Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

    Шымкент қаласында «Nazira Gold» қаржы пирамидасына қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sona.kz АFM дерегіне сүйеніп.

    Ұйымдастырушылар өздерін зергерлік компания ретінде таныстырып, салымшыларға ай сайын 20–40% пайда уәде еткен. Алайда төлемдер жаңа қатысушылардың ақшасы есебінен жүргізілген.

    Тергеу мәліметінше, пирамиданың құрбаны болғандар саны — 4 мыңнан астам адам, ал келтірілген залал 1,2 миллиард теңгеден асқан.

    Сот 9 адамды кінәлі деп таныды:
    ▪️ Назира Нұржан — 10 жылға сотталды (бала күтіміне байланысты үкімнің орындалуы бір жылға шегерілді);
    ▪️ Қалғандарына 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

    Тәркіленген мүлік:
    402 млн ₸
    52 автокөлік
    жеке үй
    2 пәтер
    17 кг зергерлік бұйым

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

  • В Шымкенте осудили организаторов пирамиды «Nazira Gold»

    В Шымкенте завершился громкий судебный процесс по делу финансовой пирамиды «Nazira Gold», передаёт Sona.kz со ссылкой на АФМ.

    Организаторы представлялись ювелирной компанией и обещали вкладчикам доход от 20 до 40% в месяц. На деле выплаты шли за счёт новых участников — классическая схема пирамиды.

    По данным следствия, в аферу были вовлечены более 4 тысяч человек, общий ущерб превысил 1,2 миллиарда тенге.
    Полученные деньги тратили на покупку элитных авто, домов, квартир и золота.

    Суд признал виновными 9 участников.
    ▪️ Назира Нуржан — 10 лет лишения свободы (с отсрочкой приговора на год из-за ребёнка);
    ▪️ Остальные получили от 5 до 10 лет тюрьмы.

    Конфисковано имущество:
    402 млн ₸
    52 автомобиля
    частный дом
    2 квартиры
    17 кг ювелирных изделий

    Приговор пока не вступил в законную силу.

  • Олеся Кексель тергеу кезінде үй қамаққа алынды

    Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель екі ай мерзімге үй қамаққа алынды, деп хабарлайды Sona.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, сот осындай бұлтартпау шарасын азаптау фактісі бойынша тергеу аясында таңдаған.

    Ал Кожамжаров командасының тағы бір мүшесі — Максат Дүйсенов Германияда экстрадициялық қамауда отыр.
    «БАҚ-та жазылған мәліметтер шындыққа жанаспайды. Экстрадиция процесі басталды, Германия тарапынан бас тарту түскен жоқ», — деді Қойгелдиев.

  • Экс-прокурор Олеся Кексель отправлена под домашний арест

    Экс-руководитель Службы специальных прокуроров Генпрокуратуры Олеся Кексель будет находиться под домашним арестом на два месяца, передаёт Sona.kz со ссылкой на Nege.kz.

    По его словам, такая мера пресечения избрана судом в рамках расследования дела, в котором Кексель подозревается в пытках.

    Что касается другого фигуранта — Максата Дуйсенова, также входившего в команду Кожамжарова, он находится под экстрадиционным арестом в Германии.
    «Информация в СМИ о якобы отказе Германии не соответствует действительности. Процесс экстрадиции запущен, отказа от немецкой стороны не поступало», — уточнил Койгельдиев.

  • Ақмола облысындағы цемент зауыты жұмысшыларына 144 миллион теңге қарыз

    Ақмола облысындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі – «ПО Көкше-Цемент» ЖШС жұмысшыларына 144 миллион теңге жалақы қарыз болды, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Кәсіпорын жұмысшылары бірнеше ай бойы еңбекақыларын ала алмай, мемлекеттік органдарға ұжымдық хат жолдаған. Онда жаппай жұмыстан шығару, өндірісті әдейі тоқтату және қаржылық бұзушылықтар туралы айтылған.

    683 жұмыскердің 200-ден астамы зауыттан кетуге мәжбүр болған.

    ? «Өз еркімен кететіндерге ақшаны бірден береді. Ал қалғандарына – жоқ. Бізді осылай кетуге итермелеп жатыр деген әсер қалдырады», — делінген хатта.

    Жұмысшылар зауыттың «ПО Бетон» және «Пром Инвест Алматы» атты екі компанияға қаржылық тәуелді болып қалғанын айтады.

    ? Сонымен қатар, қытайлық Xinjiang Sanbao Industrial Group Co., Ltd. компаниясының зауытты сатып алуға ниетті екені туралы ақпарат қызметкерлер арасында алаң тудырды.

    Олар мемлекеттік органдардан басшылықтың әрекеттерін тексеруді және зауытты мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды сұрайды.

    ⚖️ Прокуратура жалақының кешіктірілуі бойынша тексеріс бастады.

  • Крупный цементный завод задолжал работникам 144 миллиона тенге

    Одно из крупнейших предприятий Акмолинской области — ТОО «ПО Кокше-Цемент» — оказалось в центре скандала из-за многомесячной задержки зарплат. Общая сумма долга перед сотрудниками составила 144 миллиона тенге, передаёт Sona.kz со ссылкой на Halyqstan.

    Рабочие направили коллективное письмо в госорганы, заявив о массовых увольнениях и подозрениях в намеренном доведении завода до кризиса. Из 683 работников более 200 уже покинули предприятие.

