Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Қазақстан ұлттық крипторезерв құруды жоспарлап отыр

    Қазақстан ұлттық крипторезерв құруды жоспарлап отыр

    Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік деңгейде крипторезерв жасақтауды көздеп отыр. Бұл резерв тәркіленген цифрлық активтер мен мемлекетке тиесілі майнинг кірістері есебінен құрылмақ.

    Мамандардың айтуынша, крипторезерв — еліміздің цифрлық экономикадағы рөлін күшейтетін маңызды бастама. Бұл Қазақстанды Орталық Азиядағы цифрлық активтер орталығына айналдыруға бағытталған.

    Қаржы реттеушілері аталған қорды стратегиялық мақсаттар үшін пайдаланбақ. Атап айтқанда, елдің экономикалық қауіпсіздігін күшейту, блокчейн технологияларын дамыту және халықаралық криптобиржалармен тиімді әріптестік орнату көзделіп отыр.

    Бүгінде Қазақстан майнинг бойынша әлемдік үздік ондыққа енеді. Сондықтан криптовалюта нарығындағы заңды және тиімді басқару тетіктерін жасау – уақыт талабы.

    Ұлттық крипторезерв – цифрлы болашаққа бастайтын жаңа қадам.

  • Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның Көлік министрі болып тағайындалды

    Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның Көлік министрі болып тағайындалды

    Қазақстан көлік саласында жаңа басшы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Сауранбаевты Көлік министрі қызметіне тағайындады.

    Сауранбаев – басқару мен өндіріс саласына жақсы таныс тұлға. Ол 1967 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. Киров атындағы ҚазМУ-ды экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын жекеменшік сектордан бастап, кейін түрлі жауапты қызметтер атқарған — Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры, “ҚазМұнайГаз”, “Самұрық-Қазына” ұлттық компанияларындағы және Индустрия министрлігіндегі лауазымдар.

    Оның еңбек жолы түрлі маңызды жобалармен байланысты: Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, мұнай-газ саласындағы жобалар, қорғаныс вице-министрі, Шымкент қаласының әкімі, ЭКСПО-2017 ұйымдастыру комитетінің басшысы, сондай-ақ “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының жетекшісі.

    Министр қызметіне тағайындалуы — оның логистика, ауқымды жобаларды басқару және мемлекеттік аппаратты терең білетін тәжірибесінің нәтижесі. Қазіргі көлік инфрақұрылымын жаңғырту мен транзиттік әлеуетті арттыру кезеңінде Сауранбаевтың рөлі шешуші болмақ.

  • Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

    Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

    Қорғаныс министрлігінен кеткен Руслан Жақсылықов жаңа лауазымға ие болды. Ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

    Еске салайық, 8 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінен босатылған еді.

    Экс-министр бұл шешімді сабырмен қабылдағанын айтқан болатын:
    «Әр офицердің өмірінде бір кезең келеді — ұжымды, әскери бөлімді артта қалдыру керек болады. Бұл — Президенттің шешімі. Маған жүктелген міндеттерді орындадым. Енді сәл тынығып, ары қарай жұмыс істейміз», – деген еді ол.

    Жақсылықовтың жаңа қызметі – ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды буын. Бұл тағайындау оның тәжірибесі мен беделінің әлі де қажет екенін көрсетті.

  • БАҚ қызметкерлері күнімен!

    БАҚ қызметкерлері күнімен!

    Бұл – шындықты ту еткен журналистер, редакторлар, телеоператорлар мен баспасөз хатшыларына арналған күн.

    Журналист – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Олар жаңалықты жеткізумен қатар, мәселе көтеріп, шешімге ықпал етеді. Әсіресе, аймақтық тілшілер халықтың мұңын жеткізіп, әділеттіліктің орнауына үлес қосып жүр.

    Бүгінде ақпарат ағыны қатты, бірақ адами құндылық пен шынайылық – журналист үшін басты ұстаным болып қала береді. Әр сөз – жауапкершілік, әр материал – қоғамға әсер.

    Құрметті әріптестер, кәсіби мерекелеріңізбен! Қаламдарыңыз мұқалмасын, халық сенімін ақтай беріңіздер!

  • Қазақстандағы алғашқы АЭС 14 млрд долларға түсуі мүмкін

    Қазақстандағы алғашқы АЭС 14 млрд долларға түсуі мүмкін

    Елімізде салынатын алғашқы атом электр станциясының құны шамамен 14 млрд доллар болуы ықтимал. Бұл туралы Қазақстанның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында айтты.

