Рубрика: Қазақстан жаңалықтары

  • Сейсмологтар тағы да жер сілкінісін тіркеді

    Сейсмологтар тағы да жер сілкінісін тіркеді

    «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «ҰТКЖҒЗИ» АҚ сейсмикалық стансалар желісі 30 наурызда Астана уақытымен сағат 17:24-те жер сілкінісін тіркеді.

    «Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 584 км қашықтықта орналасқан. Болжалды қарқындылық (баллмен) Қазақстан Республикасының аумағында сезілмейді», – делінген хабарламада.

    Айта кетейік, жуырда Жамбыл облысының Меркі ауданында 5 баллдық жер сілкінісі болғаны хабарланған.

  • Михаил Шайдоров әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Михаил Шайдоров әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Бостонда өткен әлем чемпионатында 287,47 ұпай жинап, екінші орын алды. Бұл – оның ересектер арасындағы ең үздік нәтижесі.

    Ол 2026 жылғы Олимпиадаға қатысу нормативін орындады.

  • ​2024 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты

    ​2024 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты

    2024 жылы Қазақстан Республикасы халқының туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,44 жасты құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 75,09 жыл деңгейінде болған, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

    Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 76,14 және 74,26 жас.

    Гендерлік тұрғыдан алғанда, 2024 жылы әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы 79,42 жас (2023 ж. – 79,06), ерлер арасында 71,33 жасты (2023 ж. – 70,99 жас) құраған.

    Туған кезде күтілетін ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматыда тіркелген – 78,78 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 72,48 жас.

    Туғандағы күтілетін өмір сүрү ұзақтығы – бұл белгілі бір жылы туылған адамның орташа өмір сүру ұзақтығын көрсететін статистикалық көрсеткіш, бұл ретте ұрпақтың бүкіл өміріндегі өлім-жітім деңгейі осы көрсеткіш есептелген жыл деңгейінде өзгеріссіз қалу шарты бар.

  • Қазақстанда Ресей азаматтарының ЖСН-дері аннулициялануда

    Қазақстанда Ресей азаматтарының ЖСН-дері аннулициялануда

    ІІМ Көші-қон қызметінің мәліметінше, кейбір Ресей азаматтарының ЖСН-дері заңсыз алынғаны анықталып, аннулицияланып жатыр. Қазір бұл фактілер тексерілуде.

    Әлеуметтік желілерде ЖСН-ді қашықтан рәсімдеу мүмкіндігі туралы ақпарат тарады. Алайда, заң бойынша оны алу үшін өтініш берушінің жеке қатысуы қажет. Аталықов қандай банк заң бұзғанын нақты атамады, бірақ мұндай 10-нан астам жағдай тіркелгенін мәлімдеді.

  • Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді

    Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді

    ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта жер сілкінісі тіркелді.

     Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы Меркіден 20 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

    Есептік қарқындылығы нақтылануда. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

    Бұған дейін Жамбыл облысында Астана уақытымен 3:42-де жер сілкінісі тіркелген болатын.

  • Қазақстанда жыл басынан бері 5,2 мың киік қырылған

    Қазақстанда жыл басынан бері 5,2 мың киік қырылған

    Экология министрлігі дәл қазір Қазақстанның бес-алты облысында киіктердің қырылуына байланысты ресми комментарий берді.

    Министрліктің мәліметіне сүйенсек, киіктер көбінесе Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының табиғи мекендеу орындарында қырылып жатыр.

    «Киіктің биологиясын ескерсек, бұл табиғи жағдаймен байланысты. Жыл басынан бері 5,2 мыңнан астам өлексе жойылды», – деп мәлімдеді министрлік.

    Айтап кетейік, қазір Қазақстанда киіктердің жалпы саны 4,1 миллион басқа жеткен.

  • Алматыда тіркелген мопед саны 5 мыңнан асты

    Алматыда тіркелген мопед саны 5 мыңнан асты

    Кеше Алматыда 4 807 мопед тіркелген еді. Бүгін олардың саны 5 276 болды. Бір күнде мегаполисте 469 мопед мемлекеттік нөмер алды. Дегенмен, Алматы қаласының Полиция департаменті әлі де тіркелмеген көлік құралдарының иелеріне ескерту жасады.

    – Кампанияның аяқталуына 7 күн қалды. 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айып тұрағына қойылады, ал олардың иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлады департаменттен.

     

  • Алматыдан Вьетнамға шыққан ұшақ әуежайға қайтып келуге мәжбүр болды

    Алматыдан Вьетнамға шыққан ұшақ әуежайға қайтып келуге мәжбүр болды

    Алматыдан Вьетнамға шыққан Air Astana ұшағы қала үстінде біраз уақыт қалқып, кейін әуежайға қайтып оралған.

    Air Astana жауабына сәйкес, 28 наурызда Алматы – Нянчанг бағыты бойынша КС193 түнгі рейсін орындаған Air Astana ұшағы техникалық себеппен Алматы әуежайына мәжбүрлі түрде қонған.

    – Рейсті күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар, ал қалауы бойынша қонақ үйге орналастыру ұсынылды. Жолаушылар басқа әуе кемесімен сағат 07:15–те жолға шықты. Рейс кешіккені үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз, – деп хабарлады компаниядан.

  • Оңтүстік Кореяда төрт Қазақстандық жол апатынан қаза тапты

    Оңтүстік Кореяда төрт Қазақстандық жол апатынан қаза тапты

    Оқиға 27 наурыз күні Кёнгидо провинциясындағы Сохэан автомагистралінде болған. Mercedes-Benz көлігі жолдың оң жағындағы қоршауға соғылып, бірнеше метрге ұшып кеткеннен кейін өртенген.

    Өрт сөндірушілер жалынды жарты сағат ішінде өшіргенімен, көлік ішіндегі төрт азаматтың мерт болғаны анықталды. Олардың жеке бас мәліметтері нақтыланып жатыр.

    Қазір жергілікті полиция апаттың мән-жайын тексеруде.

  • Түркістан облысында балалар порносын сатқан топ ұсталды

    Түркістан облысында балалар порносын сатқан топ ұсталды

    Желіде фото мен видео 2500 теңгеге сатылған. Каналдың 8012 жазылушысы бар, олардың көбі – Қазақстан мен ТМД елдерінен.

    Ұйымдастырушылар мен дропперлер анықталып, күдіктілер ұсталды. Басты ұйымдастырушы бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған, қазір қамауда.

    Прокуратура Telegram-дағы 8 мың жазылушының әрекеттерін тексеріп жатыр.