерден 3 млрд доллар, ал 2025 жылдың 9 айында 1,3 млрд доллар көлемінде тауарлар мен қызметтер сатып алған.

  • 10 қарашадан бастап салық органдары қазақстандықтардың несиесі туралы мәлімет алады

    10 қарашадан бастап салық органдары қазақстандықтардың несиесі туралы мәлімет алады

    Енді салық органдары азаматтардың микрокаржы және коллекторлық ұйымдар алдындағы берешегі туралы ақпаратты алып отырады, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың микрокаржы және коллекторлық ұйымдар алдындағы несиелері жөніндегі мәліметтерді беру тәртібін бекітті. 2025 жылғы 10 қарашадан бастап кредиттік бюролар бұл деректерді Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) ұсынуға міндетті.

    Министрдің 24 қазандағы бұйрығына сәйкес, салық органдары активтері, кірістері, міндеттемелері мен мүлкі туралы декларация тапсыруға тиіс азаматтардың несиелері туралы ақпаратқа қол жеткізеді.

    Мұндай тұлғалардың тізімі жыл сайын 25 қарашаға дейін алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы деректер негізінде жасалады. Кейін 10 күн ішінде азаматтардың ЖСН-і Smart Data Finance жүйесі арқылы кредиттік бюроларға жіберіледі. Ал бюролар 10 жұмыс күні ішінде МКК-ға кредиттік есептен алынған мәліметтерді ұсынады.

    Оған берешек сомасы, несие шартының күні мен нөмірі, қарыз беруші ұйымның атауы және есепті күнге қалған қарыз көлемі кіреді.

    Бұйрықта атап өтілгендей, комитет пен кредиттік бюролар алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға және оны үшінші тұлғаларға таратпауға міндетті.

    Құжат 10 қарашадан бастап күшіне еніп, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

  • Оралда бұрынғы әйелін қызғаныштан өлтірген ер адам сотталды

    Оралда қызғаныштан кісі өлтірген ер адамға үкім шықты.

    Қайғылы оқиға мамыр айының соңында Теректі ауданының Чаган кентінде болған. 32 жастағы ер адам бұрынғы жұбайының үйіне келіп, оны өз інісімен бірге отырған жерінен көреді. Қызғаныштан туған жанжал соңы қанды оқиғаға ұласып, күдікті әйелге пышақпен 19 рет соққы жасаған. Інісі жарақат алып, қашып құтылған.

    Алқабилердің қатысуымен өткен сотта ер адам «Айрықша қатыгездікпен кісі өлтіру» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот шешімімен ол моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

    Марқұм мен сотталғанның үш баласы бар екені белгілі болды. Қазір балалар ана тарапынан атасы мен әжесінің қамқорлығында.

  • Ойыл ауданында немересін жүкті еткен деген күдікке ілінген ер адамның әйелі жол апатынан қаза тапты

    «Ақтөбе – Ойыл» тасжолында өліммен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көліктік оқиға трассаның 147-шақырымында орын алған. Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, аударылған.

    Салдарынан Ойыл ауылының тұрғыны, көліктегі жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

    Белгілі болғандай, қаза тапқан әйел — жуырда бала босанған 14 жастағы мектеп оқушысының әжесі. Бұл іс бұған дейін Ақтөбе облысында кең қоғамдық резонанс тудырған болатын.

    Тергеу мәліметінше, қыз баланың баласының әкесі — 64 жастағы күдікті, марқұмның күйеуі, яғни қыздың өгей атасы. Ол қамауға алынып, кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық қылмыс бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

    Қазір жол апатына және аталған қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

  • Кариб бассейнінде болған «Мелисса» дауылы 49 адамның өмірін қиды

    «Мелисса» атты қуатты дауыл Кариб аймағында үлкен қираулар мен адам шығынына әкелді. Sona.kz Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды, табиғи апат салдарынан кемінде 49 адам қаза тапқан.

    Дауыл қазір Бермуд аралдарының солтүстік-батысына қарай қозғалып барады. Мұнда екінші деңгейлі дауыл ескертуі жарияланды.
    АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығының мәліметінше, желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға дейін жетеді. Мамандардың болжамынша, дауыл жұма күні әлсірейді, бірақ келтірілген шығын ауқымды болып отыр.

    Гаити елінде — 30 адам, соның ішінде балалар да бар;
    Ямайкада — 19 адам қаза тапқан;
    Кубада — қираулар көп, бірақ құрбандар туралы ақпарат жоқ.

    ?? АҚШ билігі Кариб аймағына жедел әрекет ету топтарын жіберді. Олар табиғи апаттың салдарын жоюға және зардап шеккендерге көмек көрсетуге кірісті.

    Метеорологтардың мәліметінше, «Мелисса» — Кариб аймағындағы тарихтағы ең күшті үшінші дауыл, әрі қозғалысы ең баяу болған табиғи құбылыс. Бұл оның қиратқыш әсерін күшейтті.

    Бұған дейін Гаити мен Доминикан Республикасы билігі қауіптің күшеюіне байланысты мыңдаған адамды қауіпсіз жерге көшірген болатын.