    Оның сөзінше, нақты сома техникалық-экономикалық негіздеме аясында анықталады. Қазір АЭС құрылысына қатысты ұсыныстар қабылданып жатыр, алайда олардың егжей-тегжейі әзірге құпия сақталады.

    «Конкурстық рәсімдерге қатысушы вендорлардың индикативті параметрлері бар. Бірақ бұл мәліметтер құпиялық келісіммен қорғалған. Жалпы, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мұндай ауқымдағы станцияның құны кемінде 14 миллиард доллар болуы мүмкін», – деді Сәтқалиев.

    Айта кетейік, алғашқы АЭС Алматы облысы Жамбыл ауданында салынбақ. Бұл жобаның еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен болашағына айтарлықтай үлес қосуы күтіліп отыр.

  • Утиль алым ақшасына 43 қоқыс полигоны салынады

    Утиль алым ақшасына 43 қоқыс полигоны салынады

    Қазақстанда ескірген және толып кеткен полигондардың орнына жаңа нысандар салу үшін утиль алым есебінен 53 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаржыға 11 өңірде 43 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны тұрғызылады.

    Экология министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, бүгінде еліміздегі 2 973 полигонның тек 20%-ы ғана талапқа сай. Атырау, Шымкент, Астана және Жезқазған қалаларындағы полигондар шекті көлемнен асып кеткен.

    Бұған дейін Үкімет 100 жаңа полигон салуды жоспарлағанымен, әкімдіктер әзірге тек 7-еуін іске қосқан.

    Жаңа жобалар утиль алым есебінен қаржыландырылып, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталады.

  • Қазақстандықтар Астана күніне орай үш күн демалады

    Қазақстандықтар Астана күніне орай үш күн демалады

    Биыл Астана күні жексенбіге түсетіндіктен, демалыс 7 шілдеге, дүйсенбіге ауысады.

    Осылайша, бес күн жұмыс істейтін азаматтар қатарынан 5, 6 және 7 шілде күндері демалады. Ал алты күндік жұмыс режиміндегілерге 6-7 шілде демалыс болады.

    Еске салайық, 6 шілде — Астана күні мемлекеттік мерекелердің бірі саналады.

  • Қонаев — 3 жылда дамудың жаңа белесінде

    Қонаев — 3 жылда дамудың жаңа белесінде

    2050 жылға дейінгі даму жоспары бекітілді
    Қала болашағын айқындайтын бас жоспар қабылданып, Қонаевты заманауи әкімшілік, өндірістік және туристік орталыққа айналдыру көзделді. Жоспарға сәйкес:
    • Қалалық орта ыңғайлы әрі қауіпсіз болмақ;
    • Өндірістік, коммуналдық және демалыс аймақтары дамытылады;
    • Транспорт жүйесі жаңғыртылып, қала логистикалық хабқа айналады;
    • Әлеуметтік нысандар салынады;
    • Туризм мен экотуризм дамиды.

    Құрылыс және инфрақұрылым
    3 жылда 158 мың м² тұрғын үй пайдалануға берілді, 25 үй (1047 пәтер) жеке құрылысшылар есебінен салынды. Қазір 56 көпқабатты үй салынып жатыр. Биыл 3 әлеуметтік үй тапсырылады.

    Су және жылумен жабдықтау
    Соңғы үш жылда 26 км су және кәріз желісі жаңартылды. 2024 жылы 3 микроауданда жаңа жылу желілері іске қосылды. «Жылу орталығында» 4 қазандық жаңартылып жатыр.

    Газдандыру
    Қалада қуаты 20 МВт газ электр станциясы іске қосылды. 6408 нысан газға қосылған (2022 ж. – 3540). Қазір бұл көрсеткіш 42%-ға жетті. Жаңа магистралдар салынып, «Жаңа Іле» массивіне газ тарту жоспарлануда.

    Электрмен қамту
    Жаңа трансформаторлар, 8000 м кабель, 1020 «ақылды шам» орнатылды. «Алтын алма» және №7 дачалық массивтерінде 47 км желі жаңартылып, тұрақты электрмен қамту жолға қойылды.

    Көгалдандыру мен абаттандыру
    134 нысан абаттандырылды: 10 саябақ, 52 аула, 23 спорт алаңы, 49 көпқабатты үйдің қасбеті мен шатыры. Б.Соқпақбаев саябағы, Жамбыл көшесі, 5-жайлау мен жағажай, скейт-парк жаңғыртылды. 1 км жағалау құрылысы аяқталды. 62 га аумақта жаңа жағалау жобалануда.