    ? «Тем, кто увольняется по собственному желанию, деньги выдают сразу. А тем, кто остаётся – ничего. Такое ощущение, что нас просто вынуждают уходить», — говорится в обращении.

    По словам сотрудников, производство формально продолжается, но большинство работников переведено на простой без объяснения причин.

    Рабочие утверждают, что предприятие оказалось в финансовой зависимости от двух аффилированных структур — ТОО «ПО Бетон» (контролирует сбыт) и ТОО «Пром Инвест Алматы» (занимается закупками).

    ? Особое беспокойство вызывает информация о возможной продаже завода китайской компании Xinjiang Sanbao Industrial Group Co., Ltd.. Рабочие просят власти провести проверку действий руководства и даже рассмотреть вопрос национализации предприятия.

    ⚖️ Прокуратура уже начала проверку по факту задержки заработной платы.

  • Астанада Алматының бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаза тапты

    Астанада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары, сондай-ақ Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің экс-басшысы Ержан Бабақұмаров қаза тапты, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс екі ер адам арасында жанжал туындап, ол ұрыс-керіске ұласқан. Нәтижесінде 56 жастағы Ержан Бабақұмаров алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

    «Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді полиция.

    Ержан Бабақұмаров мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек етіп, Президент Әкімшілігінде, Орталық коммуникациялар қызметінде, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінде жауапты лауазымдар атқарған.

    Қазір тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

  • В Астане убит экс-заместитель акима Алматы Ержан Бабакумаров

    В столице Казахстана трагически погиб Ержан Бабакумаров — известный государственный деятель, бывший заместитель акима Алматы и экс-глава Службы центральных коммуникаций при Президенте РК, передаёт Sona.kz со ссылкой на Halyqstan.

    По данным следствия, между ранее знакомыми мужчинами произошёл конфликт, который перерос в драку. В результате 56-летний Ержан Бабакумаров получил травмы, несовместимые с жизнью.

    «По факту убийства возбуждено уголовное дело. Подозреваемый задержан и водворён в изолятор временного содержания. Проводится досудебное расследование», — сообщили в полиции.

    Бабакумаров занимал ряд ответственных должностей: работал в Администрации Президента, руководил Службой центральных коммуникаций, позже был заместителем акима Алматы, а также советником Президента РК.

    Следствие устанавливает все обстоятельства случившегося.

  • Қонаев қаласында тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп келеді

    Қонаев қаласында жергілікті тұрғындардың азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен алуына мүмкіндік беретін дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды Sona.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

    Жәрмеңке әр сенбі сайын 1-шағынаудандағы Құрылысшы көшесінде орналасқан «Алға» базарының аумағында өтеді. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сапалы және жаңа өнімдерді сатып ала алады.

    Жәрмеңке орындарының саны:
    • Қыс мезгілінде – 70–80 сауда орны
    • Жаз мезгілінде – 150-ге дейін

    Негізгі өнімдер мен бағалар:
    • ? картоп – 170–200 теңге (сортқа байланысты)
    • ? пияз – 100 теңге
    • ? сәбіз – 130–200 теңге
    • ? қырыққабат – 130–150 теңге

    Сондай-ақ, жәрмеңкеде ет, сүт, жұмыртқа, бал және жеміс-жидек өнімдері әлеуметтік бағада сатылады. Бұл өнімдер тікелей фермерлер мен өндірушілерден жеткізіледі.

    Жәрмеңкеге Қонаев қаласының, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының кәсіпкерлері қатысады. Олар өз өңірлерінде өндірілген экологиялық таза өнімдерді тұрғындарға ұсынады.

    Қала әкімдігі тұрғындарды жәрмеңкеге белсенді қатысуға шақырып, жергілікті өнімдерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай бастамалар ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға және шағын кәсіпкерлерді қолдауға мүмкіндік береді.

    «Алға» базарындағы жәрмеңке — халық пен фермер арасындағы сенімді көпір. Мұнда өнім тікелей өндірушіден тұтынушыға жеткізіледі, делдалсыз сауда жасалады. Бұл өз кезегінде бағаның өспеуіне ықпал етеді», – дейді ұйымдастырушылар.

  • Қонаевта Республика күні тойланды

    Қонаевта Республика күні тойланды

    Қонаев қаласында Республика күні және Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара өтті.

    Салтанатты жиын қалалық Мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Оған шаһар тұрғындары мен қонақтары, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері және мәдениет саласының өкілдері қатысты.

    Алғашқы құттықтау сөзді Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов алып, ел тәуелсіздігінің мән-маңызына тоқталды.

    «Бұл күн – халқымыздың еркіндікке ұмтылған асқақ рухының және елдігіміздің нышаны. Республика күні – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарын дәріптейтін маңызды мереке. Бүгінгі таңда Қонаев қаласында тікелей инвестициялар көлемі 96,7 млрд теңгеге жетті, өнеркәсіп өндірісі 67,7 млрд теңгені құрады. Әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар – биыл 132 отбасы жаңа пәтерге ие болды, жыл соңына дейін тағы 128 пәтер кезектегі азаматтарға табысталмақ», – деді қала әкімі.

    Сонымен қатар ол Қонаевтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттап, алғыс білдірді.

    Жиын концерттік бағдарламаға ұласты. «Қонаев әуендері» ансамблі, қала өнерпаздары мен жас орындаушылар патриоттық әндер шырқап, ұлттық биден шашу шашты.

    Айта кетейік, 25 қазан күні Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі және кешкі 17.00-де Орталық алаңда концерт, дрон-шоу өтеді.