    Жол және көлік
    106 км инженерлік желі мен жолдар жөнделді. Автобус саны артты: 2023–2024 жж. – 14 жаңа автобус сатып алынды, 2025 ж. – тағы 5 автобус алынады. 50 жаңа аялдама орнатылды. Қалаішілік бағыттар көбейіп, қолжетімділік артты.

    Инвестиция және бюджет
    2021–2024 жж. бюджет кірісі 53%-ға өсіп, 142 млрд теңгеге жетті. 2025 жылға болжам — 161,9 млрд. Соңғы үш жылда 250 млрд теңге инвестиция тартылды. МСБ субъектілері 2,1 трлн теңгенің қызметін көрсетті.

    Білім
    3 жылда 2 жаңа мектеп (900 және 100 орындық) ашылды. 2022–2025 жж. оқушы саны 1000-нан астамға артты. 3 мектепте күрделі жөндеу жүргізілуде. Жаңа білім ошақтары салыну жоспарында.

    Жұмыспен қамту
    2022–2024 жылдары 7130 жұмыс орны құрылды, оның 3298-і тұрақты. 6628 адам «Ұлттық жоба» арқылы қамтылды, 3115 адам жұмысқа орналастырылды.

    Денсаулық сақтау
    Шеңгелді ауылындағы амбулатория жөнделді. Қалада 3 медициналық нысан салынады.

    Әлеуметтік қорғау
    Жаңа 3 орталық ашылды: отбасын қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек, күндізгі орталық. Кәсіпкерлер есебінен аутизмге шалдыққан балаларға арналған орталық іске қосылды.

    Ауыл шаруашылығы
    Шеңгелдіде суару инфрақұрылымы қалпына келтірілуде. 2025 ж. көктемінде 8150 гектарға егін егілді. 1200 га су үнемдеу технологияларымен қамтылады.

    Туризм
    5-жайлау абаттандырылды, №6 және №7 жағажайлар жаңғыртылады. Капшагай су қоймасының жағалауын кешенді дамыту жобасы әзірленіп жатыр.

    Әлеуметтік тұрғын үй
    3 жылда 193 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға пәтер кілті табысталды.

    Қонаев — заманауи қала. Даму жалғасуда.

  • Шерзаттың отбасы моральдық өтемақы ретінде жүздеген миллион теңге алады

    Шерзаттың отбасы моральдық өтемақы ретінде жүздеген миллион теңге алады

     

    Басты айыпты Абзал Шынасыл марқұмның туыстарына — Қаржаубай Нұрымов, Гүлбарам Бейшембиева және Жұмабике Қадыроваға — әрқайсысына 20 миллион теңгеден, жалпы 60 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

    Равиль Сакиев те осы үш жәбірленушіге 15 миллион теңгеден, барлығы 45 миллион теңге өтемақы төлейді.

    Қалған сотталушылар — Азамат Тоқтаубаев, Нұркияс Ілиясов, Шыңғыс Белғожаев, Дархан Аскентаев, Нұрбол Тоқтаубаев және Дидар Қалиахмет — әрқайсысы 30 миллион теңгеден өтеуі тиіс.

    Кәмелетке толмаған Думан Ысқаққа азаматтық талап қойылмады.

    Осылайша, сот Шерзаттың отбасына келтірілген моральдық зиянды өтеу үшін сотталғандарға жүздеген миллион теңге төлеуді міндеттеді.

  • Талғардағы қанды оқиға: Шерзат Полатты өлтіргендерге үкім шықты

    Талғардағы қанды оқиға: Шерзат Полатты өлтіргендерге үкім шықты

    Талғардағы 16 жастағы Шерзат Полатты қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша тоғыз адамға үкім шықты. Басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды. Тергеу мәліметінше, дәл осы күдікті Шерзатқа пышақ сұғып, өліміне себеп болған. Сонымен қатар, Равиль Сакиев 20 жылға, Азамат Токтаубаев 15 жылға, Нұркияс Ілиясов 9 жылға, Шыңғыс Белғожаев, Дархан Аскентаев, Нұрбол Токтаубаев және Дидар Қалиахмет әрқайсысы 7 жылға сотталды. Ал кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

    Қанды оқиға 2024 жылғы 4 қазанда Шерзат әкесінің дүкенінде жұмыс істеп жүргенде басталған. Сатып алушымен жанжал шығып, артынша бірнеше адам жиналып, төбелеске ұласқан. Пышақ жарақатын алған Шерзат ауруханаға жеткізілгенімен, аман қалмады. Кейін марқұмның үйі өртеніп, туыстарының бірі өзіне қол салған. Іс қоғамның кең назарын аударып, Ішкі істер министрлігі бақылауына алған.